Файл: Орындаан Сейітханова Балнр 507а ауру тарихы Миокад инфарктісі жедел сатысы. Жкс паспортты блім.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 17

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Орындаған:Сейітханова Балнұр 507А

Ауру тарихы: Миокад инфарктісі жедел сатысы. ЖКС

Паспорттық бөлім

1.Науқас аты-жөні: Наурызбаева Нурила Асанқызы

2. Ұлты: Қазақ

3.Жынысы: Әйел

4.Жасы: 55

5.Жұмыс орны: Меркі ауданының 12ші орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі

6. Мекен-жайы: Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Мыңқазан ауылы, Қызыл еңбек көшесі 17 үй.

7. Науқастың ауырған күні: 2 жыл бойы ауырып журген

8.Түскен күні: 12.10.2020ж.

9. Клиникалық диагноз: Миокад инфарктісі жедел сатысы. Жедел коронарлық синдром

1.Науқастың шағамы:

Негізгі: Таңертеңнен кешке дейін жалғасқан, тыныштық жағдайында пайда болатын кеуденің сол жақ бөлігіндегі ауырсынуға, ентігуге, тез шаршағыштыққа шағымданады. Ауырсыну ентігумен және салқын термен жүрген, нитроглицерин қабылдағаннан кейін басылған.

Қосымша:  Иық пен тізе буындарының қызқа мерзімді пульсациялық ауруы. Қан қысымының жоғарылауы 180/120, қалыпты қан қысымы 120/80.

2.Anamnez morbi

28.06.2018 күні бірден ауырған, жүрек тұсында өткір ауырсыну сезімі, демікпе. 29.06.2018 күні өз бетінше антиангинальдық препараттар мен аспирин күніне 2 рет қабылдаған, бірақ нәтижесіз болған.

01.07.2018 күні қатты ауырсыну сезіміне жедел жәрдем бригадасын шақырған.

2018 жылдың шілде айында Жедел коронарлы синдром диагнозы қойылған, соз сәттен бастап өзін ауру санайды.

Нитроглицеринді ретсіз пайдаланған.

Алғашқы амбулаториялық емнің нәтижесіздігіне байланысты шұғыл түрде госпитизацияланды.

Басынан өткізген аурулары:

Балалық шақтағы дифтерия, қызылша, тонзиллитпен ауырған, асқынулар болмаған. 1998 жылдан бастап мойын омыртқасының остеохондрозы. 2017 жылдан бастап созылмалы обструктивті бронхит. Психоэмоционалдық күйзеліске жиі ұшыраған.

Жарақаттар мен сынықтар болған жоқ.

Жаман әдеттер жоқ

Аллергологиялық анамнез

Дәрілік заттарға, вакциналарға, тамақ өнімдеріне аллергиялық рекакциясы жоқ.

Жанұялық анамнез және тұқымқуалаушылық

Жолдасы 48 жасында жол апатынан қайтыс болған. Үш баласы, немерелері бар. Күйеуінің дені сау болған. Балаларының дені сау.

Қант диабеті, психикалық аурулары ата-анасында, туысқандарында жоқ.


Әкесі 67 жасында жүрек талмасы ауруынан қайтыс болған. Анасы варикоз ауруымен ауырған, өлім себебі белгісіз.

Ата-әжесі жайлы ақпарат жоқ.

Науқастың өмір тарихы (Anamnesis vitae)

Наурызбаева Нурила Асанқызы 1965 жылы ақпан айының 25 күні Тараз қаласында дүниеге келген.

Бала кезінен әлеуметтік жағдайы орташа. Қазіргі уақытта үш баласы және немерелері бар. Тамақтануы үнемі біркелкі, құнарлы, тұрақты. Физикалық жаттығулармен айналыспайды.

Қазіргі уақытта Меркі ауданының 12ші орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі ретінде жұмыс жасайды.

