Файл: 1. Пн бірлестік ережесі дістемелік бірлестік туралы ереже І. Жалпы ережелер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1. Пән бірлестік ережесі

Әдістемелік бірлестік туралы ереже

І. Жалпы ережелер

Әдістемелік бірлестік білім мекемесіндегі (БМ) әдістемелік қызметтің негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады. Әдістемелік бірлестік бір немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша оқу-тәрбие, әдістемелік, эксперименттік және сыныптан тыс жұмыстарды жүргізеді.

Әдістемелік бірлестік бір пән немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша құрамында кемінде 5 мұғалім болған жағдайда құрылады. Әдістемелік бірлестіктерді құру, олардың санына, құрамына өзгерістер енгізу мектеп директорының бұйрығымен жүзеге асырылады.

Әдістемелік бірлестіктер тікелей директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарына бағынады.

ІІ. Әдістемелік бірлестіктің міндеттері мен қызмет бағыттары

Әдістемелік бірлестік төмендегідей міндеттерді шешу үшін құрылады:

пән бойынша оқу-тәрбие, әдістемелік, эксперименттік жұмыстарды жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастыру және жүргізу;

сабақ беру әдістемесін жетілдіру;

мұғалімдердің педагогикалық біліктілігін көтеру;

педагогикалық эксперименттерді жүргізу.

І. Әдістемелік бірлестіктің негізгі жұмыс түрлері:

оқушыларды оқыту және тәрбиелеу әдістемесінің проблемалары бойынша педагогикалық эксперименттерді өткізу және олардың нәтижесін білім процесіне енгізу;

  • оқу-әдістемелік мәселелер бойынша мұғалімдердің шығармашылық есептері, дөңгелек үстел, кеңестер, семинарлар т.б;

  • оқушыларды оқыту және тәрбиелеу әдістемесінің мәселелері бойынша әдістемелік бірлестіктердің отырыстары;

  • пән бойынша ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар;

  • оқыту және тәрбиелеу әдістемесі, жалпы педагогика және психология мәселелері бойынша лекциялар, баяндамалар және дискуссиялар;

  • озат педагогикалық тәжірибені және басқару құжаттарының талаптарын зерттеп, оқу-тәрбие процесіне енгізу;

  • пән және әдістемелік апталықтарды өткізу;

  • өзара сабаққа ену;

  • оқу сабақтарының өткізу сапасын бақылау

ІІ. Әдістемелік бірлестік қызметінің негізгі бағыттары:


  • пәндер бойынша білім деңгейінің қорытындыларын талдау;

  • оқу жоспарының вариативтік бөлімдерін жасауға қатысу;

  • оқу бағдарламаларындағы минимал көлем мен мазмұнға қойылатын талаптарға өзгерістер енгізу;

  • оқу әдістемелік және дидактикалық материалдарды талдау;

  • пәндер бойынша ашық сабақтар және ашық сыныптан тыс іс-шаралар өткізу;

  • пәндерді оқыту әдістемесі бойынша баяндамалар дайындау және талқылау:

  • оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, жетекшілік жасау және бақылау мәселелерін қарастыру;

  • оқытудың жаңа технологияларын іздеу және енгізу бойынша педагогикалық эксперименттерді ұйымдастыру және жүргізу;

  • оқу пәндерін өту әдістемесін жетілдіру және тәжірибе алмасу мақсатында әдістемелік бірлестік ішінде және әдістемелік бірлестіктер арасында өзара сабаққа енуді ұйымдастыру;

  • пәндер бойынша сайыстар, олимпиадалар, жарыстар өткізу туралы ережелер жасау.

ІІІ. Әдістемелік бірлестіктің жұмысы.

Әдістемелік бірлестікті бірлестік мүшелерінің келісімімен тәжірибелі ұстаздар тарапынан таңдалған төраға басқарады. Төрағаны БМ директоры тағайындайды.

Әдістемелік бірлестіктің жұмысы жылдық жоспар негізінде іске асырылады. Жоспар әдістемелік бірлестіктің төрағасы тарапынан құрылады, әдістемелік бірлестіктің отырысында қарастырылады, директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарымен келісіліп, мектеп директорымен бекітіледі.

