Файл: Бала миыны дамуы шін оны міріні алашы жылдары неліктен те маызды.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.05.2024
Просмотров: 912
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қауіпсіздік саясаты — мекеменің ақпаратты қалайша өңдейтінін, қорғайтынын және тарататынын анықтайтын заңдар, ережелер және тәртіп нормаларының жиыны. Бұл ережелер пайдаланушының қайсы кезде белгілі бір деректер жинағымен жұмыс істей алатынын көрсетеді. Қауіпсіздік саясатын құрамына мүмкін болатын қауіптерге талдау жасайтын және оларға қарсы әрекет шаралары кіретін қорғаныштың белсенді сыңары деп санауға болады.
Қауіпсіздік саясатының құрамына ең кемінде мына элементтер кіруі керек: қатынас құруды ерікті басқару, объектілерді қайтадан пайдаланудың қауіпсіздігі, қауіпсіздік тамғасы және қатынас құруды мәжбүрлі басқару.
Кепілдік — жүйенің сәлетіне және жүзеге асырылуына көрсетілетін сенім өлшемі. Ол қауіпсіздік саясатын іске асыруға жауапты тетіктердің дұрыстығын көрсетеді. Оны қорғаныштың, қорғаушылар жұмысын қадағалауға арналған, белсенсіз сынары деп сипаттауға болады. Кепілдіктің екі түрі болады: операциялық және технологиялық. Біріншісі жүйенің сәулеті және жүзеге асырылу жағына, ал екіншісі — құрастыру және сүйемелдеу әдістеріне қатысты.
Есепберушілік (немесе хаттамалау тетігі) қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады. Сенімді жүйе қауіпсіздікке байланысты барлық оқиғаларды тіркеп отыруы керек, ал хаттаманы жазу-жүргізу тексерумен (аудитпен — тіркелу ақпаратына талдау жасаумен) толықтырылады.
Сенімді есептеу базасы (СЕБ) — компьютерлік жүйенің қауіпсіздік саясаты жүзеге асыруға жауапты қорғаныш тектерінің жиынтығы. Компьтерлік жүйенің сенімділігіне баға беру үшін тек оның есептеу базасын қарастырып шықса жеткілікті болады. СЕБ негізгі міндеті — қатынасым мониторының міндетін орындау, яғни, объектілермен белгілі бір операциялар орындау болатындығын бақылау.
Қатынасым мониторы — пайдалынушының программаларға немесе деректерге әрбір қатынасының мүмкін болатын іс — әрекеттер тізімімен келісімдігі екендігін тексеретін монитор. Қатынасым мониторынан үш қасиеттің орындалуы талап етіледі:
— оңашаландық. Монитор өзінің жұмысы кезінде аңдудан қорғалуға тиісті;
— толықтық. Монитор әрбір қатынасу кезінде шақырылады. Бұл кезде оны орай өтуге мүмкіндік болмау керек;
— иландырылатындық. Мониторды талдауға және тестілеуге мүмкін болу үшін ол жинақы болуы керек.
Қауіпсіздік өзегі — қатынасым мониторының жүзеге асырылуы. Қауіпсіздік өзегі барлық қорғаныш тетіктерінің құрылу негізі болып табылады. Қатынасым мониторының аталған қасиеттерінен басқа қауіпсіздік өзегі өзінің өзгерместігіне кепілдік беруі керек.
Қауіпсіздік периметрі — сенімді есептеу базасының шекарасы. Оның ішіндегі сенімді, ал сыртындағы сенімсіз деп саналады. Сыртқы және ішкі әлемдер арасындағы байланыс ретқақпа арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретқақпа сенімсіз немесе дұшпандық қоршауға қарсы тұра алуға қабілетті бар деп саналады.
Объектінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтаммасыз етуге арналған жұмыстар бірнеше кезеңге бөлінеді: даярлық кезеңі, ақпараттық қорларды түгендеу, қатерді талдау, қорғаныш жоспарын жүзеге асыру. Осы аталған кезеңдер аяқталған соң эксплуатациялау кезеңі басталады.
