Файл: Компьютерлік техниканы аппаратты амтамасыз ету пнінен оу тжірибесі бойынша.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.05.2024
Просмотров: 154
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
дыбыстық карта болуы мүмкін. Дыбыстық картаның разъемдары жүйелік блоктың артқы жағынан шығарылған, оған микрофон, колонка, наушник жалғанады.
Тәжірибелік жұмыс№2
1-деңгей
1. Компьютер құрылғыларының аталуын жаз
2 .
Пернетақтамен жұмыс жасау мүмкіндіктері:
Қызметіне сәйкес пернелерді жаз
Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу) лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді; өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.
Әріп-дыбыстың графикалық таңбасы. Әріп дыбысты белгілегенімен, әріп пен дыбыстың арасында табиғи байланыс жоқ. Әріп - шартты таңба. Әліпбиде қанша әріп болуы тілдегі дыбыстың санына байланысты. Бірақ дыбыс пен әріп саны бірдей бола бермейді.
Бұл қандай перне?-
Тест тапсырмалары
1. Қате енгізілген символдарды өшіру пернелері
а) Backspace, Del
ә) Enter
б) Shift, Ctrl
2. Жаңа абзацты бастау үшін
а) Shift
ә) Backspace
б) Enter
3. Монитор не үшін қажет?
а) экраннан ақпаратты енгізу үшін
ә) мәтіндік және графикалық ақпараттарда көрсету үшін
б) ақпаратты өңдеуге даярлау үшін
4. Пернетақта не үшін қажет?
а) символдарды енгізу үшін
ә) компьютерді басқару мен таңбалы мәліметтерді енгізу үшін
б) ақпаратты қатты дискіден енгізу үшін
5. Курсордың алдында орналасқан таңбаларды жоюға арналған батырма
а) Shift
ә) Backspace
б) Enter
6. Ақпаратты сақтайтын жабдыққа не жатады?
а) Принтер
ә) қатты және иілгіш магнитті дискілер
б) монитор
7. Компьютерге ақпаратты енгізу жабдығы
а) жүйелік блок
ә) пернетақта
б) принтер
8. Компьютердің қандай құрылғысы адам өміріне қауіпті?
а) монитор
ә) принтер
б) пернетақта
9. Меңзердің оң жағында орналасқан символды өшіру үшін қандай пернені қолданамыз?
а) Delete
ә) Backspace
б) Enter
2-деңгей
1.Компьютерлеріңе принтерді локалді түрде орнатыңдар
2. Принтерді желілік түрге келтіріп баптаңдар.
3. Мәтіналғыны, web камера құрылғыларын орнатыңдар
3-деңгей
1. Құрылғылардың жүйелік блокта орналасу сәйкестігін белгіле.
2. Процессор үшін ДҰРЫС тұжырымдарды белгіле.
Бақылау сұрақтары:
3. Перифериялық қондырғылардың драйверін орнатады
Перифериялық құрылғылар деп олардың көмегімен информация компьютерге енгізілетін немесе шығарылатын құрылғыларды айтамыз. Оларды сондай-ақ, сыртқы немесе мәліметтерді енгізу-шығару құрылғылары деп атайды.
Сыртқы құрылғылар. Бұл кез-келген есептеу кешенінің маңызды құрауыш бөлігі. Сыртқы құрылғы кейде ДК-нің жалпы бағасының 50-80%-ін құрайтынын айтудың өзі-ақ жеткілікті. Басқару жүйелерінде және жалпы халық шаруашылығында ДК-ні қолдану мүмкіндігі мен тиімділігі көбіне сыртқы құрылғының құрамы мен сипаттамасына байланысты. ДК-нің сыртқы құрылғылары машинаның қоршаған ортамен, пайдаланушылармен, басқару объектілерімен және басқа ЭЕМ-дермен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Сыртқы құрылғылар әр алуан, олар бірқатар белгілері бойынша жіктелуі мүмкін. Мысалы, міндеті бойынша сыртқы құрылғылардың келесі түрлерін ерекшелеуге болады:
Пайдаланушының диалогтік құралдарының құрамына бейнемониторлар (дисплей) – ДК-ге енгізілетін және одан шығарылатын ақпаратты бейнелеу құрылғысы, сирегірек пульттік басу машинкалары (пернетақтасы бар принтерлер) және сөздік ақпарат енгізу-шығару құрылғылары кіреді. Сөздік енгізу-шығару құрылғылары жылдам дамушы мультимедиа құралдарына жатады. Сөздік енгізу құрылғылары, бұл – мысалы, адам айтатын әріптер мен сөздерді тануға және оларды кодтауға мүмкіндік беретін күрделі программалық жасауы бар түрлі микрофондық акустикалық жүйелер, ―дыбыстық тышқантар. Сөздік шығару құрылғылары – бұл компьютерде қосылған дауыс зорайтқыштар (динамиктер) немесе дыбыстық колонкалар арқылы ойнатылатын, цифрлық кодтары әріптер мен сөздерге айналдыруды орындайтын түрлі дыбыс синтезаторлары. Ақпарат енгізу құрылғыларына төмендегілер жатады:
Ақпаратты шығару құрылғыларына төмендегілер жатады:
Мультимедиа құралдары, бұл – адамға әртүрлі, өзі үшін табиғи орталарды: дыбысты, бейнені, графиканы, мәтінді, анимацияны және т.б. қолдана отырып, компьютермен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін программалық және аппараттық құралдар кешені. Мультимедиа құралдарына ақпаратты сөздіку енгізу және шығару құрылғылары, сканерлер, жоғары сапалы бейнелік және дыбыстық тақшалар, кескінді бейнемагнитофонннан немесе бейнекамерадан түсіріп, оны ДК-ге енгізетін бейнеқармау тақшасы жатады.
Бақылау сұрақтары
Тәжірибелік жұмыс№3
1-деңгей
1. Тышқанның қасиетімен баптау
Тәжірибелік жұмыс№2
1-деңгей
1. Компьютер құрылғыларының аталуын жаз
2 .
Пернетақтамен жұмыс жасау мүмкіндіктері:
Қызметіне сәйкес пернелерді жаз
-
Енгізу пернесі- -
Бос орын пернесі - -
Курсордың алдындағы символды өшіру пернесі - -
Жазба әріптерді баспа әріптерге және керісінше өзгертуге пайдаланылатын перне - -
Егер оны бір рет басса, баспа (үлкен) әріптер теріледі, ал оны екінші рет басса, кіші әріптер теріледі.
Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу) лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді; өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.
Әріп-дыбыстың графикалық таңбасы. Әріп дыбысты белгілегенімен, әріп пен дыбыстың арасында табиғи байланыс жоқ. Әріп - шартты таңба. Әліпбиде қанша әріп болуы тілдегі дыбыстың санына байланысты. Бірақ дыбыс пен әріп саны бірдей бола бермейді.
Бұл қандай перне?-
-
Меңзердің оң жағында тұрған символды өшіру пернесі- -
Меңзерді жолдың басына ауыстыру пернесі - -
Меңзерді жолдың соңына ауыстыру пернесі - -
Бір бетке жоғары жылжыту пернесі - -
Бір бетке төмен жылжыту пернесі -
Тест тапсырмалары
1. Қате енгізілген символдарды өшіру пернелері
а) Backspace, Del
ә) Enter
б) Shift, Ctrl
2. Жаңа абзацты бастау үшін
а) Shift
ә) Backspace
б) Enter
3. Монитор не үшін қажет?
а) экраннан ақпаратты енгізу үшін
ә) мәтіндік және графикалық ақпараттарда көрсету үшін
б) ақпаратты өңдеуге даярлау үшін
4. Пернетақта не үшін қажет?
а) символдарды енгізу үшін
ә) компьютерді басқару мен таңбалы мәліметтерді енгізу үшін
б) ақпаратты қатты дискіден енгізу үшін
5. Курсордың алдында орналасқан таңбаларды жоюға арналған батырма
а) Shift
ә) Backspace
б) Enter
6. Ақпаратты сақтайтын жабдыққа не жатады?
а) Принтер
ә) қатты және иілгіш магнитті дискілер
б) монитор
7. Компьютерге ақпаратты енгізу жабдығы
а) жүйелік блок
ә) пернетақта
б) принтер
8. Компьютердің қандай құрылғысы адам өміріне қауіпті?
а) монитор
ә) принтер
б) пернетақта
9. Меңзердің оң жағында орналасқан символды өшіру үшін қандай пернені қолданамыз?
а) Delete
ә) Backspace
б) Enter
2-деңгей
1.Компьютерлеріңе принтерді локалді түрде орнатыңдар
2. Принтерді желілік түрге келтіріп баптаңдар.
3. Мәтіналғыны, web камера құрылғыларын орнатыңдар
3-деңгей
1. Құрылғылардың жүйелік блокта орналасу сәйкестігін белгіле.
Құрылғылар | Орналасуы | ||
Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде | Жүйелік блоктың ішінде | Жүйелік блоктың артқы панелінде | |
Монитор порты | | | |
Қатқыл диск | | | |
Компьютердің қосу/өшіру батырмасы | | | |
Аналық тақша | | | |
Микрофонмен колонкаларға арналған кірістер | | | |
Бейнетақша | | | |
Дискіжетек | | | |
Процессор | | | |
Электрмен қоректендіргіш бауы | | | |
CD-ROM | | | |
Модем мен сканерге арналған порттар | | | |
Дыбыс тақшасы | | | |
Компьютерді қайта жүктеу батырмасы | | | |
Принтер порты | | | |
Құлып | | | |
Маус пен пернетақта порттары | | | |
Жедел жады | | | |
Желілік тақша порттары | | | |
2. Процессор үшін ДҰРЫС тұжырымдарды белгіле.
