Файл: ы негіздері пнінен жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар 10сынып.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.05.2024
Просмотров: 33
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Мемлекет және құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Жария құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Жеке құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Іс-жүргізу құқығының негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Жеке құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып | Азаматтық құқықтың принциптері мен субъектілері Қазақстан Республикасында тұтынушылар құқықтарының заңды түрде бекітілуі |
Оқу мақсаты | 10.3.1.2 Азаматтық құқық принцптерін нақты мысалдар арқылы түсіндіру 10.3.2.2 Заң терминдерін пайдалана отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жолдарын нақты жағдаяттық мысалдармен (казустармен) түсіндіру |
Бағалау критерийі | Білім алушы
шешу жолдарын көрсетеді |
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану |
Орындау уақыты | 20 минут |
Тапсырма
-
Жағдаятпен танысып, азаматтық құқықтың қағидаттарының бұзылған/бұзылмағанын анықтап, міндеттемелердің орындалу тәсілдерінің барлық тараптарға тиімді жолдарына талдау жасаңыз.
Б. есімді азамат екінші деңгейлі банктен алған тұтынушылық несиесін уақытылы 2 жыл бойы төлеп келеді. Алайда жұмыс орнының қысқаруына байланысты ол жұмыстан шығып қалады. Несие төлеу қабілетінен айырылған азамат Б. оны төлеуден жалтарады. Екінші деңгейлі банк кепіл ретінде тұрған тұрғын үйін міндеттеме бойынша өтеуді талап етеді. 1 жыл өткен соң екінші деңгейлі банк қарызды өтеу үшін коллекторлық агенттікке жүгінеді. Коллекторлық агенттік Б. азаматты тауып, онымен қосымша келісім шарт жасаcып борышқордың жылжымайтын мүлкін алып қалатынын мәлімдеді. Азамат Б. жылжымайтын мүлкін беруден бас тартады.
Сұрақ 1. Азамат Б. азаматтық құқық қағидаттарын бұзды ма? Бұзса қандай?
Сұрақ 2. Коллекторлық агенттік азаматтық құқық қағидаттарын бұзды ма? Бұзса қандай? Жауабыңызды ашып жазыңыз.
Сұрақ 3. Міндеттемелерді орындау тәсілдерінің қандай жолы(тәсілі) тараптарға тиімді
болады? Кемінде 3 жолын көрсетіңіз.
-
Жағдаятпен танысып, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жолдарын анықтаңыз.
Азамат Д. электроника техникасын сататын дүкеніне өзінің жеке мақсатына пайдалану үшін ноутбук сатып алуға барады. Дүкеннің кеңес беруші менеджері (сатушы) оған қазір жеңілдіктер жүріп жатқандығын және арзандатылған бағамен «А» маркалы ноутбук сатып ала алтындығын хабарлады. Азамат Д. зауыт кепілдік мерзімін 1 жылға беретінін ал электроника
дүкені қосымша ақыға 2 және 3 жылға кепілдік мерзімін ұзартуға болатындығын білді. Жеңілдетілген баға бойынша сатып алған азамат Д. кепіл шартына және дүкеннің қосымша кепіл шартына қол қояды. Арада бір жыл өткен соң азамат Д. сатып алған ноутбукты өзі қызмет ететін жұмысқа апарып пайдаланады. Қызмет барысында ноутбук арқылы түрлі бағдарламаларды кезекті сынақтан өткізу барысында ноутбук істен шығады. Тұтынушы ретінде электроника дүкенінен барып, тегін жөндеп беруді талап етеді. Алайда дүкендегі компьютер жөндеушілер оны жөндеуден бас тартады.
-
Неліктен электроника дүкені ноутбукты жөндеуден бас тартты? -
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңының қандай нормасы/ бабы бұзылды?
-
Тұтынушылардың құқығын қорғайтын одаққа мұндай жағдайда жүгінуге бола
ма?
-
Азамат Д.-ның ноутбукты жұмыс мақсатында пайдалану заңды ма? Жауабыңызды
түсіндіріңіз.
