Файл: Тосанды жиынты баалауды спецификациясы 9сынып НрСлтан, 2022 Мазмны.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.05.2024
Просмотров: 122
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мәтінде қарамен берілген сөйлемдерде автор көпшілікке бағытталған қандай сөздерді қолданады?
«Мәңгілік Ел» сөзін сипаттауда Елбасы қандай бағалаушы сөздерді қолданған?
4. Қарамен берілген мәтін бөлігі қай қатарға сай екенін анықтаңыз.
А. Очерк
В. Шешендік толғау
С. Шешендік арнау
Д. Баяндама
Жазылым
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Стильдік және жанрлық ерекшеліктеріне сай тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай дұрыс қолданыңыз.
[10]
1. Бүгінде біз – тарихымызды танып, әлем жұртына өзімізді танытып, қарқынды түрде дамып келе жатқан мәңгілік елміз. Ана тіліміз арқылы мың жасап, ана тіліміз арқылы таныларымыз хақ, олай болса, келешекте қазақ тілін әлем деңгейі тілдері қатарынан көруіміз мүмкін бе? Оқырманға әсер қалдыратындай етіп баяндама жазыңыз.
2. Жаһандық қоғам әлдеқайда ашық бола түсуде: капиталдың, қаржының, адамдардың, ақпараттың еркін қозғалысы осы заманғы «шекараларсыз әлем» тұжырымдамасының негізіне айналды. Осы жаһандық байланыстың елімізге деген пайдасы мен зияны қандай? Екіжақты пікірдің біреуіне таңдау жасап, өз ойыңызды дәлелдеп аргументативті эссе жазыңыз.
Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым
Балл | Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы | Балл | Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті |
5 | Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді.Сөз саптауы дұрыс, андасанда мардымсыз қателерді жібереді. | 5 | Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады. |
4 | Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, андасанда қателер жібереді. | 4 | Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді. |
3 | Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды. | 3 | Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді. |
2 | Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады. | 2 | Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде қолдаусыз өзін көрсете алмайды. |
1 | Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді. Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі. | 1 | Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды. Талқылауға өте аз қатысады. |
Оқылым және мәтінді талдауға арналған балл қою кестесі
№ | Жауабы | Балл |
1 | 1.Фактор, қоғамдық келісім, құндылықтар, Мәңгілік ел, тәуелсіздік. 2. Бір ғана Отанымыз, «Мәңгілік Елге» жететінімізге сенімдімін, тағзым да, мақтаныш та сенім де, «Мәңгiлiк Ел», сан мың жылдан бергі асыл арманы 3. Тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат, әрқайсысымыз сезініп, өмірлік сабақ ретінде түйсек, осы жолда бар әлеуетімізді салсақ, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын | 3 |
2 | 1. Ел ішіндегі тұрақтылық... 2. Мәңгілік елге айналу үшін... 3. «Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың... 4.Жанры – мақала, шешендік сөз, стилі – публицистикалық | 1 1 1 1 |
3 | 1. Біз, Отанымыз, тәуелсіз елміз, әрқайсысымыз сезініп, 2. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бағытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де | 2 |
4 | С | 1 |
Барлығы | 10 |
Жазылым
Балл | Сипаттамасы |
9-10 | Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданады. Ойын еркін әрі толық беруде, күрделі әсерлерді жеткізе алады, тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады. |
7-8 | Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды қолданады. Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір орфографиялық қателер түсінуді қиындатпайды. |
5-6 | Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды қанағат-танарлық деңгейде қолданады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған. Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, орфографиялық қателер, мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы жалпы әсерді бұзады. |
3-4 | Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды қолдануға тырысады. Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама-қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді. Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді. |
1-2 | Қолданған тілдік құралдары жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай емес. Сөздер кейде анық емес, орфографиялық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді. |
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 45 минут
(уақыт оқылым мен жазылым жұмысына арналған. Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі)
Оқылым – 20 минут
Жазылым – 25 минут
Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: біріншісі -тыңдалым, айтылым, екіншісі - оқылым, үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
«Қазақ тілі » пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017», «Адам құқығы мен бостандығы» бөлімдері бойынша
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді тыңдап, мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш құралдардың рөлін анықтаңыз. Көтерілген мәселені өмірмен байланыстырып, сыни тұрғыдан көзқарасыңызды білдіріңіз. Пікіріңізді жан-жақты тұжырымдап, мысалдармен дәлелдей сөйлеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдап, оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Талқылауға белсене қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
Транскрипт
1-мәтін
ЭКСПО дегеніміз не? Оның бізге берер пайдасы қандай? Ол не туралы болмақ? ЭКСПО — индустрияландыру символы. Техникалық жетістіктер мен техниканың өзін назарға салатын халықаралық көрме. «ЭКСПО» көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады. Мұндай іс-шараға барлық құрлықтың ондаған елінен миллиондаған адам қатысады. Бәсі биік бәсекеде Астананың жеңіп шығуы бекерден бекер емес. Оған бірнеше факторлар ықпал еткендігі аян.
