Файл: Кркем ебек Мектеп 73 мектеплицей Кні. Оытушыны атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 14

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Көркем еңбек

Мектеп: 73 мектеп-лицей

Күні: .

Оқытушының аты-жөні: Утенова Н.Ж.

Сынып: 8 сабақ 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Дизайн және технология

Сабақтың тақырыбы:

Бөлшектерді пішу.

Бөлшектерді өңдеу.

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

8.2.3.2-Әртүрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, өз бетінше құрастырған технологиялық құжат арқылы күрделендірілген бұйымдар дайындау

8.3.3.1-Жасалған өнімнің (шығармашылық жұмыс) сапасын қолданылған әдіс-тәсілдерін бағалау және талдау үшін критерийлерді қолдану

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар:

  • иықты бұйымды тігуге арналған матаны пішу ережелерімен танысады;

  • тәжірибелік жұмыс кезінде таңдаған материалы мен қажетті құрал-жабдықтарды қолданады;

  • иық бұйымы бөлшегін пішуді орындайды.

Бағалау

критерийлері

- матаны пішу ережелерінің ерекшеліктерін түсінеді;

- тәжірибелік жұмысты орындау кезінде алған білімдерін қолданады;

- қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды қолдану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

8 мин.

Денсаулық сақтау «Түсті терапия» технологиясы.

Ұйымдастыру кезеңі, дайындықтарын тексеру

(С) «Миға шабуыл» сынып екі топқа бөлініп, конверттегі сөздерді біріктіріп, сабақтың тақырыбын табады.

Оқушылармен бірлесіп оқу мақсаттарын және сабақ мақсаттарын аңықтау, тапсырмалар және жетістік критерийлерімен танысу.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер

15 мин

15 мин

  1. Миға шабуыл

Оқушылар өз пішімінің сызбаларын қарастырады және мұғалімнің матадан бөлшектерді қалай пішіп алуға болады? деген сұрағына топта бір-біріне жауап береді. Жұмыстан соң оқушылар топ ішінде осы сұрақ төңірегінде ойларын айтады.

  1. Шығармашылық жұмыс. Мата мен бөлшектерді пішуге дайындау.

1- кезең.Матаның бойлық жіп бағытын, өңі мен теріс бетін, сурет бағытын анықтау.

Оқушыларға матаның өңі жағын анықтау қажет. Мата әдетте рулонда екі бүктеліп оралады. Жүн маталардың өңі жағы ішіне қаратылып, ал жібек маталардың өңі сыртына қаратылыпоралады. Матаның жиегіндегі тесіктер матаның теріс жағынан өңі жағына бағытталған. (Барлық тоқыма ақаулары әдетте матаның теріс бетінен көрінеді). Егер матаның суреті болса, оның суреттерінің қай бағытта – бір жағына немесе әртүрлі жаққа орналасқанын қарау қажет. Жайылма кезінде бұйым бөлшектерінің барлығында суреттің бір бағытта орналасуын ескеру қажет.

2- кезең. Матаның ақауын анықтау.

Оқушылар матаның ақауын тексеруі қажет. Матаның өңі бетінде:

  • артық талшықтың;

  • қысқа жуан жіптің;

  • бойлық немесе арқау жібінің біреуінің немесе бірнешеуінің болмауы;

  • түрлі реңктіктің;

  • мата бояуында ақаудың болмауы тиіс.

  • Барлықтабылған ақауларды пішу кезінде ескеру үшін, матаның теріс жағынан бормен, арнайы маркер немесе қарындаш, сабынмен белгілеуге болады.

  • 3 кезең.

  • Кейінгі қысқарудың алдын алу үшін матаны декатирлеу қажет.

  • Ылғалды-жылумен өңдеу (үтіктеу), жуу кезінде кейбір маталар отырады (қысқарады). Соның алдын алу үшін,матаны пішу алдында декатирлеу (ылғалды-жылумен өңдеу) қажет. Матаны созбай, бойлық жіп бағытымен үтіктеу қажет. Бойлық жіп мата жиегінің бойымен бағытталған.Пішімді бойлық жіп бағытымен орналастыру керек.

