Файл: Кркем ебек Мектеп 73 мектеплицей Кні. Оытушыны атыжні.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.05.2024
Просмотров: 22
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Көркем еңбек | Мектеп: 73 мектеп-лицей | ||||||
Күні: . | Оқытушының аты-жөні: Утенова Н.Ж. | ||||||
Сынып: 8 сабақ 1 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||
Бөлім: | Дизайн және технология | ||||||
Сабақтың тақырыбы: | Халықтық пішім негізінде киім үлгісінің дизайны. (тұтас жеңдер) | ||||||
Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары | 8.1.4.2-Зерттеу нәтижелері негізінде тұтынушылардың өнімнің түрлеріне деген қажеттілігін анықтау 8.1.3.1-Шығармашылық идеяларды дамыту мен іске асыруда өз бетінше таңдаған ақпарат көздерін қолдану (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы) | ||||||
Сабақтың мақсаты: | Оқушылар: - әртүрлі мәдениетте пайда болған киім модельдерін салыстырады; - киімдегі әртүрлі тұтаспішімді жең түрлерінің ерекшеліктерін салыстырады;
| ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Сабақтың барысы | |||||||
Сабақтың кезеңі/уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушылардың әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||
Басталуы |
- мұғалім оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бағыттайды; -оқу барысында ынталандыру үшін «Анықта» тәсілі арқылы жағдай жасайды. Оқушылар кез келген тәсілмен топтарға бірігеді, одан соң әр топқа ұлттық костюмдердің төрт түрлі кеудеше суреттерінің бөлігі таңдау бойынша ұсынылады. Топтар осы берілген сурет бөлігі немесе элементтің қай кеудешеге тиесілі екенін анықтайды. 2. Мақсатты тұжырымдау. Мұғалім ұлттық костюмдердің әртүрлі бөліктері бейнеленген әртүрлі карточкаларды сынып тақтасына орналастырады, бірлескен әңгімеде оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау ұсынылады. | Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді. | Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау. | Ұлттық костюм элементтері немесе сурет бөліктерімен карточкалар. Электронды презентация 1слайд | |||
Ортасы | 3. Миға шабуыл Оқушылардың топта ойланып, сұрақтарға жауап бере отырып, әртүрлі ұлттың ұлттық костюмдерінің ерекшеліктерін еске түсірулері тиіс.
Бұл сұрақтардың ішінен топтардың әрқайсысына біреуін таңдап алуды ұсынуға болады. 4.Ақпаратпен жұмыс Дәстүрді терең біліп алмай заманауи өнердің кез келген түрі мен жанрының дамуының алға басуы мүмкін емес.Халықтық костюм – бұл ғасырлар бойы жинақталған, халық мәдениетінің ажырамас құнды мұрасы. Халықтық пішім негізіндегі халықтық киім, өзінің өткен даму барысында,оны жасаушылардың эстетикалық көзқарасымен және тарихпен тығыз байланысты. Заманауи костюм өнері ұлттық, халықтық дәстүрден бөлек дамуы мүмкін емес. Дайындалған материалына, пішіміне, ұлттық костюмдердегі ою-өрнектердің ерекшеліктеріне географиялық орта мен климаттық жағдай, өндіруші күштердің дамуы, шаруашылық құрылыс пенөндіруші күштің даму деңгейі әсер еткен.Ұлттық өнер мотивтерін қолдана отырып киімді модельдеу және отандастарымыздың жетістігі және көркемдік шетелдік мәдениеті біздің еліміздегі көптеген мамандар ұжымының шығармашылық тәсілі болып табылады. Бұл салада аз жұмыс жасалған жоқ, бұған біздің елімізде және шет елдердегі өткізіліп жатқан киім көрсетілімдері айғақ. Әртүрлі модельдеуші ұйымдардың жасы үлкен суретшілері мен дарынды жастары халық шығармашылығына – ұлттық дәстүр мен мәдениетіне жоғары қызығушылықпен қарайды. Ұлттық шығармашылық материалы негізінде сән бағытын анықтайтын, әртүрлі жинақтама түрлері жасалған Суретші сәнгерлердің кәсіби шығармашылығы оқушыларды киім үлгілерін өздігімен модельдеуге ынталандырады. 5. Бейне ақпарат көру Киімді модельдеу – адамның сыртқы келбетін қалыптастыратын, материалдық көркем қабат, әртүрлі модельдер жасаудағы шығармашылық жұмыс. Шығармашылық үшін суретшінің фантазиясын жандандыруға негіз болатын, көркемдік идея дереккөздерінің маңызы жоғары. Ол айналадағы қызмет – табиғат, өндіріс, өткен уақыт пен бүгінгі күннің мәдени өмірі мен қоғамдық оқиғасы болып табылады. Мұғалім оқушыларға бейне ақпаратты, 4 елдің: Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия және Қырғызстанның жас сән кутюрьелері жиналған, «Өткен дәстүрден бүгінге дейін» тақырыбындағы Қазақстандық және шет елдік дизайнерлердің сән топтамаларының көрсетілімін көруді ұсынады. Олардың әрбір топтамасы түркі әлемі халықтарының ұлттық ою-өрнектерімен әшекейленген. Мұғалім қажеттілігіне қарай басқа ақпаратты немесе басқа үлгіде, мысалы, суреттер немесе осы тақырыптың тапсырмасына байланысты деректі фильмдер көрсетуіне болады. 6. Бірлескен әңгіме. Мұғалім оқушылармен кеудеше сияқты ұлттық костюм элементіне атап айтқанда, ненің тән екендігін талқылауы қажет.
