Файл: Трбиелеу білім беру процесіні циклограммасы Білім беру йымы Топ Ортаы Кгершін.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы

Топ: Ортаңғы «Көгершін»тобы

Балалардың жасы : 3 -4 жас

Жоспардың құрылу кезеңі (апта күндерін, айды, жылды көрсету)

11-14 қараша

Күн тәртібінің үлгісі

Дүйсенбі

14.11.2022


Сейсенбі

15.11.2022


Сәрсенбі

16.11.2022

Бейсенбі

17.11.2022

Жұма

18.11.2022










Балаларды қабылдау

Баланың бүгінгі балабақшаға келгеніне қуанып тұрғанын сездіру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау










Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.

Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналарға балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту.










Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Үстел- үсті ойыны: «Қандай затқа ұқсайды?»


Үстел- үсті ойыны:

«Үйдің түсіне қарай »



Үстел- үсті ойыны:

«Қиылған суреттер»


«Достық» саусақ жаттығуы


Үстел- үсті ойыны:

Баулармен ойын











Таңертенгі жаттығу

Таңғы жаттығу

6-кешен

1.Колоннада бір қатар жүру, басып жүру, кібіртіктеп жүру.

2.Жеңіл жүру.Аяқ ұшымен жүгіру.Шашырап жүгіру.

3.Звенога бөліну.

4.Б.қ.Қолына жанын түсіріп тұру, қолды алға-артқа тербеу.4-5 р.қ.Тербеген соң қолды жанынан жоғары көтеру, қол ұшына қарау.Қолды жайлап түсіру,б.қ. Келу.6-8 рет қайталау.

5.Б.қ.қолды жанына түсіріп, аяқ арасын ашық ұстау.Алға еңкею, қолды оңға-солға сермеп тербету, тік тұру, б.қ. келу 6-8 р.қ.

6.Б.қ. қолды белде ұстау, аяқты қосып тұру, доптар секіруде екі аяқпен бір орында тұрып секектеу.

7.Колоннада бір қатармен жүру.

9.Колоннада жүру,жай жүру,алшақ қадым жасап жүру.










Таңғы ас

Тамақ ішу мәдениетін, үстелде отыру, тамақтан, асхана құралдарын дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және сақтауға үйренеді

Ас ішкенде тамақтану ережесін сақтау, төкпей шашпай ішуге үйрету

Дастархан басында сөйлеуге болмайтынын біледі

Ас ішу мәдениетін,

үстелде отыру, тамақтану, асхана құралдарын дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және сақтау

Тамақ ішу мәдениетін, үстелде отыру, тамақтан, асхана құралдарын дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және сақтауға үйренеді

Ас ішкенде тамақтану ережесін сақтау, төкпей шашпай ішуге үйрету

Дастархан басында сөйлеуге болмайтынын біледі










Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

Тәрбиеші жетекшілігімен ойын «Қай пішін жоқ»


Тәрбиеші жетекшілігімен ойын «Жапырақты себетке жина

Тәрбиеші жетекшілігімен ойын «Көлеңкесін тап?» 



Тәрбиеші жетекшілігімен ойын «Күн мен түн» 

Тәрбиеші жетекшілігімен ойын“Аққоян»











Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет


Қимылды «Торғайлар мен автомобильдер» ойыны арқылы балалар залға машинаның рульін ұстап кіруге қалыптасады.

Жартылай отырып,заттарды айналып жүруге дағдыланады.

«Машина"

» өлеңің тыңдату арқылы дұрыс сөйлеуін қалыптастырады

Көлік түрлерін танып, ауызекі сөйлеуде өз бетінше дұрыс қолданады
«Абзалдың машинасы » ойыны арқылы пішіндерді ажыратып үйренеді

«Менің машинам» ойыны арқылы айналадағы заттардың, айырмашылығын түсінеді

«аянның машинасы» ойыны арқылы машина бөлшектерден қарапайым құрылыстар

тұрғызады

«Менің көлігім» ойыны арқылы машинаны дәстүрден тыс сүрет салу арқылы бейнелейді

«Көліктер» әнін айтқызу арқылы сөйлеу мәнерін қалыптастыру



Қимылды «Ұшақ» ойыны арқылы қолдарын екі жаққа созып жүру. Алға қарай жылжып,биіктіктен және ұзындыққа секіреді;

Аспандағы ұшақтар шағын шығармалардың мазмұны бойынша сұрақтарға

жауап береді

«Ұшақтар»ойыны арқылы жаңаны тануға ұмтылады, заттарды қызығып, қуанып зерттейді

Ауада ұшатын ұшақтың қозғалыс

құралдарымен таныстыруды үйрету

өздерінің құрастырған ұшақтарын біріктіре отырып,

дайын болған құрылыспен бірге ойнату

«Ұшақтар» ойыны арқылы қылқаламды ұстау техникасын дағдыландыру

«Ұшақ» сурет арқылы сөйлеу мәнерін қалыптастырады


«Қайық» ойыны арқылы сөздерді нақты, дұрыс айта алуға үйренеді

«Қайық пен кеме» ойыны тең және тең емес заттар тобын салыстырады

«Суда қандай көлік жүреді?» ойыны арқылы көліктерді ажырату және дағдысы қалыптасады

