Файл: Оттегіні блуші, табиат кркі, дрілік шикізат, мал азыы, таамды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 17

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
қажет. Өйткені біздің елімізде қолданылатын дәрі – дәрмектердің барлығы шет елдерден тасмалданады. Оның ішінде біздің отанымыз тек 15-20% ғана өндіреді. Өз елімізде халыққа қажетті дәрілік препараттарды шашыратқыдан бөлу өзекті болып отыр. Әрбір дәрілік өсімдік емдеу практикасына енгізілмес бұрын ғылыми медици- нада зерттеудің ұзақ жолынан өтеді. Атап айтқанда химиялық құрамы тексеріледі, ағзаға әсер етуші фак- торы, адамның әр түрлі органдары мен жүйелерінің қызметіне ететін ықпалы анықталады. Сынақтан өткен өсімдікті Денсаулық сақтау министрлігінің фармакологиялық комитеті халық арасына кеңінен таратуға және емдеу мақсатында қолдануға, ал оның препаратта- рын өндірістік жолмен жасауға рұқсат етеді. Сөйтіп көптеген өсімдіктер халық медицинасынан ғылыми медицинаға көшеді .Әлі толық зерттелмеген және халық медицинасында танымал болып келетін дәрілік өсімдіктер қатарына күрделі гүлділер тұқымдасының бір өкілі шашыратқы да жатады.

Ол негізінен флорада жер талғамай, кез-келген жерлерде өсе беретін арамшөп ретінде кеңінен таралған.Шашыратқының жер үсті бөлігінің (гүлі, жапырағы, сабағы) химиялық құрамы мен қасиеттерін зерттеп, макро-микро элементтер мөлшерін анықтап, өндіріске қажетті отандық дәрілік шикізат алу. Зерттеудің ныса- ны ретінде шашыратқының жер үсті бөліктері ( гүлі, жапырағы, сабағы) алынды. Шашыратқының жер үстіңгі бөлігінің (гүлі, жапырағы, сабағы) құрамындағы макро және микро элементтердің мөлшері атом-эмиссионды жартылай сандық спектрлік анализ әдісімен «А Analyst 400» приборында анықталды. Зерттеу нәтижелерінің мәліметтері 1 кесте және 1,2 сыз- баларда көрсетілген. 1 кестеден көріп отырғандарыңыздай, мыс (1,7-1,8), мырыш (2,1-2,3), марганец (1,07-1,18), темір (1,58-1,63) микроэлементтерінің мөлшері сабағына қарағанда гүлі мен жапырақтарында көп, ал кальций (1,5-1,6) мен калийдің (1,3-1,6) мөлшері гүліне қарағанда сабағы мен жапырағында көп және ма- кроэлемент натрийдің мөлшері жапырағына қарағанда сабағы мен гүлінде 1,2-1,9 еседей көп.Адамның ағзалары химиялық элементтерді әр түрлі концентрлейді, яғни макро және микроэлементтер мүшелер мен ұлпаларда әркелкі таралады. Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге тән болып табылады және онда кон- центрациясы жоғары болады. Мы- салы, мырыш – қарын асты безінде,
йод – қалқанша безінде, фтор – тіс кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий – шашта, кадмий, сынап, молибден – бүйректе, қалайы – ішек ұлпаларында, стронций – қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий – көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром – гипофизде және тағы басқаларда жиналады .Ағзада микроэлементтер байланысқан және бос ионды түрінде де кездеседі.

