Файл: Оттегіні блуші, табиат кркі, дрілік шикізат, мал азыы, таамды.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.05.2024
Просмотров: 16
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ШАШЫРАТҚЫНЫҢ ЕМДІК ҚАСИЕТІ
Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Бағзы заманнан-ақ ата-бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып-біліп, оларға ат қойып, жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, гүл, тамырларын дәрі-дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер – оттегіні бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім.Республика территориясынан 6000-ға жуық өсімдік түрлерін отүрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші орында . өз өңіріміз Шығыс Қазақстан об- лысында да кездеседі.Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі, Катон қарағай өсімдіктің зерттеудің маңыздылығы айтпаса да түсінікті.Мал бағумен ықылым заманнан айналысқан қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген.
Сөйтіп, ел арасында ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден – ақ тараған.Әр облыстың, аймақтың халқы дәрілік өсімдіктердің әр түрлі қасиеттерін. Өздерінше пайдалануы да мүмкін.Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ және тағы басқа түрінде қолданады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пай- даланатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған. Ежелгі қытайлықтарда халықтық медицина жақсы дамыды. Олар өз денсаулықтарына қатты көңіл бөлген. Қытайлық емшілер емдеудің көп түрін меңгеріп, оны өз тәжірибелерінде де қолданып отырды. Олар көптеген емдік қасиеті бар шөптерден дәрі дайындап, адамдарды сонымен емдеп отырған. Биология, медицина, фармакология және фармакокнозия ғылымдарынан хабары жоқ кезде де халық өздеріне белгілі өсімдіктердің тамырлары мен жапырақтарын және буын- бұтақтарын дәрі-дәрмек орнына пайдаланып келген. Жер бетінде өсетін барлық өсімдіктердің пайдасы жағына көз жіберіп қарасақ, жүрек ауруларын емдейтін дәрі-дәрмектердің 78%, ішек, қарын, бауыр, жүрек дәрілерінің 75%, жатыр ауруларының шипалы дәрі- дәрмектерінің 80%, қақырық түсіретін дәрілердің 80%, қант тыятын дәрілердің 65%, тек өсімдіктерден алынады. Орман- тоғайлар әр-түрлі шөптер адамға қанша пайда әкелетінін түгел санап шығу мүмкін емес. Адам баласы ақылы мен еңбегінің арқасында жабайы өсімдіктерден тұқым алып, 20000 астам мәдени өсімдік түрлері 5000-нан асады. Мұның көпшілігі Қазақстанның таулы аудандарында кездеседі. Соның 500-дейінен әр түрлі аурудан айықтыратын шипалы дәрі-дәрмек жасалады. Өз өңірімізде осылардың ішінде адыраспан, кәдімгі жантақ, сарымсақ, шеңгел, шашыратқы, өгейшөп, жусан, мия, андыз, сусамыр, және т.б. толып жатқан өсімдіктер бар. Осынша табиғат байлығын игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны танып білудің маңызы зор. Мысалы, өзіміздің ауданымызда өсетін көптеген жергілікті дәрілік өсімдіктердің ішінде – шашыратқы өсімдігің алар орны ерекше. Қазіргі кезде шөппен
емдеу фитотерапия,үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті.Ол үшін дәрісіз «ем –домды» дәрілік өсімдіктен іздеуіміз керек. Бұған дәлел халық нақылы: «Сенің денеңнің қуаты – өсімдіктің шырынында» «Дана көптен шығады – дәрі шөптен шығады» деп біз өзіміз табиғат берген байлыққа көңіл аудара бермейміз.Табиғат байлығын игерумен бірге өңіріміздегі дәрілік өсімдіктерді зерттеуді өзімнің перзерттік парызым деп санадым. Бірақ ауылымыздың тұрғындары алуан түрлі өсімдіктерді тағам, отын ретінде пайдаланып жүріп, олардың кейбіреулерінің дертке шипа болаты- нын және олардың дерттің жеңіл- желпі түрлеріне қолданылуына болатынын біле бермейді. Қазіргі уақытта медицинаның дамуына байланысты дәрілік өсімдіктер туралы мәліметтер біртіндеп көбейе түсуде және олардың адам ағзасына тигізер пайдасы да айтылуда. Сол себепті мен шашыратқының адам ағзасына тигізер пайдасын жан- жақты танып-білуге тырыстым.
«Шашыратқының адам ағзасына пайдасы» тақырыбындағы ғылыми зерттеу жұмысымды жүргізу барысында осы өңірде өсетін өсімдіктердің ішіндегі пайдазы зор – шашыратқыны зерттеуді ойладым.Зерттеу жұмысымды негізінен салыстыру, өлшеу, бақылау, тәжірибе жасау әдістерін пайда- лану арқылы жүргіздім. Зерттеу барысында төмендегідей емдік шөптердің дәрілік қасиеттері туралы мәліметтер жинақтадым.Зерттеудің мақсаты: Шашыратқы өсімдігінің өзіндік ерекшеліктерін таныта оты- рып, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Шашыратқыға арнайы талдау жасалынып, құрамындағы белсенді заттар анықтау. Шашыратқыдан дайындалатын тұнбаларға сипатта- ма бере отырып, олардың жасалу жолдарына зерттеп танып-білу.
Міндеттері: 1. Шашыратқының сан алуан қыр-сыры ашу; 2.Оның адамзат өміріндегі алатын орнын айқындап, маңыздылығын тану;
3. Шашыратқының медицинада қолданысы мен олардың адам ағзасына пайдасын айқындау; Шашыратқының құрамындағы биологиялық белсенді заттарды анықтау; 4. Шашыратқыдан дайын- далатын тұнбалар дайындалу жол- дары мен оның емдік қасиеттерін танып білу. Шашыратқы туралы жалпы мәлімет. Шашыратқы - күрделігүлділер тұқымдасына жата- тын көп жылдық шөптесін өсімдік. Ол негізінен жергілікті флорада жер талғамай, кез – келген жерлерде өсе беретін арамшөп ретінде кеңінен таралған. Шөл далада, жол бойла- рында және далалы жерлерде, көбіне Ресей, Батыс Сібір, Кавказ және Қазақстанда таралған. Дүниежүзінде қоңыржай және субтропиктік аймақтарда өсетін 8-10 түрі белгілі. Ол дән арқылы көбейеді. Шашыратқы - өзіне тән тәтті және дәмді қасиеттері бар моно-сахаридтер, соның ішінде фруктоза көмірсуының қайнар көзі болып та- былады. Биіктігі 20-150 см тамыры жуан, тік өсетін сабағының сыртын сиректеу түк басқан. Сабақ түбіндегі топталып өсетін жапырақтарының сопақша, шеттері ойық, сабақ бойындағы жапырақтары отырмалы, жіңішке жиектері бүтін болады. Гүлдері қос жынысты, жапырақ қолтығынан өседі. Гүл шоғыры – себет. Күлтесі көгілдір, көк, ақшыл түсті, алдымен бірігіп бес тісті қуыс гүл құрайды да, гүлдеген кезде ұзынынан жарылып тілше гүлдерге айналады. Барлық елдерге дерлік шашыратқының (цикорий) тамыры адамды көрінбейтіндей (невидимка) жасай алады деген наным болған. Негіздеме жоқ.Тағы бір қызық жәйт егер осы шөпті 25 июльде қазып алып таяққа тағып сапарға шыққан жолаушыны ол, пышақтан және оқтан қыйын қыстауларда сақтайды дегенде ұғым болған. Қазып алудың өзі ырым шарамен жасалған екен. Бұл күндері оны күз айларында айырмен немесе күрекпен еш ырымсыз-ақ қазып ала беретін болса керек. Айта кететін бір жәйт, Ресей бірінші дүние жүзілік соғыстың алдында шетелдерге кептірілген емдік тамырды 400 пудқа шейін тасымалдаған екен. Тамырды жинап кептіру орталығы Ярослав губерниясы болыпты. Шашыратқы
(лат. Cichorium) – астралылар тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық шөптесін өсімдіктер тегі. Дүние жүзінде қоңыржай және субтропиктік аймақтарда өсетін 8-10 түрі белгілі.Шашырақты биіктігі 1,5 метрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыры –жуан, ұзындығы 1 метрден асалы. Сабақтары тік өседі, оны сиректеу түк басқан. Тамыр жапырақтары сопақша келген, шеттерінде ойықтары бар. ол өсімдіктің түп жағында топта- лып тұрады. Сабақ жапырақтары отырмалы әлі жіңішке, шеттері бүтін болады.гүлдері көгілдір түсті, жапырақтарының қуысында 2-3 тен орналасқан. Маусым-қыркүйек айларында гүлдейді. Жолдардың жиегінде, шалғынды бетекйлерге, егістік жерлерде, шалғынды беткейлерде, егістік жерлерде, ауыл арсында өсе береді.Шашыратқы тегінің өсімдіктері – көп жылдық немесе екі жылдық, сабағының бойы 1,4 метрге дейін жететін, шөп тектес өсімдік. Сабақтары тік өседі, оның әр жерін түк басып тұрады. Тамыры жерге терең бойлайды. Оның ұзындығы 90–100 сантиметрге дейін жетеді. Жапырақтары сопақша, ал шеттерінде малдың құлағына салатын сырға секілді ойықтары болады. Сабақ – жапырақтары жіңішке, отырмалы, шеттері – тегіс. Жапырақтарының қуысында екі – үштен орналасқан гүлдерінің түсі көк және көкшілдеу болады. Өсімдік мауысым айынан қыркүйек айына дейін біртіндеп гүлдеп тұрады. Көзге айқын түсетіні – гүлдері. Түсі ашық көгілдір болып келеді. Бір қызығы, ол белгілі уақытта ғана ашылады.