Бұл компьютердің ең басты бөлігі |
Бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі |
Бұл компьютердің «Миы» |
Компьютердің барлық жұмысын басқарады |
Деректер мен бағдарламаларды көп уақыт сақтайды. |
Бағдарламалардағы барлық командаларды орындайды және таниды |
Бір құрылғыдан басқа құрылғыға деректер беру қызметін атқарады |
Жадпен бірге жұмыс істейді |
Компьютердің кез-келген әрекетіне қатысады |
Аналық тақшада орналасқан |
Компьютерге контролер арқылы қосылады |
Көптеген сымдардан тұрады |
Ол басты микросхема |
Шапшаң әрекеттілігімен сипатталады |
Бақылау сұрақтары:
-
Компьютер дегеніміз не? -
Аппараттық құралдар неден тұрады? -
Бағдарламалық құралдар ұғымына не енеді? -
Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғыларды атаңыз. -
Процессор функциясын айтып бер? -
Компьютердің сырқы құрылғыларын ата және олар қандай қызмет атқарады? -
Компьютердің ішкі құрылғыларын ата және олар қандай қызмет атқарады? -
Микропроцессорды сипаттайтын шама қандай? -
Жадыны сипаттайтын негізгі шама қандай? -
Енгізу-шығару құрылғыларын айт? -
Пренетақтаның блоктарын айт? -
Принтердің неше түрі бар? -
Монитор экранындағы кескінді құрайтын кішкене нүктелер қалай аталады? -
End. Tab.Esc.Capslock. Home.PageUp.PageDown.Back Space пернелерінің қызметі
3. Перифериялық қондырғылардың драйверін орнатады
Перифериялық құрылғылар деп олардың көмегімен информация компьютерге енгізілетін немесе шығарылатын құрылғыларды айтамыз. Оларды сондай-ақ, сыртқы немесе мәліметтерді енгізу-шығару құрылғылары деп атайды.
Сыртқы құрылғылар. Бұл кез-келген есептеу кешенінің маңызды құрауыш бөлігі. Сыртқы құрылғы кейде ДК-нің жалпы бағасының 50-80%-ін құрайтынын айтудың өзі-ақ жеткілікті. Басқару жүйелерінде және жалпы халық шаруашылығында ДК-ні қолдану мүмкіндігі мен тиімділігі көбіне сыртқы құрылғының құрамы мен сипаттамасына байланысты. ДК-нің сыртқы құрылғылары машинаның қоршаған ортамен, пайдаланушылармен, басқару объектілерімен және басқа ЭЕМ-дермен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Сыртқы құрылғылар әр алуан, олар бірқатар белгілері бойынша жіктелуі мүмкін. Мысалы, міндеті бойынша сыртқы құрылғылардың келесі түрлерін ерекшелеуге болады:
-
сыртқы жадтайтын (есте сақтаушы) құрылғылар немесе ДК-нің сыртқы жады; -
Пайдаланушының диалогтік құралдары; -
Ақпарат енгізу құрылғылары; -
Байланыс және телекоммуникация құралдары;
Пайдаланушының диалогтік құралдарының құрамына бейнемониторлар (дисплей) – ДК-ге енгізілетін және одан шығарылатын ақпаратты бейнелеу құрылғысы, сирегірек пульттік басу машинкалары (пернетақтасы бар принтерлер) және сөздік ақпарат енгізу-шығару құрылғылары кіреді. Сөздік енгізу-шығару құрылғылары жылдам дамушы мультимедиа құралдарына жатады. Сөздік енгізу құрылғылары, бұл – мысалы, адам айтатын әріптер мен сөздерді тануға және оларды кодтауға мүмкіндік беретін күрделі программалық жасауы бар түрлі микрофондық акустикалық жүйелер, ―дыбыстық тышқантар. Сөздік шығару құрылғылары – бұл компьютерде қосылған дауыс зорайтқыштар (динамиктер) немесе дыбыстық колонкалар арқылы ойнатылатын, цифрлық кодтары әріптер мен сөздерге айналдыруды орындайтын түрлі дыбыс синтезаторлары. Ақпарат енгізу құрылғыларына төмендегілер жатады:
-
пернетақта – сандық, мәтіндік және басқарушы ақпараттарды ДК-ге қолмен енгізуге арналған құрылғы; -
графикалық планшеттер (диджитайзерлер) – графикалық ақпаратты, кескіндерді арнайы нұсқағышты (қаламұшты) планшет бетімен жылжытып қолмен енгізуге арналған құрылғы; қаламұш жылжығанда, оның орналасқан жерінің координаттарын оқу және бұл координаттарды ДК-ге енгізу автоматты түрде орындалады; -
Сканер – қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға арналған құрылғы. Оның көмегімен суретті, графикті, мәтіндерді сканерлеуге (түсіріп алуға) болады. Кескін сканерленгеннен кейін, графикалық бағдарламада олады өңдеуге (үлкейтуге, кішірейтуге, қайта бояуға т.б)болады. Сканер кескінді машина кодына ауыстырып, компьютердің жадына жазады. Сканердің жұмысының принципі былай: жарық сәулесі жол-жолмен жазық суретті сканерлейді, оның жұмыс принципі электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне ұқсайды. Сканерлер қара ақ түсті немесе түрлі түсті болады. Олардың планшетті, барабанды және қол түрлері болады.
