Файл: Сабаты таырыбы Электр тізбегі жне оны рамды бліктері, ток кші, кернеу.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 19

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Электр тізбегі және оның құрамды бөліктері, ток күші, кернеу

Бөлім:

Тұрақты электр тогы

Педагогтің аты-жөні:

Джайгужина Нуржамал Маликовна

Күні:

12.01.23

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Электр тізбегі және оның құрамды бөліктері, ток күші, кернеу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.4.2.2 – электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану;

8.4.2.3 - кернеудің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру;

Сабақтың мақсаты

Электр тізбегі, электр тізбегінің белгіленулері жайлы біледі

Схемада шартты белгілерін қолдануда түсініп, қарапайым электр тізбегін құрастыру.

Кернеудің физикалық мағынасын білу, өлшем бірліктерін түсіндіре отырып, формуласын есептер шығаруда қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы

10 минут

Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім
10 минут

Бекіту


15 минут

Кері байланыс
Сабақтың соңы.

10 мин



Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

«Миға шабуыл » әдісі

Үй тапсырмасын сұрау. Оқушылар интербелсенді тақтадан кезектесе отырып жауап береді.

1. Денелердің электрленуі дегеніміз не?

2. Тізбекте ток жүру үшін қандай шарттар орындалуы қажет?

3. Өткізгіштегі электрондар қозғалысының бағыты қандай?

4. Бөгде күштер деп нені айтады?

5. Электр тізбегін қосу үшін ток көзінің рөлі қандай?

6. Ток көзін сипаттайтын шама қандай?

7. ЭҚК нің физикалық мағынасы қандай?

8. Электр энергиясын қалай түрлендіреміз?
«Джигсо» әдісі жеке жұмыс.

Тапсырма №1

Оқушылар өз тақырыптарына байланысты оқулықтағы мәтіндермен танысып, түсіндіру жасайды.


  • Кернеудің өлшем бірлігімен, формулаларын жіктеп түсіндіру




  • Ток күшінің өлшем бірлік, формулаларын жазып түсіндіру




  • Электр тізбегі және оның шартты белгілерін, қосу ережелерін түсіндіру


«Жеке жұмыс» әдісі

Тапсырма №2

  • Суретпен жұмыс жасаңдар.Белгілерді атап көрсетіңдер



  • Электр тізбегін жинау оның әр түрлі бөліктеріндегі кернеуді өлшеу






  • Электр тізбегін жинау оның әр түрлі бөліктеріндегі кернеуді өлшеу



«Кім тапқыр» әдісі (I) Тапсырма №3

Жеке жұмыс. Оқушылар деңгейлік есептерді шығарады.

1.Тұрмыста не себепті 220 В электр кернеуін пайдаланамыз

2. Кернеуі 3000В шаңсорғыш 0,5 сағат та қанша ток күші жұмсайды

3. I1 = 422 мА, I2 = 850 мкА, I3 = 0,7 А ток күштерін ампермен өрнектеңдер.

4. Ток күші 12 А болғанда, 9 Кл зарядты тасымалдау үшін қанша уақыт қажет?

5. Электр шамының ток күші 4000 А. Электр шамы 20 мин жұмыс жасағанда шиыршықтың көлденең қимасынан қанша электрон өткен? Элементар заряд e = 1,6 · 10–19Кл тең.

6.Электр сорғыту қондырғысының кернеуі 60 кВ. Су мен мұнай араласқан қоспаның кедергісі 20кОм болса, қоспа арқылы өтетін токтың шамасын есептеңдер

«Кім жылдам» әдісі жеке жұмыс (I)

Тапсырма №3

Оқушылар өлшем бірліктерді, құралдарды қалай есте сақтағанын тест арқылы байқау

Оқушылар өлшем бірліктерді, құралдарды қалай есте сақтағанын тест арқылы байқау

1.Кернеуді өлшейтін құралды ата?

А.Амперметр В.Спидометр С.Омметр Д.Вольтметр

2.Ток күшін өлшейтін құралды ата?

А. Динометр В. Амперметр С. Вольтметр Д.Омметр

3.Зарядтың өлшем бірлігі?

А. Ампер В. Кулон С. Джоуль Д. Вольт

4. Кедергіні өлшейтін құрал?

А. Амперметр В. Динометр С.Омметр Д.Вольтметр

5. Кернеудің өлшем бірлігі?

