Файл: Сж психологиядаы тла жне арыматынас Тексерген Амирбекова Мархабат Амирбековна Орындаан.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



СӨЖ Психологиядағы тұлға және қарым-қатынас

Тексерген: Амирбекова Мархабат Амирбековна

Орындаған: Жексенбиева Ұлғаным Жетпісқызы

Мамандық: қазақ тілі мен әдебиеті 101топ

Курс: 1 курс

Алматы,2022 ж

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім:

  1. Тұлға туралы жалпы ұғым

  2. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы

  3. Қарым-қатынас туралы теориялар



  4. Қарым-қатынас түрлері


  5. Қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызы




Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер.



Кіріспе:



Жеке тұлға психологияда жеке тұлға денег ұғымның әртүрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мы на түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен іс - әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (болмысқа, адамдарға, өзіне,жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сендай ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез, қабілеттілік, мақсат-мүдделер). Даралық ұғымы бір адамды басқа бір адамант, бір тұлғаны басқа тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден тұрады. Қарым-қатынаста адамдар өзара идеялар, қызығулар, көңіл-күйімен, сезімдерімен, т.б. бөліседі. Мұның бәрін әр түрлі мәлімет ретінде қарастыруға болады. Адамдар арасындағы коммуникативті процестер техникалық қондырғылар арасындағы алмасудан өзгеше болады, оның мазмұны және формасы бойынша өзіне тән ерекше, маңызды қасиеттері бар. Олардың ерекшелігі - кері байланыс процесі, коммуникативті барьер, коммуникативтік әсер және мәлімет берудің әр түрлі деңгейі (вербальды-сөз жүзіндегі, вербальды емес-сөз жүзіндегі емес) сияқты процестермен байланысты. Әрқайсысын бөлек-бөлек талдап көрейік: тұлғааралық қарым-қатынастағы кері байланыс. Ең алдымен мәлімет бір жақты болмайды, екі жақты пікір алмасу түрінде өтеді. Мәліметті беруші - коммуникатор, оны қабылдаушы - реципиент деп аталады. Сондықтан да негізгі мәліметті беруден екінші адамға беру ғана емес, қарым-қатынас барысында ортақ көзқарас, пікір, ортақ мәнге келу маңызды. Бұл міндетті орындауда ерекше механизм - кері байланыс іске қосылады, ол реципиентің коммуникатордың іс-әрекетін қалай қабылдап, бағалауына байланысты. Сонымен, кері байланыс дегеніміз - коммуникатордың әрекетіне деген реакциясын көрсететін мәлімет. Кері байланыстың берілуі әр түрлі жолдармен іске асырылады. Ең алдымен тура және жанама. Тура кері байланыста реципиент пікірі ашық түрде беріледі. Мысалы: «сенің пікірің маған ұнамайды», «не айтып тұрғаның маған түсініксіз», т.б. және де әр түрлі қимыл-қозғалыс (жест), ренжу, қуану, т.с.с. бұл түрде тиімді болады.


1.  Психологиялық ғылымда «тұлға» категориясы  іргелі ұғымдардың қатарына жатады. Бірақ «тұлға» ұғымы тек психологияға тән емес, ол барлық қоғамдық ғылымдармен зерттеледі, оның ішінде  философиямен, әлеуметтанумен, педагогикамен. Сонда  психологиялық  ғылым  шеңберінде  тұлғаны  зерттеу спецификасы  неде  және психологиялық  тұрғыдан тұлға  дегеніміз - осы орайда И.С.Кон былай  деп жазады: « Бір  жағынан, ол нақты индивидті әрекет субъектісі  ретінде оның барлық жеке  қасиеттерімен, әлеуметтік рөлдерімен бірге  белгілейді. Екінші жағынан, тұлға  индивидтің  әлеуметтік қасиеттері  ретінде, осы дамның басқа адамдармен  тура немесе жанама өзара  әрекеттесуі нәтижесінде түзілген  бойындағы әлеуметтік  маңызы бар қасиеттердің жиынтығы  ретінде түсіндіріледі. Тұлғамен қарым-қатынас субъектісінде көреді.»

