Файл: Таырыбы Темекіні, насыбайды жне энергетикалы сусындарды зияны.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 11
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ақмола облысы
Бурабай ауданы
Жасыл ауылының негізгі орта мектебі
Тақырыбы: «Темекінің, насыбайдың және энергетикалық сусындардың зияны»
Өткізген: Ахметова С.А.
7 сынып
2022-2023 оқу жылы
Тақырыбы: «Темекінің, насыбайдың және энергетикалық сусындардың зияны»
Мақсаты: Мақсаты:
1)Темекінің адам өміріне зиянды және улы екенін түсіндіре отырып, оқушыларды саналылыққа, тазалыққа, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
2)Энергетикалық сусынның адам ағзасына және оның атқаратын қызметіне тікелей әсері бар екендігі жөнінде өскелең ұрпаққа насихаттау.
Тәрбие сағатының түрі: Пікірлесу
Көрнекілігі: Салауатты өмір салты туралы қанатты сөздер жазылған презентация, компъютер слайды, темекінің зияндығы туралы жинақтар. т. б.
Барысы: І. Ұйымдастыру
а) Сынып тазалығы, оқушылардың тәрбие сағатына қатысуы
б) Оқушылар ынтасын тәрбие сағатының тақырыбына аудару
ІІ. Кіріспе бөлімі
Егемендіктің тізгінін берік қолға алу үшін, ұрпақтың дені сау, рухани дүниесі бай, ғылым - біліммен жақсы қаруланған болуы шарт. Бүгінгі сабақта адам баласына өте қауіп төндіретін зиянды зат - темекі туралы салмақты ой қозғаймыз. Сонымен адам өмірге темекі тартушы болып келмейді екен, өсе келе жаман әдетке үйір болудан, өз ісіне мән бермеуден, темекі дәмін татып көріп, қалай темекіге тәуелді болғанын байқамай қалып, денсаулығынан айрылып жатады.
Салауатты өмір салтыдеген не?
1. Спортпен шұғылдану
2. Күн тәртібін ұстау
3. Жеке бас гигиенасын сақтау
4. Жаман қылықтардан аулақ болу: Маскүнемдік, нашақорлық, шылымшегуден
ІІІ. Негізгі бөлім
1. Никотиннің зардаптары
1. Бір данышпан темекі туралы сұрағанда «мен темекінің үш жақсы жағын білемін» депті:
Біріншісі, темекі шеккен адамның үйіне ұры түспейді.
Екіншіден, темекі шеккен адамды ит қаппайды.
Үшіншіден, шылымқор жан мәңгі жас болып көрінеді.
Мұны дәлелдеп беріңіз дегенде:
... Темекі тартқан адам түнімен күркілдеп жөтеліп шығады. Түнде келген ұрылар болса үйде ояу адам бар екен ойлап, кері қайтады. Көп жөтелген адамның белі бүгіліп, ерте таяқ ұстауға тура келеді. Таяқ ұстаған адамнан қабаған ит те жасқанады. Темекіні көп тартқан адам ерте қайтыс болады. Мәңгі жас болып өтеді дегенім осы,- деген екен.
2 . Елімізде мектеп жасындағы балаларға ішімдіктер мен темекі сатуға болмайтыны заң болғанымен, бұл тәртіптің сақтала бермейтіндігіне жасөспірімдердің темекі шегуінің өзі үлкен дәлел болмақ. Бұл жөнінде мамандар «заңды күшейту керек, немесе «балалардың темекіге үйір болуы оның бағасының арзандығында» деген сияқты пікір тудыруда.
Энергетикалық сусындар – адамзаттың бертінде ойлап тапқан өнертабысы. Алайда олардың құрамындағы заттар жүйке жүйесін ынталандыру үшін бұрыннан пайдаланылып келеді. Энергетикалық сусындар емтиханға дайындалып жүрген студенттерге, жұмысын уақытында тапсырып үлгермей жүрген қызметкерлерге, спорттық рекордтарға ұмтылған спортшыларға, шаршаған жүргізушілер мен түнгі клуб қыдырмаларына нағыз құтқарушы болды... Бір сөзбен айтқанда, шаршаса да өзін сергек сезінуі керек адамдарға арналады. Сусынның бір құтысынан бар шаршағаныңыз кетіп, ұйқы қысу басылып, жаңа әрекеттерге дайын боласыз.
Энергетикалық сусындардың зияны жайлы естісек те, олардың нақты қандай зияны бар екенін біле бермейміз. Ал дүкендерде бұл ғажайып сусынның еркін таралуы мен қолжетімділігі денсаулыққа алаңдамауға болатындай әсер береді. Осы мәселе төңірегін зерделеп көрейік.
Слайд бойынша энергетикалық сусынды ішпеуге арналған 4 себебіне талдау жұмыстарын жасау.
3 .Осы бір зиянды әдет қайдан шыққан?
Үндістер меңдуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтіндітанау арқылы ішке тартып соған мас болған. Олар оны «табако» деп атаған екен. 1560 жылы Француздың әйел патшасы Екатерина Медичиге басының сақинасы ұстағанда дәрі – дәрмек ретінде берілгенде баршаның қызығушылық құмарлығын тудырған. Әуелгіде емдік шөпретінде қолданылған. Ресейге саудагерлер арқылы келген.