Даярлық кезең. Бұл кезең барлық келесі шаралардың ұйымдастырушылық негізін құру, түпқазық құжаттарды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ, үрдіске қатысушылардың өзара қарым — қатынастарын анықтау үшін қажет. Даярлық кезеңде ақпарат қорғау жүйесінің ақпараттың міндеттері анықталады.
Ақпараттық қорларды түгендеу. Бұл кезеңде, әдетте, объект, ақпараттық ағындар автоматтандырылған жүйелердің құрылымы серверлер, хабар тасышулар, деректер өңдеу және сақтау тәсілдері жайында мәлімет жиналады. Түгендеу анықталған соң олардың осалдылығына талдау жасалынады.
Қатерді талдау. Келесі шаралардың нәтижелерді ақпараттық қорлардың қорғанылу күй — жағдайның қаншалықты толық және дұрыс талдануына тәуелді болады. Қатерді талдау мыналардан тұрады: талданатын объектілерді және оларды қарастырудың нақтылану дәрежесін таңдау; қатерді бағалау әдіснамасын таңдау; қауіптерді және олардың салдарын талдау; қатерлерді бағалау; қорғаныш шараларын талдау; таңдап алынған шараларды жүзеге асыру және тексеру; қалдық қатерді бағалау.
Қауіп бар жерде қатер пайда болады. Қауіптерді талдау кезеңі қатерді талдаудың орталық элементі болып табылады. Қауіптердің алдын алу үшін қорғаныш шаралары мен қүралдары қажет. Қауіптерді талдау, біріншіден, мүмкін болатын қауіптерді анықтаудан (оларды идентификациялаудан) және, екіншіден, келтірілетін болашақ зиянды болжау — бағалаудан тұрады.
Бұл кезеңнің орындалу нәтижесінде объектідегі қауіп — қатерлер тізбесі және олардың қауіптік дәрежесі бойынша жіктемесі құрастырылады. Бұлар бәрі ақпарат қорғау жүйесіне қойылатын талаптарды айқындауға, қорғаныштың ең әсерлі шаралары мен құралдарын таңдап алуға, сондай — ақ, оларды жүзеге асыруға қажетті шығындарды анықтауға мүмкіндік береді.
Қорғаныш жоспарын құрастыру. Бұл кезеңде осының алдында жүргізілген талдаудың нәтижесінде анықталған қатердерді бейтараптау үшін қорғаныштың тиісті ұйымдастырушылық және техникалық шаралары таңдап алынады.
Қорғаныш жоспарын құру ақпарат қорғау жүйе,сінің функционалдық сұлбасын әзірлеуден басталады. Ол үшін қорғаныш жүйесінің атқаратын міндеттері анықталады және нақты объектінің ерекшеліктерін ескере отырып жүйеге қойылатын талаптар талқыланады. Жоспарға мынадай құжаттар қосылады: қауіпсіздік саясаты; ақпаратты қорғау құралдарының объектіде орналасуы; қорғаныш жүйесін жұмысқа қосу үшін қажет шығындардың сметасы; ақпарат қорғаудың ұйымдастырушылық және техникалық шараларын жүзеге асырудың күнтізбелік жоспары.
Қорғаныш жоспарын жүзеге асыру. Бұл кезеңде қорғаныш жоспарында келтірілген шаралармен қоса жабдықтаушылармен келісім — шарттар жасасу жабдықтарды орнату және баптау, қажетті құжаттарды әзірлеу және т.б. осы сияқты шаралар іске асырылады.
60
Еліміздегі ғылымды дамыту көрсеткіштеріне назар аударатын болсақ, ғылымды өркендетуде жоғары білім беру секторы жетекші орынға шықты деуге болады. ЖОО-ның ғылымды дамытатын негізгі күшке айналуына соңғы жылдары елімізде жүзеге асырылған бірқатар реформалар әсер еткені сөзсіз. ҚР Білім және ғылым министрлігінің еліміздегі жетекші университеттердің автономды бағытқа бұруы және оқу орындары жанынан ғылыми-зерттеу орталықтарының құрылуы ғылымды дамытуда негізгі күшке айналды.
Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдары ғылым мен білімді дамыту бағдарламасында аталған бағыттарға ерекше мән берілді. Қазіргі таңда дамыған елдерде ғылыми-зерттеу орталықтарының көпшілігі іргелі университеттердің базасында дамып жатыр. Мұндай әлемде мойындалған үрдіс Қазақстанды да айналып өтпегені бізді қуантады.
Осы ретте университеттер жанында ғылымды дамытатын ұйымдарға ЖОО-ның бақылауындағы ұйымдар немесе олармен қауымдас ҒЗИ, экспериментальды станциялар мен клиникалар кіретінін айта кетуіміз керек.
2018 жылы 17,4 мың зерттеуші-мамандардың көпшілігі (5,2 мың) жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқан. Бұл саладағы мамандардың біліктілігі бойынша жіктесек, ғылым докторы – 574, кандидаттар – 1,3 мың, философия докторлары (PhD) – 200, салалар бойынша докторлар 199 адамды құрағанын байқауға болады. Ал магистранттардың саны 1,2 адамды құрады.
Тағы да айта кетсек, инженерлік зерттемелер мен технологиялар салалары бойынша ғылыми жұмыстармен айналысқан адамдардың саны 2,2 мың адамды құрап, олардың арасында ғылым докторлары – 371, ғылым кандидаты – 837, философия докторлары (PhD) – 59, салалар бойынша докторлар – 112 және магистранттар 863 адамды құраған.
Жоғары ғылыми атағы мен біліктілігі жоғары ғалымдардың ғылыми жұмыстармен айналысуы медицина саласында байқалған. Аталған сала бойынша 909 адам ғылыми жұмыспен айналысып, оның 244-і ғылым докторы, 393-і ғылым кандидаттары, философия докторлары (PhD) мен салалар бойынша докторлар 204 адамды құраған.
Тиісті орындар жүргізген сараптама нәтижесі бойынша, ғылыми бағытта жоғары нәтижелі зерттеулерге негізінен, іргелі ғылымдар бағытының физика, химия ғылымдары және биология, сонымен қатар қолданбалы жұмыстар бағытындағы – металлургия саласы, медицина және ауыл шаруашылығы энергетиктері жеткен.
Айталық, «Парасат» Ғылыми-техникалық орталығы» АҚ тау-кен және металлургия саласы бағдарлама шеңберінде «Отқа төзімді және сапасы төмен шикізаттарды өңдеу мен байыту технологиясын» ең алғаш демеркуризациялы өңделген көмірден вакуумда алтын өндіру, бөліп алу үшін үздіксіз әсер етуші құралдар мен технология әзірлегенін атап айтуға болады.
Жүргізілген материалдық баланс есебінше, қайта өңдеу өнімдерінде пайдаланылған сынап көмір сорбенттерінде көрсеткендей, сынап толықтай дерлік (99,4 %) конденсатқа айналады. Өнімдерді қайта өңдеуге жұмсалған (қыздырушы от, шаң, газ қалдықтары мен ағын сулар) сынаптың ШРК нормасы аспайды. Мұндай технология және вибровакуумді орнату әлемде теңдесі жоқ, әрі жоғары өнімділікке ие және экологиялық қауіпсіз.
Ал Ж.Әбішев атындағы химия-металлургиялық институт ҚР Минералды шикізаттарын кешенді қайта өңдеудің Ұлттық орталығымен тізе қосып, «Минералды-шикізат ресурстары мен түрлі-түсті металлургияның техногенді қалдықтарын тиімді пайдаланып, отандық өндіріске қажетті өнім алу» бағдарламасы бойынша маңызды ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Ғалымдар алғаш рет ожау тәсілімен кен балқыту пешіне алдын ала кальцийленген колеманит құю арқылы силикобария ағызып, құрамында боры бар ферроқорытпа алудың жаңа өндірісі ұйымдастырды. Нәтижесінде, 5 тонна жаңа қорытпа алынды. Сонымен қатар КАМС (кальцийі бар алюмосиликомарганц) кешенді қорытпа алу технологиясы әзірленді.
