Файл: Р оуаарту министрлігі . Орманов атындаы орта мектебі,мдшо кмм ыса мерзімді жоспар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ҚР оқу-ағарту министрлігі

Ғ.Орманов атындағы орта мектебі,МДШО КММ

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді есептерді бөлшек-рационал теңдеулердің көмегімен шешу

бөлімі:


Квадраттық функция

Педагогтің аты-жөні:

Жұманова А

Күні:

16.01.23ж

Сыныбы: 8Ә

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Мәтінді есептерді бөлшек-рационал теңдеулердің көмегімен шешу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.4.2.1 мәтінді есептерді квадрат теңдеулердің көмегімен шешу;

8.4.2.2мәтінді есептерді бөлшек-рационал теңдеулердің көмегімен шешу;

Сабақтың мақсаты:

Рационал теңдеу:бүтін және бөлшек теңдеуді шешуді мәтін есептерімен қолдану арқылы шешу

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

Ұжымдық жұмыс.

8 мин.


Ұйымдастыру:

оқушылармен сәлемдесу, сыныптағы қажеттілікті түгелдеу, топтық және жұптық жұмыс кезінде техника қауіпсіздігін ескертемін. Жәнеде бүгінгі сабақтың мақсатын қысқаша айтып өтемін.

Оқушыларды топка бөлу

Квадрат, рационал, бүтін және бөлшек теңдеулері түрлерімен топты 4 ке бөлеміз.

үй тапсырмасымен жұмыс

«аққу ұшты» әдісі бойынша мұғалім жауапты оқиды.

қайталау сұрақтары.

1.Теңдеу дегеніміз не?

2.Мәтін есеп дегеніміз не және оны теңдеу жүйесіне келтіріп шешуге бола ма?

3.Рационал теңдеулер сияқты басқада көптеген есептерді қандай теңдеу көмегімен шешуге болады?

Шаттық шеңберін құрып «Өзіңе тілегенді,өзгеге тіле»! әдісі арқылы бір-біріне тілек айтып,жақсы көңіл күй сыйлайды.

«кілтті сөздер»әдісі бойынша 4-топқа арналған (синусы, косинусы, тангенсі және котангенс) кеспе парақтарын таңдап алады. Парақта жазылған тақырыптарға сәйкес оқушылар топқа бөлінеді.
Дұрыс орындаған оқушылар жылдам тұрады.Ауызша сұрақ-жауапка жауап береді

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»

Оқушылар дәптерлеріне әр есептің тұсына (-;+) арқылы өзін-өзі бағалайды.


Түрлі түсті кеспе қағаздар



Миға шабуыл. «Ой қозғау» әдісі.

Ұжымдық жұмыс.
5 мин.


Оқушылармен бірге сабақ мақсатын ашу;

А және В теміржол бекеттерінің арақашықтығы 120 км. А-дан В-ға аттанған пойыздың соңынан 3 сағат өткен соң, одан жылдамдығы 10 км/сағ артық екінші пойыз шықты.Егер екінші пойыз В бекетіне біріншісіне қарағанда 2 сағат кеш келгені белгілі болса, екінші пойыз А мен В бекеттерінің арасына қанша уақыт жұмсаған?

Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге ашуда әр топқа келтірілген оқулықтан берілген есепті топ,ұжым ретінде бірге шешу.Есепті теңдеу жүйесіне келтіре отырып дұрыс жауабын табу.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі қолданылады.

Жаңа сабақты түсіндіру

Рационал өрнектерден құралған теңдеу рационал теңдеу деп аталады. Ал құрамында бөлшек өрнек болмайтын рационал теңдеу бүтін теңдеу деп аталады. Құрамында бөлшек өрнегі бар теңдеу бөлшек теңдеу деп аталады.

Сұрақтар:

Әр топ берілген мәтін есепке назар удара отырып өтілген тақырыпқа әйкес жауабын табады


Мақсаты:
Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлауды дамыту.

