Файл: ш тырлы тіл уаыт талабы туан еліні, Шыыс пен Батысты білімінен нр алып, аза халын ылым мен нерге шаыран Абай Жасымда ылым бар деп ескермедім, Пайдасын кре тра тексермедім.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ - УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Туған елінің, Шығыс пен Батыстың білімінен нәр алып, қазақ халқын ғылым мен өнерге шақырған Абай: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім»,-деп өлең жазған. Ғылым мен өркениеттің дамуынан және заман талабынан қалмай бірнеше тілді игерген тұлға жаһанданған әлемде өзің жайлы сезінеді, оған білім алу үрдісінде орасан зор ақпараттық ағым қолжетімді болады. Оқуда да, жұмыста да, қай салада болмасын мүмкіншіліктері артады.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан басқа елдермен саяси-экономикалық, әлеуметтік және мәдени байланыс жасауға бет алды. Міне, сондықтан еліміз нарықтық қатынасқа коммуникативті бейімделуі үшін көптілділік маңызды деп шешім қабылдаған тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев өзінің Жолдауында, атап айтқанда «Тілдердің үштұғырлығы» жобасында: «Қазақстан бүкіл әлем халқы үшін үш тілді еркін пайланатын және пайдалануға тиіс жоғары білімді ел ретінде қабылдануы тиіс. Бұл қазақ тілі- халқымыздың мемлекеттік тілі, орыс тілі- ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі- еліміздің жаһандық экономикалық дамуындағы табысты интеграциялық тілі» деп айтқан болатын.

Неғұрлым көп тілді меңгерген жоғары білімді тұлға- бәсекеге қабілетті. Ол үшін мектеп қабырғасында айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым дағдыларын пайдаланып, үш тілді оқытудың деңгейлі бағдарламасы арқылы білім алады.

Мектептен негізгі біліммен келген білім алушылар алған білімдерін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жалғасын табу керек. Жалпы білім беру пәндері болмасын, арнайы пәндер сабағы болмасын үштілділік элементтері міндетті деп қабылдануы керек. Мысалы: «Кластер», «Синквейн», шығармашылық тапсырмалар арқылы мамандыққа қатысты сөздік қорын үш тілде толтыру керек.

Әртүрлі «Полиглот» ойын түрлерін, мақал-мәтелдер, жұмбақ және сөзжұмбақтар арқылы білім алушының коммуникативті қабілетін дамытуға болады. Көптілділік- студенттердің интеллектуалды деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Орыс жазушысы- драмматург А.П. Чехов «Адам қанша тіл білсе, сонша рет адам» деп жазды. Әрбір тіл- тұтас халықтың жаңа әлемі.

Біздің балаларымыздың болашағы- мемлекет болашағы. Үштілді оқыту арқылы ертеңімізге негіз қалаймыз. Инновациялық әдістерді қолдана отырып, көп тілде сөйлейтін маман дайындау қоғамның жалпы міндеті мен жауапкершілігі деп қабылдауымыз керек.

Болмасан да ұқсап бақ,

Бір ғылымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,


Айтпа ғылым сүйсеңіз,-деп Абай атамыздың өлеңімен бастап, атамыздың сөзімене аяқтағым келеді. Қойған мақсаттарға жете отырып, көптілді меңгерген сіз бен біз оқытқан шәкірттер- егемен еліміздің болашағы болып саналатынына сенімдімін.