Файл: Білім беру йымыны атауы Маыстау облысыны білім басармасыны Бейнеу ауданы бойынша білім бліміні Ы. Алтынсарин атындаы жалпы білім беретін мектеп.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сисенова Жаналык Касымгалиевна

Білім беру ұйымының

атауы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп»КММ

Бөлімі:

1-бөлім. Ақпараттық этикет (ортақ тақырып: «Саяхат»)

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Интернет желісінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.3.1.1 желідегі ақпараттың барлығы сенімді, пайдалы емес екенін түсіну.

Сабақтың мақсаты:


Барлық оқушы үшін:

Интернет және желідегі ақпаратпен танысады.

Көпшілік оқушылар үшін:

Интернет және желідегі ақпаратпен танысып, пайдалы емес екенін түсінеді.

Кейбір оқушылар үшін:

Интернет және желідегі пайдалы және пайдасыз ақпаратпен танысады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі:



1. Сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгендеу. Ширату тапсырмасы. «Австралия жаңбыры» ойыны

Нұсқау:

Австралияда жел тұрды. (Алақанымызды үйкейміз).

Жаңбыр тамшылап бастады. (Саусақпен шерту).

Жаңбыр күшеюде.(кеудемізді алақанымызбен кезектесе соғамыз).

Жаңбыр құйып кетті. (Аяғымызды алақанымызбен кезектесе соғамыз).

Енді дауыл көтерілді, тасбұршаққа айналды. (Аяғымызбен жер тепкілейміз).

Мынау не?! Дауыл басылуда. (Аяғымызды алақанымызбен кезектесе соғамыз).

Жаңбыр басылуда. (кеудемізді алақанымызбен кезектесе соғамыз).

Жаңбыр сиреді. (Саусақпен шерту).

Желдің жай сыбысы. (Алақанымызды үйкейміз).

Күн жарқырады! (Қоламызды жоғары көтереміз). «Сендер сергек, ширақ, зейіндісіңдер!» Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды көңіл-күй сыйлайды.



Ширату тапсырмасы.
«Австралия жаңбыры» ойыны

Оқушылар нұсқау бойынша жаттығуды орындайды.








Топтастыру

«Мозаика» әдісі. Оқушылар мұғалім үстелінен сурет бөлігі бейнеленген бір дана қағаз қиындысын таңдап алады. Алынған қағаз қиындысында бейнеленген суретті жинақталып құрастыру арқылы екі топқа бірігеді.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.


1-топ: «Интернет»

2-топ: «Браузер»

Оқушылар сөздерді таңдап, топқа жиналған соң, суретке байланысты өз ойларын айтады.






Сурет қиындылары




Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

  • Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында интерактивті тақтадан көрсетілген бейнелерді көрсету арқылы оқушылардың ойын білу.

  • «Инернет, ютуб, желі» сөздері таныс па?

  • Оқулықтағы 1 - сызбада не бейнелеген?

Ойыңмен бөліс.

  • Интернет, Ютубты не үшін қолданасың?

  • Сен қажетті ақпаратты қайдан іздейсің?

Мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) ойымен бөліседі.

ҚБ: Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша

«Жарайсың!».

Тіктөртбұрыш

«Жақсы!».

Үшбұрыш

«Талпын!».


Интерактивті тақта
Логотип



Оқулықтағы 1- сызба


Сабақтың ортасы


Жаңа сабақ.

«Кинометафра» әдісі

«Интернет желісінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік» тақырыбы бойынша бейнебаян көрсетіледі.

https://www.youtube.com/watch?v=nSbfumVbCJg

Ары қарай оқушыларға жаңа білім бойынша мұғалімнің қосымша түсіндіру сөзі жүргізіледі.

Желі – бір компьютерді екіншісімен жалғайтын сым.

Интернет – әлемдегі барлық компьютерді қосатын желі.

Браузер – компьютерден интернетті ашатын программа.


- Оқушылар көрсетілген сілтеме арқылы «Интернет желісінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік» тақырыбындағы бейнебаянды көреді.
- Оқулықтан негізгі сөздерді дәптерге жазады.






Интерактивті тақта,
Оқулық




дәптер

«Суреттер сөйлейді» әдісі.

Интерактивті тақтадан екі түрлі бейнедегі сурет көрсетіледі. Оқушылар топта ақылдасып, өз ойларымен бөліседі.

  • 1 – сызбаға назар аудар. Балалар не істеп жатыр?

  • Олар бос уақытын қалай өткізуде?

  • Екі суретті салыстыр. Ойыңмен бөліс.

Дескриптор:

  • Топта бірігіп, суреттермен танысады.

  • Суреттерді салыстырады.

  • Топтар арасында өз ойымен бөліседі.




ҚБ: Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша

«Жарайсың!».

Тіктөртбұрыш

«Жақсы!».

Үшбұрыш

«Талпын!».


Интерактивті тақта

Фигуралар


«Компьютермен жұмыс»

1.Қауіпті және қауіпсіз әрекеттерді бағандарға тасымалда


2.Роботқа интернетке қосылу үшін қажетті заттарды сандықшаға жина


3.Сөздерді тыңдап сәйкестерін ұяшыққа орналастыр.




Дескриптор:

Электронды оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды.

- Қауіпті және қауіпсіз әрекеттерді бағандарға тасымалдайды.
- Роботқа интернетке қосылу үшін қажетті заттарды сандықшаға жинайды.

- Сөздерді тыңдап сәйкестерін ұяшыққа ораналастырады.


ҚБ: Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша

«Жарайсың!».
Тіктөртбұрыш

«Жақсы!».
Үшбұрыш

«Талпын!».


Оқушы компьютері,
Электронды оқулық,
Фигуралар


«Сәйкестендіру» әдісі

Жаңа сөзге сәйкес келетін сөзді таңдап жаз, сәйкестендір.

«Желі» бір компьютерді екіншісімен жалғайтын сым.

«Интернет» әлемдегі барлық компьютерді қосатын желі.

«Браузер» компьютерден интернетті ашатын программа.ұмыс дәптеріндегі


Дескриптор:


  • Берілген сөздермен танысады.




  • Сәйкес келетін анықтамаларын сәйкестендіреді




  • Себебін

түсіндіреді.

ҚБ: Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша

«Жарайсың!».
Тіктөртбұрыш

«Жақсы!».
Үшбұрыш

«Талпын!».


Интерактивті тақта,
Фигуралар


Сабақтың соңы


Сабақты бекіту.

Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді.


  • Бүгін мен не білдім?

  • Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім?

  • Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

  • Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

  • Интернеттің адам үшін қандай пайдасы бар?

Рефлексия.
Егер саған сабақ саған ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, желкенді жасыл түске боя;
Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң, желкенді сары түске боя;
Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түске боя.


Дескриптор:

- Оқушылар сұрақты түсінеді.

- Сұрақтарға жауап бере алады.
- Өз ойларын жеткізе алады


Оқушылар сабақты түсіну деңгейіне байланысты желкенді бояйды.


Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша

«Жарайсың!».

Тіктөртбұрыш

«Жақсы!».

Үшбұрыш

«Талпын!».



Интерактивті тақта,
фигуралар



Түрлі түсті қарындаштар