«Қайықтар» ойыны арқылы құрастыру бөлшектерін анықтап, үйлестіре білуге үйренеді

«Судағы қайық» Бір заттың немесе түрлі заттардың суретін салуды қайталау

Алақан арасына ермаксазды домалата отырып, қайықтарды айту арқылы мүсіндеуді үйренеді

«Көліктер» әні арқылы

«Бағдаршам» ойыны арқылы балалар жол серіктің белгісі бойынша жүруге дағдыланады. Белгі бойынша қол ұстасып, тоқтап, жартылай отырып жүру.

«Бағдаршам» әнін жаттау арқылы дыбыстарды анық айтуға үйренеді

«Қызыл,сары жасыл көздер» ойыны арқылы затты белгілі өлшемі бойынша салыстырады

«Бағдаршам»ойыны арқылы Жаяу жүргіншілерге және жолаушыларға арналған

қарапайым ережелермен танысады

«Бағдаршам» ойыны арқылы

конструкторлардың

түрлерімен танысады

Көңілді бағдаршам ойыны арқылы суретін бейнелеу арқылы олардың пішінін, түсін айтуды қалыптастырады



«Автобус» өленің тыңдау арқылы өз ойын еркін айтады

«Үлкен кіші автобустар» ойыны арқылы «үлкен-кіші», «үлкенірек-кішірек» ұғымдарын қалыптасады

«Автобустар» ойыны арқылы көлік туралы түсініктерін қалыптасады

«Автобус» ойыны арқылы балалардың құрастыруға қызығушылығын арттыруды қалыптастырады

Автобустың суретін қарапайым сюжеттік композициялар жасауға үйренеді

«Автобус» ойыны арқылы мүсіндеуде өз қалауы бойынша безендіру тәсілін қолданады











2- таңғы ас

Балалардың мәдени-гигиеналық дағдыларын дамыту, тамақтану мәдениетін қалыптастыру. Үлкендер еңбегін бағалауға үйрету. Өз –өзіне қызмет ету дағдыларын жетілдіру.







Тәрбиеші апай туралы өлеңді жаттауға үйрету

Серуенге дайындық

Киіну-шешіну.

Дағдылар мазмұны:

Шұлықты, жемпірді

немесе куртканы, бас киімді киюге шақыру.

Ауызша үйретуді жалғастыру, көмек сұрауды білдіру,

шешіну бөлмесінде өзін

сабырлы ұстауға үйрету.


Көрсету бойынша киімдерін киюді, қимыл белсенділігіне жағымды эмоциялық қарым-қатынас білдіруді, бұрын игерген қимылдарды өздігінен орындауды жетілдіру. Киім шкафтарын тануды қалыптастыру

Киіну-шешіну. . Дағдылар мазмұны:

Көше аяқ киімін алуға

үйрету. Ауызша үйрету, көмек сұрауды білдіру,

шешіну бөлмесінде өзін

сабырлы ұстауға үйрету.


Киіну-шешіну

Дағдылар мазмұны:

Балаларға түймелерді

бекітуді үйретуді жалғастыру. көмек

сұрауды сыпайы түрде

білдіру.


«Киіну-шешіну».

Дағдылар мазмұны: Аяқ

киім киюді, ересек

адамның көмегімен күртеше тағуды

және шкафта киім іліп

қоюды үйрету.

Шешінетін бөлмеде

мінез-құлық ережелерін

сақтауға үйретуді

жалғастыру







«Топ топ балақан» ойыны арқылы секірте отырып ,санауға үйрету

Серуен

Бақылау:Қырауды бақылау

Мақсаты:Балаларға қыраудың қалай болатынын айтып беру.

Еңбек:Бір –біріне кедергі жасамай ,жұмыс істеуге үйрету.

Қимылды ойындар:

1. «Суық қойлар»№4

2. "Үйсіз қалғн қоян"№5

3.«Ортаға түспек». №2


Бақылау:Желді бақылау
Мақсаты:
Желдің бағытын анықтау

Еңбек:Гүлдердің тұқымын теріп алу.

Қимылды ойындар: 1.«Қасқыр қақпан»№1

2."Кім жылдам "№2
3.«Аюлар мен аралар»№4


Бақылау:Тұманды бақылау.
Мақсаты:
Тұманның қайдан пайда болатынын түсіндіру.

Еңбек: Учаскедегі шашылған қағаздарды жинау.
Қимылды ойындар:. 1."Айгөлек"

2.допты қуып жет.

3.Тышқан мен мысық



Бақылау:

Ағаштарды бақылау

Мақсаты:табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Еңбек:Ағаштардың түбін қопсыту.

Мақсаты:Еңбекке баулу

Қимылды ойындар:

1."Теңге алу"

2.Санамақ

3.Себетке дәл түсір.

Бақылау:Өткінші жаңбырды бақылау.

Мақсаты:Өткінші жаңбыр туралы түсінік беру.

Еңбек: Ағаш бұтақтарын жинау.

Қимылды ойында.

"Тасымақ"

2. «Күзгі тіршілік»
3.«Сұр қоян».











Серуеннен оралу

Киімге арналған

шкафта тазалық пен

тәртіпті өз бетінше

сақтау қабілетін бекіту.


Балалардың дұрыс шешінуін, шкафқа киімдерін орналастыру тәртібін бақылау. Мәдени-гигиеналық талаптарды орындауларын қадағалау..


Ересектердің азын аулақ

көмегімен рет ретімен

шешіну қабілетін бекіту. Жинақылыққа тәрбиелеу.


Киіміндегі олқылықтарды

байқауға, оларды ересектің көмегімен немесе өз бетінше реттеу

Өзіне-өзі қызмет көрсетуге деген ұмтылысын қолдау: белгілі реттілікпен

шешіну








Өз ойы бойынша балабақша құрылыстарды жасауға, оларды мазмұн бойынша біріктіруге және олармен ойнауға ынтасын тәрбиелеу

Түскі ас

Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру:

Тамақтану әдебін сақтап, асты аз-аздан алып, шусыз жеуді үйрету. Тамақтан соң ауыздарын шаюды қадағалау

Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдану дағдыларын жетілдіру

Тамақтан соң ауыздарын шаюды қадағалау








Дәстүрден тыс сурет салу арқылы секіру қимылын бейнелеу

Күндізгі ұйқы

"Үйшік" ертегісін оқу


Бесік жырын тыңдау


«Әлди –әлди ұйықтай ғой»

«Бесік жырын» тыңдату

Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату








Заттық мүсіндеу: сазбалшықтың, ермексаздың қасиеттерімен танысу дағдыларын жетілдіру.

Біртіндеп ұйқыдан ояту,

сауықтыру шаралары

«Созылу»-төсекте арқамен жатып, қолды иекке таяп қою, арқамен жатып керілу Массажды кілемшеде аяқ ұшымен және өкшемен айналу..

Төсекте жатып, қолды иекке қойып, жартылай тұрып оңға-солға тербелу.Жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында ортопедиялық жол бойымен жүру.

Төсекте арқамен жатып аяғымен ауада шеңбер жасау.

Жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында ортопедиялық жол бойымен жүру

Баяу,жәй дауыспен балаларды ұйқыдан ояту

Қырынан жатып, аяғын жоғары төмен көтеру.

Кедір-бұдыр, денсаулық жолымен жүргізу.

Төсекте жатып ұйқыашар жаттығуларын жасату.

Аяқтарын жоғары көтеріп, велосипед тебу қимылын жасату. Бастарын оңға солға бұру.











Бесін ас


Тамақтану алдында мұқият жуынуға қалыптастыру

Ұқыпты тамақтануға үйрету

Асқа отырғанда тыныштық сақтауға үйрету

Астан кейін ас қайтаруға дағдыландыру

Астан соң қолдарын ауыз қуысын шаюға баулу










Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет

«Көліктер жыры» өлең жолдарын мнемокестені пайдаланып, өз ойын айтуға қалыптасады

«Абзалдың машинасы» ойынындағы домалату, ширату, созу, жаю

тәсілдерін пайдаланады

«Көлік» ойыны барысында пішіні бойынша әртүрлі дайын пішіндерді белгілі реттілікпен орналастырады

«Ұшақ» әңгімесін оқу арқылы кейіпкерлерге жанашырлық танытады

Ұшақтар бейнесін үлгіге қарап отырып мүсіндейді, табиғи материалдарды және қағазды түрлендіру әдістерін

үйренеді

««Суда жүзген қайық» оқылған шығармадан қарапайым сөз

тіркестерін қайталап айтуды үйрету

Таныс кітаптардан қайық суретін балалармен бірге қарастырады

ересектер даярлаған ірі және ұсақ қайықты орналастырады және

желімдейді

Жолда аман жүрейік шағын әңгіменің мазмұны бойынша сұрақтарға

жауап береді

«Бағдаршам» өлеңін айтқызу арқылы сөздік қорын дамиды

«Сиқырлы бағдаршам» ойыны арқылы арқылы қағаз бетінде мүсіндеуге үйренеді

бейнеленетін бағдаршамға сәйкес түрлі-түсті қағаздардан дайын пішінді таңдай алады

