ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.05.2024
Просмотров: 32
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Құрметті әріптес!
Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңына сәйкес авторлық құқық заңмен қорғаланатынын ескертеміз. Сатып алған ҚМЖ – ны тарату туралы факт анықталған жағдайда әкімшілік айыппұл салынады.
«USTAZ tilegi» ғылыми әдістемелік орталығының әкімшілігі
№472 бұйрығы бойынша жасалған ҚМЖ келесі бетте
Бұл ҚМЖ ust.kz сайтында жасалынған. «USTAZ tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығының сайтынының ҚМЖ бөлімінде кез-келген пән, кез-келген сынып бойынша ҚМЖ және презентацияны жүктеп ала аласыз. Ол үшін сілтеме арқылы өтіңіз.
https://ust.kz/qmg
Қысқа мерзімді жоспар
Газдардың сұйықтар және қатты денелердің молекулалық құрылымы
Білім беру ұйымының атауы | | |||||
Пәні: | | |||||
Бөлім: | 7.3А Қысым | |||||
Педагогтің аты-жөні: | | |||||
Күні: | | |||||
Сынып: 7 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Газдардың сұйықтар және қатты денелердің молекулалық құрылымы | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 7.3.1.1 – заттардың молекулалық құрылысы негізінде, газдардың сұйықтар мен қатты денелердің құрылымын сипаттау | |||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар істей алады: Зат күйлерін біледі және олардың түрін ажырата алады. Көптеген оқушылар істей алады: Зат күйлеріне тән қасиеттерін ажырата алады. Кейбір оқушылар істей алады: Денелердің молекулалық құрылымын сипаттай отырып, мысалдар келтіре алады. | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңі//уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Ұйымдастыру Өзін-өзі тексеру Өткен білімді еске түсіру 10 минут Жаңа білім 10 минут Бекіту 15 минут Кері байланыс Сабақтың соңы. 10мин Рефлекция Бағалау Үй тапсырмасы | Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Жағымды атмосфералық жағдай тудыру. «Молекула-молекула» әдісі арқылы тақырыпты ашу, топқа бөлу 1.Газ 2.Сұйық 3.Қатты Үй тапсырмасын тексеру.«Ыстық орындық» орындық әдісі бойынша сұрақ -жауап 1. Қандай күшті теңәрекетті күш деп атайды? 2. Бір түзудің бойымен бір жаққа қарай бағытталған екі күштің теңәрекетті күші неге тең? 3. Бір түзудің бойымен қарама-қарсы жаққа қарай бағытталған екі күштің теңәрекетті күші қай жаққа қарай бағытталады.? 4. Формуласы қандай? Жаңа тақырып « Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі Физика пәнінің ерекшелігін ескере отырып топтар Ойлан – жұптас – бөліс тәсілі арқылы жаңа сабақты меңгеретін болады. Әр топ оқушы берілген материал мен суреттер арқылы постер толтырады. Зат күйініне байланысты тақырыптарын қорғайтын болады. Тапсырмадан соң оқушыларға ауызша кері байланыс беремін. "Бұл - жақсы жауап" "Сен жетістіктерге жетудесің!" "Сенің тəжірибені сипаттауың нақты жəне логикалық түрде. Келесі жолы саған өз көзқарасыңа қатысты қателіктерің туралы ойлану қажет" "Бұл мен күткен жауап емес". Физикалық эксперимент. Stop-кадр тәсілі. Интербелсенді тақтаға зат күйінің молекула қозғалысының бейнежазбасын қосып, белгілі бір уақытта тоқтатамын. Оқушылар бұл қай зат күйінің молекулалық қозғалысы екенін атап, оны қалай анықтағанын айтады. Сол арқылы оқушыларға сұрақтар қойылады. «Білім қоржыны» кері байланыс Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау -Тақырып оқу -105 беттегі кестені толтыру | Оқушылар өткен тақырып сұрақтарына жылдам жауап беріп, бүгінгі тақырыппен танысады. Ойлан – жұптас – бөліс тәсілі арқылы жаңа сабақты бойынша оқушылар жұмыс істегенде рөл, аудитория, форма, тақырып бойынша бөлініп тақырыптарды қорғайды. Экранда көрсетілген суреттерден жылдам оқушылар атауларын сәйкестендіру жасайды. Бейнекөрсетілім бойынша балалар заттың күйлерін анықтап,дәлелдеп түсіндіріп береді Сабақты қорытындылау барысында оқушылар өз ойларын үлестірме қағаздарға жазып, Білім қоржыны кестесін толтырады | Бағалау критерийлері -Заттардың молекулалық құрылысын