Файл: Шаш ру аза ызына тн дептілік Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 16

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазабек бек бекетіндегі орта мектеп

мектепке дейінгі шағын орталығы мен коомуналдық мемлекеттік мекемесінің

9-11сынып қыздарымен өткізілген

«Шаш өру қазақ қызына тән әдептілік»

атты жиналысы

Дайындағандар: Исахан Арай

2016-2017ж

Шаш өру қазақ қызына тән әдептілік
Мақсаты: Ең шашы ұзын қызды анықтау. Қазақ қызына тән мінез-құлықты дәріптеу. Салт-дәстүрімізді білу,  құрметпен қарау. Эстетикалық тәрбие беру. Шығармашылық-іскерлігін арттыру. Жарнама, фото жанрында талғампаздық, қиялын дамыту, іске асыра білу, жұмысын көрсете білу. Сахнада өзін ұстау, мәдениетті сөйлеу, өз ойын жеткізіп айта алу.

Көрнекіліктер: Банер «Бұрымды қыз», қанатты сөздер

 Сайыстың өту барысы:

1.Кіріспе:

Қазақ халқының шашқа байланысты ұстанымдары тақырыбында слайд көрсетіліді. Шашбау, шашқаптың түрлері көрсетіледі.



Әр нәрсеге мән беріп қараған ойлы халқымыз қашан да сұлудың көркі – шаш, шаштың көркі – шаштеңге деп қараған. Ұлт мәдениетінде әр бойжеткенді шашы мен түр-тұлғасына қарап бағалаған.

Әйел шашы табиғатына қарай қолаң шаш, сүмбіл шаш деп, өріміне қарай «жалғыз бұрым», «қос бұрым» деп  бөлінеді. Ұзын әрі алтын, күміс шолпы тағылған сұлу бұрым бойжеткен көркін одан әрі аша түседі.

Ақындар оларға «Қолаң қара шашы бар жібек талды» (Абай), «Сүмбіл шаш, пісте мұрын, лағыл иек, шынардай он саусағың құлжа күйек» (Ақан) деп сұқтанған, таңданған.

Шаш күтімі оны тарау, өсіру, өрудің өзі үлкен бір тәрбие мектебі десе де болады. «Ақ үйден бір қыз шықты көзі үлкен, шаштарын он күн тарап, бес күн өрген» делінген халық өлеңіндегі ғажап сурет осының бір дәлелі. Шашқа қосатын, жалғайтын, кигізетін, тарайтын, жағатын, тағылымы зор тағымдар мен зергерлік әсем бұйымдар тағы бар. Шашты тарау, тарқату үшін шаштарақпен бастырады. Тарақты шеберлер сиыр мүйізінен жасаған. Шашты жылтырату үшін шашмай жағады. Шашқа тағатын және оның сәнін келтіріп, мәнін арттыратын сәндік бұйымдардың ішіндегі асылы мен артық саналатыны – шолпы. Шолпы сәндік үшін ғана емес, шашты өсіретін әрі ұзартатын болғасын тағылады, желді күні көтеріліп кетпес үшін де пайдаланылады. Әсем сәнді шолпыларды қыздар мен келіншектер таққан, егде әйелдер тақпаған.


Шолпының түрлері өте көп. Мысалы, қоңыраулы шолпы, тізбелі шолпы, сағат баулы шолпы, моншақты шолпы, қозалы шолпы, сылдырмақ шолпы, көзді шолпы (бұларды орнатылған асыл тастарына қарай маржанды шолпы, меруерт шолпы, ақықты шолпы дейді). Металл түріне қарай алтын шолпы, күміс шолпы деп атала береді. Жер-жерде шолпылардың бұдан да көп атауы  бар. Сұлу шашқа тағылған осы шолпылар қыз-келіншектер жүріп тұрған кезде күн сәулесіне шағылысып көздің жауын алады. Сонымен бірге, ол иесі қозғалғанда, әсем дыбыстар шығарып сұлу қыз, кермаралдай керілген қыз келіншектердің әсем жүрісіне үн қосып, ару сыны мен сымбатын одан әрі арттыра түседі. Мұндай сұлуды қазақтар «сыңғырлаған күлкісіне сылдырлаған шолпысы үн қосқан» деп ардақтаған.







Шашбау – шаштың ажарын аша түсетін зергерлік өнер туындысы. Сұлулар мен бойжеткендерге арналған халық өлеңдерінде «Сылдырап шашбауың мен алтын сырғаң», «Көрінер қыздар сұлу шашбауымен, бұрымын кейін сілкіп тастауымен» дегені сондықтан. Шашбау түрлі-түсті асыл тас орнатылған, моншақ тізілген ұзын күміс шынжырлы баумен немесе қымбат, берік матамен ызылып жасалған алтын, күміс жіптермен өрнектеліп, ұшына салмақты күміс теңгелер мен сөлкебайлар тағылған бұйым. Мұның шолпыдан өзгешелігі – ол бұрыммен қоса өріліп,  теңгесі шаш ұшына байланады.



Шашқап – шашты күнге күюден, жұмыс үстінде шаң-тозаңнан сақтау үшін жасалатын сәндік бұйым.

Қазақ халқы шашты ертеден-ақ жоғары бағалаған және оған байланысты атқарылатын әдет-ғұрыптары да бар. «Шашыңды отқа тастама», «Шашыңды жайма», «Шашыңды қима» деген тыйымдар, «Шашың кесілсін» деген қарғыстар бар.

Халық қылмыс заңында да шаш туралы бірнеше бап бар. Тентектер әйелдің шашын кессе, ол дене мүшесін кескенмен бірдей жазаланады, үлкен айып төлейді. Егер әйелдер өздері қылмыс жасаса, олардың шашын кесіп жазалайды.

2.әр сыныптан шашы ұзын қыздар ортаға шығыып өз шаштарын көрсетеді. Бағалаушылар ең ұзын әрі жақсы күтілген шашты таңдап алады.

3. әр сыныптан екіден қыз шығып шаш өреді, 5мин уақыт беріледі. Ең әдемі өрілген шаш таңдалып алынады.



4.Сайысымыздың  келесі шарты. «Шолпысы әсем жарасып белге» (Музыка ойнап тұрады сайыскерлер кезегімен ортаға шығады, аттарын атап шақыру) ұлттық киім кию шарт, қатысушының сахнада өзін ұстауы, жүріс-тұрысы сарапталады.

1-Жүргізуші:- «Бұрымды қыз» сайысымыз да мәреге келіп- жеткен сияқты. Ендігі сөздің кезегін әділ қазыларға берсек деймін.

Марапаттау:

2- Жүргізуші:- Осымен сайысымыз аяқталды. Көріп, тамашалағандарыңызға үлкен алғысымызды білдіреміз! Сау-саламатта болыңыздар!

Ұдік деп таңдалған сыныпқа сыйлық беріледі.