  1. кезең. Оқушылар матаны үтіктеулері қажет.

  1. 5 кезең. Матаның өңі жағын ішіне қаратып, бойлық жіп бойымен ортасынан бүктеу, суреттерін теңестіре отырып, түйреу, сонан соң – бұрыштық арқылы көлденең мата қиығын тегістеу.

  1. Жаңа ақпарат. Мұғалім көрсетілімі.

  1. Матаға пішім бөлшектерін орналастыру (жайылма)

Оқушылар жаңа ақпаратпен танысады. Мұғалім матада пішім жайылмасының қалай және қандай реттілікпен орындалатынын немесе жайылма кезеңі бейнеленген көрнекі суреттерді көрсетеді.

Пішімді матаға орналастыру келесі реттілікпен орындалады.

Матаның өңі жағын ішіне қаратып, бойлық жіп бойымен ортасынан бүктеп, бұрыштық арқылы (пішім жайылмасы кезінде бөлшектерінің қиғаштануы болмауы үшін) көлденең мата қиығын тегістейміз.Жайылма туралап қойылған жиегінен басталады, алдымен үлкен бөлшектерді, сонан соң ұсақтарын орналастырамыз. Лекало бөлшектерін үнемді орналастыру керек. Бойлық жіп бағытын ескере отырып, матаға пішім бөлшектерін орналастырамыз.

  1. Суреті бір бағыттағы матаға пішім бір бағытта орналастырылуы керек.

  2. Егер матаның суреті үлкен болса, суретінің оң жағы мен сол жағы симметриялы болуы тиіс. Кезекпен пішімнің әрбір бөлігін матаға түйрегішпен түйрейміз.

  3. Пішім контурын бормен айналдыра сызып шығамыз – бұл сызық бойымен тігіс жүргізіледі. Пішілетін сызық бойы мен бақылау нүктелері жіңішке ұшталған бормен немесе жұмсақ қарындашпен жүргізіледі.

Сонан соң қосымша енін қалдыра отырып, пішім контурын тағы айналдыра сызамыз. Матаны екінші, қосымша сызық бойымен пішеміз.Жіберілген қателікті түзету үшін, матаны пішуді орындау, бұйым бөлшектерін қию алдында міндетті түрде өзін-өзі немесе өзара бақылау жүргізу қажет.

  1. Пішім сызықтарын көшіру тәсілдері.

Ақпараттық мәтінмен жұмыс

  • Белгіні бір бетінен екінші бетіне қандай тәсілмен көшіруге болады?

  • Ол үшін қандай құралдар қажет?

Осы сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар топта өздігімен жаңа ақпаратпен танысуы қажет, соңынан оны сыныптастарына айтады:

Пішім бөлшектерін контур сызықтарын, конструктивті сызықтарын көшіру және пішім бөлшектерін әртүрлі тәсілдермен маркировкалау арқылыөңдеуге дайындау. Контур сызықтарын (бүйір, иық, етек, қолтық ойындысы, мойын ойындысы), конструктивті сызықтар (бүкпе, алдыңғы бойдың орта сызығы және т.б.) жоғарғы бөлшекте белгілеп, екінші қабатына көшіріледі, яғни жұп бөлшекке немесе симметриялық жағына.

  • көшірме қағаз және кескіш-дөңгелекше қолдану;

  • түйреуіш қолдану;

  • түзу инешаншым арқылы;

  • көшіру инешаншымы арқылы;

  • көшірме қағаз және кескіш-дөңгелекше қолданып: кереғар түсті көшірме қағазды пішіммен бірге салып, пішім жиегінің бойыменкескіш-дөңгелекшемен жүргізіп шығады. Түзу сызықтар сызғышпен жүргізіледі, бақылау нүктелері қысқа штрихпен белгіленеді;

  • түйрегішті қолданып: пішімнің контур сызығы бойымен жоғарғы бөлшекті түйрегішпен екі қабатын қоса түйреп, төменгі бөлшекте бормен белгіленеді, сонан соң сызық жүргізіледі. Бұл тәсіл жұқа материалдарға жарамайды;

  • түзу инешаншым арқылы: сызық жүргізгеннен кейін пішім бөлшектерін ажыратып, матаның өңі жағынан көрінетіндей конструктивті сызықтармен, түзу инешаншымдармен көшіріледі;

  • көшіру инешаншымы арқылы: жоғарғы бөлшектің контур сызығы бойымен көшіру инешаншымы жүргізіледі, сонан соң бөлшектерді ашып, жіптерін қияды.

  1. Тәжірибелік жұмыс

Оқушылар иықты бұйым бөлшектерін пішу тәсілін таңдайды және оны өздігімен немесе командамен орындайды.

  1. Өтілген (оқыған) материалды бекіту.

 (Ауызша немесе жазбаша, карточка бойынша)

Сұрақтар:

  • Матаны пішуге дайындауға қандайоперациялар кіреді?

  • Матаны пішу кезінде ақаулары қалай ескеріледі?

  • «Декатирлеу» дегеніміз не?

  • Өз моделіңнің пішім бөлшектерін атаңдар.

  • Симметриялық жағына сызықтар қандай тәсілдермен көшіріледі?

  • Пішім бөлшектеріне орта сызығы не үшін жүргізіледі?

  • Пішім түйрегіштермен неліктен түйреледі?

  1. Бағалау

Өзіндік бағалау:Оқушылар өз жұмыстарын ерекшелігін түсіндере отырып, бір-біріне көрсетеді.

Дискриптор

- матаны пішу ережелерінің ерекшеліктерін түсінеді;

- тәжірибелік жұмысты орындау кезінде алған білімдерін қолданады;

- қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды қолдану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайды.

Электронды презентация 3слайд

Пішім сызбасы

Иықты бұйым құрылымы: https://www.youtube .com/watch?v=lgqSBDll9Y

Пішуге арналған мата.

Жеңі тұтаспішілген иықты бұйым негізіндегі сызба құрылымы https://www.youtube .com/watch?v=chp_ 2R_uxJo

Матамен жұмысқа арналған бор, арнайы маркер немесеқарындаш.

Үтік, үтіктеу тақтасы

Қажеттілігіне қарай –матадағы пішім жайылмасы кезеңдері бойынша бейнеленген көрнекі суреттер.

Мата, көшіргі қағаз, ағылшын түйрегіштері, бор, сабын.Қарындаштар, маркерлер, кескіш- дөңгелекше.

Сұрақтар жазылған карточкалар

Сабақтың соңы

5 мин.

Оқушылар мұғаліммен бірге өздерінің жұмыстарының көрсетілімін жасап, бір бірін бағалайды:

Не жақсы шықты? Нені түрлендіру қажет?

Оқушылар бір біріне комментарийлерін білдіреді.

Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.

Қосымша ақпарат

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:

Көркем еңбек

Мектеп: 73 мектеп-лицей

Күні: .

Оқытушының аты-жөні: Утенова Н.Ж.

Сынып: 8 сабақ 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Дизайн және технология

Сабақтың тақырыбы:

Жеке бөлшектерді өңдеу.

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

8.2.3.1 Қол мен тігінқұрал-жабдықтарынжәнеолардыңқұрылғыларынқолданаотырып, тоқымаматериалдарынөңдеу мен сәндеудіңтиімдіәдістерінанықтаужәнеқолдану;
8.2.3.2 Әртүрліконструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғижәнежасанды) қолданаотырып, өзбетіншеқұрастырғантехнологиялыққұжатарқылыкүрделендірілгенбұйымдардайындау;

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар:

  • тігін бұйымының жеке бөлшектерін өңдеу ережелерімен танысады;

  • тәжірибелік жұмыс кезінде таңдаған материалы мен қажетті құрал-жабдықтарды қолданады;

  • иық бұйымы бөлшектерін өңдеуді орындайды.

Бағалау

критерийлері

- жеке бөлшектерді өңдеудің қажетті операцияларын кезең бойынша орындау реттілігінің ерекшеліктерін түсінеді;

- тәжірибелік жұмысты орындау кезінде алған білімдерін қолданады;

- қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды қолдану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

8 мин.

Денсаулық сақтау «Түсті терапия» технологиясы.

Ұйымдастыру кезеңі, дайындықтарын тексеру

(С) «Миға шабуыл» сынып екі топқа бөлініп, конверттегі сөздерді біріктіріп, сабақтың тақырыбын табады.

Оқушылармен бірлесіп оқу мақсаттарын және сабақ мақсаттарын аңықтау, тапсырмалар және жетістік критерийлерімен танысу.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Электронды презентация 1-слайд.

Электронды презентация 2 слайд.

https://statusycitaty.ru/statusyi-na-angliyskom/motiviruyuschie-tsitatyi-na-angliyskom-s-perevodom.html

15 мин

15 мин

  1. Миға шабуыл

Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылардың сұраққа жауап беруі қажет:

Бұл сабақта тігін бұйымының қандай жеке бөліктерін өңдеуқажет?

Оқушылар топта бұл туралы өз ойлары мен идеяларынүлкен қағаз бетіне немесе флипчартқа жаза отырып, талқылайды және бір-біріне айтады.Бұл ақпаратты кабинеттегі көрнекті жерге орналастыруға және оған сабақ барысында қажеттілігіне қарай қарауға болады.

  1. Жаңа ақпарат. Топтық жұмыс.

Оқушылар артқы бетінде тігін бұйымын өңдеу түрінің атаулары жазылған карточкалар бойынша топтарға бірігеді.

Қолтық ойындысы немесе жең аузын өңдеу

Мойын ойындысын өңдеу

Бұйым қиықтарын өңдеу

Топтағы оқушыларғатәжірибелік жұмысты орындаудың кезеңдік реттілігі берілгеннұсқаулық-технологиялық картаұсынылады. Әр топ жаңа ақпаратты қарастырады және өз сыныптастарына ұсынады.

  1. Жұмысқа дайындық

Оқушылар тігін бұйымы – қамзолдың алған ақпаратқа сәйкес жеке бөлшектерін өңдеу бойынша қажетті операцияны орындау үшін, қажетті материалды, құрал-жабдықтарды таңдап, дайындайды.

  1. Тәжірибелік жұмыс. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма.

Оқушылар таңдаған тәсілдері мен құрал-жабдықтарды қолдана отырып, тігін бұйымының жеке бөлшектерін өңдейді. Жұмысты орындау алдында оқушылар келесілерді:

  • орындау ұқыптылығы;

  • бұйымның жалпы қолданылуына таңдалған операцияның сәйкестігі;

  • жұмысты орындау кезінде техника қауіпсіздігін сақтаудыескере отырып, жұмысты бағалау критерийлерін бірлескен әңгімеде талқылайды.

  1. Ылғалды-жылумен өңдеу.

Оқушылар ЫЖӨ тәсілдері туралы жаңа ақпаратпен танысулары және қажетті операцияларды орындаулары қажет.

Бұйымды ылғалды-жылумен өңдеу тәсілдері.

Бөлшектер мен дайын бұйымды ылғалды-жылумен өңдеу үтік немесе прес арқылы орындалады. Бұйымды қолмен ылғалды-жылумен өңдеу арнайы үтіктеу столы немесе тақтасында орындалады.

Ылғалды-жылумен өңдеу процесі үтіктеу, пресстеу және булау болып бөлінеді.

Жүн немесе жібек маталар үтіктеуге арналған мата (зығыр немесе мақта мата кесегі) арқылы үтіктеледі. Үтіктеу кезінде үтіктің жылу режимін сақтау қажет.

Киімді ылғалды-жылумен өңдеумата түріне байланысты. Тігу процесі мен бұйымды соңғы өңдеу кезінде бұйымның сапасы мен олардың сыртқы түрі көбінесеылғалды-жылумен өңдеу сапасына байланысты болады.

Ылғалды-жылумен өңдеу процесінде матаға ылғал, жылу мен қысым әсер етеді.

Өңдеу процесі үш кезеңнен тұрады.

  • Талшықты ылғал мен жылумен жұмсарту.

  • Қысым арқылы белгілі бір пішінге келтіру.

  • Ылғалды-жылу мен қысым арқылы пішінін бекіту.

  1. Өзіндік бақылау

Оқушылар:

  • қаттама енінің бірдейлігін;

  • тігісінің түзулігін;

  • ылғалды-жылумен өңдеу сапасынтексеруі қажет.

  1. Бағалау

Өзіндік бағалау:Оқушылар өз жұмыстарының ерекшелігін түсіндере отырып, бір-біріне көрсетеді.

Дискриптор

- жеке бөлшектерді өңдеудің қажетті операцияларын кезең бойынша орындау реттілігінің ерекшеліктерін түсінеді;

- тәжірибелік жұмысты орындау кезінде алған білімдерін қолданады;

- қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды қолдану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайды.

Электронды презентация 3 слайд

Иықты бұйым құрылымы: https://www.youtube .com/watch?v=lgqSBDll9Y

Матамен жұмысқа арналған бор, арнайы маркер немесе қарындаш, қайшы, қамзол пішімінің бөлшектері, бөлшектерді өңдеуге арналған қажетті жабдықтар.

Үтік, үтіктеу тақтасы

Мата, көшіру қағазы, ағылшын түйрегіші, бор, сабын. Қарындаштар, маркерлер, кескіш-дөңгелекше.

Үтік, үтіктеу тақтасы, үтіктеуге арналған мата

Сабақтың соңы

5 мин.

Оқушылар мұғаліммен бірге өздерінің жұмыстарының көрсетілімін жасап, бір бірін бағалайды:

Не жақсы шықты? Нені түрлендіру қажет?

Оқушылар бір біріне комментарийлерін білдіреді.

Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.

Қосымша ақпарат

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:

Көркем еңбек

Мектеп: 73 мектеп-лицей

Күні: .

Оқытушының аты-жөні: Утенова Н.Ж.

Сынып: 8 сабақ 9

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Дизайн және технология

Сабақтың тақырыбы:

Бөлшектерді біріктіру мен безендіру

Бұйымды ою-өрнек элементтерімен безендіру

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

8.2.3.2-Әртүрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, өз бетінше құрастырған технологиялық құжат арқылы күрделендірілген бұйымдар дайындау

8.3.3.1-Жасалған өнімнің (шығармашылық жұмыс) сапасын қолданылған әдіс-тәсілдерін бағалау және талдау үшін критерийлерді қолдану

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар:

  • қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды қолдана отырып,біріктіру және әрлеу тігістерінің тәжірибелік үлгісін орындайды;

  • жұмысқа қажетті әдіс-тәсілдерді анықтайды жәнеқолданады.

Бағалау

критерийлері

- өз жұмысында жеке бөлшектерді біріктіру мен сәндік әрлеу мәнін түсінеді;

- таңдалған технологиялық реттіліктің сақталуы мен техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын және жұмыстың ұқыпты орындалуын ескере отырып, біріктіру және шет тігістері түрлерін орындайды;

- өзінің және өзгелердің жұмыстарының кемшілігі мен жетістіктерін талдайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

Денсаулық сақтау «Түсті терапия» технологиясы.

Ұйымдастыру кезеңі, дайындықтарын тексеру

(С) «Миға шабуыл» сынып екі топқа бөлініп, конверттегі сөздерді біріктіріп, сабақтың тақырыбын табады.

Оқушылармен бірлесіп оқу мақсаттарын және сабақ мақсаттарын аңықтау, тапсырмалар және жетістік критерийлерімен танысу.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер

15 мин

15 мин

  1. Шақыру

Оқушылар өткен сабақтағыдай құрамдағы топта бірлескен әңгімеде талқылауы жәнесұрақтарға жауап беруі қажет.

  • Жобалық бұйым – қамзолдыңжеке бөліктерін қалай біріктіруге болады? Бұл туралы өз идеяларыңды ұсыныңдар.

  • Жобалық тігін бұйымын өңдеу және біріктіру үшін қандай құрал-жабдықтарды қолдануға болады?

  • Бөлшектерді біріктіружәнебұйымды сәндеудің қандай түрлерін білесіңдер және өз сыныптастарыңа айтып бере аласыңдар ма?

Оқушылар топтарда өздерінің тігін бұйымдарының бөлшектерін, оларды біріктірудің әртүрлі нұсқаларын ұсына отырыпқарастырады, ақпаратты альбомға немесе жұмыс дәптеріне жазып, сыныптастарына ұсынады.

  1. Мұғалімнің түсіндірмесі. Жаңа ақпарат.

Жобалық бұйым – қамзолдың пішім бөлшектерін біріктіру және сәндеу үшін қолданылады:

Біріктіру– біріктіру тігістері: айыра тігу, жапсырма, қосарлы, бүктемелі тігіс.

Өңдеу – шет тігістері: жөрмелген, шеттіктеу,түзу және қиғаш жиек.

  1. Топта талқылау

Сол құрамдағы топ оқушыларына біріктіру және шет тігістерінің әртүрлі үлгілері ұсынылады. Берілген үлгілерді қарастырып, топта оларды орындау реттілігін талқылауы қажет.

  1. Нұсқаулық-технологиялық картамен жұмыс

Оқушыларға мұғалімнің дайындағанбұйымды біріктіруді орындаудың кезеңдік реттілігі берілгеннұсқаулық-технологиялық картасымен маршрут парағын қарастыру ұсынылады. Әр топ сыныптастарына ауызша (қалауына қарай – графикалық) нұсқаулық-технологиялық карта сипаттамасы мен топтағы алдыңғы талқылау нәтижелерін қолдана, оларды орындау нұсқаларын ұсына отырып,біріктіру немесе шет тігістерінің бір немесе екі түрінің орындалуын сипаттап береді.

  1. Тәжірибелік жұмыс

Топтық жұмыс:

  • жұмысты орындау үшін біріктіру немесе шет тігіс түрлерін таңдау;

  • жұмысты орындауға арналған тоқыма материалдары мен қажетті құрал-жабдықтарды таңдау;

  • техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау;

  • ылғалды-жылумен өңдеу.

Тәжірибелік жұмыс(нұсқаулық картамен жұмыс)

Иық және бел бүкпелерін өңдеу

Құралдар мен материалдар:жұмысқорабшасы, бұйым пішімі, бор, қайшы, түйрегіш.

Тапсырма:бүйымның иық және бел бүкпелерін өңдеңдер.

Жұмысты орындау реттілігі:

Иық бүкпесі.

  1. Иық қиығынан бастап ұшына қарай иық бүкпесін сырып тігу. Иық бүкпесін екі жағынан да баса үтіктеу.

Аздап ылғалданған мата арқылы бүкпе ұшын жия үтіктей отырып, иық бүкпесін артқы бойдың ортасына қарай жатқыза үтіктеу.
Ескерту: кеуде бүкпелері осыған ұқсас өңделеді. Бүкпе бұйым етегіне қарай үтіктеледі.

Б ел сызығы бойындағы бүкпе.

  1. Бел сызығы бойынан бөлек қиылған киімде, бел сызығынан бастап ұшына қарай, бүкпе ұшын қосарлы тігіммен бекіте отырып, алдыңғы және артқы бойдың бел сызығы бойындағы бүкпені сырып тігу.

  2. Бүкпені екі жағынан да баса үтіктеу, сонан соң бүкпе ұшын жия үтіктей отырып, бұйым ортасына қарай жатқыза үтіктеу.

Ө зін-өзі бақылау. Тексеріңдер: 1) бүкпенің түзулігін, бүкпенің ені мен ұзындығын; 2) жатқыза үтіктелуінің сапасын.

  1. Бағалау

Оқушылар дайын жұмыстарын өзге топтардың жұмыстарымен алмастырады жәнебелгіленген критерийлер бойынша жұмыстың жасалу сапасын тексереді:

  • ұқыптылық;

  • белгіленген технологиялық реттілікке сәйкестігі;

  • техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуы.

  1. Сабақты қорытындылау

Мұғалім оқушылармен бірлескен әңгімеде сабақты қорытындылайды.

Дискриптор

- өз жұмысында жеке бөлшектерді біріктіру мен сәндік әрлеу мәнін түсінеді;

- таңдалған технологиялық реттіліктің сақталуы мен техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын және жұмыстың ұқыпты орындалуын ескере отырып, біріктіру және шет тігістері түрлерін орындайды;

- өзінің және өзгелердің жұмыстарының кемшілігі мен жетістіктерін талдайды.

Электрондыпрезентация 3 слайд

Альбом және жұмыс дәптері

Электронды презентация 4 слайд.

Қосымша.

Қазақтың ұлттық костюмінің ерекшелігі:

https://studwood.ru/760866/kulturologiya/osobennosti_vneshniy_kostyuma

Біріктіру және шет тігістері түрлерінің әртүрлі үлгілері.
Біріктіру және шет тігістерін орындаудың кезеңдік реттілігі берілген нұсқаулық-технологиялық карталар, тәжірибелік жұмысты орындауға арналған материалдар мен қажетті құрал-жабдықтар және ЫЖӨ.

Сабақтың соңы

5 мин.

Оқушылар мұғаліммен бірге өздерінің жұмыстарының көрсетілімін жасап, бір бірін бағалайды:

Не жақсы шықты? Нені түрлендіру қажет?

Оқушылар бір біріне комментарийлерін білдіреді.

Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.

Қосымша ақпарат

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:

Көркем еңбек

Мектеп: 73 мектеп-лицей

Күні: .

Оқытушының аты-жөні: Утенова Н.Ж.

Сынып: 8 сабақ 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Дизайн және технология

Сабақтың тақырыбы:

Жұмыстардың көрмесі

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

8.3.1.1 - Онлайн платформадағы ауқымды аудитория алдында дайын жұмыстарды қорғау және оны ұсыну (онлайн форумдар, әлеуметтік желілерде)

8.3.3.1 - Жасалған өнімнің (шығармашылық жұмыс) сапасын қолданылған әдіс-тәсілдерін бағалау және талдау үшін критерийлерді қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар:

  • өздерінің жобалық жұмыстарын көрсету тәсілдерін таңдайды;

  • өздерінің жобалық жұмыстарының презентациясын жасайды;

өзінің шығармашылық идеясына бағалау критерийлері бойынша талдау жасайды.

Бағалау

критерийлері

- ауқымды аудиторияға өз жұмысын көрсетудің маңыздылығын түсінеді;

- бағалау критерийлерін қолдана отырып, өз жұмысының ерекшеліктері мен кемшілігін талдайды;

  • - таңдаған тәсілі мен презентациялау түрін, сонымен бірге онлайн платформаны қолдана отырып, өз жобалық бұйымын таныстырады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы

0-5 мин

Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушыларды орналастыру, амандасу, құралдарын дайындау.

Оқушыларды жаңа тақырып пен оқу мақсаттарымен таныстыру. Бүгінгі сабақтағы іс-әрекеттерін атап шығу.

(Ұ) Мұғалім оқушыларға шығармашылық көрменің ұйымдастыру кезеңдері менмақсатын таныстырады. Сонымен қатар, көрме оқушылардың өз шығармашылығында идеяларының берілу жолдарын көрсетеді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулық, құрал-жабдықтар

6-20 мин

Ортасы

21-30 мин

30-40 мин

  1. Шақыру.

Оқушылар жұмысты орындау үшін өткен сабақтағы құрамда командаға немесе топқа бірігуі қажет. Сабақтың бұл кезеңінде оқушылар сыни ойлауын дамытуға арналған тапсырманы орындайды.

Мұғалім топтарға шығармашылық жұмыс презентациясын ұйымдастыру бойынша әртүрлі идеялар туралы ойланып, қажетті ақпарат көздерін, мысалы, онлайн платформа және әлеуметтік желіні қолдана отырып, қажетті мәліметті үлкен қағаз парағына немесе флипчартқа жазуды немесе кез келген графикалық материалдармен бейнелеуді ұсынады. Оқушылар жұмысты орындау барысында ақпаратты іздеу түріне байланысты бір топтан екінші топқа өтуіне, бірнеше рет әртүрлі құрамда жұптасып немесе топқа бірігуіне болады немесе олар өз орнында қалып, қажеттілігіне қарай берілген уақыт соңына дейін сыныптастарына, көрші топқа іздеген материалдарын берулеріне болады.

  1. Шолу әңгімесі

Оқушылар бір-біріне шығармашылық жұмыстарын көрмеге қалай дайындауға болатынын айтады және оны орындау үшін ең қызықты әрі креативті нұсқасын таңдайды. Мұғаліммен бірлескен әңгімеде бағалау критерийлерін талқылай отырып, сонымен бірге келесілерді ескереді:

  • жұмыстың түстік гаммасының қанық болуы;

  • біріктіру тігісі мен сәндік әрлеуін орындау кезіндегі жұмыстың ұқыптылығы;

  • жобалық бұйымның функционалдығы мен өз қолданылуына сәйкес болуы.

Оқушылар презентация жүргізу дискрипторымен танысады:

  • өз жұмысын таныстыруды қажетті ақпараттармен бірге жүргізу;

  • жұмысын шығармашылық көрмеге немесе сән шоуына дайындау;

  • жобалық бұйымын креативті таныстыру

  1. Шығармашылық жұмысты таныстыру. ҚБ арналған тапсырма

1 кезең

Оқушылар тәжірибелік жұмысты орындау кезеңдерін суреттері және сипаттамасы бар слайдтардан тұратын электронды таныстырылым жасауға ноутбуктерді қолдануына болады, жобалық бұйымын қалай орындағанын, қандай материалдар мен құрал-жабдықтардың қолданылғанын түсіндіре отырып, олардың кезеңдерін сипаттайды. Оқушылар бірнеше ақпараттық слайдтан тұратын, шағын электронды презентация дайындайды (1 қосымша).

2 кезең.

  • Оқушылар жобалық жұмыстарын ұсынуға немесе көрсетуге дайындайды.

  • Ақпараттық этикетка жасау және жұмыстың авторы, жасалған материалы туралы ақпаратымен жұмысқа бекіту.

3 кезең.

Әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылатын, шығармашылық жұмыс көрмесін ұйымдастыру және өткізу:

  • жобалық жұмыстың манекенде орналасуы;

  • жұмысты бекіту үшін мектептегі жылжымалы мобильді тақтаны қолдану мүмкіндігі;

  • жобалық жұмысты бөлмедегі әртүрлі тәсілмен орналастырылған, көрсетілімге арналған ілгішке орналастыру;

  • өз жобалық жұмысының көрсетілімін сән шоуы арқылы көрсету;

  • интернеттегі әртүрлі сайттарды, конференцияларды, чаттарды және т.б. қолдана отырып, жарнама жасау.

4 кезең.

Алдын ала құрылған бағалау критерийлеріне сәйкес, өз жұмыстарында немесе сыныптасының жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер, шығармашылық идеялар мен жобалық жұмысқа түсініктеме беріледі.

  1. Сабақты қорытындылау

  • Мұғалім оқушылармен бірлескен әңгімеде оқушылардың презентациясының сәтті шыққан тұстарын, сонымен қатар - жұмысын толықтыру, жетілдіруді қажет ететін оқушылардың жұмысын атап көрсете отырып, жұмысты жалпы қорытындылайды. Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады (2 қосымша).

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі
Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.

Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.

Дискриптор

- ауқымды аудиторияға өз жұмысын көрсетудің маңыздылығын түсінеді;

- бағалау критерийлерін қолдана отырып, өз жұмысының ерекшеліктері мен кемшілігін талдайды;

- таңдаған тәсілі мен презентациялау түрін, сонымен бірге онлайн платформаны қолдана отырып, өз жобалық бұйымын таныстырады.

Электронды презентация 2слайд
Үлкен қағаз парағы немесе флипчарт, маркерлер, фломастерлер, түрлі-түсті борлар, қарындаштар

Электронды презентация 3слайд

5 мин

Аяқталуы

Көрме шолу;

- орындалған жұмыстарды бағалау;

- оқушылардың жұмыстарына талдау жасау.

Жұмыс орнын тазалау.

Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.

Қосымша ақпарат

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды?Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?