Тиімділігі: Оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Оқушылар оқулықтан жаңа сабақты оқып, топ ішінде талқылап бір- біріне түсіндіріп қорғайды:


Дескриптор:

Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады
Бағалау:

Сонымен қатар, өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.



ДК экраны
Сұрақтар топтамасы.
Оқулық 8-сынып.





Сабақтың ортасы
8 мин.


Жеке жұмыс.

«Сағат тілі » әдісі Тапсырма: 2.147

Қайықтың көл бетімен 25 км және өзен ағысына қарсы 9 км жүрген жолына жұмсаған уақыты оның өзен ағысымен 56 км жүретін жолына жұмсайтын уақытымен бірдей болды. Егер өзен ағысының жылдамдығы 2 км/сағ болса, онда қайықтың тұнық судағы жылдамдығы қандай? Саралау:

Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай топта оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді.

Бұл тапсырмада саралаудың «Қарқын» тәсілі көрініс табады.

Ерекше білімді қажет ететін оқушыға көмек көрсету.

Түсінбеген тапсырмаларды бір- біріне түсіндіреді. Топтар келесі топтың тапсырмасын алмасып тексереді.

Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, топтық талдау жасайды. Талқылау нәтижесінде өзара бір келісімге келіп кестені толтырады.

Дескриптор:

-Математикалық модельін құру 1-балл

-Математикалық модель шешімін анықтау 1-балл
Бағалау.

Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады
.


ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Шыныбеков

«Атамұра» 2018


Жеке жұмыс.

8 мин.

Әуежайдан бір уақытта ұшып шыққан ұшақтардың біреуі батысқа, ал екіншісі оңтүстікке бет алды. Олар 2 сағат ұшқаннан кейін бір-бірінен 2000 км қашықтықта болды. Егер бір ұшақтың жылдамдығы екіншісінің жылдамдығының 75%-індей болса, әр ұшақтың жылдамдығы қандай?

Тиімділігі: Оқылым мен айтылым дағдысы қалыптасады.

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрініс табады.

Берілген тапсырма бойынша есепті орындайды

Дескриптор:

-Математикалық модельін құру 1-балл

-Математикалық модель шешімін анықтау 1-балл
Бағалау.

Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады


ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Шыныбеков

«Атамұра» 2018

Жеке жұмыс.

5 мин.
Жазылым.

Квадрат түбірді анықтаудың геометриялық тәсілі. Диаметрге керілген жарты шеңбер берілген (2.3-сурет). Геометрия курсында СD кесіндісі AD және BD кесінділерінің геометриялық ортасы болатыны дәлелде

Мақсаты: Берілген сөздердің ережесі мен мысалын жазу арқылы бір-бірінен айырмашылығын ажыратады.

Тиімділігі: Оқушының сын тұрғысынан ойлау дағдысы мен жазылым дағдысы қалыптасады.

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Тапсырма» тәсілі көрініс табады.

Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, жуптык талдау жасайды. Талқылау нәтижесінде өзара бір келісімге келіп кестені толтырады.

Дескриптор:

- формуланы тұжырымдайды;

1-балл

-мәнін табады

1-балл

Бағалау:

Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады


ДК экраны

8-сынып оқулығы.




Сабақтың соңы.


Ой толғаныс.

Рефлексия

8 мин.

«Төрт сөйлем» әдісін пайдаланып сабақ бойынша түсінгеніңді жаз.

Оқушылар өздерінің тақырып бойынша оқып, зерделегенін төрт сөйлем арқылы тұжырымдайды.
Мақсаты: Өз ойын айтып, сабақты бекіту, қорытындылау.

Тиімділігі: Оқушы алған білімін жинақтап, саралай білуге дағдыланады.

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрініс табады.

Дескриптор:

Төрт сөйлем әдісі бойынша берілген тапсырманы толық орындайды.

Оқушылар бір-бірінің сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Мадақтау сөздері» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды. Жарайсың!, Керемет!, Жақсы!, Талпын!,.


ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Шыныбеков

«Атамұра» 2018