4 .Темекінің зияны туралы не білеміз?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша темекі тарту зардабынан жылсайын 5 миллион адам қайтыс болады екен. 2027 жылы темекі зардабынан қайтыс болғандар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Соңғы ақытта темекі тартатындар арасында көмейдің қатерлі ісігі 6 - 10 есе, өңештің ісігі 2 - 6 есе жоғары. Бір түйір темекі тартқан адам 0, 4 - 3, 5 мг улы никотин қабылдайды да өз өмірін 15 минутқа қысқартады.
Насыбай неге зиянды?
Насыбайдың денсаулыққа зияны көп.
Жалпы, дәрігер мамандардың айтуынша, насыбайдың адам денсаулығына тигізер зияны өте көп. Біріншіден, насыбай ату темекі тарту, араққа салыну, нашақорлық тәрізді дерт болғандықтан, оған үйренгендер бір мезет насыбай атпаса, басы ауырып, жүрегі соғып, мазасыз күйге түседі. Оның құрамына никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне ұшырататын әртүрлі радиоактивті қоспалар қосылады. Әрі насыбай ату адамның жасын қысқартады. Ауыз қуысы, ас қорыту жүйесі қатерлі ісігіне ұшырайды. Өмір сүруге, еңбек етуге, отбасын асырауға деген ынта-ықыласты азайтады. Тыныс алу жолдары қабынады. Ұдайы насыбай ату ұйқысыздыққа әкеліп соғады. Тамаққа деген тәбетті жойып, адам ағзасы әлсірейді. Сондықтан насыбайдан аулақ болған жөн.
Оның зиянды болатын себебі, құрамында никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне (қатерлі ісік) ұшырататын әртүрлі радиоактивті элементтер (бензпирен, полоний, висмут, т.б.) бар темекіден жасала-тындығы, кейінгі кезде кей жерлерде оған өзге де улы заттардың қосылатындығы.
Соның басты – бастысы: кейбіреулер насыбайға тауықтың саңғырығын, әктің суын, қара аға-штың смоласын қосып әзірлейді. Бұлардың қай-қайсы да өте зиянды. Тіпті, жай ғана тауықтың саңғырығын жеп қойған қойлардың бір сағаттың ішінде өліп қалғандығы жөнінде оқиғалар өмірде болған. Қара ағаштың смоласының зияны да тауықтың саңғырығының уынан кем емес.
Соған қарамастан, кәрі де, жас та насыбайды еріннің астына салып атады. Сол себепті насыбай ататындардың 80 пайызының ауыз қуы-сы, ас қорыту жүйесі ісікке ұшырап ауырады. Әуелі қызық үшін насыбай ататындар кейін оған әбден әуестеніп, үйреніп кетеді де, насыбай атпаса басы ауырып, айналады, тамаққа зауқы соқпайды, сөйтіп, насыбайға тәуелді болып қалады. Қазір насыбай ататын жастар да аз емес. Себебі насыбайдың бір орамының бағасы ап-арзан. Оны бірнеше рет бөліп атып, елтуге қолайлы. Ал оның орнына темекі сатып алып тартайын десе, насыбай сатып алған тиын-тебен темекінің бағасына жетпейді, әрі насыбайды одан кім көрінген сұрай бермейді. Көшеде темекі тартып келе жатса, шылым сұрайтындар көп.
Насыбай ататындардың есіне:
-
Насыбай ату адам жасын қысқартады.
• Ауыз қуысы, ас қорыту жүйесі қатерлі ісікке ұшырайды.
• Өмір сүруге, еңбек етуге, отбасын асырауға деген ынта-ықылас азаяды.
• Әйелдер насыбай атса, ішіндегі баланың денсаулығына зияны тиеді.
• Тыныс алу жолдары қабынады.
• Ұйқысыздыққа апарады.
• Адамды ерте қартай-тады.
• Ауызы, үсті, айналасы сасып жүреді.
• Тамаққа деген тәбетті жояды, адам ағзасы әлсірейді.
• Рухани күйзеліске ұшыратады.
Қазір елімізде денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен насыбай сатуды шектеу, оны жасөспірімдерден аластату жөнінде маңызды мәселе көтеріліп, ол Үкіметтің, Парламенттің назарына ұсынылып отыр. Расында да басқа ауыл, аудан, қала түгілі, Отанымыздың жүрегі –Астананың кез-келген жерінде де ең улы зат насыбай өте көп мөлшерде, ашықтан-ашық сатылуда. Оны ересек адамдармен бірге оқушылар да емін-еркін сатып алады. Еліміздің бақытты болашағы – жастарымыздың ден-саулығын улайтын бұл затқа неліктен тиым салынбай отыр? Халықты ойландыратыны осы мәселе.
Қорытынды
“Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен” деп халқымыз бекер айтпаған. Жақсыны көріп, тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп, зардабын сезіп, бойыңды аулақ ұстау білімділіктің, көрегенділіктің белгісі. Өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болып өсе берейік дегім келеді.