Кремний, алюминий, мыс және титан бас миы ұлпаларында нәруыздармен комплекс түрінде, ал марганец ион түрінде кездеседі. Су- тек және оттек – макроэлементтері су молекуласын түзетіні белгілі. Су- маңызды еріткіш және ол адамның мүшелерінде, ұлпаларында және биологиялық сұйықтықтарда әркелкі таралған, асқазан сұйығының, сілекейдің, қан плазмасының, лимфаның 99,5% – дан 90% – ға дейінгі аралығын құрайды .Ағзадағы макро және микроэлементтердің мөлшерін гормондар реттеп отыра- ды. Химиялық элементтердің адам ағзасындағы биологиялық орны әр түрлі болып келеді. Макроэле- менттер – ұлпаның құрылысын, осмос қысымының тұрақтылығын, иондық және қышқыл–негіздік құрамын реттеушілер. Микро- элементер ферменттер, гормон- дар, дәрумендер, биологиялық белсенді заттар құрамына комплекс түзушілер немесе активаторлар түрінде кіреді де зат алмасу, көбею, ұлпаның тыныс алу, улы заттарды залалсыздандыру үрдістеріне қатысады. Кейбір элементтердің мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады. Мысалы, кадмийдің бүйректегі және молибденнің бауырдағы мөлшері қартайғанда жоғарылайды. Жас ұлғайған сайын кейбір мы- рыш, ванадий және хром сияқты микроэлементтердің мөлшерлері кемиді. Әр түрлі микроэлементтердің жетіспеушілігіне немесе артуына байланысты көптеген аурулар белгілі. Фтордың жетіспеушілігінен тіс жегісі, йодтың жетіспеушілігінен зоб, молибденнің артық мөлшерінен подагра пайда болады. Жоғарыда айтылған элементтердің тәуліктік нормасын зерттеудің нәтижесінде мынадай қорытынды жасалады:

Жас балаларға марганецтің мөлшері ересектерге қарағанда көбірек қажет болады. Сондықтан да соңғы жылда- ры микроэлементтер жайлы зерттеу жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Микроэлемен ттердің негізгі физиологиялық – биохимиялық қасиеттері бойынша Қазақстанда П.Р.Загриценко, Ж.Қалекенов, Қ.Кенжеев, Ж.Мамутов және К.Сағатов, ал Ресейде Я.В.Пейве, М.Я.Школьник, П.А.Власюк, О.К.Кедров – Зихман сияқты ғалымдар зертеу жұмыстарын жүргізген .Ересек адамның денесінде 3 килограммға дейін ми- нералды тұздар бар, бұл мөлшердің 5/6 бөлігі сүйек ұлпаларына тиесілі. Кейбір макроэлементтер (магний, кальций) және көптеген микроэлементтер ағзада биолиганд-аминқышқылдармен, нәруыздармен, нуклеин қышқылдарымен, гормондармен, дәрумендермен және тағы басқалармен комплекс түрінде кездеседі. Мысалы, темір ионы комплекс түзуші ретінде – гемо- глобин, кобальт-В12 дәруменінің, магний- хлорофилл құрамына кіреді. Сонымен қатар, ағзада биологиялық маңызы жоғары басқа да элементтердің көптеген биокомплекстері бар .Зерттеу мәліметтерін қорытындылай келе шашыратқының жер үсті бөлігіндегі макромикро элементтер мөлшері мынадай заңдылық бойынша та- ралады: мыс, мырыш, кобальттың мөлшері сабағы – жапырағы – гүлі бойынша, натрийдің мөлшері жапырағы – гүлі – сабағы бой- ынша, темір мен марганецтің мөлшері сабағы – гүлі – жапырағы бойынша, кадмий, кальций және магнийдің мөлшері гүлі – сабағы– жапырағы ретімен артса, ал, сабағы – жапырағы – гүлі бойынша калийдің мөлшері төмендеген. Ал, егер бір ғана мыс микроэлементі ағзада жетіспесе, бауырда

қорланған темір гемоглобинмен байланысқа түсе алмайды. Мыстың мөлшері төмендеген кезде немесе жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады. Мыс қанға оттектің өтуін қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде жасуша, ұлпалар оттекпен жақсы қамтамасыз етіледі. Мыс көптеген ферменттердің құрамына кіреді, ұлпалардағы тотығу реакциясын жылдамдатады. Шашыратқы құрамындағы биологиялық белсенді заттарды титриметриялық әдіспен анықтау.Өсімдіктің жер үстіндегі бөлігінде инулиннің концентра- циясы 40-тан 50%-ға дейін. Та- мырлары мен жапырақтарында холин, К витаминінің болатындығы анықталған. Өсімдік сүттіген шы- рынына бай, бұл шырыннан ащы заттар (лактуцин, лактукопикрин, тритерпен спирті, тараксастерол) табылған. Дәншіктерінде инулин, сұйық май және пирокатехин альдегиді бар. Витаминдер мен минералды заттардың мөлшері (мг%-бен): каротин - 1,3, С - 10,2, В1- 0,05, ВЗ - 0,003, РР - 0,24, натрий- 4,4, калий -1,92, марганец - 12, кальций - 26, темір - 0,7, фосфор – 25 .Шашыратқының барлық мүшесі дерлік тұнып тұрған дәрілік шикізат. Биоорганикалық химия саласындағы өзекті мәселелердің бірі-химиялық құрамы толық зерттелмеген өсімдіктердің қасиеттерін зерттеу, биологиялық және физиологиялық активті заттарды бөлу. Ең алдымен шашыратқы өсімдігінің жер үсті бөлігінің (гүл, сабақ, жапырақ) физикалық қасиеттері анықталды.

Зерттеу нәтижелері 1-ші кестеде көрсетілген.Шашыратқының жер үстіңгі бөлігінің ( гүлі, жапырағы, сабағы) сутектік көрсеткіші «И– 160 МИ» маркалы рН метрінде, сыну көрсеткіші ИРФ – 454Б маркалы рефрактометрінде, тығыздығы пикнометрлік әдіспен анықталды.

Шашыратқының жер үсті бөлігінің ( гүлі, жапырағы, сабағы) физикалық қасиеттері.Сабағының судағы рН-ы 5,80, 40% спиртте 6,84, 70% спиртте 6,72, 90% спирт- те 6,11 спирттегі өзгереді. Яғни бейтарап ортаны көрсетеді. 2-ші кестеде шашыратқы өсімдігінің жер үсті бөлігінің химиялық құрамы көрсетілген. Шашыратқының жер үстіңгі бөлігінің (гүлі, жапырағы, сабағы) құрамының ылғалдылығы мен күлділігі гравиметриялық әдіспен, қышқылдылығы, аскорбин қышқылы, пектинді заттар титриметриялық әдіспен анықталды. Шашыратқының жер үсті бөлігінің ( гүлі, жапырағы, сабағы) химиялық құрамы.Зерттеу нәтижесінде сабағы мен жапырағына қарағанда гүлінде ылғалдылығы жоғары болатындығы анықталды. Күлділігінің жоғары болуы макро және микроэлементтердің мөлшерінін көп екенін көрсетеді.

Өсімдіктің сулы ерітіндісінің рН-ы әлсіз қышқылдық ортаны көрсетеді. Экстрактивтілігі суда және 80% этил спиртінде 2 сағатта жүргізілді.
Судағы экстрактивтілігі спирттегіге қарағанда жоғары.

Аскорбин қышқылының мөлшері органикалық қышқылдарға, яғни С дәруменіне бай екенін көруге болады. С дәрумені гүлі мен жапырағына қарағанда, сабағында

көп. Шашыратқының жапырағында суда еритін және ерімейтін пектин мөлшері көбірек. Пектинді заттар адам ағзасынан радиоактивті және ауыр металдарды ығыстырып шығарады. Шашыратқының пай- далануы. Салаттық көкөніс және тамыр жемістілер ретінде өсіріледі. Шашыратқы тамырын кептіріп, қуырып және ұнтақтап үгітілген күйінде кофе сусынын әзірлеуге пай- даланады. Бұл сусын тұнбасының тіл үйіретін дәмі және қоңырқай түсі болады.Шашыратқы (Цикорий) осы күні кофені алмастырғыш ретінде белгілі. Егер, таңғы асыңызды ашқарынға балмен лимон қосылған шашыратқы ішсеңіз — ағзаңызда гипертония дамымайды екен (ауруға бейім болған күннің өзінде). Шашыратқыны кофеге қосады (бір стақан суға 2 шай қасық кофе, 1/2 шай қасық шашыратқы ұнтағы).

Жапырақты (салаттық) шашыратқы ашқылтым салат өсімдігіне жата- ды; сәл ашқылтымдау, сүйкімді дәмі бар. Жапырағын көк салат жасауға пайдаланылады. Дәрілік шикізат ретінде шашыратқының тек тамыры ғана пайдаланылады. Оны күз айларында жауын – ша- шынсыз күндері қазып алады да, топырақтан, жапырақтарынан тазалап, көлеңке жерде кептіреді. Ағаш жәшіктерге, ол болмаса қағаз қапшықтарға салып, құрғақ жерде сақтайды. Тамыр тұнбасының малдық азыққа деген тәбетін ашатының, өт жүргізетін, қатты ауырсынуды басатын және зиянды микробтарды өлтіретін қасиеттері бар. Мал дәрігерлік практикасында оны ірі қара, жылқы, қойлардың ас қорыту бездерінің бірқалыпты жұмыс істеуін қалыптастыру үшін, асқазан мен тоқ ішектің қабынуын, бауыр ауруларын емдеу үшін пайдаланады. Мал терісінде пайда болған іріңді бөртпелерді тамыр тұнбасымен емдейді. Ал медицинада қант диабетімен ауыратын адамдарға осы өсімдік тамырының тұнбасы ішкізіледі. Мал дәрігерлігі прак- тикасында малдың тері қотырын, ұзақ уақыттан бері жазылмай жүрген экземаларды, есекжемді шашыратқының тамыр тұнбасы дайындалады: 40 грамм ұнтақталған тамырды қайнатылған жарты литр суға салып 25 – 30 минут тұндырады да, ірі қараға – 100 – 120 мл, жылқыға 90 – 100 мл, қойға – 20 –30 мл, бұзауға 30 – 40 мл, қозыға

5 – 10 мл мөлшерінде күніне 3 – 4 рет ішкізеді. Қорытынды. Республика территориясынан 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Олардың үрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан одақ көлемінде бірінші тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі дәрілік өсімдіктің зерттеудің маңыздылығы айтапаса да түсінікті. Мал бағумен ақылым заманнан айналысқан қазақ халқы шөптерің, жалпы өсімдіктердің емік, дәрілік қасиеттерін ертеден білген. Сөйтіп ел арасында ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден-ақ кеңінен таралған. Ертеде өмір сүрген әл-Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Баруни әл-Джуржани және орта ғасырларда өмір сүрген тағы да басқа Шығыс ғалымдарының қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді танп пайдалануына еткен ықпалдары зор болды. Әр облыстың, аймақтың, халық дәрілік өсімдіктердің әр түрлі қасиеттерін өздерінше пайдалануы да мүмкін. Сол сияқты жергілікті жерде өсіп, күнделікті тұрмыста пайдалануға болатын шипалы өсімдіктің бірі осы шашыратқы болып табылады. Осы зерттеуімізде біз осы өсімдіктің көптеген қыр- сырымен таныстық. Оның емдік қасиеттерін анықтап білдік.


Шашыратқы шөбінен дайындалға кофе кадімгі күнделікті өміріміздегі кофеге қарағанда зиянсыз, адам ағзасына көптеген тигізетін пайдасымен ерекшеленеді. Ендігі жерде біз шашыратқының пайдалы және түрлі дертке шипа екендігін біле отырып, оны тиімді пайдалана алуымыз қажет.Шашыратқы құрамындағы биологиялық белсенді заттарды титриметриялық әдіспен анықталды.

Ғылыми жетекшісі: Нургуль Абильбаева


Жоба авторы: Нургуль Магзинова

ШҚО. Катонқарағай ауданы «Чернова орта мектебі» КММ