А. Вольт В.Ом С. Мерт Д. Ампер

6.Кедергінің өлшем бірлігі ?

А. Амперметр В.Спидометр С.Омметр Д.Вольтметр

Кері байланыс «Инсерт» әдісі

Инсерт әдісін пайдаланып, оқушылардың алған білімдерін қай дәрежеде екенін анықтап, оларға кері байланыс ұсынып, сол кемшіліктерді жоюға тырысамын

Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау

Электр тізбегі және оның құрамды бөліктері, ток күші, кернеу тақырыбын оқу, қосымша дереккөздерден ізденіп ой өрісін кеңейту.


Оқушылар мұғалім сұрақтары бойынша өз ойларын айтып түсіндіреді.

Оқушылары өз тақырыптарына байланысты оқулықтағы мәтіндермен тансып, түсіндіреді

Оқушылар электр тізбегі құрылған құралдарды жеке-жеке атап көрсетіп, талдайды.

оқушылар деңгейлік есешығарады. Әр оқушы жеке-жеке тапсырманы орындайды.

«Кім жылдам» әдісі арқылы оқушылар тез-тез құралдарды есте сақтауы бойынша тест тапсырмасын орындайды



Бағалау критерийлері

- Электр тізбегі, электр тізбегінің белгіленулері жайлы біледі;

- Схемада шартты белгілерін қолданып қарапайым электр тізбегін құрастыруды біледі

- Кернеудің физикалық мағынасын біледі, өлшем бірліктерін түсінеді. Формуласын есептер шығаруда қолданады.

4балл


Жеке жұмыс әдісі бойынша
3балл

Кім тапқыр әдісі бойынша

3балл


Кім жылдам әдісі бойынша

3балл

Жалпы балл 13



оқулық




Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: № 3 зертханалық жұмыс. «Электр тiзбегiн құрастыру және оның әртүрлi бөлiктерiндегi ток күшi мен кернеуді өлшеу»

Білім беру ұйымының атауы




Пәні:




Бөлім:

8.3 А Тұрақты электр тогы

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

3 зертханалық жұмыс. «Электр тiзбегiн құрастыру және оның әртүрлi бөлiктерiндегi ток күшi мен кернеуді өлшеу»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.4.2.4 – электр тізбегіндегі ток күші мен кернеуді анықтау;

8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау.Электр тізбегін дұрыс сызба бойынша құрастырады.

Көптеген оқушылар істей алады: Электр тізбегін құрып, ток күшін және оның әр түрлі бөлігіндегі кернеуді өлшейді.

Кейбір оқушылар істей алады: Электр тізбегін сызба бойынша құрып, дәлдікпен олардың бір бөлігінің құнын анықтайдыоның әр бөлігіндегі ток күшін және кернеуді өлшеп,қорытынды жасайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру

Сабақтың басы

10 минут

Жаңа білім

10 минут

Бекіту


15 минут

Кері байланыс

Сабақтың соңы

10 минут


1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Психологиялық ахуал

«Ыстық лебіз»

1.«Конверттегі сұрақ» әдісі арқылы зертханалық жұмысқа қажет құралдардың қызметін қайталап алу. Жеке жұмыс (I)

1.Тоқ күші деп нені атайды?Ол нені сипаттайды?

2.Вольтметр тізбекке қалай қосылады?

3.Мына шартты белгілердің атауларын сызып көрсет:

а)Кілт в)Амперметр с)Қыздыру шамы
1.Электр кернеуі деп нені атайды?Ол қандай бірлікпен беріледі.

2.Амперметр тізбекке қалай қосылады?

3.Мына шартты белгілердің атауларын сызып көрсет:

а)Генератор в)Реостат с)Вольтметр
1.Электр кернеудің формуласы қалай жазылады?

2.Электр заряды және уақыт арқылы тоқ күшін қалай өрнектеуге болады?

3.Мына шартты белгілердің атауларын сызып көрсет:

а) қосылған сымдардың түйісу в) гальвани элементі с)қысқыштар

Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі

Зертханалық жұмыстардың құрал-жабдықтарын көрсете отыра түсіндіру. №3 зертханалық жұмыстың мәтінін оқып, жұппен бірлесе отыра, талқылап, топпен жасайды .

Зертханалық жұмысты орындау.