       Ғылыми әдебиеттегі тұлға  анықтамаларының әрқайсысы  тәжірибелік  зерттеулермен бекітілген,сондықтан «тұлға» ұғымын қарастырғанда оларды  ескеру  керек. Тұлға  деп  жиі әлеуметтік даму барысында  бойына әлеуметтік және  өмір үшін маңызды  қасиеттерді жинаған  адамды  айтамыз.Демек, тұлға  сипаттамалары қатарына  адамның генотиптік және физиологиялық ұйымдасуымен  байланысты  ерекшеліктер  жатқызылмайды.   Адамның  танымдық психикалық  процестерінің немесе  әрекеттерінің жеке  дара  стилі даму ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттер  тұлға қасиеттері  қатарына жатқызылмайды,    ал адамдар мен қоғамға  қатысты көрініс  беретін қасиеттер тұлғаның  қасиеттері болып  саналады. «Тұлға» ұғымының  мазмұнына, көбінесе басқа  адамдарға қатысты маңызды іс-әрекеттерді анықтайтын қасиеттерді де қосады.

           Сонымен, тұлға  дегеніміз - ол тұрақты психологиялық сипаттамалар  жүйесінде алынған нақты адам. Ондай  сипаттамалар қоғамдық  байланыс пен қатынастарда көрініс беріп, адамның өзі меноны қоршағандар үшін маңызды  орын алады, оның адамгершілік қылықтарын айқындайды және оның өзіне, ортасы үшін маңызды мәнге ие.

           Ғылыми  әдебиетте «тұлға» ұғымының мазмұнына кейде адам ұйымдасуының генетикалық және  физиологиялық деңгейлері қосылатынын айта  кету  керек. Адамды жүйелі зерттеу сұрақтарын  қарастырғанда психологияның өзіндік  түсініктері  қалыптасады. Б.Г.Ананьев бойынша  адам  ұйымдасуының төрт деңгейі  ғылыми зерттеулер үшін  қызығушылық  тудырады. Олардың  қатарына индивид, іс-әрекет  субъектісі, тұлға, жеке  даралық жатқызылған. Биологиялық  түр болғандықтан  әр адамның  туа  біткен  ерекшеліктері бар, мысалы, дене құрылысы тік жүруге мүмкіндік  береді, ми  құрылымы интеллектің  дамуын қамтамасыз  етеді, қол  құрылысы еңбек  құралдарын  пайдалануға мүмкіндік  береді, т.с.с. Осы  белгілер адам  баласын хайуаннан  ажыратады. 

«Индивид» ұғымы  адамды белгілі  биологиялық қасиеттерді  иеленуші  ретінде  сипаттайды. Индивид  ретінде туылған адам  қоғамдық өзара қатынастар мен  процестер жүйесіне қосылады, нәтижесінде ерекше  әлеуметтік сапа  иеленеді, тұлға  болып қалыптасады. Бұлай болу  себебі, қоғамдық  байланыстар  жүйесіне  қосылған адам - субъект, іс-әрекет процесінде қалыптасатын және  дамитын сананы иеленуші. Өз кезегінде, осы үш деңгейдің даму  ерекшеліктері  нақты  адамның қайталанбастығын сипаттап, оның жеке  даралығын анықтайды. Сонымен, «тұлға» ұғымы адамды әлеуметтік  тіршілік иесі ретінде  сипаттау үшін керек. Мәскеулік және  санкт-петербургтық психологиялық мектеп  өкілдерінің  әдебиеттерінде  адам  ұйымдасуының иерархиясына  әр түрлі  көзқарас берілген. Мысалы, мәскеулік мектеп  өкілдері «субъект» деңгейін  бөлмей, адамның биологиялық және  психикалық қасиеттерін «индивид» ұғымына біріктіреді.Бірақ, бұған  қарамастан, «тұлға»ұғымы  адамның әлеуметтік  ұйымдасуымен ұштасқан. Тұлға құрылымын қарастырғанда оған қабілеттерді, темпераментті, мінезді,  мотивацияны және әлеуметтік  нұсқауларды енгізеді.

            Қабілеттер  дегеніміз - бұл түрлі іс-әрекеттердегі табыстарын анықтаушы адамның  жеке  басының тұрақты қасиеттері. 

Темперамент - адамның психикалық процестерінің динамикалық  сипаттамасы. Мінезде бір  адамның басқа  адамдарға қатынасын анықтайтын  қасиеттер  бар. 

Мотивация дегеніміз- әрекет етуге деген  ынтаның жиынтығы  болса, әлеуметтік нұсқаулар - адамдардың наным-сенімдері.