Әдістемелік бірлестіктің отырысы тоқсанда кемінде бір рет өткізіледі. Отырыстың мерзімі, өтілу орны туралы төраға дер кезінде директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарына хабарлау керек. Қаралып отырған әр мәселе бойынша ұсыныс қабылданып, ол хаттама журналына жазылады. Ұсыныстар әдістемелік бірлестік төрағасының қолымен бекітіледі.

ІV. Әдістемелік бірлестіктің құжаттары

  • Мектептегі әдістеме бірлестіктер туралыбұйрық ӘБ төрағасын тағайындау туралы бұйрық.

  • Әдістемелік бірлестік туралы ереже .

  • Өткен оқу жылының жұмысын талдау.

  • Әдістемелік жұмыстың тақырыбы, оның мақсаты, негізгі бағыттары және жаңа оқу жылының міндеттері.

  • ӘБ жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспары.

  • ӘБ мұғалімдері туралы мәліметтер.

  • ӘБ мұғалімдерінің өз білімін жетілдіру тақырыптары туралы мәліметтер.

  • ӘБ мұғалімдерінің біліктілін көтеру кестесі.

  • ӘБ мұғалімдерін аттестациялаудың перспективті жоспары

  • Пән бойынша ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар өткізу кестесі

  • Оқу бағдараламалары .

  • Пән апталықтарының жоспары.

  • Жас маманмен жұмыс жоспары.

  • Пән бойынша алынған бақылау жұмыстарының қорытындылары.

  • Мектепішілік бақылау (анықтамалар, диагностика).

  • ӘБ отырыстарының хаттамалары.


V. Әдістемелік бірлестіктің құқықтары

Әдістемелік бірлестіктің құқығы бар:

  • мұғалімдердің біліктілік разрядтарын көтеру туралы ұсыныс дайындауға;

  • мектепте оқу процесін жақсарту бойынша ұсыныс беруге;

  • ӘБ-те жиналған озат педагогикалық тәжірибе материалдарын жариялау туралы мәселені қоюға;

  • оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша директор орынбасарларынан кеңес сұрауға;

  • мұғалімдердің аттестациясын ұйымдастыру және мазмұны бойынша ұсыныстар беруге;

  • ӘБ тарапынан «Жыл мұғалімі» сайысына мұғалімдерді ұсынуға.



VІ. Әдістемелік бірлестік қызметін бақылау

Әдістемелік бірлестіктің қызметі мектеп директоры және оның орынбасарлары тарапынан бақыланады. Бақылау мектептің әдістемелік жұмысы және мектепішілік бақылау жоспарларына сәйкес жүргізіледі.

VII. Әдістемелік жұмысының негізгі міндеттері

  • Ұстаздардың педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

  • Сабақтар өтілуінің жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету.

  • Жас мамандарды кәсіби шыңдау.

  • Жаңа ақпараттық технологияларды ендіру негізінде оқу сабақтардың өтілу сапасын жоғарылату.

  • Оқытудың жаңашыл әдіс-тәсілдерін, жаңа технолгияларды іздеу бойынша педагогикалық эксперименттерін жалғастыру.

  • Шығармашыл мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін анықтау, жинақтау және тарқату. Білім беру процесінің жаңа әдістемелік жасақтауын талдау және апробациялау, озат педагогикалық тәжірибені, оқытудың жаңа формаларын, әдістерін ендіру.

  • Барлық құжаттарды жүргізу сапасын жоғарылату бойынша жұмысты ұйымдастыру және өткізу.

  • Оқу, ғылыми-әдістемелік және дидактикалық материалды жасау



Пән бірлестігіндегі мұғалімдердің міндеттері.

  • пән бірлестігінің отырысын өткізу

  • Пән бірлестігінің шешімі және ұсынысының орындалуы, құжаттардың жүргізілуі.

  • Пән бірлестігіндегі мұғалімдердің озық іс-тәжірибелерімен танысып, тәжірибелерінде қолдану.