-
манипуляторлар (нұсқау құрылғылары): джойстик (терте), тышқан, -
трекбол (жиек құрсаудағы шар), сәулелік (жарықтанған) қаламұш және т.б. – графикалық ақпаратты дисплей экранына меңзердің экран бетімен қозғалуын басқару, кейіннен оның координаталарын кодтау және оларды ДК-ге енгізуге арналған құрылғы; -
Тышқан - тышқан деп бекер аталмаған.Себебі ол – тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол алақанға ыңғайлы және кілесше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы. Тышқантың екі түрі болады: Үш батырмалы, екі батырмалы. Қазіргі кезде екі батырмалы тышқан жиі пайдалынылады, себебі ортадағы батырма жұмыс кезінде көп пайдаланылмайды.
Ақпаратты шығару құрылғыларына төмендегілер жатады:
-
Принтерлер – ақпаратты қағаз тасушыларға шығаруға арналған басу құрылғысы. Ол дисплейге не шығарылса соның бәрін қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді. Принтерге мәтіндік, кестелік, графикалық ақпараттарды шығаруға болады. Принтерге ақпараттың кескінін қалауымыз бойынша-ақ қара немесе түрлі түсте шығаруға болады. Принтердің үш түрі болады: матрицалық, сия бүріккіш және лазерлік. Жоғарыда аталған құрылғылардың көбі шартты түрде ерекшеленген топ – мультимедиа құралдарына жатады.
Мультимедиа құралдары, бұл – адамға әртүрлі, өзі үшін табиғи орталарды: дыбысты, бейнені, графиканы, мәтінді, анимацияны және т.б. қолдана отырып, компьютермен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін программалық және аппараттық құралдар кешені. Мультимедиа құралдарына ақпаратты сөздіку енгізу және шығару құрылғылары, сканерлер, жоғары сапалы бейнелік және дыбыстық тақшалар, кескінді бейнемагнитофонннан немесе бейнекамерадан түсіріп, оны ДК-ге енгізетін бейнеқармау тақшасы жатады.
Бақылау сұрақтары
-
Дербес компьютердің аппараттық конфигурациясы дегеніміз не? -
Компьютер жадының қандай түрлерін білесіздер? -
Тұрақты жад пен жедел жадтың айырмашылықтарын атаңыздар? -
Жадтың сыртқы тасушыларын сипаттаңыздар.
Тәжірибелік жұмыс№3
1-деңгей
1. Тышқанның қасиетімен баптау
-
Диалогты терезені ашыңыз Свойства : мышь (Пуск-Настройка-Панель управления - Мышь).
-
Тексеру облысындағы басқару элементіне барып тышқанды екі рет шертіңіз. Тышқанды екі рет шерткенде элементтің ашылатындығына көз жеткізіңіз, ал тышқанды жеке-жеке белгілі бір уақыт интервалы аралығында екі шерткенде ашылмайтынды.
-
Екі рет басу жылдамдығын арттыру мақсатында движокты ең шеткі оң жақ бөлікке жылжытамыз.
-
Движокты ең шеткі сол жақ бөлікке жылжыта отырып екі бөлік шерту қосарланған екі шертуге интерпретацияланатындығына көз жеткізіңіз.
-
Өзіңізге қолайлы болатындай движоктың орналасу жағдайын таңдаңыз.
-
Перемещение вкладкасын басыңыз
-
Тышқанның сезімталдығын бәсеңдетіңіз движокты ең шеткі сол жақ бөлікке жылжыта отырып. Пременить пернесін басыңыз.
-
Тышқан бағдаршасын экранның сол жақ төменгі бұрышынан оң жақ жоғарғы бұрышына дейін тышқаннан қол үзбей отырып апаруға болатына көз жеткіңіз.
-
Өзіңізге қолайлы болатындай движоктың орналасу жағдайын таңдаңыз. Применить командасын қолдануды ұмытпаңыз.
-
Тышқан қасиеті диалог терезесін жабыңыз.