Суретші-сәнгерлер үшін аталған барлық ерекшеліктердің маңызы жоғары, шығармашылықта басшылыққа алатын басты қағидасы. Оқушыларға топтарда берілген ақпаратты талқылап қана қоймай, киім сән үлгілерінің көрсетілімі тақырыбында ғаламтор-сайттардағы сән үлгілерінің шығарылымы және сән журналдарынан алынған әртүрлі қиындылар мен ақпаратқа сүйене отырып, мысалдар келтіру ұсынылады. Әңгіменің маңызды тұстарын, оқушылар альбомға немесе жұмыс дәптеріне жазады. Бұл ақпарат оларға жобалық сәнді бұйым жасау барысында қажет болады. 7. Шығармашылық жұмыс Оқушылар ұлттық киім дайындау бойынша шакырылған дизайнер-модельерден сұхбат алу үшін сұрақтар дайындаулары қажет. Оқушылар қонақтан сұралатын өзекті мәселелерді жазады. Олар төмендегідей ақпараттарды қосуларына болады.
Жергілікті дизайнер өзі жасаған киім және аксессуар үлгілерін көрсетуіне болады. Оқушылардың сұрақ қоюларына, фотосуреттер немесе нобай салуына, сонымен қатар жазып алуына болады. Егер жергілікті сән дизайнері кездесуге келе алмаса, онда оқушылар ғаламтордағы дизайнер жұмыстарына талдау жасауларына болады. 8. Қорытындылау. Мұғалім оқушылардың назарын халықтық пішімге, жеңі тұтаспішімді бұйым -жилетке аударып және олардың жобалық бұйымдарының қолтық ойындысы осындай болатынын ескерте отырып,жұмысты қорытындылауы қажет. Сонымен қатар халықтық пішімнің мақсатты пішімімен ерекшеленетініне назар аударуға болады. Көп жағдайда ол қарапайым, ыңғайлы, өйткені белгілі ендегі қолдан тоқылған кенеп, адамға пішінін ыңғайлы жасауға жәнематаны толық пайдалануға талпынады.Мұндай кеудеше еркін қозғалуға, ауыр жұмысқа әрі мерекеге де киюге ыңғайлы. Халықтық киімде тік пішімді және қиғаш қиықты пішіндегі киімдер кесдеседі. Мысалы, киімнің негізгі бөлігі, көптеген халықтардың жейдесі тікбұрышты мата кесегінен пішілген. Оның пішіні, жеңі, қолтық астындағы ендірме (көйлектің қолтығына қойылатын қиынды)және иығы әртүрлі ұзындық пен ендіктегі тікбұрыш болып келеді. Әсіресе бұл қиықсыз және бүрмесіз туника тәрізді, халықтық киімнің ең ежелгі пішініне тән | Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді. | Дискриптор сәнді бұйым жасау процесі мен көрсетіліміне зерттеу жүргізеді; оқыған материалын талдайды. | 1 қосымша Электронды презентация 2 слайд 2 Қосымша. Электронды презентация, слайд 3 Дереккөздер: https://24.kz/ru/news/culture/item/157380-dizajnery- proizveli-furor-na-pokaze Ақпарат және сән журналдарының іртүрлі қиындылары, интернет-сайттардағы сәнді киім тақырыбындағы шығарылымдар, альбом немесе жұмыс дәптері. | |||
Аяқталуы | Рефлексия Оқушыларға қол шапалақтау ұсынылады, егер оларға сабақ ұнаса, шапалақ қаттырақ шығады, онда сабақтың қызықты болғаны. | Оқушылар сабақты қандай деңгейде түсініп, білгендерін айтады | Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру. | | |||
Қосымша ақпарат | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды?Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | | ||||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: 2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім? 1: 2: | |||||||
|
Көркем еңбек | Мектеп: 73 мектеп-лицей | |||||||||
