Файл: Лекция 2 Трбие жйесі ымы йымдастыру блімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тобы: ПМНО-20-1 ус

Білімгер: Жексенбиева Толқын

Лекция №2

«Тәрбие жүйесі» ұғымы
Ұйымдастыру бөлімі:

«Менің тұлғамның формуласы» ӘДІСІМЕН БІЛІМГЕРМЕН ЖАҒЫМДЫ АХУАЛ ТУДЫРУ

Мақсаты: Білімгерлерді бір-біріне жақынырақ таныстыру, жағымды ахуал тудыру үшін қолданылады.

Барысы: Әр оқушы өзінің қызығушылығын, мінез-құлқын, дарыны мен талантын формулаға түсіріп айтуы керек. Көбінесе оқушылар «қосу», «азайту», «көбейту», «бөлу» ұғымдарын қолдана отырып, математикалық формула шығарса, кейбірі химияны еске түсіретін формулалар құрастырады. Мысалы: Жанбота = (0,7 талғам + 0,5 түйсік) : 0,1 сенімсіздік – 0,5 жалқаулық

«Мынандай адамды табыңыз» Студенттер топ ішінен, төмендегі кестеде көрсетілген ерекшеліктер барларын жазып, 4-6 адамнан тұратын шағын топ құрайды, бір-бірімен жақынырақ танысады.

Кітап оқуды ұнататын

Бауырмашыл

Үш тілде сөйлейтін

Тұйық, көп сөйлемейтін

Шыншыл

Әділетті

Шетел мәдениетіне қызығатын

Бейтаныс адамдармен тез тіл таба білетін

Барлық нәрсені қағазға жазбай, есінде сақтай алатын

Өз ойын еркін жеткізе алатын

Мейірімді

Талғампаз

Жан- жақты

Шыдамсыз

Қызба мінезді

Еңбекқор


Негізгі бөлім:

«Екі түрлі түсініктеме күнделігі»
Жаңа тақырыптың атымен жоспарымен таныстырып, ол туралы ақпараттар іздестіріп танысуға 15мин уақыт беріледі. Жоспар мазмұны бойынша күнделікті толтырыңдар:

1.Мектептің тәрбие жүйесі мектептегі тұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылыс және балаларды әлеуметтендіру мен дамытуға мақсатты түрде бағытталған фактор ретінде.

2.Тәрбие жүйесі дамуы мен қалыптасуының әдістемесі мен кезеңдері, оны бағалаудың өлшемдері. Мектеп пен сыныптағы тәрбие жүйесінің өзара байланысы.

3.Педагогикада қалыптасқан тәрбие жүйесі, оларға сипаттама. Қазақстан мектептеріндегі тәрбие жұмысы.

4.Педагогикалық қолдау қазіргі педагогикадағы ізгілік парадигмасы көрсететін педагогтің миссиясы ретінде. Педагогикалық ықпал жасау.

Бөліктің оң жағында

Бөліктің сол жағында

Лекциядағы негізгі және қатты әсер еткен тұстарды, ұғымдарды жазады.

Сол әсер еткен ұғымдар жайында пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)




Тәрбие жүйесі




Тәрбие мәнісі




Тәрбиелік жүйе





Мектеп ұжымының басты мәндеті




Тәрбие жұмыс жүйесінің компоненттері




Мектептің педагогикалық жүйесі




Дидактикалық жүйе




Мектептің тәрбиелік жүйесі




Тәрбие





Әр студент тақырыппен танысып, күнделікті толтырып біткен соң топта талқылау ұйымдастырады.

Талқылау аяқталған соң оларға осы сұрақтарға жауап беріңдер:

  1. Тәрбие жүйесі мен тәрбиелік жүйенің айырмашылығы неде?

  2. Тәрбие жүйесінің жалпы ұғымы қашан, қайда өңделді?

  3. Мектептің тәрбиелік жүйесін дамыту үшін қандай жұмыстар жасайтын едің?

Тәрбие ұғымы туралы ұлы педагогтердің пікірі, олардың ұқсатықтары мен айырмашылықтары:

Педагог


Тәрбие туралы


Ұқсастықтары

Айырмашылық-тары

М. Жұмабаев

“Тәрбие ,кең мағынасымен алғанда , қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді ,адамзат туралы айтылғанда , адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізілнді”







Н.К. Крупская

Тар мағынада алып қарағанда ,”Тәрбие”деген сөз арқылы балалар мен жеткіншектердің мінез-құлқына әдетте ересек адамдардың алдын-ала ойластырылған және жүйелі түрде жасайтын белгілі бір ықпалы”,ал кең мағынасында “...қоғамдық мекемелер , айналамен қоршаған бүкіл жағдай , бүкіл қоғамдық құрылыс тәрбиелейді

К.Д. Ушинский

“...мектеп, тәрбиеші және ұстаздар-адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес, оның сонша күшті, ал мүмкін және әлдеқайда күшті әдейі тәрбиешілері.. табиғат, отбасы, қоғам халық.... және оның тілі болады”


«ПОПС формуласы»

«Қазақстан мектептеріндегі тәрбие жүйесі»

туралы 4 сөйлеммен өз ойын еркін білдіру

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,....»

Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...»

Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын....»

Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

Мысалы:

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, Қазақстан мектептеріндегі тәрбие жүйесі жоғары деңгейде дамуда»

Екінші сөйлем: «Себебі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Қазақстан Республикасының тәрбие жүйесінің мақсаты – оқушылардың жеке тұлғалық сапалығы, қазақстан патриоттылығы, гуманизмі және жалпы адамзаттық құндылықтары негізінде қалыптастыру», – деп атап көрсетілген.Тәрбиенің ұлттық құндылыққа негізделген қазақстандық үлгісін жасау, оның мақсатын және стратегиялық бағытын анықтау, барлық деңгейдегі білім беру жүйесіндегі оқушылар үшін тәрбиенің бағдарламасын құру өзекті мәселеге айналуда»


Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, қазіргі мектептегі тәрбие жүйесінің негізгі құрылымы – сабақ үстіндегі, сабақтан тыс уақыттағы, мектептен тыс уақыттағы, қоғамдық ұйымдармен және қоғам, мектеп, ата- аналар бірлестігінде іске асырылады, бір- бірімен сабақтастықта және жүйелі түрде байланысатыны арқылы дәлелдей аламын....»

Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім.

Тәрбие жүйесінде жас ұрпақты Отанға, халқына, елге жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, мұны олардың бойына сіңіріп қалыптастыру жетекші орын алады.. Сондықтан жүйелі тәрбие процессін оқушы бойына дұрыс қалыптастыру оқытушылардың басты мақсаты»

«Қатені тап»
Студенттерді үш топқа төледі. Әр топқа лекцияның әр жоспары бойынша мәтіндер беріледі. Және тапсырма орындауға 7-10 мин уақыт беріледі.

1 топ

2 топ

3 топ

Мәтін бойынша кесте құрастырады немесе ребус, сөзжұмбақ, сурет салады.

Міндетті түрде – 1-2 қате болуы керек.

Мәтіндегі белегілі бір ұғымды немесе үзіндіні шашарыңқы сөздер арқылы жазады.

Лекция мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Сұрақта міндетті тұрде 1-2 қате болуы керек.






Т


Ж

З

Ш

Г

У

Ж

Л


А


Т

Ә

Ж

І

Р

Ү

А


Р


Н

Л

М

А

П

Й

С


А


Т

Ә

Р

Б

И

Е

Т


П


Е

К

Е

М

А

С

А


Ш


Ы

Ғ

Ы

Н

Б

І

У


  1. К.Д. Ушинский өзінің 1929ж жазған «Тәрбие» атты мақаласында нені түсіндіргісі келді?

  2. ХХ ғасырдың 50 жылдарында қай жүйе дами бастады?

  3. Тәрбие әдісі- нақты жүйе феномены дегенді қалай түсінесің?


Тест

  1. Жеке адамның идеялық, саяси, адамгершілік, экономикалық т.б. жағынан қалыптастырудағы жүйелі процесс

A) Тәрбие жүйесі

B) Тәрбиенің ізгілік парадигмасы

C) Тәрбие үрдісі

D) Тәрбие бағдарламасы

E) Тәрбие процессі

  1. 1929ж жарық көрген «Тәрбие» атты мақаланың авторы дұрыс жазылған нұсқаны көрсетіңіз

A) Н.К. Крупская

B) К.Д.Ушинский

C) М. Жұмабаев

D) Л.И. Новмкова

E) Н.Л. Селиванова

  1. Мектеп ұжымының басты міндеті:

A) Тәрбие жұмысының жүйесін қалыптастыру

B) Қоғам үшін саналы, белгенді, ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру

C) Жеке адамды- өмір сүре білуге, қоршаған ортамен қарым- қатынас жасай білуге үйрету.

D) Жас ұрпаққа аға ұрпақтың әлеуметтік тәжірибесін беру.

E) Жеке адамның идеялық, саяси, адамгершілік, экономикалық т.б. жағынан қалыптастыру

  1. Дидактикалық жүйеге енетіндер.

A) Оқыту принциптері, мақсаты, мазмұны, құралдары.

B) Мақсаттар субьектілір, олардың іс- әрекеті, қатынас, қарым- қатынас, материалдық база

C) Отбасы, балабақша, мектеп, қоғамдық бірлестік.

D) Мақсат, мазмұн, іс- әрекет тәсілі.

E) Оқыту барысындағы, сабақтан тыс, мектептен тыс тәрбие жұмыстары.

  1. Педагогикада білім беру мекемелерінің тәрбиелік жүйелерін зерттеумен айналысатын ғылыми мектеп қай жылдары дами бастады.

A) ХХғ 90- шы жылдары

B) ХХғ 40- шы жылдары

C) ХІХғ 90- шы жылдары

D) ХІХғ 70- шы жылдары

E) ХІХғ 40- шы жылдары

  1. Тәрбие жүйесінің жалпы теориясы қай педагогтің мектебінің өкілдерімен өңделген

A) Л.И. Новикова

B) Н.Л. Селиванова

C) В.А. Караковский

D) Н.К. Крупская

E) М.А. Сидоркин

Кері бойланыс

«Әңгімелесетін әріптестер»

Өткен сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе бүкіл сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар әріптестерімен:

Жаңа оқылған 3 факті туралы;

оларға жеңіл болып көрінгендер туралы

оларға қиын болып көрінгендер туралы

алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады.