ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 12
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Қош келдің, әз Наурыз!»
1.Оркестр
2.Фанфары
1-жүргізуші.
Бағыма көктемменен еніп едің
Іздедім шуағыңнан көңіл емін.
Бір мезгіл жоғалғаным табылғандай
Шаттанды шашуыңнан төңірегім
Көркейтсін баспасын да даланы мұң
Тербетсін табиғатты дана жырың
Қош келдің төрімізге төрлет бүгін!
2-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді!
Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман-есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын! Бұлақ орта мектебінің оқушылар ұйымы дайындаған «Армысың, Әз Наурыз» атты мерекелік кешіне қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Наурызым қайта оралды аты аңыз,
Сұраймыз алғыс та біз, ақы да біз.
Үй - дастархан, даламыз сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!
Жүргізуші:Қыдыр ата ортамызға келіп түр
Бізге ақ батасын, ақ тілегін берейін деп
Сәлем беріп, алақанымызды жайып
Алайық атамыздың Ақ батасын
Қыдыр Атаның сөзі Токпанов Б.С.
Жүргізуші:
Жаңа жылда көңіліміздегі көркем ой, асыл арман, ақ тілектеріміз қабыл болсын! Халқымыздың өткен күндердегі реніш, сырқат бәрі ескі жылда, басқан ізде, жанған отта қалсын! – деген тілегінен туған аластау ғұрыпын мектебіміздің әжелері өткізеді
Аластау рәсімі: Ақшай Мұғалім, Ғалия мұғалім
Алас, алас
Алас, алас
Әр бәледен қалас
Ескі жыл кетті,
Жаңа жыл жетті.
Айдан аман
Жылдан есен болайық!
Аластау рәсімі
ІІ жүргізуші:
Қашанда Құт - береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу – салты елімнің.
Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін.
І жүргізуші:
Шашу, шашу көп шашайық шашуды
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат жинап ал несібеңді,
Ризығың бола берсін көл - көсір! ШАШУ ШАШЫЛАДЫ
2 - жүргізуші: Қайырлы күн, мейрамға жиналған барша қауым. Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні - ата - баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі.
Олай болса, бүгінгі «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік думанымызды ашып беру үшін сөз кезегі мектебіміздің директоры Гүлзат Ермекқызына беріледі.
- Бұлақ селолық округінің әкімі Бейсенбаев Болат Қанатұлына беріледі..
1 - жүргізуші: Алқа - жұртым, той - думан,
Ортамызда ашайық.
Ән мен күйді төгіп біз,
Інжу маржан шашайық!
11 сыныптың Қонақты қарсы алу рәсімі
2 - жүргізуші: - Мол, мол болсын ырыс құт,
Жасай берсін туыстық.
Дейді атам,- салтанат,
Құра берсін тыныштық.
Қонақтарымыз ағылсын,
Ортамыздан табылсын.
Барлық тілек құдайдың,
Құлағына шалынсын!- деп келесі сөз кезекті қонақтарымызға берейік.
Корнеевка гимназиясы, қазақша би
Жүргізуші: Халқымыздың ұлттық өнерінің тағы бір керемет түрі бұл айтыс. Наурыз мейрамында ақындар айтысы болып отырған. Ақындар жақсылық пен жамандық, суық пен жылының күресін жырлаған.
Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл төл өнері бүгінгі ұрпақ бойында да өз жалғасын табуда. Осындай тамаша өнерді жалғастыру өз парызымыз деп түсінген кішкентай айтыскерлерімізді қошеметтеп қарсы алайық:
Айтыс 6 сынып
1 - жүргізуші: Ана деген адамға Атамекен,
Әр адам анаменен адам екен
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым,
Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен,- дей келе келесі кезекті әсем әнге береміз.
«Қазақ осы» орындайтын Төлеген Елнұр
2 - жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн - Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
Келесі қазақтың салт дәстүрі «Бесікке салу» 7 сынып– Жүргізуші:
«Наурыз» біздің Қазақстанда тұратын көп ұлттар өкілдері үшін ортақ.
Жиналдық Наурыз тойға бәрімізде
Үлкен – кіші, жасымыз, кәріміз де
Әрбір ұлттың жиналған өкілдері
Өнерлерін көрсетуге келді міне,
Енді ортаны баршаңызға ашайық
Көрермендерге жырдан шашу шашайық
Ән мен күйді, жыр мен биді шалқытып
Өнерменен інжу - маржан шашайық, - деп ортаға сонау Шығыс елдерінен ат терлетіп келген биші қыздарымызды шақырайық «Шығыс биі» орындайтын 5 сыныптың қыздары
1-жүргізуші:
Құрметті қонақтар, армысыздар,
Бәріңіз де есен-ау бармысыздар.
Тұсау кесіп, той жасау – ата-дәстүр, салтымыз,
Жақсылықты тілейміз тойға келген жалпымыз.