Күні: . | Оқытушының аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 8 сабақ 2 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||
Бөлім: | Дизайн және технология | |||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Бұйымдарға нобайлар дайындау | |||||||||
Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары | 8.1.5.1-Функционалды (техникалық), эстетикалық, эргономикалық және экологиялық талаптарға сай нысан дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау 8.1.5.2-Әртүрлі графика тәсілдерін қолданып, бұйым дайындаудың реттілігі мен тиімді тәсілін анықтай отырып (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданып), графикалық және технологиялық құжаттар дайындау | |||||||||
Сабақтың мақсаты: | Оқушылар:
| |||||||||
Бағалау критерийлері | - мәдениет элементтерінің ерекшелігін біледі және оларды эскизде қолдана алады (түс, өрнек, пішін, материал және т.б.); - әртүрлі графикалық материалды қолдана отырып, киім эскизін жасайды. | |||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||
Сабақтың кезеңі/уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушылардың әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||
Басталуы | Ұйымдастыру кезеңі: - мұғалім оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бағыттайды; - оқу барысында ынталандыру үшін «Айырмашылығын тап» әдісі қолданылады. Оқушылар жұптасып электронды презентация слайдтарын көреді немесе мұғалімнің ұсынған әртүрлі стильдегі киім, кеудешелердің модельдері бейнеленген суреттер немесе фотосуреттерді қарастырады. Мұғалім оқушыларға жұмыстың ережелерін түсіндіреді, белгілі уақыт ішінде суреттердің арасындағы ең көп айырмашылықты табуы тиіс. Уақыт өткен соң әр жұп кезекпен өз идеяларын айтады. Мұғалім тақтаға немесе алдын ала дайындалған үлкен қағазға оқушылардың барлық жауабын жазады (қайталанғандарынан басқасын). 2. Мақсатты тұжырымдау. Бұл тапсырмада мұғалім оқушылар назарын «Айырмашылығын тап» әдісімен өткізілген жұмыс жазбасына аударып, сабақ тақырыбын анықтауды сұрайды. Бірлескен талқылауда оқушылар сабақ мақсатын анықтайды. | Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді. | Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау. | Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер | ||||||
Ортасы | 3. Топтарға бірігу. Оқу бөлмесінің қабырғасында кез келген бағытта этностильдегі киім элементтері бейнеленген суреттер орналастырылған. Әрбір оқушы ұсынылған сурет бөліктерінен өздеріне біреуін таңдайды. Мұғалім енді әр оқушы өздері таңдаған суреті бойынша топтарын іздеу керектігіне назар аудартады. Әрбір сурет 4 бөліктен тұрады, сондықтан бірнеше оқушыдан тұратын әртүрлі топ құрылады. (1 қосымша) 4. Зерттеу жұмысы. Кестемен жұмыс. (2 қосымша) Оқушылар екінші тоқсаннан бастап ұлттық киім мен этностиль ұғымдарымен таныс. Жұмыстың бұл түрінде оқушылардың өз бетімен киімнің халықтық пішімі, кеудеше туралы жаңа ақпаратпен танысуы ұсынылады. Оқушылар болашақ идеясын құру үшін ұсынылған суреттердегі кеудешелердің конструкциялық ерекшеліктерін зерттейді және жұмыс дәптерлеріне кестені толтырады.
