Файл: ы негіздері пнінен жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар 10сынып.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.05.2024
Просмотров: 41
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Мемлекет және құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Жария құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Жеке құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Іс-жүргізу құқығының негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Құқық негіздері» пәнінен
жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 10-сынып
(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Нұр-Сұлтан, 2019 жыл
Құрметті мұғалім!
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Құқық негіздері» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Құқық негіздері» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстар дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
МАЗМҰНЫ
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 4
«Мемлекет және құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 4
ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 8
«Жария құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 8
ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 12
«Жеке құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 12
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 16
«Іс-жүргізу құқығының негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 16
«Халықаралық құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 20
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Мемлекет және құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып | Құқықтың негізгі белгілері мен функциясы. Азаматтық қоғам түсінігі, оның негізгі элементтері мен институттары. Құқықтық мемлекет түсінігі және оның принциптері |
Оқу мақсаты | 10.1.1.1 Құқық белгілерін қорытындылай отырып, ұғымын түсіндіру 10.1.2.4 Азаматтық қоғамның мәні мен функционалдық маңызы туралы білімін көрсету 10.1.2.1 Құқықтық мемлекет принцптерін айқындау |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану |
Орындау уақыты | 20 минут |
Тапсырма
-
Берілген мәтіндегі бос орынды төмендегі цифрлы сөздермен толықтырыңыз.
Құқықтың белгілері жалпы және ерекше болып екі топқа бөлінеді. Құқықтың жалпы белгісіне ең алдымен оның () жатады, яғни құқық белгілі бір тарихи кезеңнің, нақты бір қоғамдық қатынастардың жемісі. Құқықтың ерекше белгілері: нормативтілігі, (), жалпы міндеттілік сипаты, формальды айқындылығы, (), бір тұлғаға ғана бағытталмағандығы, бір әрекетті еместігі, ().
1 | 2 | 3 | 4 |
жүйелілік | әлеуметтік-тарихи табиғат | мемлекетпен байланыстық | рәсімділігі |
-
Азаматтық қоғамдағы қарым-қатынастар азаматтық құқықпен реттелетін, саяси мемлекетке тікелей тәуелді емес жеке адамдар, олар құрған ерікті қауымдастықтар және азаматтық қоғамның элементтерінен тұратын институттар (отбасы, мектеп, мешіт, шіркеу, бұқаралық ақпарат құралдары, өндірістік, шығармашылық және басқа да ортақ мүдделерге сүйенген бірлестіктер, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар)құрайды.
Саяси түсіндірме сөздік. Алматы, 2007
Көз алдыңызға елестетіңіз! Сіз азаматтық қоғамның элементтерінен тұратын институттарды өзгертетін кез-келген 3 ереже ойлап тауып, енгізе аласыз. Сіз қандай ережелер енгізер едіңіз?
Ереже №1
Бұл ережені таңдаусебебі:
Ереже №2
Бұл ережені таңдаусебебі:
Ереже №3
Бұл ережені таңдаусебебі:
-
Құқықтық мемлекетке тән белгілермен танысып, төменгі бөлігіне мағынасын ашып жазыңыз.
Біріншіден | Екіншіден | Үшіншіден | Төртіншіден | Бесіншіден |
адам мен азаматтың құқықтарымен бостандықтар ының кепілдігі мен мызғымастығ ы сақталады. | адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтар, билік пен жеке адамның арақатынасы халықтың егемендігі мұратына негізделеді | мемлекеттік биліктің заң шығару, атқару және сот билігі сияқты тармақтарға бөлінуі | өмірдің барлық саласында құқықтың үстемболуы | мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауапкершілігі |
| | | | |
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Құқық белгілері ұғымын түсіндіріп, қорытынды жасайды | 1 | 1-сөзді мәтінге қояды; | 1 |
2-сөзді мәтінге қояды; | 1 | ||
3-сөзді мәтінге қояды; | 1 | ||
4-сөзді мәтінге қояды; | 1 | ||
Азаматтық қоғамның мәні мен функционалдық маңызын көрсетеді | 2 | азаматтық қоғамның элементтерінен тұратын институттарға 1-ереже ұсынып, оның себебін түсіндіреді; | 1 |
азаматтық қоғамның элементтерінен тұратын институттарға 2-ереже ұсынып, оның себебін түсіндіреді; | 1 | ||
азаматтық қоғамның элементтерінен тұратын институттарға 3-ереже ұсынып, оның себебін түсіндіреді; | 1 | ||
Құқықтық мемлекеттің қағидаттарын анықтайды | 3 | «адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі мен мызғымастығы сақталуы» түсінігінің мағынасын ашады; | 1 |
«адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары, билік пен жеке адамның арақатынасы халықтың егемендігі мұратына негізделеді» түсінігінің мағынасын ашады; | 1 | ||
«мемлекеттік биліктің заң шығару, атқару және сот билігі» тармақтарына бөлінуінің мағынасын жазады; | 1 | ||
«өмірдің барлық саласында құқықтың үстем болуы» түсінігінің мағынасын ашып жазады; | 1 | ||
«мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауапкершілігі» түсінігінің мағынасын ашып жазады. | 1 | ||
Барлығы | 12 |
«Мемлекет және құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийлері | Оқу жетістігі деңгейі | ||
Төмен | Орта | Жоғары | |
Құқық белгілері ұғымын түсіндіріп, қорытынды жасайды | Мәтінге 1/2/3/4-тиісті сөзді қоюда қиналады | Мәтінге 1/2/3/4-тиісті сөзді қоюда қателіктер жібереді | Мәтінге 1/2/3/4-тиісті сөзді қояды |
Азаматтық қоғамның мәні мен функционалдық маңызын көрсетеді | Азаматтық қоғамның элементтерінен тұратын институттарға 1/2/3 ереже ұсынып, оның себебін түсіндіруде қиналады | Азаматтық қоғамның элементтерінен тұратын институттарға 1/2/3 ереже ұсынып, оның себебін түсіндіруде қателіктер жібереді | Азаматтық қоғамның элементтерінен тұратын институттарға бір ереже ұсынып, оның себебін түсіндіреді |
Құқықтық мемлекеттің қағидаттарын анықтайды | Құқықтық мемлекетке тән 1/2/3/4/5-белгілермен танысып, мағынасын түсіндіруде қиналады | Құқықтық мемлекетке тән 1/2/3/4/5-белгілермен танысып, мағынасын түсіндіруде қателіктер жібереді | Құқықтық мемлекетке тән 1/2/3/4/5- белгілермен танысып түсіндіреді |
7