            Бұдан  басқа, кейбір  авторлар тұлға  құрылымына ерік  пен эмоция түсініктерін  қосады.Психикалық құбылыстардың құрылымында  психикалық процестерді, психикалық күйлерді және  психикалық  қасиеттерді  бөліп көрсету керек. Психикалық  процестер, өз кезегінде танымдық, еріктік, эмоционалдық  болып бөлінеді. Ерік пен  эмоция өзіндік  құбылыс ретінде психикалық процестер шебінде қарастырылуға  лайықты. Алайда осы  құбылыстарды тұлға  құрылымы шебінде қарастыру  үшін де  авторларда негіз бар. Мысалы, сезімдер - жиі әлеуметтік бағдары бар эмоцияның бір түрі, ал ерік  қасиеттері қоғам  мүшесі болып табылатын адамның  қылықтарын реттеуге  қатысады. Осы  айтылғанның бәрі қарастырылып отырған мәселенің  күрделі екендігін және тұлға  мәселесінің  кейбір  аспектілеріне қатысты  белгілі келіспеушіліктердің болатындығын көрсетіп  отыр. Көбірек  келіспеушілік тудыратын  мәселелер: адам  ұйымдасуы құрылымының иерархиясы, тұлғадағы биологиялылық  пен  әлеуметтіліктің қатынасы. Адам  тұлға  болып  туылмайды, ал  қалыптасады деген көзқараспен  қазіргі психологтардың көбісі  келісуде . Бірақ тұлғаның  дамуы қандай заңдарға  бағынатыны  жөніндегі көзқарастар сан  алуан. Өйткені тұлға  дамуы үшін  қоғам мен  әлеуметтік топтардың мәні, дамудың   
заңдылықтары мен  кезеңдері, тұлға  дамуының кризисі, даму процесін түзету мүмкіндіктері әр  қилы түсіндіріледі. Кең тараған тұлға теорияларының әрқайсысында тұлғаның даму мәселесі өздігінше қарастырылады.  Мысалы, психоаналитикалық теория даму деп адамның биологиялық табиғатының қоғамда өмір сүруге бейімделуін, белгілі қорғаныс механиздерінің пайда болуын, қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдарын түсіндіреді.  Қырлар теориясы бойынша тұлғаның барлық қырлары өмір сүру барысында қалыптасады, олардың туындау, қайта түзілу және тұрақтану процестері биологиялық емес заңдылықтарға  бағынады.  Әлеуметтік үйрету теориясы тұлғаның даму процесін адамдардың белгілі тұлғааралық өзара әрекеттерінің қалыптасу жолдары ретінде түсіндірсе, гуманистік және басқа феноменологиялық теориялар оны  «мен» деген түсініктің қалыптасуымен  ұштастырады. Дегенмен, тұлғаны барлық теориялар позициясынан шоғырланған, біртұтас етіп қарастыру тенденциясы бар.  Адам тұлға ретінде қалыптасып, дами келе кемшіліктерді де иеленеді. Бір теорияда оң және теріс қасиеттердің үйлесімін жан-жақты көрсету мүмкін емес.  Сондықтан Эриксон өз концепциясында тұлға дамуының екі шекті желісін бейнелеген: қалыпты және   аномалды. Олар  таза күйінде өмірде кездеспегенімен, адамның тұлғалық дамуының барлық  аралық  вариантарын  елестетуге  мүмкіндік береді. Психологтарға  үйреншікті  ой  бойынша,  тұлға әлеуметтік  ортада өмір  сүріп,  тәрбиеленуі кезінде  дамиды. Адам  әлеуметтік  тіршілік  иесі болғандықтан, әлеуметтік  өзара әрекеттерге  түседі. Ең  бірінші  араласу тәжірибесін  бала  сөйлемей тұрып-ақ  өз жанұясында алса,  кейін  үнемі  субъективті  тәжірибе жинайды. Ал  тәжірибе  тұлғаның  ажырамас  бөлігі. Осы  процесс,  сондай-ақ  кейін  индивидтің  әлеуметтік  тәжірибесін белсенді  жандандырылуы  әлеуметтену  деп  аталады.