Біріншіден, елордамыздың әлемдік-деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқаны баршаға белгілі болды.
Екіншіден, таңдаудың Қазақстан пайдасына шешілуі мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын білдіреді және Еуразия өңірінде де оның даму келешегі кемел екенін айғақтай түседі.
Үшіншіден, біздің «Болашақтың энергиясы» атты өзекті тақырыпты ұсынуымыз жеңіске жетуімізге көмектесті. Көп жылғы тарихы бар «ЭКСПО» көрмесі техникалық және технологиялық жетістіктерді, сондай-ақ оған мүше елдердің тарихын, дәстүрі мен мәдениетін көрсету үшін өткізіледі. Бұл көрме бүкіл әлемдік қоғамдастықтың және оны тамашалаушы миллиондаған адамның назарын өзіне аударатын ірі оқиға болып саналады. Сонымен қатар «ЭКСПО» көрмесі экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамудың жаңа үрдістерін қалыптастыру алаңы қызметін атқарады.
2-мәтін
Франция ЕХРО-ға қатысуды жақсы дәстүрге айналдырған. Ұзақ жылдар бойы сіздің ел осы көрме арқылы өз жетістіктерін таныстырып келеді. Астанадағы шараның ұйымдастырылуын қалай бағалайсыз?
Паскаль Лоро, Франция павильонының бас комиссары:
– Қазақстанға қысқа уақыт ішінде тұтастай кешен салып, оған 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйымның павильонын орналастыру керек болды. Бұл міндетті сіздер мінсіз орындап шықтыңыздар. Ұйымдастырушыларды осы жетістіктерімен құттықтау керек деп ойлаймын. Иә, біздің осындай шараларға қатысу, оларды ұйымдастыру бойынша тәжірибеміз мол екені рас. Мен қазақстандық көрме халықаралық стандарттарға толықтай сай деп айта аламын.
Париждегі атақты Эйфель мұнарасы ЕХРО-ға арнап салынғаны белгілі. Астанадағы «Нұр Әлем» сферасы сол сияқты бүкіл әлем танитын көрікті ғимаратқа айналуы мүмкін бе?
Паскаль Лоро, Франция павильонының бас комиссары:
– Біздегі Эйфель мұнарасы Францияның символы ғана емес, ол – бүкіл әлемде бәрі танитын көрікті нысан. Бірақ оның құрылысы басталғанда француздардың көбі жақтырмай, сын айтқан. Арада жылдар өтіп, Эйфель мұнарасы адамдардың жүрегін жаулап алды және оны қазір барлығы біледі. Сондықтан барлығына уақыт қажет сияқты. Меніңше, Астанадағы «Нұр Әлем» сферасы да танымал ғимарат атануы әбден мүмкін. Қалай болғанда да ол Астананың, Қазақстанның символына айналары хақ. Бірақ айттым ғой, бұл үшін уақыт қажет.
1-мәтін
Адам құқықтары мен бостандықтары – жеке тұлғаның әлем қауымдастығы мойындап, халықаралық-құқықтық құжаттарда бекітілген, әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етілген, ешкім шек қоймайтын немесе тыйым сала алмайтын құқықтары мен бостандықтары. Адамның қандай да бір игіліктерді иеленуін қамтамасыз ететін, өз еркімен іс-әрекет жасауына мүмкіндік беретін мемлекет пен бұқара арақатынасының негізгі принциптері адам құқықтары мен бостандықтарына жатады. Адамзат қоғамында бұл мәселеге ежелден баса назар аударылған. Мысалы, Аристотель адам құқықтарын "табиғи" және "шартты" деп екіге бөледі. Адамның табиғи құқықтарын мемлекет орнатқан шартты құқықтардан жоғары қояды. Орта ғасырда адам құқықтары мен бостандықтары жасалған қайырымдылықтар, рақымшылықтар ретінде түсіндірілді. Қағидалардың ең маңыздылары ретінде олар адамдардың еркін, қауіпсіз өмір сүруге, жеке меншік иеленуге тең құқықтарының болуын, халық биліктің негізгі иесі екендігін, биліктің тармақталуын, биліктің халық мүддесіне қызмет етуі керектігін атап көрсетті. Жүзеге асырылу ортасына қарай адам құқықтары мен бостандықтары азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени болып жіктеледі. Саяси және азаматтық құқықтардың қазіргі тұжырымдары БҰҰ Бас Ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында баяндалған.