Файл: Бл мж ust kz сайтында жасалынан. стаз тілегі ылымидістемелік орталыыны сайтыныны мж блімінде кезкелген пн, кезкелген сынып бойынша мжны дидактикалы материалымен бірге жктеп ала аласыз. Ол шін сілтеме арылы тііз httpsust kzqmg.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.05.2024
Просмотров: 38
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Құрметті әріптес!
Жазылған сабақ жоспарларында авторлардың еңбегі орасан зор. Сондықтан да сіздерден сатып алынған ҚМЖ- ны таратпауларыңызды сұраймыз. Егер де тарату фактісі кездескен жағдайда, орталық әкімшілігі тарапынан шара қолданылады.
«USTAZ tilegi» ғылыми әдістемелік орталығының әкімшілігі
№130 бұйрық 7-қосымшасына сай ҚМЖ келесі бетте
Бұл ҚМЖ ust.kz сайтында жасалынған. «Ұстаз тілегі» ғылыми-әдістемелік орталығының сайтынының ҚМЖ бөлімінде кез-келген пән, кез-келген сынып бойынша ҚМЖ-ны дидактикалық материалымен бірге жүктеп ала аласыз. Ол үшін сілтеме арқылы өтіңіз. https://ust.kz/qmg
Оқу мақсаттарының жүйесі
19. Оқу мақсаттары программада кодпен берілген. Кодта бірінші нөмір сыныпты, екінші және үшінші сандар – бөлім мен бөлімше, төртінші сан – оқу мақсатының нөмірленуін көрсетеді. Мысалы, 2.1.2.1 кодында: «2» – сынып, «1.2» – бөлімше, «1» – оқу мақсатының нөмірленуі.
20. Оқыту мақсатының жүйесі әр сыныпқа бөлім бойынша берілген.
1-сынып | |
Бөлімше | Компьютер |
Қауіпсіздік | 1.1.3.1 информатика кабинетінде тәртіп ережелерін сақтау; |
| Интернет желісінде жұмыс істеу |
1.Ақпараттар іздеу | 1.3.1.1 желідегі барлық ақпарат сенімді және пайдалы емес екенін түсіну; |
2.Ақпарат алмасу | 1.3.2.1. желідегі қажетсіз байланыстардың тәуекелдерін түсінгенін көрсету; |
| Есептей білу |
1.Алгоритмдер | 1.4.1.1. сызықтық алгоритмді іске асыру; |
2.Программалау | 1.4.2.1.программалау ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу (Scratch) |
| Робототехника |
1.Жалпы робототехника | 1.5.1.1. білім беру роботының негізгі моделін жинау; |
1.5.1.2. роботқа арналған программаны жүктеп алып, іске қосу; | |
2. Роботтың қозғалысы | 1.5.2.1. белгілі бір жылдамдықта роботтың қозғалысын ұйымдастыру; |
1.5.2.2. дөңгелек айналымының белгілі бір санына робот қозғалысын ұйымдастыру; | |
1.5.2.3. роботты алға жылжыту қозғалысын ұйымдастыру; | |
1.5.2.4. роботты артқа жылжыту қозғалысын ұйымдастыру; | |
1.5.2.5. роботтың 90, 180 градустағы бұрылысын ұйымдастыру; |
«Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша үлгілік оқу жоспарын жүзеге асырудың ұзақ мерзімді жоспары
а) Оқу бағдарламасында берілген ұзақ мерзімді жоспар үлгісі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері (ортақ тақырыптар) * | Пән тақырыптары | Оқу мақсаттары |
3 тоқсан | ||
1-бөлім. Ақпараттық этикет (ортақ тақырыбы: «Саяхат») | Өз денсаулығы-мызды сақтаймыз | 1.1.3.1 информатика кабинетінде тәртіп ережелерін сақтау; |
Интернет желісінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік | 1.3.1.1 желідегі барлық ақпарат сенімді және пайдалы емес екенін түсіну; | |
1.3.2.1 желідегі қажетсіз байланыстардың тәуекелдерін түсіну; | ||
2-бөлім. Бағдарламалау (ортақ тақырыбы: «Дәстүр және фольклор») | Менің алғашқы программам | 1.4.1.1. сызықтық алгоритмді іске асыру; 1.4.2.1.программалау ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу (Scratch); |
4 тоқсан | ||
3-бөлім. Біздің өміріміздегі роботтар (ортақ тақырыптар: «Тағам және сусын», «Дені саудың – жаны сау») | Роботпен алғашқы танысуым | 1.5.1.1 білім беру роботының негізгі моделін жинау; |
Роботқа арналған программа | 1.5.2.1. роботтың белгілі бір жылдамдықтағы қозғалысын ұйымдастыру; 1.5.1.2. роботқа арналған программаны жүктеп алып, іске қосу; | |
Роботтың қозғалысы | 1.5.2.2. дөңгелек айналымының белгілі бір санына робот қозғалысын ұйымдастыру; 1.5.2.3 роботты алға жылжыту қозғалысын ұйымдастыру; 1.5.2.4. роботты артқа жылжыту қозғалысын ұйымдастыру; | |
Лабиринттен шығу | 1.5.2.5. роботтың 90, 180 градустағы бұрылысын ұйымдастыру |
1 сынып 3 тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері (ортақ тақырыптар) * | Тақырыптар-дың қатар саны | Пән тақырыптары | Сағат саны |
| | 3-тоқсан | 9 |
І-бөлім. Ақпараттық этикет (ортақ тақырып: «Саяхат») | §1 | Өз денсаулығымызды сақтаймыз | 1 |
§2 | Компьютермен танысу . | 1 | |
§3 | Интернет – ақпарат көзі | 1 | |
§4 | Интернеттегі қауіпсіздік | 1 | |
ІІ-бөлім. Программалау (ортақ тақырып: «Дәстүр және фольклор») | §5 | Әрекеттер реті. Оқиға | 1 |
§6 | Алгоритм. Сызықтық алгоритм | 1 | |
§7 | Scratch программалау ортасы | 1 | |
§8 | Менің алғашқы программам | 1 | |
§9 | БЖБ. Өзіңді тексер (бөлім бойынша қорытынды сабақ) | | |
| | 4-тоқсан | 8 |
3-бөлім. Біздің өміріміздегі роботтар (ортақ тақырыптар: «Тағам және сусын», «Дені саудың – жаны сау») | §10 | Робот жайлы не білеміз? | 1 |
§11 | Роботпен танысу | 1 | |
§12 | Роботқа арналған программа | 1 | |
§13 | Робот дөңгелегінің айналымы | 1 | |
§14 | Роботты алға жылжыту қозғалысы | 1 | |
§15 | Роботты артқа жылжыту қозғалысы | 1 | |
§16 | Лабиринттен шығу | 1 | |
§17 | ТЖБ. Өзіңді тексер (тоқсандық қорытынды сабақ) | 1 | |
| | ||
| | Жалпы сағат саны | 17 |
Қысқа мерзімді жоспар
№ 1 сабақ . А бөлімі.
Бөлімі: | 1-бөлім. Ақпараттық этикет (ортақ тақырып: «Саяхат») |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Өз денсаулығымызды сақтаймыз. |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 1.1.3.1 информатика кабинетінде тәртіп ережелерін сақтау. |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушы үшін: Информатика кабинетінде тәртіп және қауіпсіздік техника ережелерін сақтауды үйренеді. Оқушылардың көбі үшін: Информатика кабинетіндегі техникалық құралдарды пайдалануды біледі. Кейбір оқушылар үшін: ***.Информатика кабинетіндегі құралдардың қызметін біледі. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 1-7 мин. | 1. Сәлемдесу. 2.Оқушыларды түгендеу. | Ширату тапсырмасы. «Айна» ойыны. Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды солға, солды оңға қарай жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды ахуал орнатады/. | Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | Сандықша, қағаз қиындылары. |
4. Топтастыру | | «Құпия сандық» әдісі Оқушыларға құпия сандықтан бір қағаз қиындысынан алуға нұсқау беріледі. Қағаз қиындысында берілген сөздер бойынша топқа жинақталып, бірігеді. 1-топ: «Информатика» 2-топ: «Компьютер» Оқушылар сөздерді таңдап, топқа жиналған соң, ол туралы өз ойларын айтады. 5. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру. | Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | |
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі | Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді. Интерактивті тақтадан төмендегі сурет көрсетіліп, суреттегі қалаға саяхат жасау тапсырмасы беріледі. | Балалар суретке саяхат жасап біткен соң, келесі сұрақтарға жауап береді.
| Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | |
Жұмыс дәптеріндегі №1тапсырманы орында. | Төмендегі суреттерден информатика кабинетін тауып, оны белгіле. Қысқаша сипаттап жаз. | «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағаланады: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | Жұмыс дәптері. 4-бет | |
Жаңа сабаққа дайындық. | Мұғалімнің кіріспе сөзі Оқушыларға жаңа білім бойынша мұғалімнің түсіндіру кіріспе сөзі жүргізіледі. Мұғалімнің сөзі: Балалар, бұл суретте информатика кабинеті бейнеленген. Ол жерде АКТ сабағы өтеді. Кабинетте компьютерлер бар. Кабинетті пайдаланудың өз ережесі бар. Мұғалім балаларды өздері оқып жатқан информатика кабинетімен таныстырады. | |||
Сабақтың ортасы (26 мин) | Қабырғаларға алдын ала оқулықта берілген кабинеттің суреттері ілінеді. Сол суреттерді оқушылар аралап, тамашалап, өз ойларымен бөліседі. | 1- тапсырма: Суреттерге назар аудар! Информатика кабинетінде не істеуге болмайды? Себебін түсіндіріп көр. | ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!». | Интерактивті тақта |
| (МК, Т). Интерактивті тақтадан компьютер алдында отырған оқушыларды бейнелейтін 4 сурет көрсетіледі. 1-тапсырма: Компьютердің алдында отырудың ережесі бар. Кім компьютер алдында дұрыс отыр? | Дескриптор:
| ҚБ: Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | Интерактивті тақта |
| (Ж) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интерактивті тәсіл. Интерактивті тақтада 3 сурет көрсетілгеннен кейін әрбір оқушы жеке өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (1-2 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 2-3 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады. | 2- тапсырма: Суретке назар аудар. Компьютер алдында дұрыс отырмаудың қандай зияны бар? Ойыңмен бөліс. Дескриптор:
| ҚБ: Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | Интерактивті тақта |
| (Д). Интерактивті тақтадан компьютер алдындағы балақайдың әртүрлі іс-әрекеті бейнеленген 3 сурет көрсетіледі. ***3- тапсырма: Информатика кабинетінде бала қандай ережені бұзды? Балаға қандай кеңес бересің? | Дескриптор:
| ҚБ: Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | Интерактивті тақта |
Сабақтың соңы 7 мин. Сабақты бекіту. Рефлексия. | (Ж) «Ұялы телефон» әдісі Оқушылар бір-біріне СМС (хабарлама) жазу арқылы төмендегі сұрақтарға жауап жазады. | - Бүгінгі тақырып не туралы болды? - Бүгінгі тақырыпта не ұнамады? - Бүгінгі тақырып несімен ұнады? - Мені қызықтырғаны ... -Сабақта қандай сезімде болдың? - Тақырыпқа не қосар едің? -Тақырыптан қандай үлгі алдың? Менің қолымнан ... келеді. | ҚБ: Мұғалімнің қорытынды бағалауы «Мадақтау сөз» әдісі арқылы жүргізіледі: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!» | Жұмыс дәптерлері |
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. | ||
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу». Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды. | «Мадақтау сөзі» әдісі | Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады. | ||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |
№ 2-сабақ. А бөлімі.
Бөлімі: | 1-бөлім. Ақпараттық этикет (ортақ тақырып: «Саяхат») |
Педагогтің аты-жөні: | Касенов Т.Т |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Компьютермен танысу |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 1.1.3.1 информатика кабинетінде тәртіп ережелерін сақтау. |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушы үшін: информатика кабинетінде тәртіп ережелерін сақтау. Көпшілік оқушылар үшін: Компьютер құрылғыларымен танысады. Кейбір оқушылар үшін: ***.Компьютер құрылғыларының атқаратын қызметін біледі. |