Таңертең ашылып түскі сағат екілер шамасында жабылады да кешкі салқын түскенде қайта ашылады, сол себепті «сағат гүл» деп атайды. Дәрі жасау үшін шашыратқының тамырын күзде қазып алады. Оның құрамында белок, май, ащы заттар, инцулин, хонин, илік заттар, аскор- бин қышқылы, қант, В дәрумені бар. Шашыратқының тамырынан жасалған дәрілердің микробтарды жоятын, тамаққа тәбетті арттыра- тын, өт айдайтын, ауырған жерлерді тыныштандыратын қасиеттері бар. Мұны ас қорыту бездерінің жұмысын реттеу үшін, асқазанның қабынуын, бауыр ауруларын емдеу үшін де пайдаланады. Өт қалтасы қабынғанда және тас пайда болғанда да шашыратқының шипалық қасиеті мол деп есептелінеді. Ислам рауаят- тарында насихат етілген тағамдық шөптердің бірі – шашыратқы (цикорий). Ғылыми атауы INTYBUS CICHORIUM деп аталатын бұл тағамдық шөпті адамдар ежелден ақ, мыңдаған жылдар бұрын қолданып келеді. Шашыратқының дәмі ащы, бірақ оның пайдасы сансыз. Шаш ыратқы шөптердің арасында адам дардың ішіндегі насихат етуші адам секілді. Мүмкін бұл адамдардың насихаты басқаларға ащы болар, бірақ егер сол кеңестерді қолданса, оңды нәтижеге жетеді. Имам Садеқ (ғ.) шашыратқыны ең жақсы шөп деп есептейді. Имам Әли (ғ.) оны жұмақтың өсімдігі деп таныстырған. Дәрігерлер шашыратқыны ғылыми тұрғыдан зерттей келіп, оның шипалық қасиеттерін анықтады.
Шашыратқының судағы ерітіндісі ауруды басатын қасиетке ие. Шашыратқыда кездесетін кейбір қант түрлері денедегі пайдалы микробтарды арттырып, ішектегі ауру тудыратын бактерияларды азайтады. Осы тағамдық шөпке байланысты жүргізілген жаңа зерт- теулер бойынша, шашыратқының құрамындағы кейбір заттардың іш қату, обыр, жүрек және қан тамыр- лары ауруларын емдеуде әсері мол. Зертханалық жануарларға жасалған зерттеулер бойынша, шашыратқы құрамындағы заттар ішек обырының алдын ала алады. Бұл өсімдіктің тағы бір пайдасы бауырды уланудан сақтайды. Бұл қасиет осы өсімдіктің құрамындағы TETRACHOLORIDE CARBON атты затқа байланысты.
Имам Реза (ғ.) шашыратқының пайдасы жайлы: «Бұл өсімдікте мыңдаған аурудың емі бар. Ол емдей алмайтын адам денесінде ауру жоқ», деген. Мұсылман дәрігерлер Имам Резаның (ғ.) пікірін ғылыми зерт- теулер нәтижесіне сәйкес келеді деп есептейді. Олардың айтуы бойынша, Имам Резаның адам ішіндегі ауру дегені бауыр ауруы. Шашыратқы бауырға ғажайып эликсирдей әсер етеді. Шашыратқының шипасы.
Дәрігерлер шашыратқыны ғылыми тұрғыдан зерттеу барысында оның шипалық қасиеттерін анықтады. Өсімдікте кездесетін қант түрлері денедегі пайдалы микробтарды арт- тырып, ішектегі ауру тудыратын бак- терияларды азайтады. Құрамындағы заттардың іш қату, жүрек және қан тамырлары ауруларын ем- деуде әсері мол. Тағы бір пайдасы бауырды уланудан сақтайды. Бұл қасиет осы өсімдіктің құрамындағы tetracholoride carbon атты затқа байланысты.Дене сыртында пайда болған іріңді бөртпелерді өсімдіктің тұнбасымен емдейді. Қант дибетін емдеу үшін де осы өсімдіктен жасалған дәрілерді ішеді.