Жыныстық қатынасқа 22 жастан бастап түскен. Зиянды әдеттері жоқ.

Обьективті тексеру:

Жалпы жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттандырарлық, санасы анық, төсектегі қалпы жартылай белсенді.

Тері және шырышты қабаттар. Бөртпелер, пигментация, цианоз және қан кетулер, жаралар, тыртықтар жоқ.

Мойын тамырлары ісінген.

Тірек-қимыл жүйесі. Кеуде қуысы эмфизематозды. Сүйектерде деформацияланулар мойын омыртқасының остеохондрозы бар. Кеуде қуысы гиперстеникалық.

Қол, омыртқа жотасының буындар қозғалысы шектелмеген, еркін және деформациясыз.

Бұлшықет жүйесі. Дене бұлшық еттері әлсіз дамыған, күші тонусы әлсіз.

Лимфа жүйесі. Лимфа бездері (жақ асты, мойын, бұғана үсті, кубитальді, кіндік маңайы, сан немесе  шапбездері) ұлғаймаған, ауырсынусыз, қозғалмалы,  ісінулер жоқ.

Сана-сезімінің жағдайы. Психикасы, есі анық, дұрыс. Интелекті жақсы.Ұйқыс қалыпты. Есіне сақтау қабылеті бұзылмаған. Басының ауыруы, айналуы байқалмайды.

Сөйлеу ,көру ,иіс сезу қабылеті қалыпты. Мүшелердің жансыздануы, салдануы қалшылдауы жоқ. Көз қарашықтарының жағдайы, олардың жарыққа сезімталдығы қалыпты.

Рефлекстері (кірпіктің, қарашықтың, тізе, өкше және т.б.) сақталған. Бас ми жарақаттары болмаған. Ми қабының қабыну белгілері жоқ. Нерв жүйесінде паталогиялық өзгерістер жоқ.

Бойы: 167

Салмағы: 70 кг

Тыныс алу жүйесі.

Мұрын. Еркін тыныс алу. Сыртқы тексеруде ешқандай ауырсыну белгілері анықталмайды. Бөлінділер мен қан кетулер жоқ.

Жұтқыншақ: ауырсыну белгілері анықталмайды. Дауысы анық.

Көмейді пальпациялау кезінде ауырсыну белгілері анықталмайды.



Кеуде қуысы  қалыпты, ассимметриясыз, тыныс алуы беткей,  дем алу типі – құрсақтық, тыныс алу жиілігі – 16/мин, ырғықсыз, инспираторлы ентігу.

Тыныс алу типі кеуделік. Тыныс алуда кеуде қуысының екі жағы біркелкі симметриялы. Тыныс алу жиілігі минутына 18 рет.

Пальпация:кеуде қуысының пальпациясы  кезінде ауырсынусыз, серпімді, резистентті, тері ісінулері жоқ.  Дауыс дірілі екі жақта да әлсіз.  Оң және сол өкпенің салыстырмалы перкуссиясы кезінде екі жақтан да әлсіреген, тұйықталған перкуторлық дыбыс естілді.

Өкпе ұшы – алдыңғы жағынан бұғанадан 3 см жоғары, ал арқа жағынан СVII деңгейінде орналасқан;Крениг кеңістігінің көлденең ені – 7 см.

Перкуссия: Кеуде куысы эмфитиматозды, тимпаникалық дыбыс.

Топографиялық перкуссия жүргізгенде,өкпе ұшының орналасуы:

а)артқы жағынан сол жақта-VII мойын омыртқасының сүйір өсіндісінен латеральді бұғанадан 2 см жоғары;

оң жақта- VII мойын омыртқасының сүйір өсіндісінен 2,5 см латеральді.

б)алдынғы жағынан оң жақта- бұғана үсті шұңқырынан 2 см жоғары;

оң жақта- бұғанадан 2,5 см шығып тұрады.