Жұмыс тақырыбы:Зертханалық жұмыс №3Электр тізбегін құрастыру және әр түрлі бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу

Жұмыстың мақсаты:тоқ күші тізбектің әр түрлі бөлігінде бірдей екенін көрсету және кернеуді өлшеуді үйрену.

Құрал – жабдықтар: тоқ көзі,амперметр, вольтметр, қыздыру шамы,2 резистор,кілт,өткізгіш сымдар.

Жұмыс барысы:

1)Амперметр мен вольтметрдің шкалаларын қараңдар,бір бөліктерін құнын анықтаңдар:

2)191,192 және 193 суреттердегі сұлбалар бойынша электр тізбектерін жинаңдар.

3)Әр жағдай үшін амперметрдің көрсетуін кестеге жазыңдар.

4)Қорытынды жасаңдар.

5)Тоқ көзін,резисторды,қыздыру шамын және кілтті тізбектей қосып,электр тізбегін жинаңдар;

6)Тізбектегі тұйықтаңдар және әр резистордың ұштарындағы кернеулерді U U және екі резистордан тұратын тізбек бөлігіндегі кернеуді өлшеңдер

7) Жинаған тізбектің сұлбасын сызыңдар

8/U+U қосындысын есептеңдер және U кернеуімен салыстырыңдар

9)Қорытынды жасаңдар.

Жұмыстың мақсаты:_______

Құрал-жабдықтар: амперметр, вольтметр, ток көзі, тізбекті жалғауға арналған сымдар жиыны, қыздыру шамы немесе екі резистор, кілт.
1-тапсырма.

Тапсырманың мақсаты: Электр тізбегін жинау амперметр мен вольтметрдің бөлік құндарын есеп-теу

Жұмыс барысы:

  1. Ток көзі (батарея, акумулятор, т.б.) және электр тогын тұтынушылар (электр шамы, резистор, т.б.) кілт арқылы жалғағыш сымдар арқылы тұйықталып, электр тізбегін құрайды. Электр тізбегін құрастыру үшін, оның сұлбасын пайдалану керек. Ал электр тізбегінің сұлбасында ток көзінің, тұтынушының шартты белгілері қолданы-лады. Сол сияқты өлшеуіш құралдар амперметр мен вольтметрдің де шартты белгі-лері болады. Амперметр тізбекке тізбектей жалғанады және ток күшін өлшейді, ал вольтметр тізбеке параллель жалғанады және кернеуін өлшейді.



  1. Амперметрдің және вольтметрдің жүйеге қосылу клемаларын тексеріп, олардың өлшеу шегін жазыңдар. Іmax=______________ Umax =______________

  2. А мперметр мен вольтметрді стол бетіне қойып,

мұқият зерттеп, аспаптардың бөлік құнын анықтау ережесі бо-йынша, олардың бөлік құндарын есептеңдер.

а) Амперметр шкаласының бөлік құнын есептеу үшін, шкаланың сан мәндері көрсетілген көршілес екі белгіні тауып, үлкен мәнінен кішісін алып, алынған санды олар-дың арасында орналасқан бөліктер санына бөліңдер . І0=______________

б) Осылайша вольтметрдің шкаласының бөлік құнын анықтаңдар . U0 =______________

2-тапсырма..

Тапсырманың мақсаты Электр тізбегінің әр түрлі бөлігіндегі ток күшін өлшеу

Жұмыс барысы:



А
А




А

а ә б

Суреттегі сұлбалар бойынша, электр тізбегін құрастырыңдар.

  1. Әр жағдайдағы амперметрдің көрсетуін жазыңдар.

І1=______________ І2=______________ І3=______________

  1. Амперметрлердің көрсетуін кестеге жазып, қорытындысын талдаңдар.


3-тапсырма..

Тапсырманың мақсаты: Электр тізбегінің әр бөлігіндегі кернеуді өлшеу

Жұмыс барысы:

  1. С уреттегі сұлбалар бойынша электр тізбегін құрастырыңдар. Вольтметрді бірінші резисторға параллель етіп қосыңдар. Вольтметрдің плюс “+” контактісі ток көзінің плюс “+” полюсіне, ал вольтметрдің минус “-” контактысы ток көзінің минус “-” полюсіне жалғану керек.

