Файл: Тосанды жиынты баалауды спецификациясы 9сынып НрСлтан, 2022 Мазмны.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.05.2024
Просмотров: 123
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мәжіліс депутатының мәліметіне сәйкес, ерлер мен әйелдердің жас ұзақтығында да айтарлықтай айырмашылық бар. Мысалы, 2008 жылы ерлердің орташа жасы әйелдерден 10,5 жылға кем болған.
2-мәтін
Қазақстандағы демографиялық көрсеткіштердің айтарлықтай нашарлағанын ресми билік мойындады. Ал олардың нашарлауына нақты қандай факторлар себеп болды?
Гаухар Нұрахметова:
-
2001 жылдан бастап демографиялық ахуал жақсарғанымен әр жанұяда баланың туу деңгейі төмендеп кетті деп айтуға болады. Мысалы, әрбір отбасында қазір 1-2 бала ғана тұрақтанады. Бұл – үлкен мәселе. Ауруға байланысты айтар болсақ бұл жерде жүрек дертінен қаза табатындардың саны бірінші орында тұр. Сонымен қатар Семей полигонының зардабын шеккендердің әртүрлі деңгейдегі онкологиялық ауруға ұшырап, дүние салуы жоғарғы қалпында қалып отыр.
Әзімбай Ғали:
-
Жалпы туу үрдістерінің әлеуметтік, демографиялық заңдылықтары бар. Соңғы санақ деректерін қарасақ, Қазақстан жұртшылығының саны 37 пайызға өскен екен. Егер де санақтың деректері рас болса, бұл – өте жоғары көрсеткіш. Қазақстан жұртшылығының санының өсуі – оралмандар есебінен болды. Тек қана соңғы он жылдың ішінде Қазақстанға 1 миллионнан астам оралман келді. Сол санның арқасында Қазақстан жұртшылығы 16 миллион 400 мыңнан асты. Егер санақ деректері дұрыс болып шықса.
Бақтылы Түменова:
-
Сапалы өмір деген адамның өзін-өзі сезінуі. Ертеңгі күнде бәрі жақсы болады, үкімет тарапынан айтылған анау болады, мынау болады деген уәделерге деген сенім. Алайда қазір сенім де азайып барады.
Әзімбай Ғали:
– Мен миграциялық мәселелерге назар аударайын деп отырмын. Біріншіден, Қазақстаннан орыс, украин, татар жұртшылығы көшіп жатыр. Оларды тоқтатуға болмайды. Өйткені дүниежүзілік адам құқын бұзамыз. Сондықтан кететін адамдар өздері кетуге құқылы. Ол халықаралық демократиялық норма.
Екіншіден, қазақтарды жинау және Қазақстан жұртшылығының санын кемітпеу – үлкен
бір мәселе.
1-мәтін
Гендік инженерияда гендерді тасымалдау арқылы түраралық кедергілерді жойып, қажетті тұқым қуалайтын белгілерді бір организмнен екіншісіне беру іске асырылады.
Инженерия түсінігінің өзі «құрастыру» деген мағынаны береді. Олай болса, гендік инженерия организмнің жағымды белгілерін сақтай отырып, оған арнайы мақсатта қосымша жаңа қасиет беріп, генотипін қалаған бағытта өзгерту болып табылады. Гендік инженерияны ауыл шаруашылығында, медицинада пайдалану арқылы өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдердің қажетті гендерінің қызметін басқаруға мүмкіндік туды.
Соңғы жылдары гендік инженерияның көмегімен бактериялық клеткадан вирустық ауруларды емдеуге қолданылатын интерферон және өсу гормоны – соматотропин нәруыздарын алуға қол жетті. Қант диабеті ауруын емдеуге қолданылатын инсулин гормонын алудың арзан жолы табылды. Бұрын инсулин жануарлардың ұйқы безінен өте қымбатқа түсетін жолмен алынатын еді. Қазіргі кезде гендік инженерия әдісімен ішек таяқшасы бактериясынан бөлініп алынатын болды.
Жануарлар селекциясында гендік инженерияға байланысты аустралиялық ғалымдар гендер құрамына өсу гормонының генін енгізе отырып, кәдімгі шошқаға қарағанда екі еседей жылдам өсетін шошқаның жаңа қолтұқымын шығарды.
Ағылшын ғалымдары геномына қанның ұюын тездететін ген енгізілген қой алды. Мұндай қойдан бөліп алынған арзанға түсетін препаратты гемофилия ауруын емдеуде қолданады.
Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамыр жүйесінде ауадағы азотты тұтатын қасиеті бар түйнек бактериялары селбесіп тіршілік ететіні белгілі. Олар топырақты азотты қосылыстармен байытады. Қазіргі кезде осы бактериялардағы азотты тұтатын генді астық тұқымдастар геномына енгізу жұмыстары жүргізілуде.
2-мәтін
Гендік инженерияның табысты саласы болып саналатын гендік түрлендірілген өнімдер туралы әлі күнге нақты көзқарас пен саяси шешім қалыптаса қойған жоқ. Оның басты себебі – адамның адам ағзасына қаншалықты әсер ететіндігі әлі толық зерттелмегенінде. Осыған қатысты пікір қайшылығы өте көп.
Александр Панчин, биолог-ғалым: – Табиғи тағамның бәрі пайдалы, ал пайдалысы міндетті түрде табиғи болуы шарт емес. Мысалы, шешек деген – нағыз табиғи патоген. Ол адам ағзасына өте қауіпті. Осы ауруды жеңу үшін оған қарсы вакцина ойлап табылды. Мұндай жасанды екпе болмаса, не істер едік?! Сол сияқты талай адам табиғи патогендер туындатқан неше түрлі инфекциялық аурулардан көз жұмып жатыр. ГМО-дан өлді деген бірде-бір жағдайды естіген жоқпыз.
Евгений Климов, эколог-биолог: – Гендік модификацияланған өнімдер зиянды деген пікірмен келісемін. Трансгендік өнімдерді жан-жақты зерделей келе, мұның шынымен де өзекті мәселе екеніне көз жеткіздік. Модификацияланған өнімдерді тұтыну тұрмақ, осындай азық-түлікті өсіріп шығаратын елдерде қуықалды безі мен сүт бездерінің қатерлі ісігі басқалардан төрт есеге көп болатыны анықталған. ГМО енді жетіліп келе жатқан ағзаға қауіпті. Сондай-ақ мұндай өнімдер бала туу жасындағы әйелдерге де зиянды. Белгілі ғалым Ирина Ермакованың зерттеулері соны меңзейді. ГМО туу көрсеткішін кемітіп, жер бетіндегі адамдар санын азайту үшін ойлап табылған деген пікірдің жаны бар. Асқа асылық айтпаймыз десек те, көзге көрінгенді жей берген де дұрыс емес екенін есте ұстаған жөн.
1-мәтін «Цифрлы дәуірдегі бұқаралық медиа: өлше де, үстем бол» тақырыбындағы пікірталастан үзінді
-
Телеарна көрермені азайып бара жатыр. Мұны мойындау керек. Былтыр көрермендер аз да болса бар еді, биыл тек футбол көру үшін ғана теледидардың алдына келетін секілді. Ол үшін жарнама берушілерге шығуға тура келеді. Алдымен 25-40 жас аралығындағы аудиторияны алайықшы. Олар кредит алғысы келеді, қымбат машина, ұялы телефонға қызығады. Егер көрермендердің орта жасын алатын болсақ, орыстілді телевизия үшін – 40 болса, қазақтілді телевизия көрермендерінің орта жасы шамамен 28-29 жас, – дейді саясаттанушы Айдос Сарым -
Қазақтілді газеттерді тек тілді, тарихты, салт-дәстүрді ғана жазатын, соның жоқшысы ретінде қарайтын қалыптасқан ұғым бар. Осы мемлекетке ат беріп отырған қазақ ұлтының кешегісі, бүгіні, ертеңі, салт-санасы, тарихы, ұлтқа қатысты кез келген жаңалық біз үшін әр кез маңызды деп айтар едім. Тағы бір жайт – уақыт қазақ тілді аудиторияның үстемдік алуына мүмкіндік беріп келе жатыр. Әрине, бір уақытта беделді газеттердің біржолата сайтқа айналып кеткен үрдістері де болды. Дегенмен негізгі айтатын жағдай – қазақтілді буынның әртүрлі саладағы көрсеткіші қазақ ұлтының пайдасына шешіліп жатқанын айғақтайды. Біз дәнекер болып қана отырмыз. Бұл жетістік – өсіп келе жатқан тәуелсіз ұрпақтың тегеуріні деп айтар едім, – деді бірінші болып сөз алған Нұртөре Жүсіп.
2-мәтін
Қазақстанда BBC мен CNN сынды ағылшын тіліндегі телеарналар ашу ұсынылды.
Мұндай депутаттық сауалды мәжілісмен Жұматай Әлиев премьер-министрге жолдады, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі.
"Қазақстан шетелдік компаниялар үшін қызықты бола бастады, ол біздің елге келіп жатқан шетелдік инвестицияның күн сайын өсіп жатқанын және мемлекеттің тұрақты саясатын көрсетеді. Бұл жетістіктің барлығы жарыққа шығуды талап етеді. Мысалы, Ресейде Russia Today телеарнасы бар, ол әлемнің көптеген еліне тарайды. Russia Today America мен Russia Today United Kingdom телеарналары Вашингтон мен Лондондағы жеке студиялары арқылы эфирге шығады. Russia Today телеарнасының тәулік бойы әлем бойынша 700 миллион көрермен үшін қолжетімді екені белгілі", - дейді Әлиев. Оның айтуынша, әлемнің көптеген елінде имидждік саясатқа едәуір қаржы бөлінеді. "Қазақстанның позитивтік имиджі, оның отандық және шетелдік қоғамдық-саяси және іскерлік шеңбердегі беделі әлемдік аренада ұлттық мүддені ілгері бастыруға негіз болатын фактор және серіктестік қарым-қатынасты дұрыстауда маңызды ресурс бола алады", - деді ол.
"Осыған байланысты Russia Today, BBC және CNN сынды қосымша телевизиялық ағылшын тіліндегі телеарналар ашуды; шетел аумағындағы біздің радиохабарларды дамыту жоспарларын жетілдіруді; шетелге біздің елдің жетістіктерін жазып тарататын The Times, Die Welt, Daily Telegraph сынды қазақстандық басылымдарды ашуды ұсынамыз", - дейді мәжілісмен өзінің сауалында. Сонымен қатар депутат бұл жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік-жеке серіктестікті пайдаланып инвесторларды тарту керегін айтты.
Депутаттың ойынша, Қазақстанның позитивті имиджі жаңа инвестицияларды тарту арқылы әлеуметтік-экономикалық дамуды тездететін және туризмді дамытатын алғышарт болады.
Оқылым
Мәтіндерді тақырыбын, қызметін, тілдік ерекшеліктерін өзара салыстырып, өңдеп, өз көзқарасыңызды жазбаша білдіріңіз. Жазбаңызда түсіндірмелі, кезектес, талғаулы салалас құрмалас сөйлемдерді түрлендіріп қолданыңыз.
Жазылым
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, сабақтас құрмалас сөйлемдерді орынды қолданыңыз. Орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазыңыз.
[10]
-
«Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта» тақырыбында дәлелдер келтіре отырып, эссе (аргументативті) жазыңыз. -
Сіз теледидардан әлем жаңалықтарын қарадыңыз. Кешкісін естіген хабарыңызды ой елегінен өткізіп ойланып отырсыз. Кейбір нәрселер сізді толғандырып, мазасыздандырды. Өз бойыңыздағы осы сезімді сипаттап жазыңыз.
Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым
Балл | Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы | Балл | Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті |
5 | Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді. | 5 | Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады. |
4 | Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді. | 4 | Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді. |
3 | Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды. | 3 | Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді. |
2 | Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады. | 2 | Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете алмайды. |
1 | Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді. Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі. | 1 | Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды. Талқылауға өте аз қатысады. |
Оқылым және мәтінді талдауға арналған балл қою кестесі
Балл | Мазмұнды түсіну және ашу деңгейі | Балл | Жазылым сапасы |
5 | Мәтінді өте жақсы түсінеді және тиісті мағыналарды аша біледі. Тапсырманы орындау үшін материалды еркін қолданады. Мәтіндерді талдау барысында кезектес, түсіндірмелі, талғаулы салалас құрмалас сөйлемдерді жиі қолданады. | 5 | Қажетті деңгейге сәйкес стиль мен барлық заңдылықтарды сақтайды; Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді. |
4 | Мәтінді жақсы түсінеді және тиісті мағыналарды аша біледі. Тапсырманы орындау үшін материалды еркін қолданады. Мәтіндерді талдау барысында кезектес, түсіндірмелі, талғаулы салалас құрмалас сөйлемдерді орынды қолданады. | 4 | Қажетті деңгейге сәйкес стиль мен барлық заңдылықтарды сақтайды, кейде мардымсыз қателер жібереді; Жалпы сөз саптауы дұрыс, андасанда қате жібереді. |
3 | Мәтінді жеткілікті түсінеді және кейбір тиісті мағыналарды аша біледі. Тапсырманы орындау үшін қажетті материал қолданғанымен, мәтіннің бөліктері өзара үйлеспейді. Мәтіндерді талдау барысында кезектес, түсіндірмелі, талғаулы салалас құрмалас сөйлемдерді қолданады | 3 | Қажетті деңгейге сәйкес стиль мен барлық заңдылықтарды сақтайды, кейде қателер жібереді; Сөз саптауы дұрыс. Қателері байқалғанымен, түсініспеушілікті тудырмайды. |
2 | Мәтінді орташа түсінеді және кейбір тиісті мағыналарды ашады. Мәтіннің ішкі реттілігі жоқ, тапсырманы орындау үшін қажетті кейбір материалдар қолданылған. Мәтіндерді талдау барысында салаластың түрлерін қолдануға тырысады. | 2 | Қажетті деңгейге сәйкес стиль мен барлық заңдылықтарды сақтауда ауытқушылық байқалады, жиі қателер жібереді; Сөз саптауы нақты емес, кейде түсініспеушілікті тудырады. |
1 | Мәтінді аз түсінеді, мағыналарды ретсіз таңдаған. Тапсырманы орындау үшін аз материал қолданылады. Салаластың түрлерін шектеулі қолданады | 1 | Қажетті деңгейге сәйкес стиль мен барлық заңдылықтарды сақтауда қателер көп кездеседі; Түсініспеушілікті тудыратын қайталанып келетін қателер жиі кездеседі. |