N

Сызықтар

Оң жақ

Сол жақ

1

L.parasternalis

V қабырға аралық




2

l.medioclavicularis

VI қабырға аралық




3

l.axillaris anterior

VII қабырға

VII қабырға

4

l.axillaris media

VIII қабырға

VIII қабырға

5

l.axillaris posterior

IX қабырға

IX қабырға

6

L.scapularis

X қабырға

X қабырға

7

L.paravertebralis

XI қабырға

XI қабырға

8

Өкпе экскурсиясы

4 см

4 см







Оң жақ

Сол жақ

Алдынан

Бұғанадан 3см жоғары

Бұғанадан 4см жоғары

Артынан

VII мойын омыртқасы деңгейінде 3,5 см сыртқа

VII мойын омыртқасы деңгейінде 3,5 см сыртқа

Кернинг алаңы

5 см

4 см



Аускультация: Екі жақ өкпеден де әлсіз везикулярлы тыныс естіледі. Патологиялық сырылдар, шуылдар жоқ.

Жүрек және қан тамырлары жүйесі.

Қарап тексергенде мойын тамырлары көрінеді. Жүрек тұсында патологиялық өзгерістер аздап бар. Жүрек ұшы түрткісі, жүректік түрткі , эпигастрий пульсациясы аздап анықталады.

Пальпация. Жүрек ұшы түрткісі бұғана орта сызығынан 0,5 см ішке қарай, сол жақта V-ші қабырға аралықта анықталады. Оның аумағы шамамен 1,5 см, орташа күшті, резистентті.

Пульсі 86 рет минутына.

Перкуссия.Жүректің шекаралары қалыпты кеңейген. Жүректің оң жақ салыстырмалы тұйықтығының  шекарасы төстің оң жақ шекарасынан 1 см сыртқа қарай орналасқан. Сол жақ салыстырмалы тұйықтығының  шекарасы  бұғана орта сызығынан 1 см ішке қарай орналасқан. Жүректің жоғарғы шекарасы бұғана орта сызығы бойынша 3-ші қабырға денесіне сәйкес. Салыстырмалы тұйықтық көлденен- 12 см. Жүректің оң жақ абсолютті тұйықтығының  шекарасы төстің сол жақ шетінен 1 см ішке қарай. Сол жақ абсолютті тұйықтығының  шекарасы бұғана орта сызығынан 1 см ішке қарай.Жоғарғы  абсолютті тұйықтығының  шекарасы сол жақ 3-ші қабырғаның төменгі шеті.

Тамыр шоғырының шекарасы.

Оң жақта:II қабырға аралықта төстің сыртқы жиегінде

Сол жақта:II қабырға аралықта төстің сыртқы жиегінде

Жүректің көлденең салыстырмалы тұйықталуы 12 см.

Қан тамыр шоғыры 6 см.

Жүрек конфигурациясы қалыпты

Аускультация: Жүрек тондары естілмейді.. Жүректің жиырылу жиілігі 86 рет минутына. “Бөдене ырғағы”, “шоқырқақ ырғағы” жоқ.

Артериалды қан қысымы сол жақта да, оң жақта да 110/80 мм.сын. бағ.

Ас қорыту жүйесі.

Жалпы қарау: Тілі құрғақ, түбіне қарай ақ жабынмен жабылған. Еріннің, ұрттың, таңдайдың, араңнын шырышты қабықтары қалыпты түсті. Бадамшалар өзгермеген.

Науқастың тәбеті жақсы, қалыптан тыс әуестенушілік және тағамға жеркенушілік байқалмайды. Шөлдеу жоқ, ауыздың дәм сезінуі қалыпты.Тілі таза. Қызыл иектері мен шырышты қабаты өзгеріссіз.

Тамақты жұту және өңеш арқылы өтуі бос, ауырсыну жоқ. Қыжылдау жоқ, кекіру болмайды, жүрек айнуына шағымданбайды, құспайды.