  2. Құрастырылған тізбекті кілтпен тұйықтап, бірінші резистордағы вольтметр көрсетуі бойынша резистордың ұшындағы кернеуді анықтаңдар. U1 =______________

Т ізбекте кернеуді анықтаған соң, ток көзін өшіріңдер, яғни кілтті тізбектен ажыратыңдар.

  1. Вольтметрді екінші резисторға параллель етіп қосыңдар. Тізбекті тұйықтап, екінші резистордың ұшындағы кернеуді өлшеңдер.

U2 =______________

Ток көзін өшіріңдер. Ол үшін, кілтті тізбектен ажыратыңдар.

  1. В ольтметрді үшінші резисторға параллель жалғап, үшінші резис-тордың ұшындағы кернеуді анықтаңдар.

U3 =______________

Кілтті ажыратып, ток көзін өшіріңдер.


  1. Өлшеулер нәтижесін кестеге жазыңдар.

Бірінші шамдағы ток күші I1, A

Екінші шамдағы ток күші I2, A

Үшінші шамдағы ток күші I3, A

Бірінші шамдағы кернеу U1, B

Екінші шамдағы кернеу U2, B

Үшінші шамдағы кернеу U3, B




















Қорытынды.

а) Бірінші тапсырма бойынша не үйрендің?

б) Екінші тапсырма бойынша.

в) Үшінші тапсырма бойынша.
Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылар топ ішінде орындаған кестені бір-біріне оқып талқылайды.Әр топтан бір-екі оқушының кестесі оқылып сыныпқа жарияланады.
«Жеке практикалық жұмыс» әдісі. Оқушылар жеке жұмыс жасайды.

Оқушылар зертханалық жұмыс нәтижесін талдайды және өлшеу қателігін жазады.
Кім жылдам?»(I) әдісі. Сәйкестігін табу


Физикалық шама

Белгіленуі

Формула

Тоқ күші

U

q =It

Кернеу

I

A= Uq

Жұмыс

A

I =q\t

Заряд

q

U= A\q



«Синквейн» әдісі. Бес жолды өлең құрастыру.

Бірінші жолда- тақырып бір сөзбен беріледі(зат есім)

Екінші жолда-тақырып екі сөзбен сипаттау(сын есім)

Үшінші жолда-тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу(етістік)

Төртінші жолда-төрт сөзден тұратын бір сөйлем

Бесінші жолда-тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз.

1-топ:Амперметр

2-топ:Вольтметр

3-топ:тоқ көзі

Рефлексия: «Көңіл күй»

Оқушыларға үш түсті белгілер беріледі.

Қызыл түс – «Мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл–күйім жоқ.»

Көк түс - “Көңіл-күйім жақсы, сыныптастарымның көмегімен тапсырманы орындадым.”

Жасыл түс – «Мен бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл–күйім тамаша.»
Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау
«Электр тізбегінің адам өміріндегі қапжеттілігін білу" тақырыбында эссе жазу.



Оқушылар конверт ішіндегі сұрақтарға жауап беріп, зертханалық жұмысқа дайындығын тексереді.

Оқушылар өздеріне берілген қосымша-1 парағындағы нұсқаулыққа қарап зертханалық жұмысты орындайды.

Жасалған зертханалық жұмыстың нәтижесін талдап, құралдардың қателігін есептейді.


Физикалық шамалардың атауымен өлшем бірліктерін сәйкестендіреді.

Әр топ бұл әдісте бес жолды өлең құрастырады.

Сабақ бойынша өз ойларын қорытындалап жазады.



Бағалау критерийлері

-Физика кабинетіндеқауіпсіздік ережелерін біледі және анықтайды.

-Элек тртізбегін құрастыруда шартты белгілерді қолданады,бөлік құнын есептеу арқылы прибордың көрсетулерін анықтайды

Дескриптор:

-Ток күші, кернеу ұғымдарын біледі.

-Өлшейтін құралдардың тізбекке жалғануын біледі.

-Құралдардың шартты белгілерін көрсетеді.

Жалпы балл-4


Дескриптор:

1.Зертханалық жұмыс бойынша алынған нәтижелерді қорытындылайды.

2.Өлшеу қателігін анықтайды.

Жалпы балл-2

Дескриптор:

-Физикалық шамалардың атауын белігеленуін, формуласын сәйкестендіреді

Жалпы балл-2



Жалпы бағалау критерийлер бойынша 10 балл

Дескриптор:

1.Электр тізбегінің адам өміріндегі пайдасын біледі.

2.Өмірде қолдана алады.




Құрал

ж абдықтар, суреттер
Конверт ішіне салынған сұрақтар


Ток көзі, вольтметр, амперметр, кілт, резизтор, өткізгіш сымдар




Әр түсті

жапырақ

тәріздес

стикерлер





Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы:Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi, реостат

Білім беру ұйымының атауы




Пәні:




Бөлім:

8.3 А Тұрақты электр тогы

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi, реостат

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.4.2.7– кедергінің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру;

8.4.2.8 – есеп шығарғанда өткiзгiштiң меншiктi кедергiсiнің формуласын қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Өткізгіштің кедергісі жайлы мағлұмат алады, оның өлшем бірлігін түсіндіреді

Көптеген оқушылар істей алады: Өткізгіштің меншiктi кедергісінің формуласын есептер шығаруда қолданады

Кейбір оқушылар істей алады: Формуланы түрлендіре алады, деңгейлік тапсырмаларды орындайды

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру


Сабақтың басы
10 минут


Жаңа білім

10минут

Бекіту
15 минут


Кері байланыс

Сабақтың соңы.
10 мин
Бағалау


Үй тапсырмасы


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау кезеңі

«Мінсіз шеңбер» әдісі

  1. Электр тогы дегеніміз не?

  2. Қандай құрылғыларды ток көздері деп атайды?

  3. ЭҚК дегеніміз не?

  4. Ток күші деп нені айтады?

  5. Электр кернеуі деп нені айтады?

  6. Кернеуді қандай құрылғымен өлшейді?

Ой қозғау. Кедергінің физикалық мағынасы қандай?Оқушылар жұпта талқылайды, ал мұғалім оладың назарын бүгінгі сабақтың мақсатына қарай аударады.
I.Оқушылар зерттеушілік дағдысын дамыту үшін жұпта тәжірибе жасайды. Ток көзі, амперметр, кілт, шамнан тұратын тізбекке әр түрлі материалдардан жасалған өткізгіштерді жалғаймыз.


1) Темірден жасалған өткізгішті қосамыз:



Бұл кезде тізбектегі ток күші 3 А ге теӊ болды.

2) Мыстан жасалған өткізгішті қосамыз:



Бұл кезде тізбектегі ток күші 1 А ге теӊ болды.

3) Никельден жасалған өткізгішті қосамыз:



Бұл кезде тізбектегі ток күші 0,5 А болды.

Бұл тәжірибе бойынша, тізбектегі кернеу тұрақты болған кезінде ток күші тізбекке қосылған өткізгіштіӊ қандай материалдан жасалғанына тәуелді екендігіне көз жеткіздік.

Оқушыларға сұрақ қойылады: Қайсы өткізгіштіӊ токқа көп кедергі жасады?
Жеке жұмыс (I) «Кім жылдам» әдісі

Жеке жұмыс (I) Есептер шығару

  1. Ұзындығы 50 м, кедергісі 0,5 Ом болатын мыс өткізгіштің көлденең қимасының ауданы неге тең?

  2. Көлденең қимасының ауданы 0,5 мм2 болатын никелин никелин өткізгішінен жасалған реостаттың кедергісі 21 Ом болатын болса, оның ұзындығы неге тең?

  3. Ұзындығы 5 км, көлденең қимасының ауданы 0,85 мм2 мыс өткізгішінің кедергісі неге тең?

  4. Суретте үш түрлі өткізгіштегі ток күшінің кернеуге тәуелді графиктері берілген. Әр өткізгіштің кедергісін тап.



  1. Ұзындығы 2 м, көлденең қимасының ауданы 0,3 мм2 болатын қорғасын өткізгіштегі ток күші 2 А-ге тең болу үшін оған қандай мөлшердегі кернеу түсіру керек?

  2. Ұзындығы 400 м, ұштарындағы кернеуі 5 В, ток күші 0,05 А болатын мыс өткізгіштің көлденең қимасының ауданы қандай шамаға ие болуы керек?


III. Сабақты бекіту. Оқушылар қолдану дағдысын дамыту үшін кедергі мен меншікті кедергі формуласын қолданып есептер шығарады

1.Ұзындығы 8 м никелин сымының көлденең қимасының ауданы 0,08 мм2. Егер сымның ұштарындағы кернеу 120 В болса, сым арқылы қандай ток күші өтер еді? .

Жауабы: 3 А

2.Көлденең қимасының ауданы 1 мм2 никелин сымы арқылы 2,25 А ток өтеді және өткізгіштің ұштарындағы кернеу 45 В, сымның ұзындығы неге тең? . Жауабы: 50 м

Жауабы: 1,5 В

Рефлексия: Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.
Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критерийлері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау
Физика және астрономия. 8-сынып.

§38. 18 –жаттығу, 1,2-есеп

Оқушылар өткен тақырып сұрақтарына жауап беру арқылы есіне түсіреді

Бағалау критерийлері
-Өткізгіштің кедергісі жайлы мағлұмат алады, оның өлшем бірлігін түсіндіреді

-Өткізгіштің меншiктi кедергісінің формуласын есептер шығаруда қолданады

-Формуланы түрлендіре алады, деңгейлік тапсырмаларды орындайды


Дескриптор:

-Ток көзіне өмірден мысал келтіреді.

-Формулаларды түрлендіреді, қорытады.


Дескриптор:

-Өткізгіш кедергісі оның жасалған материалына, ауданына, ұзындығына тәуелді екенін анықтайды.

-Өткізгіш жасалған материалдың тегіне қарай, кернеуі мен ток күші өзгереді.
Жалпы балл-5
Дескриптор:

-Кедергініӊ физикалық мағынасын біледі;

-Кедергініӊ өлшем бірлігін біледі;

-Өткізгіштіӊ кедергісін анықтайды;

Жалпы балл-2

Дескриптор:

-Ом заңын біледі;

-меншікті кедергі формуласын біледі;

-ток күшін анықтайды;

-сымның ұзындығын анықтайды;

-кернеудің мәнін анықтайды.

Жалпы балл-3

Жалпы бағалау критерийлер бойынша 10 балл





ДК экран

Слайд

ДК экран

Слайд
Ток көзі, амперметр, вольтметр, кілт, шам, әр түрлі материалдан жасалған өткізгіш сымдар.

Оқулық дәптер

Үлестірме қағаздар




Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: № 4 зертханалық жұмыс. «Тiзбек бөлiгi үшiн ток күшінің кернеуге және кедергіге тәуелділігін зерттеу»

Білім беру ұйымының атауы




Пәні:




Бөлім:

8.3 А Тұрақты электр тогы

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

4 зертханалық жұмыс. «Тiзбек бөлiгi үшiн ток күшінің кернеуге және кедергіге тәуелділігін зерттеу»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.4.2.5 –сипаттамасын графикалық түрде бейнелеу және түсіндіру;

8.1.3.1 – эксперименттен деректерді жинақтау, талдау және қателіктерін ескеріп жазу

8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Тұрақты температурада металл өткізгіштің вольт – амперлік сипаттамасын беретін эксперименттің нәтижелерін түсіндіреді және қателіктерін ескеріп жазады;

Көптеген оқушылар істей алады: Эксперименттен деректерді өлшейді, жинақтайды, талдайды және қателітерін ескеріп жазады;

Кейбір оқушылар істей алады: Тәжірибе нәтижесіне сүйеніп, ток күшінің электр тізбегі бөлігінің кедергісіне тәуелділік графигін сызады, салыстырмалы және абсоюлттік қателіктерін табады;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру


Сабақтың басы

10 минут

Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім
10 минут

Бекіту
15 минут

Кері байланыс

Сабақтың соңы.
10 минут


Бағалау


Үй тапсырмасы



Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

«Ойлан-жұптас-топтас» әдісі арқылы үй тапсырмасын қайталау.



1. = I · t



2. А = ·



3. = / R



4. U= /



5. =ρ·l /

Жұмыс орындау кезеңі

Әдісі: Жеке жұмыс (I) . Ашық және жабық сұрақтар. Тұрақты температурада металл өткізгіштің вольт–амперлік сипаттамасын графикалық түрде бейнелеу және түсіндіру

1-тапсырма. Амперметр мен вольтметр шкалаларының құнын және өлшеудің аспаптық санақ қатесін анықтаңдар.

2-тапсырма.Сұлба бойынша электр тізбегін жинаңдар.

