Файл: Бала миыны дамуы шін оны міріні алашы жылдары неліктен те маызды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.05.2024

Просмотров: 911

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сүйіспеншілік дегенді махаббат деген мағынада айтып тұрған болсаң, онда адамзат өркендемейді, көбеймейді, тұқымы құриды.

Достық, адамзаттың бір-біріне бауырмалдығы деген мағынада айтар болсаң жер бетінің халықтары бір- бірімен қырғи қабақ болып, жақтырмай, пиғылдары өзгеріп, сан құбылар еді.  Адам бойындағы барлық ізгі қасиеттер жойылар еді.

56

Қазіргі уақытта әлеуметтік желі өміріміздің бір бөлшегіне айналды. Кей адамдар смартфон немесе планшет арқылы әлеуметтік желіге кіріп, кітап оқу, теледидар көру, радио тыңдаудан да көбірек уақытын жұмсайды. Бұл қызмет қызығушылықтары сәйкес келетін топтардың бірігуіне мүмкіндік береді. Бұрынғы сыныптастарын тауып алады, жаңа адамдармен достасады, солармен пікір алмаса отырып көп уақытын осы желіде өткізеді. Әлеуметтік желінің пайдалы және залалды тұстары бар. Пайдалы тұстарына келсек, ол қашықтағы басқа қаладағы, алыс елдегі адамдармен, таныстарыңызбен жедел тілдесуге оңтайлы құрал. Өзара пікір ғана алмасып қоймай, өміріндегі жаңалықтарымен, суреттерімен бөліседі. Интернеттегі қызықты жаңалық, сайттар, кітаптар, кинолардың сілтемелерін ұсынады. Әлеуметтік желі арқылы танысып, отау құрып жатқандар аз емес, осы құралды пайдаланып жұмыс іздеу, табу да жеңілдеді... Енді залалды деген тұстарына тоқтала кетсек. Кей адамдардар виртуалды өмірдегі таныстыққа беріліп кеткендігі соншалықты, отбасы мүшелерімен, әріптестерімен, достарымен аз тілдесіп, оларды тіпті байқамай қалуы мүмкін. Осыған қатысты жағдайды мына әзіл дөп береді. «Бүгін жарық өшіп қалды, отбасымызбен бірге отырып әңгімелестік, туыстарым жақсы кісілер екен», депті біреу... Кейбір жастардың көп уақыты желіде өткен соң, жұмысы, оқуы кейінге қалып ақсай бастайды. Осыдан бас тартып, уақытын үнемдей алу, тәуелділіктен арылу желі пайдаланушысына оңайға соқпайды. Бұл да адамның өзін өзін ұстауына, жеке тәрбиесіне, тәртібіне байланысты. Желіні пайдаланушылар да біркелкі емес. Олардың арасында негатив таратушы, өмірден түңілгендер аз кездеспейді. Сондықтан әлеуметтік желіні өлшемді пайдаланып, осы құрал ұсынатын пайдалы жақтарын өз қажетімізге жаратуға бейім болу керек дейді, тәжірибелі пайдаланушылар. Достардың бөліскен пайдалы кеңестер, жазбалар, сілтемелерін егер өзіңіз уақыт жұмсап іздесеңіз қаншама күннің сарп болатынын есептеп шығу қиын емес. Айталық, досыңыз сілтемесін бөліскен қызықты кітаптың, киноның дүниеде бар-жоқтығынан бейхабар болғандығыңызды еске алсаңыз да жеткілікті. Бұл - әлеуметтік желінің жақсы тұстарының бірі. Оның білімді-білікті жетілдіруге, оқуға бағыттау - біздің міндетіміз. Әлеуметтік желі - коммуникация құралы. Алайда бізге неге етене жақын болып шықты? Несімен баурап алды? Сөйтсек оның астарында да терең психологиялық реңк бар болып шықты. Мысалы, осы мәселені зерттеуші ресейлік ғалым Александр Прохоровтың зерттеуіне қарасақ, түрлі әлеуметтік желіні қолдануды америкалық психолог Маслоудың сұраныс пирамидасы арқылы қарастыруға болады. Олардың қатарында, адамның пікір айтуы, өзін танытуы, өзгелерге сыйлата білуі, өзіне сенімді болуы, достардың болуы, туыстық қатынас, сыйластық, қауіпсіздік тағысын тағы деп жалғастыра беруге болады. Яғни, әлеуметтік желі тек қатынас құралы ғана емес, адамның өзіндік келбетін қалыптастыру, өзін өзгелерге таныту және жұртпен білетінін бөлісу алаңы. Сонысымен де құнды. Ендеше оны жақсы тұстарын қажетіне жарату әркімнің өз еркіндегі дүние екендігін көреміз.