Автобус өлеңі арқылы сөздерді анық айтуды қалыптастырады

«Автобус» өлеңін тыңдай отырып сұрақтарға жауап береді, оларды жай сөйлемдермен сипаттайды«

Автобусты Балаларды ересектер дайындаған ірі және ұсақ элементтерді қағаз бетіне

орналастырады











Балалармен жеке жұмыс

Мамандардың іс әрекеті

Жеке баламен жұмыс:

Балаларды сурет салу кезінде қарындашты дұрыс ұстай алмауына байланысты, Исмаилға ,Арсенге, Ақсұңқарға аяқтай алмаған суретін жалғастырып орындату, боямақтар боятып, қарындашты ұстауға дағдыландыру.


Жеке баламен жұмыс:

Абдғафур мен Аяжанға желіммен жұмыс жасауды үйретіп, аяқтай алмаған жұмысын жалғастырып орындату,

Артикуляциялық жаттығулар:

«Аттар»

Тілдің бұлшықетін нығайту.Тіласты -желбезегін созу. 5-7 рет қайталау.Бұл жаттығуды еләктеу бойынша орындайды.


Жеке баламен жұмыс

Айлин,Ақсұңқар, Ержанға қағазды жырту және шиыршықтау тәсілдерін пайдаланып сюжетті сурет құрастыруға үйрету

Вариативтік компонент:

Әжемнің ақ жайлауы

Тақырыбы:. «Камзолды

ою-өрнекпен

әшекейлейік»

Жеке баламен жұмыс

Жұмыс жасау кезіндегі аяқтай алмаған Нұрым,Нұршахқа жұмысын толық жасауға көмектесу
«Піл»

Еріннің бұлшықетін дамыту.логопед










Ойын: Еңбек құралдары” Ойын мақсаты: Балаларды еңбек құралдарымен таныстыру. Тіл байлықтарын және сөздік қорларын дамыту, қол саусақтарының моторикасын дамыту. психолог

«Мысық»

Дыбысты қоюға арналған негізгі жаттығулардың бірі. Егер тіл тіске тіреліп тұрмаса, онда бала оны сұқ саусақпен ұстап тұра алады.логопед














Серуенге дайындық

Киімдерін реттілік сақтап дұрыс киінуге үйрету. Достарына көмектесуді тәрбиелеу

Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету. Таза ауада қандай ойындар ойнайтынын балалармен жоспарлау

Серуен

Қимыл-қозғалыс ойыны:

1.« Тақияға кім тез жетеді?»
2. « Кім шапшаң?»

3. « Қояндар »


Қимыл-қозғалыс ойыны:

1.«Қыдыруға барайық»

2. « Жалаушаны тап (қайда тығылғанын тап)

3. « Допты домалат »

Қимыл-қозғалыс ойыны:

1. «Құстар мен мысық»

2."Дауыста, атыңды айтам"

3. Өз түсіңді тап.


Қимыл-қозғалыс ойыны:

1. Маған қарай жүгіріңдер.

2.Допты ұста.

3. "Көген тартыс"


Қимыл-қозғалыс ойыны:

1. 1.«Қасқыр мен қоян»

2. « Доп кімде».

3. "Орнын тап" "

Кешкі ас

Балалардың мәдени-гигиеналық дағдыларын дамыту, тамақтану мәдениетін қалыптастыру. Үлкендер еңбегін бағалауға үйрету. Өз –өзіне қызмет ету дағдыларын жетілдіру. «Бата беру», «Ас қайтару» дәстүрлерін үйрету

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел-үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер

Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттау; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау.

Үстел театры "Шалқан" ертегісі.

Мақсат-міндеттері. Балаларға ертегіні мұқият тыңдауды және көруді, кейіпкерлердің қылықтарын бақылауды, ертегілерді жақсы көруді үйрету.

Музыкалық аспаптармен ойындар. Ертеңгілікке дайындық, күз тақырыбына байланысты суреттер. Еркін рөлдік ойындар.

"Жұбын тап?" дидактикалық ойыны.


Балалардың үйге қайтуы

Психолог кеңесі.

Мысалы: «Көпшілік орындарында тәртіпті, мәдениетті балалар өздерін қалай ұстау керек?»

Балалардың тазалығы туралы ата-аналармен әңгімелесу.

Ата-анаға балабақшаға уақытында келуін ескерту.

Айына бір рет отбасы күнін өткізу.

Ата-аналарға тапсырма беру, жақсы демалуға тілек білдіру.


Ұйымдастырылған іс әрекеттер күні бойы жүргізіледі . Әдіскер : Абсаттарова Н.Ж.

Тәрбиеші: Издибаева Б Жандәулетова Г