Файл: Компьютерлік техниканы аппаратты амтамасыз ету пнінен оу тжірибесі бойынша.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.05.2024
Просмотров: 159
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
«Компьютерлік техниканы аппараттық қамтамасыз ету»
пәнінен оқу тәжірибесі бойынша
тәжірибелік жұмыстар жинағы
Мамандық: 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық
қамтамасыздандыру (түрлері бойынша)»
Дайындаған: Ихсанова А.С.
2018-2019 оқу жылы
КІРІСПЕ
Ақпараттану – бұл адамның қызмет атқаратын әр түрлі салаларында ақпараттарды қолдану, түрлендіру, сақтау, жинау және алу жөніндегі мәселелерді үйрететін - жас ғылыми пән.
Генетикалық информатика есептеу техникасымен, компьютерлік жүйелермен және желілермен байланысты, өйткені тек компьютерлер ғана ақпараттық процесстерге бірмезгілде қажетті ақпараттарды автоматты түрде өңдеуге және сақтауға мүмкіндік туғызатын ғылыми тәсіл ретінде қолданылады.
Орыс тілінде бұрыннан қолданып келе жатқан «информатика -термині ғылыми әдебиеттер арқылы берілетін ғылыми ақпараттың жалпы қасиеттері мен құрылымдарын үйрететін кішігірім нақты аймақпен байланысты.
1978 жылғы информатика бойынша халықаралық конгрессте “Информатика түсінігі административтік және әлеуметтік ықпал ету, коммерциялық, өндірістік кешендерде және сол сияқты ұйымдастырушылық аспектілер, математикалық қамтамасыз ету, машиналар, құрал жабдықтар және ақпараттарды өңдеу жүйесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, қолдану және жасаумен байланысты аймақтарды қамтитындығы”- атап көрсетілен.
Қазіргі заманғы ақпараттанудың құрылымы.
Қолданбалы ақпараттық технологияларды бір жағымызға қалдыра отырып, қазіргі заманғы информатиканың құрамдас бөліктерін, яғни “ядросын” сипаттаймыз. Бұл бөліктердің әрқайсысы өзіндік ғылыми пәнмен салыстыра отырып қарастыруға болады: олардың арасындағы өзара қатынас шамамен, классикалық матеметикадағы математикалық анализ, геометрия және алгебраның арақатынасы сияқты – олар әрқайсысы өзіндік жеке пән болғанымен, бірақ, күдіксіз бір ғылымның бөлігі болып табылады.
Теориялық ақпараттану – математика тараулары қатарынан тұратын, информатиканың бір бөлімі. Ол математикалық логикаға сүйенеді және өзіне алгоритмдер теориясы, және автоматтар, ақпараттар теориясы және кодтау теориясы, граматика және формальдық тілдер теориясын, амалдарды зерттеу және де басқа тарауларды қамтиды.
Есептеу техникасы –Сөз техникалық бөлшектер және электрондық схемалар жөнінде емес(бұлар информатиканың сыртында жатыр), ал олар құрылғылардың өзара әсерлесу принциптерін және функционалдық мүмкіндіктерінің атауларын анықтайтын есептеу (компьютерлік) жүйелердің архитектурасы деп аталатын деңгейдегі принциптік шешімдер жөнінде болып отыр. Бұл аймақтағы қойылатын классикалық шешімдердің принциптік мысалдарына жататындар: – бірінші буындағы компьютерлердің неймандық архитектурасы кейінгі бундағы ЭЕМ-нің шиндік архитектурасы, ақпараттарды параллельді өңдеу(көппроцессорлы) архитектурасы.
Бағдарламалау (программалау) - қызметі, бағдарламалық қамтамасыз ету жүйелерін жасаумен байланысты.Мұнда біз заманға сай бағдарламалаудың негізгі тарауларын атап өтеміз: бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесін жасау және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау.
Жаңа бағдарламалау тілдерінің жасалуы және оларға жүйелік талдау жүргізілудің ішінен, ең негізгілерінің бірі - интерфейстік жүйенің жасалуы (мысалы, жалпыға белгілі операциялық қабықша және Wіndows жүйесі ) болып табылады. Ал, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің ішінен ең көп көпшілікке белгілісі – мәтіндерді өңдеу жүйелері, электрондық кестелер (кестелік процессорлар), мәліметтер базасын басқару жүйелері болып табылады. Ақпараттық жүйелер – әртүрлі күрделі жүйелерде ақпараттар ағынын талдау бойынша және ақпараттарды іздеу мен сақтау принциптерінде олардың тиімділігін, құрылымын зерттеуге қатысты мәселелерді шешумен байланысты информатиканың бір тарауы.