  • Пән апталығын өткізу және оған дайындық жүргізу.

  • Конференция , семинар, дөнгелек стол, іскерлік ойын өткізу, дайындық жұмыстарын жүргізу.

  • Оқушылардың пәндік олимпиадасын, интеллект ,білім сайыстарын өткізу.

  • Пән бойынша сабақтан тыс іс-шаралар өткізу.

  • Сабақтар, факултатив сабақтар, үйірме сабақтарына ену.



2. Пән бірлестігіндегі мұғалімдердің міндеттері.



Атқаратын міндеті

уақыты

жауапты

1

Пән бірлестігінің отырысын өткізу

Әр тоқсан




2

Пән бірлестігінің шешімі және ұсынысының орындалуы, құжаттардың жүргізілуі.

Әр қашан




3

Пән бірлестігіндегі мұғалімдердің озық іс-тәжірибелерімен танысып, тәжірибелерінде қолдану.

Жыл бойы




4

Пән апталығын өткізу және оған дайындық жүргізу.

Қазан

Пән мұғалімдері

5

Конференция , семинар, дөнгелек стол, іскерлік ойын өткізу, дайындық жұмыстарын жүргізу.

Желтоқсан

Бірлестік мүшелері

6

Оқушылардың пәндік олимпиадасын, интеллект ,білім сайыстарын өткізу.

Қараша

Бірлестік мүшелері

7

Пән бойынша сабақтан тыс іс-шаралар өткізу.

10 күндікте

Пән мұғалімдері

8

Сабақтар, факультатив сабақтар, үйірме сабақтарына ену.

Үнемі

Бірлестік мүшелері

9

Бақылау жұмыстарын өткізу

Әр тоқсан




10

Бақылау жұмыстарына талдау жазу, маниторинг жасау

Әр тоқсан

Пән мұғалімдері

11

Кабинеттерге жауап беру

Жыл бойы




13

Тәлімгерлік жүргізу

Үнемі




14

Хаттама жазу

Әр тоқсан







Жаңа оқу жылының жоспары. 2022 -2023 оқу жылы



Іс шаралар

Жауапты

уақыты

1.

Оқу бағдарламасы, оқу әдістемелік кітаптарды оқып үйрену.

Бірлестік ұжымы




2

Мұғалімдердің апталық жүктемесін анықтау

Бірлестік ұжымы




3

Пән бірлестік отырысын өткізу

Бірлестік жетекші




5

Курстан аттестациядан өтетін мұғалімдер тізімін анықтау.

Бірлестік жетекші




6

1 қыркүйек оқу күніне сабақтарына дайындық.

Бірлестік ұжымы




7

Пән кабинетін жаңа оқу жылына дайындау.

Пән мұғалімдері




8

Үйірме сабақтырын ұйымдастыру

Бірлестік ұжымы




9

Жаңа оқу жылына пән бірлестік жоспарына өзгерістер еңгізу

Бірлестік ұжымы




10

Оқушыны кітаптар мен қамтамасыз ету

Кітапханашы




11

Таңдау пәні бойынша оқушылар тізімін анықтау.

Бірлестік жетекші




12

Тілдер мерекесін өткізу

Бірлестік ұжымы




13

Дөнгелек үстел. Үш тілді пәндерін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына "Мәнгілік ел" жолдауы аясында оқыту.

Бегалина Р.Т.




14

"Біз ағылшын тілінде сөйлейміз"