Тәжірибе 1. Ток күшінің кернеуге тәуелділігін зерттеу (кедергі тұрақты R=const). Тізбекті тұйықтап, ток көзіне қосыңдар. Реостаттың жәрдемімен кедергісі 2 Ом резистордың ұштарындағы кернеуді 1В, 2В және – қа жеткізе отырып, әр жолғы амперметр мен вольтметрдің көрсетулерін кестеге түсіріңдер.

1 кесте

Кернеу, В










Ток күші, А












3-тапсырма.Тәжірибе нәтижесіне сүйеніп, ток күшінің кернеуге тәуелділік графигін сызыңдар да қорытынды жасаңдар.

Тәжірибе 2. Ток күшінің тізбектің бөлігіндегі кедергіге тәуелділігін зерттеу (кернеу тұрақты: C=const)

4-тапсырма. Электр тізбегіне кедергісі 1 Ом, 2 Ом және 4 Ом болатын резисторды кезекпен қосып, әр жолы реостаттың жәрдемімен олардыңұштарындағы кернеуді 2 В-қа теңестіріп отырыңдар. Әр кедергіге сәйкес амперметрдің көрсеткен ток күшін төмендегі 2 кестеге түсіріп жазыңдар.

2 кесте

Тізбек бөлігінің кедергісі, Ом










Ток күші, А











5-тапсырма. Тәжірибе нәтижесіне сүйеніп, ток күшінің электр тізбегі бөлігінің кедергісіне тәуелділік графигін сызыңдар да қорытынды жасаңдар.

Тапсырма: Өлшеу нәтижелері бойынша ток күшінің кернеуге тәуелділік графигін тұрғызып, сол функцияға сипаттама беріңдер.

Әр жұп графиктерімен таныстырады
Рефлексия (кері байланыс) «Алақан» әдісі арқылы

Бас бармақ – керемет әрі қызықты болды!

Екінші бармақ – осыған көңіл бөлу керек.

Ортаңғы бармақ– менде қандай қиындықтар болды?

Төртінші бармақ – бұл жерде орта...

Кішкентай бармақ– бүгін мен не білдім, қандай тәжірибе жинақтадым?
Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критерийлері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау
 «Электр тоғынсыз Жер» тақырыбына эссе жазу (қалауы бойынша)


Мұғалім берген қосымша-1 нұсқаулығымен танысып, оқушылар зертханалық жұмысты жасайды. Электрлік құралдармен жұмыс жасағанда техника қауіпсіздік ережесін есте сақтайды.

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша алған әсерлерін алақан әдісі өз ойларын жеткізеді.



Бағалау критерийлері

-Тұрақты температурада металл өткізгіштің вольт – амперлік сипаттамасын беретін эксперименттің нәтижелерін түсіндіреді және қателіктерін ескеріп жазады;

-Эксперименттен деректерді өлшейді, жинақтайды, талдайды және қателітерін ескеріп жазады;

- Тәжірибе нәтижесіне сүйеніп, ток күшінің электр тізбегі бөлігінің кедергісіне тәуелділік графигін сызады, салыстырмалы және абсоюлттік қателіктерін табады;


Дескриптор:

-Өткен сабақ формуласын есте сақтайды.

-Формуланы түрлендіре алады.
Дескриптор:

-Тұрақты температурада металл өткізгіштің вольт – амперлік сипаттамасын графикалық түрде бейнелейді және түсіндіреді

Жалпы балл-4


Дескриптор:

-Белгіленуін, өлшем бірлігін дұрыс жазады.

- Тәжірибенің мазмұнын түсінеді.

- Формуланы дұрыс пайдаланады.

- Қажетті формуланы қолданып нәтижесін шығара алады.

- Тәуелділік графигін салады

Жалпы балл-6
Жалпы бағалау критерийлер бойынша 10 балл



ДК экран
Салайд


Интербелсенді тақта

Алақан суреті бар қағаздар





Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы


Білім беру ұйымының атауы




Пәні:




Бөлім:

8.3 А Тұрақты электр тогы

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.4.2.6 – тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолдану;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Кедергі, кернеу және ток күшінің байланысын біледі.

Көптеген оқушылар істей алады: Тізбек бөлігі үшін Ом заңын графиктік және сандық есептерде қолданады.

Кейбір оқушылар істей алады: Ом заңын, Ток күшінің, кедергінің формуласын есеп шығаруда қолданады

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы

10 минут

Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім

10 минут

Бекіту

15 минут

Кері байланыс

Сабақтың соңы.
10 минут


Бағалау


Үй тапсырмасы


Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушылардың шапшаңдығын және теориялық материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін ауызша сұрақтар беріледі.

Тапсырма "Иә" немесе "жоқ"

  1. Аттас заряттар бір-бірімен тартылама ма? (жоқ)

  2. Ток күшінің өлшем бірлігі омметр. (иә)

  3. Электр кернеуін өлшейтін құрал амперметр (жоқ)

  4. Ток күшін өлшейтін құрал амперметр (иә)

  5. Электр тогының магниттік әсері болама ма? (иә)

  6. Әр аттас заряттар бірін-бірі тебеме? (жоқ)

  7. Электр кернеуінің өлшем бірлігі Ом (жоқ)

  8. Электр кернеуінің өлшем бірлігі вольт (иә)

  9. Кедергіні R-әрпімен белгілей ме? (иә)

  10. Кедергінің өлшем бірлігі секунд (жоқ)

  11. Кедергіні өлшейтін құрал реостат (иә)

  12. Электр тогының химиялық әсері болама ма? (иә)


Жауаптарын мұғалім айтады, оқушылар өзара бағалау жүргізеді.Оқушылардың жауаптарына мұғалім кері байланыс жасайды.
2) Ой қозғау. Ток күші кернеуден қалай тәуелді? Ток күші басқа қандай шамаға тәуелді болады?

Оқушылар өткен сабақтағы зертханалық жұмыс нәтижесін қолданып, Ом заңын тұжырымдайды.
Қолдану дағдысын дамыту үшін, оқушылар Ом заңын қолданып жұпта «Деңгейлік есептер » шығарады.

Тапсырмалар:

1. Кернеу 220 В, ток күші 0,25 А болғанда, өткізгіш кедергісі қанша?
2. Электр үтігі 220 В желіге қосылған. Үтіктің қыздыру элементінің кедергісі 50 Ом болса, ондағы ток күші қандай?
3. 30 Ом өткізігіштің ток күші 0,6 А, ұштарындағы кернеуін анықтаңыздар.

4. Суретте екі өткізгіш үшін ток күшінің кернеуге тәуелділік графигі берілген.Қай өткізгіштің кедергісі үлкен?



5. Суретте үш өткізгіш үшін ток күшінің кернеуге тәуелділік графигі берілген. Әрқайсының кедергісін анықтаңдар



6. Кедергілері 5 және 15 Ом болатын екі өткізгіш үшін ток күшінің кернеуге тәуелділік графигін сызыңдар

7. Тізбектің бір нүктесінен екінші нүктесіне 120 Кл зарядт тасымалдау үшін 8 мин ішінде 600 Дж жұмыс атқарылды.Тізбектегі ток күші мен кернеуді анықтаңдар.

8. Өткізігіштің ұштарындағы кернеу 15В. Егер 20с ішінде 150 Дж жұмыс атқарылса, өкізігіштегі ток күші қандай?

Әр оқушы өзін-өзі тексереді, оқушылар өзара кері байланыс жасайды
Рефлексия: (пойыздың вагондары сабақтың кезеңі )


Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критерийлері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау
§38 оқу 18- жаттығу

Оқушылар үй тапсырмасын қайталау сұрақтарына «иә» немесе «жоқ» деп тез-тез жауап береді.

Оқушылар Ом заңы және оған тәуелді шамалар туралы оқулықтан ізденіп, танысып, өз ойларын айтады.

Оқушылар жұптасып деңгейлік есептер шығарады.



Бағалау критерийлері
-Ток күшінің кернеуден және кедергіден тәуелділігін сипаттайды;

-График бойынша кедергіні анықтайды;

-Есеп шығаруда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданады.

Дескриптор:

-Заряд, оның түрлері және әсері туралы біледі

-Кернеу. Кедергі, ток күші ұғымдары жайлы біледі.

Жалпы балл-2

Дескриптор:

-Ом заңын біледі және қолданады.

-Кедергілерді салыстырады.

-Ток күшінің кернеуге тәуелділік графигін сызады.

-Ток күшін және электр кернеуін біледі және қолданады.
Жалпы балл-8


Жалпы бағалау критерийлер бойынша 10 балл


ДК экран

Оқулық

Слайд

Таратпа материал


Оқулық слайд

дәптер

Стикерлер