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Азаматтық құқық қағидаттарын түсініп нақты мысалдар арқылы анықтайды | 1 | Азаматтық құқық қағидаттарының Б. азамат тарапынан бұзылған немесе бұзылмағандығын жазады; | 1 |
дәлел келтіреді; | 1 | ||
коллекторлық агенттік тарапынан азаматтық құқық қағидаттарының бұзылған/бұзылмағанын жазып көрсетеді; | 1 | ||
дәлел келтіреді; | 1 | ||
міндеттемелерді қамтамасыз етудің тиімді тәсілдерін анықтап, тараптар үшін тиімді бір шешу жолын қарастыруға болатындығын жазады (мыс. несие бойынша міндеттемені бөліп төлеу); | 1 | ||
міндеттемелерді қамтамасыз етудің тиімді тәсілдерін анықтап, тараптар үшін тиімді бір шешу жолын қарастыруға болатындығын жазады (мыс. жылжымайтын мүлікті сатып, несие бойынша міндеттемені жапқаннан кейін артық қалған ақша көлемін қалдыру); | 1 | ||
міндеттемелерді қамтамасыз етудің тиімді тәсілдерін анықтап, тараптар үшін тиімді бір шешу жолын қарастыруға болатындығын жазады (мыс: несие борышы бойынша міндеттемені жұмысқа орналасқаннан кейін немесе төлем қабілеті туындаған уақыттан бастап төлеу); | 1 | ||
Заң терминдерін пайдаланып тұтынушылардың құқықтарын қорғауына байланысты жағдаяттардың шешу жолдарын көрсетеді | 2 | қолданыстағы заңнамаға сүйене отырып электроника дүкенінің бас тарту себебінің заңды немесе заңсыз екендігін жазады; | 1 |
ҚР «Тұтынушылар құқықтарын қорғау» заңына сілтеме жасайды; | 1 | ||
аталған жағдаятта Тұтынушылар одағына жүгінуге болатындығын немесе болмайтындығын нақты дәлел арқылы көрсетеді; | 1 | ||
Азамат Д. жұмыс мақсатында ноутбукты пайдалану заңды немесе заңсыз екендігін шарттарға және қолданыстағы тұтынушылар құқығын қорғау заңына сүйене отырып дәлелдейді. | 1 | ||
Барлығы | 11 |
«Жеке құқық» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийлері | Оқу жетістігі деңгейі | ||
Төмен | Орта | Жоғары | |
Азаматтық құқық қағидаттарын түсініп нақты мысалдар арқылы анықтайды | Азамат Б./ Коллекторлық агенттіктің азаматтық құқық қағидаттарын бұзған/бұзбағандығына дәлел келтіріп, міндеттемелерді орындау тәсілдерінің жолы(тәсілі) тараптарға тиімді болғандығының 3 жолын көрсетуде қиналады | Азамат Б./ Коллекторлық агенттіктің азаматтық құқық қағидаттарын бұзған/бұзбағандығына дәлел келтіріп, міндеттемелерді орындау тәсілдерінің жолы(тәсілі) тараптарға тиімді болғандығының 3 жолын көрсетуде қателіктер жібереді | Азамат Б./ Коллекторлық агенттіктің азаматтық құқық қағидаттарын бұзған/бұзбағандығына дәлел келтіріп, міндеттемелерді орындау тәсілдерінің жолы(тәсілі) тараптарға тиімді болғандығының 3 жолын көрсетеді |
Заң терминдерін пайдаланып тұтынушылардың құқықтарын қорғауына байланысты жағдаяттардың шешу жолдарын көрсетеді | Қолданыстағы заңнамаға сүйене отырып электроника дүкенінің бас тарту себебінің заңды немесе заңсыз екендігін жазып, ҚР «Тұтынушылар құқықтарын қорғау» заңына сілтеме жасауда, тұтынушылар одағына жүгінуге болатындығын немесе болмайтындығын нақты дәлел арқылы көрсетуде, Азамат Д. жұмыс мақсатында ноутбукты пайдалану заңды немесе заңсыз екендігін шарттарға және қолданыстағы тұтынушылар құқығын қорғау заңына сүйене отырып дәлелдеуде қиналады | Қолданыстағы заңнамаға сүйене отырып электроника дүкенінің бас тарту себебінің заңды немесе заңсыз екендігін жазып, ҚР «Тұтынушылар құқықтарын қорғау» заңына сілтеме жасауда, тұтынушылар одағына жүгінуге болатындығын немесе болмайтындығын нақты дәлел арқылы көрсетуде, Азамат Д. жұмыс мақсатында ноутбукты пайдалану заңды немесе заңсыз екендігін шарттарға және қолданыстағы тұтынушылар құқығын қорғау заңына сүйене отырып дәлелдеуде кателіктер жібереді | Қолданыстағы заңнамаға сүйене отырып электроника дүкенінің бас тарту себебінің заңды немесе заңсыз екендігін жазып, ҚР «Тұтынушылар құқықтарын қорғау» заңына сілтеме жасайды, тұтынушылар одағына жүгінуге болатындығын немесе болмайтындығын нақты дәлел арқылы көрсетеді, Азамат Д. жұмыс мақсатында ноутбукты пайдалану заңды немесе заңсыз екендігін шарттарға және қолданыстағы тұтынушылар құқығын қорғау заңына сүйене отырып дәлелдейді |
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Іс-жүргізу құқығының негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып | Қылмыстық процестің міндеттері мен принциптері Азаматтық процестің субъектілері Әкімшілік процесс түсінігі, міндеттері мен принциптері |
Оқу мақсаты | 10.4.1.1 Қылмыстық процестің негізгі міндеттері мен қағидаттарын түсіндіру 10.4.2.2 Азаматтық процестің негізгі міндеттері мен принцптерін талдау 10.4.3.2 Әкімшілік процесті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін анықтау |
Бағалау критерийі | Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану Жоғары деңгей дағдылары |
Орындау уақыты | 20 минут |
Тапсырма
-
Төмендегі кестеде берілген түсініктерді қылмыстық процестің міндеттерімен қағидаттарына сәйкестендіріп жазыңыз. Әр бағанға кем дегенде екі жауап жазыңыз.
Қылмыстық процесс міндеттері | Қылмыстық процесс қағидаттары |
| |
Судьялардың тәуелсіздігі. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу. Зандылық. Бейтараптықпен, тез және толық ашу. Адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау. Тергеп-тексеру, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту. Әдiл сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану. Қылмыстық іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Адамдарды, қоғамды және мемлекетті қылмыстық құқық бұзушылықтардан қорғау. Меншікке қол сұқпаушылық. Кінәсіздік презумпциясы. Жариялылық |