57

Қазіргі таңда қоғам өмірін ғылым мен техникасыз көзге елестету мүмкін емес.

Ғылым-бұл қоғам, табиғат және ойлау қабілеті туралы жаңа білімді алу үшін бағытталған зерттеу әрекетінің сферасын айтады. Ерекше адамзат тобының арнайы және физикалық сабақ түрінің әрекеті, сонымен қатар дұрыс еңбек ізінен және еңбектің қоғамдық бөлімдерінен ғылым туады. Ірі көлік өндірісінің шығуы, ғылымда өндірістің өзіне беделді факторларының жағдайын құрайды.

Ғылым философиясы ғылыми білімнің сипаттамасын, табиғатын, жағдайын ашуды міндет етіп қояды. Ғылым философиясының пәні болып ғылыми білімді қалыптастырушы ерекше қызмет ретіндегі ғылыми танымның жалпы заңдылықтары мен бағдарлары табылады.

Ал ғылыммен тығыз байланысты екінші «техника» ұғымын қарастыруға болады. Гректің «техне» деген сөзі алғашқыда «өнер», «шеберлік» деген мағынада қолданылды. Бүгінгі таңда «техника» деп барлық қоғамның салаларында қолданылатын неше түрлі құралдарды айтамыз. Ф.Энгельсті еске алсақ, адамның өзі-ақ еңбек құралдарын жасау арқылы жануарлардан бөлініп, саналы пендеге айналған жақ па? Егер жануар айнала қоршаған ортаға өз дене мүшелерін жетілдіру арқылы бейімделсе, адам, керісінше, өз дене мүшелерінің жалғасы ретінде неше түрлі жасанды заттарды жасайды да, оларды табиғат пен өзінің екі ортасында орналастырып қоршаған ортаны өзгертеді. Егерде жануардың дене мүшелері белгілі бір оның өміріне керек қызметті істеуге мыңдаған жылдар бойы бейімделіп, өзінің мәресіне жетсе, адамдікі жетілген болмасада, өзінің жан-жақтылығымен көрінеді.

Мыңдаған жылдар бойы ғылым ұрықтары философияның ішінде пайда болып дамыды. Математиканың (геометрия) негіздері жер өлшеу, су каналдарын өткізу т.с.с., астрономия көшіп-қонудағы аспанға қарап бағыт алудан, Орта ғасырлардағы алхимия байлықты өсіру (қорғасынды алтынға айналдыру) іс-әрекетінен пайда болды. Дегенмен де бүгінгі ғылым өз түп-тамырларымен Жаңа дәуірге, яғни капитализмнің тарихқа келуімен байланысты дүниеге келеді. Оның Отаны – Еуропа топырағы. Егер Батыс пен Шығыс елдерінің даму қарқыны мыңдаған жылдар бойы біркелкі болса, ХVI ғасырдан бастап Еуропа ғылыми зерттеулерді дамыту барысында тез қарқынмен алға өрлей бастайды. Шығыс елдері ғылыми-техникалық салада артта қалады.

Бүгінгі таңда күнбе-күнгі өмірде «технология» деген ұғымды да көп пайдаланып жүрміз. Қарапайым сананың деңгейінде «техника» мен «технология» ұғымдары бір мағынада қолданылады. Алайда бұл ұғымдардың бір-бірінен айырмашылығы бар екенін байқаймыз. Егер техникаға неше түрлі заттардан жасалған құралдарды жатқызсақ, технологияға белгілі бір жасанды затты, я болмаса құбылысты жасау жолындағы әдістерді, олардың бірінің соңынан бірі келетін тәртібін айтамыз. Олай болса, алғашқы «шеберлік» деген мағынаға тағы да қайтып келдік. Жоғарғы дәрежедегі технологияның негізінде жасалып шығарылған заттың сапасы биік болады.



Бүгінгі таңда дамыған елдерде көп өндіріс ошақтарында автоматтандырылған цехтар жиі кездеседі. Мысалы, автомобильдерді шығаратын зауыттарда, машина қорабын жасау, оны бояу, т.с.с. жұмыс түрлері автоматтар мен роботтарға берілген.

Солай келе компьютерлік техника дамып, көп жағдайда бүгінгі таңда олар ақпаратты таңдап алу, оларды бір жүйеге келтіру, түр-түрге бөлу, т.с.с істермен айналысып, өндірістегі шешімдерге келуге, оларды іске асыруға көмектеседі.