 

2. Психологияда қарым-қатынас мәселесін зерттеудің өз дәстүрі бар және психологияда аталған мәселені зерттеудің үш кезеңін атап көрсетуге болады.В.М.Бехтеревтің зерттеулері, ол бірінші рет адамның психикалық факторы ретінде қарым-қатынастың рөлі туралы мәселені көтереді. Бірақ Бехтеревте қарым-қатынас үрдісі өз бетімен зерттеу жұмысының нысанасы болған жоқ. Қарым-қатынастық психикалық үрдістер мен атқаратын қызметіне әсер етудің тек қана нәтижелік жағы қолданылады.70-жылдарға дейін қарым-қатынас проблемасын талдауда теориялық-философиялық көзқарас ерекше кең тарады. Қарым-қатынас ұғымы әлеуметтілік себептілік, адам психикасының рөлі жеке тұлғаның әлеуметтенуі туралы қағиданы негіздеу үшін қолданылды. Мәселен, Л.С. Выготскийдің еңбектерінде қарым-қатынас адамның психикалық дамуының факторы, оны реттеудің шарты ретінде негізгі орынды алды. Бұл кезеңді қарым-қатынастың рөлі мен атқаратын қызметін теориялық талдау кезеңі ретінде сипаттауға болады.

Қарым-қатынастың бірінші жағы-70-жылдары қарым-қатынас психологиялық зерттеулердің дербес саласы ретінде қарастырыла бастады. Бұл кезең психологияда қарым-қатынас мәселесінің шын мәнінде дүниеге келген кезеңі болып табылады. Қарым-қатынастың екінші жағы - қатынасушылардың өзара әрекеті, сөйлеу үрдісінде тек сөздермен емес, сонымен қатар әрекеттермен, қылықтармен алмасады. Ең соңында, қарым-қатынастың үшінші жағы - қарым-қатьшас жасаушылардың бір-бірін қабылдауын қарастырады. Қарым-қатынас және іс-әрекет бірі мен бірі байланысты. Бірлескен қызметінде адам басқа адамдармен қажеттілігіне қарай бірігеді, қарым-қатынас жасайды, жақындасады, өзара түсінісуге қолы жетеді, ақпарат алады және т.б. Шын мәнінде, қарым-қатынас үрдісінде қатысы болмайтын адамга тән психикалық құбылыстарды табу қиын. Қарым-қатынас, іс-әрекетпен бөлінбес байланыста, жеке тұлға адамзаттың жасақтаған нәтижесін меңгереді. Ол өзінің ойын, білімін, өзінің сезімін басқа адамдарға хабарлай алады және өзі басқа адамдардың ойларын түсіне алады, олардың сезімдері мен ұмтыластары туралы білуге мүмкіндік алады. Тілдің көмегімен сөйлеу қарым-қатынасында әрбір адам білімнің көп бөлігін басқа адамдардан алады. Жинақталған тәжірибені жэне білімді меңгеруге оқыту үрдісі жатады, білімді беру және алу негізінен тілдің көмегімен іске асады.
Сонымен, сөйлеу - бұл тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым-қатынас үрдісі. «Сөйлеу» және «тіл» ұғымдары кей жағдайда бір мағынада қолданылады. Бірақ бұл ұғымдардың мағыналарын шатастыру дұрыс болмас. Сөйлеу мен тіл бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ бұл екеуі бір ұғым емес.
Қарым-қатынастың интерактивті жағы - бұл адамдардың өзара байланысын,олардың бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыруға қатысты қарым-қатынастың мақсаты, адамдардың бірлескен іс-әрекетінің қажеттілігін бейнелеу. Бұл жерде қарым-қатынас тұлға аралық өзара әрекет түрінде қатысады, демек, олардың біріккен іс-әрекетінде қалыптасқан адамдардың байланысы мен өзара әсерінің жиынтығы. Қарым-қатынас жасау-ақпарат алмасу әрекеті жан-жақты, бірақ негізінен қызметтердің үш түрін атап көрсетуге болады: ақпараттық-коммуникативтік, реттеу-коммуникативтік және аффектілік- коммуникативтік. Осының негізінде қарым-қатынастың үш жағын бөліп қарастырады: ақпарат алмасу, жеке тұлға аралық өзара әрекет және адамдардың бір-бірін түсінуі. Қарым-қатынастагы ақпарат алмасу әрекеті туралы айтқанда, қарым-қатынастың коммуникативтік жағы деп түсінеді.