Жасанды ақыл-ой (интеллект) – психологиямен, физиологиямен, лингвистикамен және де басқа ғылымдармен тоғысып байланысатын күрделі мәселелерді шешетін информатиканың бір аймағы. Адам сияқты ойлауды компьютерге қалай үйретуге болады? Адамның қалай ойлайтындығы жөнінде біз көп біле бермейміз, алайда, жасанды ақыл-ой бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының жүргізілуінің жарты ғасырлық тарихы болғанымен, әлі де болса принциптік мәселелер қатары шешілмей отыр. Сондықтан, мұндай аймаққа қатысты жете зерттеулердің негізгі бағыты – ой-пікірді модельдеу, компьютерлік лингвистика, машиналық аударма, эксперттік жүйелерді құру, бейнелерді тану және тағы басқалар болып табылады.
Дербес жағдайда, интеллектуалдық интерфейстік жүйе мен адам арасындағы өзара қатынасты жасау тәрізді құнды қолданбалы мәселелерді шешу, жасанды ақыл-ой аймағындағы жұмыстардың табысты болуынан тәуелді.
Жалпы қауіпсіздік талаптары:
1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
3. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпта жүруге болмайды.
4. ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
5. Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.
6. Үстелге, ДК-дің жанына сумка, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.
7. Пернетақтаның үстіне ештеңені қоюға болмайды.
8. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:
1. ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
1. Компьютерде жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70 см) сақтау керек.
2. Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.
4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.
Апат жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары:
1. ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын байқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.
2. Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.
3. Қажет болса, электр тогымен зақымданғандарға алғашқы көмек көрсете білу керек.
4. Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білу керек. Мұнда құмды немесе көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.
5. Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушыны электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.
ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары:
1. Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
1 тақырып. Операциялық жүйе мен бағдарламалық қамсыздандыруды орнату мен икемдеу жүргізеді
Бағдарламалық қамтамасыздандыру (БҚ) – бұл мақсаттарды жүзеге асыруға және ақпараттық жүйелер мәселелеріне, сонымен бірге техникалық құрамдарды нормалы жұмыс жасауға арналған бағдарламалар комплексі.
Бағдарламалық қамтама құрамына жалпы жүйелік және арнайы бағдарламалық өнімдер, сонымен қатар техникалық құжаттамада кіреді.
Қазіргі компьютерде пайдаланылатын программалардың бәрі программалық қамтамасыз ету деп аталады.
Программалық жабдықтама – ақпараттық технологияның негізгі бір бөлігі. Программасыз кез келген аппаратура жай элементтер жиынтығы болады да, ол еш нәрсе істей алмайды. Програмалық қамтамасыз етудің 3 тобын көрсетуге болады:
-
Жүйелік -
Инструментальдық -
Қолданбалы
Жүйелік программалар дегеніміз – компьютердің жұмысын жылдамдататын, құрылғыларының арасында байланыс орнататын, басқа да қосымша көмектер жасайтын программаларды айтады.
Оларға жататындар: операциялық жүйе, операциялық қоршам, архиватор, антивирустық программа т.б.
Инструменталдық программаны қамтамасыз ету адам қызметінің әр түрлі салаларында қолданылатын программаның барлық ықтимал дестелерін пайдалануда қолданылады.
Инструменталдық программа тобына мыналар кіреді: программа мәтінін машина тіліне аударуды жүзеге асыратын әр түрлі алгоритмдік тілдердің трансляторы; программаның жекелеген бөліктерін біріктіріп, бір бүтін тұтас ететін байланыстырушы редакторлар, сондай-ақ жөндеуші – оның көмегімен программаны жазу барысында кеткен қателіктер табылып, жойылады; ыңғайлы жасалуы үшін жоғарыда аталған компоненттерді біріктіретін әзірлеушілердің интеграциялық ортасы.