1 кезең. Мұғалім оқушыларға топта сурет бөліктерін тұтас бүтін сурет етіп құрастыруды ұсынады. 1 топ – орыс кеудешесі (халықтық костюм элементінің бірі) 2 топ – қазақ қамзолы (қазақтың халықтық костюм элементінің бірі) 3 топ – өзбек кеудешесі (халықтық костюм элементінің бірі) 4 топ – татар кеудешесі (халықтық костюм элементінің бірі) 2-кезең Оқушылар топта таңдалған киім үлгілеріндегі элементтерінің қандай ерекшеліктері барын қарап шығып, келесілерге:
Мұғалім оқушылардың назарын суретті зерттеу кезінде талқылау нәтижелерін жазып алу қажеттігіне аударады. Мұғалім қажеттілігіне қарай түзету енгізіп, қорытындылайды. |
Көркем еңбек | Мектеп: 73 мектеп-лицей | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: . | Оқытушының аты-жөні: Утенова Н.Ж. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып:8 сабақ 4 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бөлім: | Дизайн және технология | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Халықтық пішім негізінде киім үлгісінде бұйым дайындау. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары | 8.2.3.1-Қол мен тігін құрал-жабдықтарын және олардың құрылғыларын қолдана отырып, тоқыма материалдарын өңдеу мен сәндеудің тиімді әдістерін анықтау және қолдану 8.2.3.2-Әртүрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, өз бетінше құрастырған технологиялық құжат арқылы күрделендірілген бұйымдар дайындау | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Оқушылар:
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - өлшем алу ережесінің ерекшелігін түсінеді; - тәжірибелік жұмысты орындау кезінде алған білімдерін қолданады;
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі/уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушылардың әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Басталуы 0-5 мин | 1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылар белгілі бір сөз немесе сөйлем құраулары тиіс (мұғалім ұсынған әріптер немесе сөздер бейнеленген карточкалардан).
Мұғалім сынып тақтасына оқушылардың карточкадан құраған сөздеріненсабақ тақырыбын бекітеді. Оқушылар тақырып жанына жазылған сабақ мақсатын қарастырады және оның мәнін түсіндіреді. | Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді. Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді | Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау. | Таныстырылым, оқу жоспары | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
11-20 мин Ортасы 21-35 мин 5 мин |
Оқушылардың кез келген тәсілмен бірнеше топтарға бірігуі қажет. Әр топқа тігін бұйымын тігуге қажетті өлшем алу үшін адам денебітімінің ерекшеліктері туралы жалпы мәтіндік ақпарат салынған конверт ұсынылады: Әйелдер денебітімінің типтері:
Ерлер денебітімінің типтері:
Әрбір топ жұмыс кезінде танысқан жалпы жаңа ақпараттарын сыныптағы басқа топтарға таныстырады.
Тігін бұйымдарын тігу үшін оқушылар өз денебітімінің ерекшеліктерін білуі тиіс. Бұл үшін қажетті әртүрлі визуалды суреттерді зерделеу қажет, өз денебітімдерінің типін анықтауға түрлі сайттарды пайдалануға болады. Оқушылар мұғалім ұсынған ақпараттық суреттерді қарастырады немесе «Пропорция калькуляторы» сайтын пайдаланады. Ол кеуде, бел, бөксе айналымының параметрі бойынша денебітім түрін анықтауға көмектеседі. Оқушылар мұғалімнің көмегімен қажетті өлшемдерді алып, калькулятор жиегіне сәйкес енгізіп, өз денебітімінің түрін біледі.
Өлшем дененің оң жағынан сантиметрлік таспамен алынады, алдымен айналым өлшемдері, одан соң ұзындық өлшемдері өлшенеді. Жеңі тұтаспішімді бұйым сызбасын сызу үшін өлшемдер мен конструктивті қосымшалар қажет. Жеңі тұтаспішімді бұйым сызбасының құрылымына, иық айналымына (Қ и.а) және жартылай мықын айналымына (Қм) қосымша беріледі. Сызба қажетті өлшемдерді, белгілі бір графикалық құрылым реттілігінің есептеу формуласын қолдана отырып, сызылады. Сызба тік бұрыш сызудан басталады, сонан соң оның жан жағынан конструктивті кесіндіге сәйкес ұзындығы мен енін анықтайтын, жеке денебітімнің өлшемдері белгіленеді. Сызба конструкциясының барлығы тігіске және етек бүктемесіне қосымшасыз сызылады.
Өлшемді анықтайтын әртүрлі кестелер болады. Оқушылар мұғалім ұсынған киім өлшемдері кестесімен танысып, өзінің иықты киімінің өлшемін анықтауы қажет. Ары қарай – оқушылар қажетті өлшемдерді алады, мойын, мықын, қол, артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы өлшемдерін жазады. 7. Тәжірибелік жұмыс 1 кезең. Оқушылар жеңі тұтаспішімді иықты бұйымның сызбасын сызу кестесімен танысады және кестеге өз денебітімінен алынған өлшемдерді, есептеу формулалары мен өлшем көрсеткіштерін енгізеді. Қажеттілігіне қарай мұғалім сызба сызу реттілігін: сызба торы, мойын, кеуде, бүйір, етек сызықтарын көрсетеді. 2 кезең. Иық бұйымын М1:4 масштабта орындайды, мұғалімнің көрсетуімен бірге немесе кесте бойынша өздігімен. Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға иықты бұйым сызбасын өз өлшеміне сәйкес, шынайы өлшемде сызып келуді ұсынуға болады.
Өзіндік бағалау: Оқушылар өз жұмысын ерекшеліктерін түсіндіре отырып, бір-біріне көрсетеді. | Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді. Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды. | - өлшем алу ережесінің ерекшелігін түсінеді; - тәжірибелік жұмысты орындау кезінде алған білімдерін қолданады; - қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды қолдану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайды. | Электронды презентация 2слайд Иықты бұйым құрылымы: https://www.youtube .com/watch?v=lgqSBDll9Y Жеңі тұтаспішімді иықты бұйым негізіндегі сызба құрылымы https://www.youtube .com/watch?v=chp_ 2R_uxJo Сайт «Калькулятор» - https://beregifiguru.ru/%D0%9A%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%BA%D1%83%D0%BB%D1%8F%D1%82%D0%BE%D1%80%D1%8B/%D0%A2%D0%B8%D0%BF-%D1%84%D0%B8%D0%B3%D1%83%D1%80%D1%8B | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5 мин Аяқталуы | Оқушылар өз туындыларына атау беріп, сыныпқа ұсынады, өздерінің және сыныптастарының жұмыстарын бағалайды. Жұмыс орнын тазалау. (Қ) Сабақтың соңында оқушылармен бірге орындалған жұмыстардың көрмесін өткізіп, талдау «Қолмен белгі беру» әдісін қолдану. | | Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру. | | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: 2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім? 1: 2: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Көркем еңбек | Мектеп: 73 мектеп-лицей | ||||||
Күні: . | Оқытушының аты-жөні: Утенова Н.Ж. | ||||||
Сынып:8 сабақ 5 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||
Бөлім: | Дизайн және технология | ||||||
Сабақтың тақырыбы: | Халықтық пішім негізінде киім үлгісінде бұйым дайындау. (Иықты бұйымды модельдеу. Пішім дайындау) | ||||||
Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары |
| ||||||
Сабақтың мақсаты: | Оқушылар:
| ||||||
Бағалау критерийлері | - өлшем алу ережесінің ерекшелігін түсінеді; - тәжірибелік жұмысты орындау кезінде алған білімдерін қолданады;
| ||||||
Сабақтың барысы | |||||||
Сабақтың кезеңі/уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушылардың әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||
Басталуы 0-5 мин | 1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылар карточкалардағы әріп немесе сөздерді қарастырып, олардан қандай терминология (модельдеу) құрастыруға болатынын ойланады және одан сабақтың тақырыбы мен мақсатын құрастырады. Мұғалім оларды сынып тақтасына бекітіп, қажеттілігіне қарай түзету енгізеді. Оқушылар оқу мақсатын, сабақтағы тәжірибелік жұмысты түсіндіреді. | Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді. Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді. | Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау. | Таныстырылым, оқу жоспары | |||
11-20 мин Ортасы 21-35 мин 5 мин |
Оқушылар өз карточкаларының түстері: сары, қызыл, көк және жасыл түс бойынша төрт топқа бірігеді.
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді: - Сіздерге денебітімнің қандай түрлері таныс? - Жобаланған тігін бұйымының конструкциясына денебітім түрі қалай әсер етеді? -Тігін бұйымын тігу кезінде өлшем алу не үшін қажет? Әр топ бір сұрақ таңдап алады, оны талқылайды, сыныптастарына жауабын ұсынады.
Модельдеу – киімнің жаңа моделін жасайтын шығармашылық жұмыс. Модельдеу – көркемдік және техникалық болып екіге бөлінеді. Көркемдік (шығармашылық) модельдеумен суретші-сәнгерлер, Сән үйінің дизайнерлері, тігінфабрикаларының тәжірибелік зертханалары айналысады. Олар сән бағытын, модельдің қолданылуын, модельдің кімге арналғанын, қандай матадан тігілетінін, көркемдік сәндеу түрін, модельдің түстік шешімін,фурнитура, аксессуарларын ескере отырып, модель топтамаларын жасайды. Сәнгерлер шығармашылық дереккөздерді халықтық көркем шығармашылықтан, сәндік өнерден алады. Техникалық модельдеу – базалық лекало арқылы эскиз, сурет, сән журналдарындағы фотосуреттер бойынша киімнің жаңа модельдерін жасау.Техникалық модельдеумен инженер-конструкторлар айналысады. Дизайнер –барлық қажетті дағдыларға ие болғандықтан, басқа мамандардың қатысуынсыз бұйымды жобалауға және дайындауға қабілетті маман. Киімді модельдеу – бұйымның жалпы құрылымын өзгерту және көптеген модельдеу тәсілдері бар. Қағаз қуыршақтар және оның әртүрлі киім түрлерін көрсету арқылы, оқушыларқамзолдың әртүрлі фасондары арқылы денебітімнің бойы мен көлемін өзгертуге, үлкейтуге немесе кішірейтуге, кемшілігін жасыруға, ерекшелігін көрсетуге болатынын байқайды. Бұйымды жасауда модельді көркемдік сәндеу, фурнитура мен мата түсін таңдау маңызды рөл атқарады.
Тапсырма: оқушыларальбомға, аз ғана уақыт ішінде бірнеше эскиз салулары қажет. Оқушылар тақтаға ілінген қағаз қуыршақтағықағаздан жасалған әртүрлі қамзол түрлері арқылы қамзолдың етегі, бел сызығы, мойын ойындысының әртүрлілігін бір біріне көрсетеді. Қалауына және қажетті жабдықтар мен ресурстардың болуына қарай, бұл жағдайда интерактивті тақтаны қолдануға болады.
Оқушылар топтарда қамзолды модельдеу түрлерін талқылайды.
1 кезең. Мұғалім киімдерді модельдеу жобалық бұйымды түрлендіретініне және барлығының пішім негізі бірдей болғанымен, оларды бір-біріне ұқсамайтындай етіп модельдеуге болатынына оқушылардың назарын аударады. Модельді өзгерту үшін пішім негізіне қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек. Мұғалім мойын ойындысы, бұйымның төменгі сызығын, жеңінің түрін қалай өзгертуге болатынын көрсету үшін, сынып тақтасында модель сызбасының суретін немесе электронды презентация қолдануына болады.
1 топ: Мойын ойындысын модельдеу. 2 топ: Қолтық ойындысын немесе жеңді модельдеу. 3 топ: Бұйымның төменгі қиығын модельдеу. 3 кезең. Оқушылар жұмыстарын сыныптастарына көрсетеді.
Өзіндік бағалау:Оқушылар өз жұмыстарын ерекшелігін түсіндере отырып, бір-біріне көрсетеді. | Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді. Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды. | - өлшем алу ережесінің ерекшелігін түсінеді; - тәжірибелік жұмысты орындау кезінде алған білімдерін қолданады; - қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды қолдану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайды. | Электронды презентация 2слайд Иықты бұйым құрылымы: https://www.youtube .com/watch?v=lgqSBDll9Y Жеңі тұтаспішімді иықты бұйым негізіндегі сызба құрылымы https://www.youtube .com/watch?v=chp_ 2R_uxJo Сайт «Калькулятор» - https://beregifiguru.ru/%D0%9A%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%BA%D1%83%D0%BB%D1%8F%D1%82%D0%BE%D1%80%D1%8B/%D0%A2%D0%B8%D0%BF-%D1%84%D0%B8%D0%B3%D1%83%D1%80%D1%8B | |||
5 мин Аяқталуы | Оқушылар өз туындыларына атау беріп, сыныпқа ұсынады, өздерінің және сыныптастарының жұмыстарын бағалайды. Жұмыс орнын тазалау. (Қ) Сабақтың соңында оқушылармен бірге орындалған жұмыстардың көрмесін өткізіп, талдау «Қолмен белгі беру» әдісін қолдану. | | Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру. | | |||
Қосымша ақпарат | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | | ||||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: 2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім? 1: 2: | |||||||
|