15

" Мен көп тілді білемін " полиглот сайысы

9 сыныптар арасында







16

" Үш тілдің патшалығы" сыныптан тыс ашық сабақ







17

Мұғалімдердің ашық сабақтан тыс жұмыстарына қатысуы

Бірлестік ұжымы




18

Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы

ӘБ жетекшісі





19

Пән бірлестік жетекшілерінің отырысы

Бірлестік жетекші




20

Нашар оқушылар мен жұмыс

Бірлестік ұжымы




21

Дарынды оқушылар мен жұмыс

Бірлестік ұжымы




22

Оқушылар жымыс дәптерінің тұтылуын өзара тексеру

Бірлестік ұжымы




23

Мұғалімнің шеберлігін арттыру

Бірлестік жетекші




24

Ағылшын, орыс тілі апталығын өткізу







25

Кім әдемі жазады тақырыбында дәптерлер көрігін ұйымдастыру

Пән мұғалімдері




26

Мектепішілік пәндік олимпиада, марафон

Пән мұғалімдері




27

Кабинет байқауына пән кабинетін даярлау

Кабинет жетекшілері




28

Курска барған мұғалімдердің шығармашылық есебі

Пән мұғалімдері




29

Шығармашылық жымыс пен айналысатын оқушылармен жұмыс

Пән мұғалімдері




29

Тарих пен география апталығы

Пән мұғалімдері

Бірлестік ұжымы




30

Пәндік олимпиадаға дайындық

Пән мұғалімдері




31

Дөнгелек стол «Сабақ барысында ЖТЭлементтерін пайдалану»

Бірлестік жетекшісі




32

Аудандық, облыстық пед оқуға мұғалімдерді дайындау

Бірлестік мүшелері




33

Әдістемелік газет журналдарға жазылу

Бірлестік ұжымы




34

Газет журналдарға мақалалар мен жариялымдар жазу

Бірлестік ұжымы




35

Бітіруші сыныптарда сабақ беретін мұғалімдермен отырыс

Пән мұғалімдері




36

Тоқсан барысындағы жазба жұмыстар диктант, шығарма сынақ графигін сызу.

Пән мұғалімдері




37

Мұғалімдердің оқушылар үлгерімі бойынша есебі, маниторингі.

Бірлестік ұжымы




38

«Қайталау» сабақтарында әкімшілік тарапынан бақылау жұмыстарын алу.

Мектеп әкімшілігі




39

Аудандық пәндік олимпиада, марафон.

Бірлестік ұжымы




40

Мектепшілік «Жыл мұғалім» байқауы







41

Жаңа технология элементерінен пайдаланып ашық сабақтар өткізу(Зерттеу сабақтары )

Бірлестік ұжымы




42

Пән бірлестік жетекшісінің есебі

Бірлестік жетекшісі




43

Аттестациядан өтетін мұғалімдер құжатын дайындау.

Бірлестік жетекшісі




44

Келесі жылда аттестациядан өтетін мұғалімдер тізімін жасау, өзгеріс еңгізу

Бірлестік жетекшісі




45

Мұғалімдердің оқушылар үлгерімі бойынша есебі,маниторингі

Бірлестік ұжымы




46

Пән бірлестік отырысы

Бірлестік ұжымы




47

Пәндік іс шаралар бойынша бүктемелер дайындау

Бірлестік ұжымы




48

5-10 сыныптардан тест алу

Бірлестік ұжымы




49

6-7-8-9 сыныптарда Ағылшын тілінен КВН өткіздіру

КаюповаД.Д.




50

Әдістемелік газет журналдарға жазылу

Бірлестік ұжымы




51

Оқулық ,оқу әдістемелік кітаптарға сұраныс беру.

Бірлестік жетекші




52

Семинар ,дөнгелек стол графигін жасау.

Бірнлестік жетекші




53

Lesson Study Сабақтар өтілуінің жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету.

Бірлестік ұжымы




54

Тәлімгерлік Жас мамандарды кәсіби шыңдау.







55

Оқу, ғылыми-әдістемелік және дидактикалық материалды жасау

Бірлестік ұжымы




56

Мұғалімдер шығармашылығы бойынша есеп

Бірлестік жетекшісі




57

Мұғалімдер жұмысына , оқушылар үлгеріміне талдау.

Бірлестік жетекшісі




58

Пән бірлестігінің отырысын өткізу.

Бірлестік ұжымы




59

Жаңа оқу жылына апталық жүктемені болжамын жасау

Бірлестік жетекші




60

Жаңа оқу жылына жоспар жасау

Бірлестік жетекші




61

Жыл есебін беру

Бірлестік жетекші