Шашыратқы тамырын кептіріп, қуырып және ұнтақтап, үгітілген күйінде кофе сусынын әзірлеуге пай- даланады. Бұл сусын түнбасының тіл үйіретін дәмі және қоңырқай түсі болады. Барлық елдерге дерлік шашыратқының тамыры адамды көрінбейтіндей жасай алады деген наным болған. Бірақ оған негіздеме жоқ. Тағы бір қызық жәйт – егер осы шөпті 25 шілдеде қазып алып, таяққа тағып сапарға шыққан жолаушыны ол, пышақтан және оқтан қиын- қыстауларда сақтайды деген де ұғым болған. Қазып алудың өзі ырым- шарамен жасалған екен. Бұл күндері оны күз айларында айырмен немесе күрекпен еш ырымсыз-ақ қазып ала беретін болса керек. Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Ұнтақталған өсімдік тамырының 20 грамын қайнап тұрған 1 стакан суға салып 30 минут тұндырады да , 1 ас қасықтан күніне 5-6 рет ішеді. Спиртті тұнба: ұнтақталған өсімдік тамырының 20
грамын 100 мл спиртке салып 8-10 күн тұндырады да, 20-25 тамшыдан күніне 5 рет ішеді.Дәрі жасау үшін шашыратқының тамырын күзде қазып алады. Оның құрамында белок, май, ащы заттар, инсулин, аскорбин қышқылы, қант, В дәрумендері бар. Қан аздықты емдеу үшін жаңадан алынған бір ас қасық шашыратқы шырынын бір кесе сүтке араластырып күніне 3-4 реттен ішіп, 4-5 апта бойы емдейді. Шашыратқының спирттік тұнбасын жасау үшін оның тамырының 40 грамы 200 мл спиртке салынып, 8 -10 күн қараңғы жерде тұндырылады. Бұзауға күніне 3 рет 150 мл суға араластырылған бір ас қасық спирттік тұнба ішкізіледі.
Халықтық ем-шара ретінде тамырының қайнатындысы мен шөбінің тұнбасын күш-қуат кеміп әлсірегенде, сары ауру кезінде, өт жолдарына тас байланғанда, асқазан және тоқішек жараларына, аллергияға, экземаға, сыздауыққа қарсы ем ретінде қолданады. Дегенмен, бұл ем түрлерін дәрігермен кеңесіп жасаған жөн. Гүлдерінен жасалған тұнба орталық жүйке жүйесін тыныштандырып, жүрек қызметін күшейтеді, соғу жиілігін ретке келтіреді. Қант диабетіне қарсы осы өсімдіктен жасалған дәрілерді ішеді. Дене сыртында пай- да болған бөртпелерге де шипа. Ұзақ уақыттан бері жазылмай жүрген жа- раларды сулы тұнбасымен емдейді. Егер жаздың ыстық күндерінде басыңыздан күн өтіп, денеңіз дел- сал болса, шашыратқының гүлінің тұнбасына шомылсаңыз пайдасы көп.Шашыратқының өн бойында сүт-шырын болады, тамырында полисахарид — инсулин (қант диабетімен ауырғандарға қант пен крахмалдың орнына береді) және интибин (ащы гликозид) бар. Жас жапырағын салатқа қосады. Шашыратқының химиялық құрамы. Шашыратқы тамырының құрамында ащы илік заттар, нәруіз, май, ин- сулин, аскорбин қышқылы, қант, В дәрумені болады.Шашыратқының жер үсті бөлігінің (гүлі, сабағы, жапырағы) құрамындағы макро- микро байланысты жаңа, болашағы зор дәрілік препараттарды табиғи өсімдіктерден бөлу және өндірудің әртүрлі әдістері іздестірілуде. Біздің еліміз – мәдени және дәстүрсіз өсімдіктерге бай өлкелердің бірі. Сондай өсімдіктердің бірі – шашыратқы. Бұл дәрілік өсімдік дүние жүзі елдерінде химиялық құрамы толық зерттелмеген өсімдіктер қатарына жатады. Ол дәрілік өсімдік ғана емес, тағам өндірісінде де, фармацевтикада да қолданылады. Әдеби деректер- де шашыратқының тамырының зерттелуі туралы мәліметтер аз кездессе, жер үстіңгі бөлігі туралы толық мәліметтер жоқ. Сондықтан да осы өсімдіктің химиялық құрамын толығырақ зерттеп, фармакология үшін оның құндылығын ғылыми түрде анықтау