Қолданбалы программа деп әр түрлі құжаттарды немесе тікелей қолданушы ақпаратын өңдеуге арналған программалар жиыны: мәтіндік редактор, таблицалық процессор, деректер базасын басқару жүйесі, математикалық, физикалық, механикалық есептерді шығаруға арналаған программалар пакеті, графикалық арнаулы программалар.
Жүйелік программалық жабдықтаманы бірнеше топқа жіктеуге болады:
-
Операциялық жүйелер -
Утилиттер -
Сервистік программалар
Компьютердің барлық жұмысын басқаратын, қолданушы мен компьютердің арасында байланысты орнататын арнаулы программалар жиынын ОЖ деп атайды. ДК үшін кең тараған ОЖ-ге MS-DOS, WINDOWS, UNIX, MacOS жатады. ОЖ-лер көптеген қызметтер атқарады: ақпаратты дискіге жазу-оқуды жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды ұйымдастырады, компьютер құрылғыларын өзара байланыста жұмыс істеуін, барлық қолданбалы программалар жұмысының орындалуын қамтамасыз етеді.
Утилиттер - компьютерге қосымша көмек көрсетуге арналған программалар: антивирустық, архиватор программалар, компьютердің жұмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретін программалар (тест программалары).
Сервистік программалар – әрбір адамның компьютермен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.
Қолданбалы программалық қамтамасыз ету белгілі бір программалық салаға бағдарланған қолданбалы программалар пакетін және пайдаланушының проблемалық программасын қамтиды.
Көптеген қолданбалы программалар пакетінің арасына мыналарды жатқызуға болады:
-
Мәтіндік редактор -
Графиктық редакторлар -
Электронды кестелер -
Ойын программалары -
Оқыту программалары -
HTML редакторы -
Броузер
Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыруды жіктеудің әр түрлі әдістері бар. Олардың ішіндегі ең қарапайымы қолданбалы БҚ үш категорияға бөлінеді: жалпыға тағайындалған, арнайы тағайындалған және кәсіби БҚ. Жалпыға тағайындалған БҚ келесілерді жатқызуға болады: мәтіндік редакторлар, графиктік жүйелер, ДҚБЖ, интегралданған жүйелер. Арнайы тағайындалған БҚ келесілер жатады: авторлық жүйелер, эксперттік жүйелер, гипермәтіндік жүйелер, мультимедиялық жүйелер. Кәсіби деңгейдегі БҚ келесілер жатады: АРМ, ЖАЖ (САПР), АЖБ (АСУ), педагогикалық комплекстер, телекоммуникациялық жүйелер.
Операциялық жүйе – компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама.
ОЖ – есептеу жүйелерінің ресурстарын дұрыс пайдалануға және онымен ыңғайлы түрде жұмыс істеуге арналған басқару және жүйелік программалардың комплексі. ОЖ қызметі есептеу жүйесінде есептеу процестерін ұйымдастыру, әр түрлі есептерге ресурстарды дұрыс тарату, қолданушыларға есептерді өңдеуді және программалау процессін жеңілдететін көптеген сервистік құралдарды ұсыну. Ресурстарға процессорлық уақыт, жад, құрылғылар және т.б. жатады.
ОЖ-дің негізгі функционалдық міндеттері
ОЖ екі негізгі қызметті орындайды:
1) барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмыстарын қолдап, олардың бір-бірімен және аппараттық жабдықтармен байланыстарын қамтамасыз ету;
2) әрбір адамға компьютерді жалпы басқару мүмкіншілігін беру.
ОЖ негізгі мақсаты – программалардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылары мен әрекеттестігін қамтамасыз ету, компьютердің жадын бөлу, жұмыс кезінде туындайтын әр түрлі оқиғаларды анықтау, жұмыс нәтижелерін қағазға, экранға шығару жолдарын ұйымдастыру, мәліметтерді сыртқы ортадан алу және беру, т.б. ОЖ-нің негізгі ядросы машина іске қосылған сәттен бастап компьютердің жадында болады. Машинаны жалпы басқару үшін ОЖ-нің командалары пайдаланылады, оның көмегімен адам дискіні белгілеу, мәліметтерді көшіру, кез келген программаны іске қосу, керекті жұмыс режимін орнату сияқты әр түрлі әрекеттерді орындайды.