Думанды тойын жасап дүбірлетіп, салт-дәстүрді ежелден қастерлеген халқымыз дей келе
«Тұсаукесер» рәсіміне берелік. 10 сынып
1 - жүргізуші: Көктем жетті көл - көсір шуақ құрып,
Қыс та ұзап барады жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз да жүр,
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып деп келесі кезекті 5 сыныпқа берейік. Қазақтың ұлттық ойыны «Асық ату»
1 - жүргізуші: Наурызда әндер шырқайық,
Өнер жасқа лайық.
Өлеңдеткен жастардың,
Әсем әнін тыңдайық!
Ән: «Қазағымның дәстүрлері-ай» орындайтын 10 сынып оқушылары
1 Жүргізуші:
Наурыз әлем, наурыз құс,
Сұлу дала, сағым түз.
Самғай ұшқан қарылғаш,
Аққу қаздар мамық төс.
Наурыз дала, наурыз гүл,
Тентек сезім, үнсіз тіл.
Ақ қайыңның аясында айқасқан,
Балуан білек, қыпша бел, - деп көктем мезгілімен бірге шығатын «Гүлдер» би ансабліне кезек берейік.
5-6 қыздары
Жүргізуші: Ау жараңдар, армысыз!
Ұлыстың ұлы күнінде
Ағайын туыс бармысыз!
Наурыз тойы басталды.
Жаңарса да санамыз
Дәстүрді кім ұмытар
Ата салтын бабамның
Алып келді Ұлыс күн!
Салт - дәстүрмен жараса,
Қайта құрып жаңаша
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша!
Бүгінгі біздің дәстүрді
Көргендерде арманда,
Көрмегенде арманда
Қызықтан тыс қалмаңдар!
Құрметті қауым, 8 сынып келін түсіру салтын көрсеткелі отыр, қабыл алыңыздар. Біздің ауылында Асқар атамыздың алғашқы немересі Жандос келін алып келеді. Кәне бәріміз бірге қарсы алайық.
2 - жүргізуші: Әр күніміз жақсы болсын,
Достығымыз берік болсын.
Білім - өнер серік болсын,
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын.
Жай далаға алаша,
Наурыз келді тамаша.
Ағайлар мен апайлар,
Қуанып жүр балаша – деп келесі тамаша биді қабыл алыңыздар. 8 сынып қазақша би
Жүргізуші:
Ашық болсын күніміз
Ашылады нұрымыз
Бай - тұлғалы өмірде
Айтылады жырымыз.
Жайнатады гүл - гүлді
Сайратамын бұлбұлды
Мерейлі жұрт тойласын
Мейрам етіп бұл күнді
Келесі кезекте халық арасында кең тараған ойын-сауық, әдет-ғұрыптың бірі- «Бастаңғы».
«Бастаңғы» ауылдағы үлкендер жолаушылап кеткен кезінде, не ойын-тойға, асқа кеткен кездерінде ауылдағы жастардың бірігіп, бір үйде бас қосып ойнайтын, көңіл көтеретін дәстүрдің бір түрі. Үлкендер жоқ кезде жастар шаруашылыққа өздері ие болып, барлық шаруаны өздері жүргізеді. Кеш түсе бір үйге жиылады да ойын басталады. 9 сынып
1 - жүргізуші: Күй де шертіп, ән салып,
Наурыз тойды қарсы алып.
Болсын дейміз шаттық мол, - дей келе келесі кезекте Адиляның орындауында тамаша күй қабыл алыңыздар.
1 - жүргізуші: Жыр сыйлайық, нұр сыйлайық тірлікке,
Қастерледік қадіріңді білдік де.
Құтты болсын ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке
Бір үйдің болашақ иелеріне сахна төріне шақырамыз. Би: «Қара жорға» орындайтын 9-11 сынып оқушылары
Жүргізуші: Бата беру-адал ниет, жақсы тілек білдірудің дәстүрі.Дастархан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуанышты кезінде қол жайып, бата береді. Келесі кезекті Ас қайыру үлкен кісіден бата сұрайық. 11 сынып
1-жүргізуші.
Жарқырасын Бұлақ жеріміз!
Асып-тасысын байлығымыз, кеніміз
Ел сүйсініп дәулетіне елімнің,
Малға толып жатсын барқыт беліміз!
Тойла бүгін тауларым мен боз далам,
Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам.
Мереке боп келген бүгін Наурызым!
Береке бол ешқашанда тозбаған!
Осымен дайындаған шағын мерекелік концертіміз аяқталды. Келесі Наурызда аман сау кездесуімізге алла нәсіп етсін. Хош сау болыңыздар!
І жүргізуші:
Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямай өнерпаздар ән мен жырын.
Тойлайық халық тойын Наурызымның,
Шуағын жерге төккен бақыт күнін.
ІІ жүргізуші:
Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық ән салайық.
ҚаҺарлы қыстан өтіп Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық!
І жүргізуші:
Қанекей, қарсы алайық жылдың басын,
Қосылып жасқа жасың, басқа басың.
Барайық келер жылға төрт көз түгел,
Аман боп алыс, жақын, кәрі - жасың.
ІІ жүргізуші:
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жол болар.
- деп бүгінгі тойға үлкендерден бата сұрайық.
І жүргізуші:
Білесіңдер ме? Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді. Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ тамақ басым болады. өйткені бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез.