ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.05.2024
Просмотров: 12
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Арманнан ада ұлдаймын оқыс тоналған.
Баладай шошып түсімнен от ұстап алған.
Қалаға келіп төктім деп маңдай терімді,
Шағала болып кеттім бе қоқысқа қонған?!
Ауылдан кетіп, ал, кімдер тас арқалады,
Көңілімді енді қай көктем жасарта алады?
Жайлауға тартып кетсем бе, бір-ақ тебініп,
Қарагер атты босатып қасаң тағалы [4, 53 б.]. Бұл – қала тірлігі қажытқан ақынның даланы аңсаған поэзиядағы көркем бейнесі.
Жалпы, әдебиетте адам мен жануардың ара-қатынасы, мінездері ұқсас келеді. Кейде автор қоғамдағы қордаланған проблемаларды жануардың қарекетімен қозғайтыны шындық. Бұл салыстырмалы тәсілдің шынайылығы оқырманды қызықтырып, ерекше күйге бөлейді. Расымен де, жануарда бар қасиеттер: қызғаныш, күндестік, күрескерлік, сатқындық, ұрпақ қалдыру, өсу, өну сипаттары адамда да бар. Бұл туындыларда да жан-жануарларға екпін қойылғанымен, астарында адамзаттың трагедиясы, аласапыран күйі, түрлі эмоциясы жатыр. Сондықтан да әдеби процесте адам мен табиғаттың, жануарлардың байланысы ешқашан тысқары қалмайды.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
Ахмер Б. Түркілік таным: әдебиеттегі жануарлар бейнесі // https://adebiportal.kz/kz/news/view/22028 -
Афанасьев А.Н. Поэтическое воззрения славян на природу. – М., 1865-1969. Т1 – 3. -
Әскербекқызы Ж. Жылқының поэтикалық бейнеленуі // http://aqiqat.kazgazeta.kz/news/770 -
Кәпұлы Д. Бүлдірген ағып түскенше... Өлең – толғаулар. / Д. Кәпұлы. – Астана: Фолиант, 2011. – 144 б. -
Раушанов Е. Бозаңға біткен боз жусан. Алматы: Раритет, 2006. – 384 б.