Іш конфигурациясы симметриялық, үлкен, дем алу актісіне қатысады.Беткей пальпациямен қарағанда іші жұмсақ; кіндік, қасаға үсті аймақтарында ауырсынбайды, керу және ауырлық сезімі жоқ, Щеткин-Блюмберг симптомы теріс; жарықтар анықталмады.

Іштің терең пальпациясы кезінде:

Сигматәрізді ішек анықталады, ауырсыну жоқ, шұрылдамайды, цилиндр тәрізді.


Соқыр ішек linea umbilicailiaceae сызығында жатыр. Ауырсынусыз, өсіндісі анықталған жоқ, аппендоэктомия жасалмаған.

Тоқ ішектің жоғарғы және төменгі өрлеген және көлденең бөлігін анықтағанда оның ауырсынбағаны, шұрылдамайтыны және қозғалмалы екендігі анықталды.

Асқазанның үлкен иіні Образцов бойынша соққылау, фонендоскоп және пальпация, су шалпылы арқылы анықталды. Ол кіндіктен шамамен 3-4 см жоғары орналасқан. Жұмсақ, қолға ілінеді, ауырсыну жоқ.

Асқазан қалтқысы кіндіктен 3-4 см жоғары оң жаққа қарай орналасқан, тығыз цилиндр, ауырсыну жоқ.

12 елі шіек ауруларына сәйкес Боас, Оперховский нүктелерінде ауырсынулар жоқ.

Перкуссия: жоғарғы тимпаникалық дыбыс. Бос сұйықтықпен газ анықталмайды.

Аускультация  іш перистальтикасы сақталмаған. Құрсақ аортасында тамырлық шуылдар естілмейді.

Бауыр және өт жолдары

Қарау: томпаю және басқа да деформациялар бауыр аймағында жоқ. Тамыр кеңеюлері анықталмаған.

Перкуссия: Курлов әдісімен перкуссия жасағанда 10*8*7 см құрайды.

Пальпация: Образцов-Стражеско әдісімен пальпация жасағанда бауыр аздап ұлғайған, бауырдың төменгі шеті өткір, беті тегіс, ауырсыну сезімі жоқ.

Жыныс-зәр шығару жүйесі.

Жалпы қарау: Өзгерістер байқалмайды, ісінулер жоқ. Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз, күніне 5-6 рет. Зәр түсі — сабан сары, мөлшері тәулігіне 1000-1300 мл-дей.

Пальпация: Бүйректер пальпацияланбайды, ауырсыну белгілері жоқ. Қуықты, несепағарды пальпациялағанда ауырсынусыз.

Перкуссия: Перкуссия кезінде шала тимпаникалық дыбыс естіледі. Пастернацкий симптомы екі жағынан да теріс. Екіншілік жыныс белгілері байқалмайды, жүндестігі жоқ, жыныс мүшелерінің водиянкасы мен крипторхизмы жоқ.

Зәр шығаруы қалыпты, ауырсынусыз.

Нерв жүйесі

Есі – дұрыс, психикасы: бұзылмаған интелектісі – өз жасына сай, ұйқысы қалыпты, есте сақтау қабілеті жақсы, басы айналмайды, сөйлеу, көру, иіс сезу қабілеттері бұзылмаған. Көру мүшесі: көз алмасының қозғалысы қалыпты, көз қарашығы реакциясы қалыпты

Есту және весибулярла аппарат: қыметтері бұзылмаған.

Мимикалық бұлшықеттер қалыпты дамыған.

Сөйлеуде бұзылыстар жоқ.

Жүрісі қалыпты

Дермографизм: қызғалт, пайда болу уақыты 30 секунд, жоғалу уақыты 2 минут.

Мүшелерінің жансыздануы, салдануы, қалшылдауы байқалмайды. Бас ми жарақаты болмаған. Кірпік, қарашық, тізе, өкше, және т.б. рефлекстері сақталған.

Эндокриналық жүйе