Наносиликатты мысты электролиттік бөліп алудың технологиялық және аппараттық схемасы әзірленді. Бөлшектік мөлшері 50 нанометрді құрайтын нанодисперсиялы силикат мысты алу үшін алғаш рет стендті-жартылай өнеркәсіптік технологиясына сынақ жүргізілді.
Жоғарыдағы ғылыми бағдарлама бойынша «2015-2017 жылдарға арналған баяу байытылатын түсті металдар кенін игерудің ғылыми-техникалық негіздемесі» атты жұмыстың жаңалығы қоршаған ортаға еш залалы келмейтіндей және улы заттарсыз таза технологияны пайдаланып, қорғасын-мырышты тотыққан кендерден барий, күміс, қорғасын, мырыш және тауарлық өнімдерді жоғары техника-экономикалық көрсеткіштерімен кешенді өңдеу технологиясын пайдалана отырып бөліп алу жолын әзірлеу болып табылады.
Іргелі ғылымдар бағдарламасы бойынша емдік дәрі-дәрмек жасауда «Фитохимия» Халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ «Өсімдіктер және олардың синтетикалық баламаларының жаңа биологиялық белсенді қосылысы» тақырыбында алғаш рет бірегей дәрілік заттар алуды қолға алғанын мақтанышпен атап айтуға болады.
Сонымен қатар фармацевтикалық өндірісте дәрілік субстанцияда сатылай бақылау жүргізу үшін стандартты үлгі ретінде пайдаланылады. Ғылыми бағдарламада гармал гармин субстанциясын бөліп алу және тазалаудың оңтайландырылған әдісін «Қарағанды фармацевтикалық зауыты» серіктестігі өндіріске тәжірибе ретінде енгізді. Алғаш рет 2-(бромалкокси) және тиісінше 2-(азидоалкокси) алу тәсілі әзірленіп, «кумарин-халконов» гибридті синтезінде пайдалану мүмкіндігі зерттелді.
Нәтижесінде, рентгенқұрылымдық зерттеулерде алғаш рет 14 молекулалы кеңістік құрылымын белгіленген табиғи қосылыстар орнатылған. Бұл ақпарат Кембридж банкінің құрылымдық деректеріне енгенін атап айтуға болады.
Алғаш рет жоғары антиоксидантты белсенділікке иеленетін гидразонапиностробина зертханалық регламент арқылы алу тәсілі әзірленді.
«Қазақстан Республикасында атом энергетикасының дамыту бағдарламасы бойынша энергетика саласында жер бетінің атмогеохимикалық түсіруде оның геологиялық ортадағы техногендік өзгерістерінің әдістемесі мен модельдік бағдарламасы әзірленді.
Алғаш рет Қазақстанда радон 222Rn изотопынан дозалық жүктемесі анықталып, қазақ ғалымдары оны алудың әдістемелік нұсқаулығы әзірлегенін мақтанышпен айтуға болады.
Осы нұсқаулықты сынау нақты Ақмола облысы Калачи ауылы тұрғындарына жүргізілді. Бәріміз білетіндей бұл ауылда 2014-2015 жылдары айтулы дүрбелең тудырған «ұйқы синдромы» оқиғасы орын алған еді. ҚР ҰЯО-ның мамандары табиғи радионуклидтердің 222Rn-ге қатысы болуы мүмкіндігін анықтады.
Еліміздегі ең танымал Жану мәселелері институты машина жасау саласында 3 D принтинг» ғылыми орталығының негізін қалап, ұйымдастыру Қазақстанда алғаш рет пластмассамен жұмыс жасау және бетоннан үй тұрғызу жұмыстары үшін отандық 3D принтерлер жасап шығаруды қолға алды.
Сонымен алғашқы отандық пластмассадан бұйымдар басып шығаратын түрлі-түсті 3D принтер әзірленді. 3D принтерді тестілеу мен сынақ жүргізу ойдағыдай сәтті жүргізіліп, пластмассадан тестіленген бұйым алынды. Сонымен қатар ұсақ темір қосалқы бөлшектерді еш қиындықсыз дәлме-дәл тетікке бағыттай алатын, 5 сатылы еркін қимылға ие бетонмен жұмыс жасайтын қатты металдан экструдер әзірленіп, жасап шығарылды.