Сонымен тарихи адамның негізгі еңбек функциялары бірте-бірте машиналарға беріліп, олар қоғам өмірінде елеулі рөлге ие болды.
Соңғы жылдардағы ғылым мен техниканың дамуы «үлкен жарылысты» еске түсіреді. Бүгінгі таңдағы өндірістегі автоматикалық зауыттар, бүкіл дүние жүзін қамтыған интернет жүйесі, теледидар, үялы телефондар, 2,5 дыбыс жылдамдығына жеткен ұшақтар (Конкорд), Ғарышта орналасқан станциялар мен жер серіктері т.с.с. қазіргі ғылым жетістіктеріне негізделген.

Осы жетістіктерге таңырқап, сүйсіне қараған ойшылдар болашақта адамзаттың барлық қайшылықтары ғылымның даму негізінде шешіледі деген көзқарас ұстады. Мұны біз сциентистік (scientia — лат. сөзі, ғылым), я болмаса техно — оптимистік көзқарас дейміз.

Техника философиясы – бүгінгі әлемдегі техника феноменінің философиялық методологиялық және дүниетанымдық мәселелерін арнайы зерттейтін бағыт. Оның негізгі мақсаты – техниканы, оның дамуын біртұтас құбылыс ретінде қарастыра отырып, техникалық іс - әрекеттің мәнін ашу, техникалық мәдениетпен, саясатпен, адам іс - әрекетінің басқа да түрлерімен байланысын анықтау.


Техника адам өмірін жеңілдету және кеңейту, дамыту қажеттілігінен пайда болды.

Техника болмысы туралы білім XIX ғасырда қалыптасты. Техника философиясының техника – болмыс қатынасын арнайы зерттейтін бөлімі техника онтологиясы, ал техника – адам қатынастарын қарастыратын бөлімі техника антропологиясы деп аталады.

Техникалық білімнің негізгі ерекшелігі – оның нысаны табиғи емес, жасанды сипатта болуы. Техникалық құрылымдар адамның қолымен жасалынады, бұл процессте оның жан – жақты мүмкіндіктері кеңінен қолданыс табады. Бір адам техникалық құрылымның жобасын сызады, екіншісі оны өндірудің технологиясын жасайды, үшіншісі оны өндіреді. Ал төртіншісі онымен тікелей жұмыс жасайды. Бұлардың әрқайсысы белгілі бір саладағы арнайы білімді игерген адамдар. Физика, химия, механика, технологиялық білімдер болмаса техниканың дүниеге келуі мүмкін емес. Бұған техникалық білімнің жақында ғана қалыптасуының өзі айқын дәлел бола алады.


Ғылыми – техникалық революция ұғымы ғылым мен техникада пайда болған сапалық өзгерістерді білдіреді. Оның басталуы XX ғасырдың 40 жылдарына сай келеді.

Ғылыми – техникалық революция еңбектің сипатын мағынасын, өндіргіш күштердің құрылымын, қоғамның кәсіптік және салалық құрылымын өзгертеді, еңбектің өнімділігін арттырады, қоғамның барлық жағына әсер етеді.

XX ғасырдың 50 жылдарынан бастап ғылыми – зерттеулерде, өндірісте, басқару, ұйымдастыру саласында электронды – есептегіш машиналар кеңінен қолданыла бастады. Информатиканың, есептеу техниканың, микро процессорлар мен работотехниканың дамуы өндіріс пен басқарудың кешенді автоматтандандырылуына жол ашты.

Ғылым дамуының қазіргі кезеңдегі философиясы — дүниетанымдық базасы диалектикалық-логикалық тұжырымдама болып табылады.

Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16–18 ғ-лардағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс негізінен эмпирикалық тәжірибені, кәсіби құпияны қорландырып, машық-тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғыл.-теор. таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ ол теологиялық-схоластикалық қасаңдыққа қамалып, өндірістік амалшараларға ұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады.

16 ғ-да адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі мануфактураларға ие болуы бірнеше келелі міндеттерді теор. және тәжірибелік тұрғыдан шешу қажеттігін алға тартты. Нақ осы кезде ғылым Қайта өркендеу дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады. Шығыс жұртының компасты, оқ-дәріні ойлап табуы және кітап басу тәсілін меңгеруі ғыл. және тех. қызметтердің берік одағын құруға жетелеген ұлы жаңалықтар болды. Жалпы, бұл – ғылыми-техникалық прогресстің бірінші кезеңі саналады. Кейінгі кезеңдерде ұлғая түскен мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су диірменін пайдалану әрекеті кейбір мех. процестерді теор. тұрғыдан зерттеуге жетеледі. Тісті дөңгелектер қозғалысының теориясы, науа теориясы, су қысымы туралы, қарсыласу мен үйкелу туралы ілімдер пайда болды. Яғни, мануфактуралық кезең ірі өнеркәсіптің бастапқы ғыл. және тех. нышандарын дамытып, Г.Галилей, И.Ньютон, .Торричелли, кейін Д.Бернулли, Э.Мариотт, Ж.Л.Д’Аламбер, Р.А.Реомюр, Л.Эйлер, т.б. ғалымдар тарихқа «өндіріс қызметшілері» деген атпен енді. 18 ғ-дың соңында машина өндірісінің пайда болуына математиктердің, механиктердің, физиктердің, өнертапқыштар мен шеберлердің үлкен бір тобының ғыл.-тех. жасампаз іс-әрекеттері негіз қалаған еді. Дж. Уаттың бумен жүретін машинасы конструкторлық-тех. ізденістің ғана емес, «ғылымның жемісі» саналды.


58

Адам өмірі табиғатпен тығыз байланысты. Адам табиғатты  аялап, қамқорлап, туған жерге сүйіспеншілікпен қарауы тиіс.

  Адам табиғат сұлулығынан,  әдемілігінен, әсемдігінен бойына  қуат, көңіліне шуақ алып, аса  зор іңкәрлік сезімге бөленеді.

Өзін – өзі тану сабақтарын табиғат аясында ұйымдастыру  ерекшеліктері,табиғат құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

адам мен табиғаттың үйлесімдігі, табиғаттың тылсым құдіреті, оның адам тіршілігіне әсер-ықпалы туралы ұғымдарын кеңейту.

Табиғат тылсымына бір  сәт көңіл аударып, оған мән беретін  болсақ, өзара үйлесім тапқан алуан  түрлі құбылыстардың біртұтастығын  байқайсың. Табиғат тылсымын түсiнген адам қоршаған әлемдi құрметтеуге, сырын  ұғуға құштар болады.

Табиғаттағы арайлап атқан  таң, қызарып батқан күн, жүйткіген  бұйра бұлттар, сан құбылған сағым, жарқыраған құйрықты жұлдыз, барқыт түндегі  елестер, әнші құм, биші қайың тәрізді  құпия сырлы тылсым дүниеге толы болып келеді. Осынау таңғажайып құбылыстар – табиғаттың ең тамаша сыйы. Табиғат  суреттері адам жанын нәзік сезімге  бөлеп, бүкіл өмірді көз алдыңа жайып  салады.

Тілсіз табиғаттың тылсымын түсініп, оны аялау, қорғау және көркейту –  әрбір адамның міндеті әрі  борышы. Себебі, табиғат пен адам – егіз ұғым.Табиғаттың  осындай  бүкіл  сұлулығы мен  байлығын  болашақ  ұрпақ  үшін  сақтау – Жер бетінде  өмір сүріп  жатқан  адамдардың  міндеті.Балалар  әрқашан да және  барлық  жерде  табиғатпен   қандай  да  болсын  белгілі бір  қарым-қатынаста  болады. Орманда, көгалда, өзеннің  немесе  көлдің  жағасында   ойнау, саңырауқұлақтар, жидектер,  гүлдер  теру, жануарлар  мен  өсімдіктерді  күту  және бақылау  балаларға  шексіз қуаныш  әкеледі.Табиғатқа  үңіле  қараудан, балалар  ойнайтын  орындарға  құштарлықтан  өз  өлкесіне,  туған  табиғатына, Отанына  деген  сүйіспеншілігі пайда  болып, жетіле  түседі, патриоттық  сезімге  тәрбиеленеді. Табиғаты  шын мәнінде  қандай  болса, сол қалпында  көріп,  еститін  бала кездегі ептілік- балалардың  оған  деген  қызығушылығын  арттырады, білімін  кеңейтеді, мінез - құлқын, ынта - ықыласын қалыптастыруға  ықпал  етеді. 

Табиғат пен адам, егіз әлем ретінде, бірін-бірі күтуге, аялауға  міндетті. Олар бір-біріне сый, құрмет жасауға тиіс болса, сол сыйластықтың және бір түрі – адамның табиғатқа деген пейілі.

Адам – табиғат перзенті. Ол суға, жерге, айға т.б. оларды жаратқан тәңірге табынады, жалбарынады. Жазушы А.Байтанаевтың: «Жұлдызды қайдан ұстауға  болады?» деген әңгімесіндегі  кішкентай Беріктің атасының сөзіне назар айдарайық.