біледі. -Газдардың, сұйықтар мен қатты денелердің құрылымын сипаттап, мысалдар келтіре алады. Дескриптор: -Теңәрекетті күштің анықтамасын біледі. -Бір түзудің бойымен бағыттас екі күштің теңәрекетті күшін біледі. Айырмашылықтарын айта алады. -Формуласын біледі. Жалпы балл-2 Дескриптор: - Ең ұсақ бөлшек атомдар екенін біледі. -Әр заттың молекуласы - сол заттың қасиеттерін сипаттайтынын біледі. -Сурет бойынша молекулалар құрылысы арқылы заттың күйін анықтай алады Жалпы балл-3 Дескриптор: -Зат күйлерін ажырата алады. -Атаулары мен суреттерін сәйкестендіре алады. Жалпы балл-2 Дескриптор: -Әр заттың молекуласы - сол заттың қасиеттерін сипаттайтынын біледі. -Зат күйлерінің молекулаларының қозғалысын біледі. -Бейнекөрсетілім бойынша молекулалар қозғалысы арқылы заттың күйін анықтай алады. Жалпы балл-3 Жалпы сабақты бағалау критерийлер бойынша ең жоғарғы 10 балл | Оқулық Слайд Бейнекөрсетілім Үлестірме стикерлер Дескриптор Оқулық |
Сабақтың тақырыбы: Газдардың сұйықтар және қатты денелердің молекулалық құрылымы
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Қатты денелердегі қысым
Білім беру ұйымының атауы | | ||||||||||
Пәні: | | ||||||||||
Бөлім: | 7.3А Қысым | ||||||||||
Педагогтің аты-жөні: | | ||||||||||
Күні: | | ||||||||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Қатты денелердегі қысым | ||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 7.3.1.2 – қысымның физикалық мағына-сын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау; 7.3.1.3 – есептер шығаруда қатты дененің қысымының формуласын қолдану | ||||||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар істей алады: Белгілі бір бетке түсетін қысым жайлы мағлұмат алады; Көптеген оқушылар істей алады: Алған білімдерін есеп шығаруда қолдана біледі; Кейбір оқушылар істей алады: Белгілі бір бетке түсетін қысымды күнделіктіөмірде қолдана білугеүйренеді; | ||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||
Сабақтың кезеңі//уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||||||
Ұйымдастыру Өзін-өзі тексеру Өткен білімді еске түсіру 10 минут Жаңа білім 10 минут Бекіту 15 минут Кері байланыс Сабақтың соңы. 10минут Рефлекция Бағалау Үй тапсырмасы | Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Алдыңғы білім (Үй тапсырмасы) Миға шабуыл әдісі арқылы (Ой қозғау) Ойланып сұрақтарға жауап беріңіз? 1. Заттарды құрайтын бөлшектер қалай аталады? 2. Қатты денелердің, сұйықтардың және газдардың молекулалық құрылымын сипатта? 3.Қатты дененің молекулаларының орналасуы 4.Пішіні мен көлемін сақтау – қатты денелерге тән қасиет. 5.Сұйықтың молекулаларының орналасуы 6.Аққыштық, көлемін сақтау және пішінін оңай өзгерту – сұйыққа тән қасиет. 7. Газдардың молекулаларының орналасуы 8. Газдың тұрақты көлемі мен пішіні болмайды. Олар берілген көлемді түгелдей алады. Жаңа сабақ. Дөңгелек үстел әдісі Күш әрекетінің тіреу ауданына тәуелді екендігін дәлелдейтін тәжірибелер көрсету. Мұғалім тәжірибе көрсетеді. (Д) Демонстрациялық (көрсету) әдісі Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды.Қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады: р-қысым, Ғ-бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күш немесе қысым күші; S-күш түсетін беттің ауданы. ХБЖ-да қысым паскальмен өлшенеді. Тапсырма-1 Оқушыларға тапсырма беріледі. Оқушылар берілген суреттер бойынша қысымның дене ауданына тәуелділігін, түсірілген қысым шамасының себептерін түсіндіреді. (G) Суға түсіп кеткен адамды құтқарушы балалардың қайсысының әрекеті дұрыс. Себебін түсіндіріңіз. Суреттегідей қойылған кірпіштер жерге бірдей қысым түсіреді ме? Аяғына шаңғы байлаған адам қар үстімен жеңіл жүре алады. Мұның себебі не? Тапсырма-2 Есептер шығару «Деңгейлік тапсырма» (G) Деңгейлік есептер шығару
Сабақты қорытындылау Шығу парағы әдісі. Сабақ аяғында оқушылар бірнеше сұраққа жазбаша жа уап береді. (I) Бір-бірінің пікірлерін тыңдау.Өзіңіздің және жолдастарыңыздың жұмысын бағалаңыз. Шығу парағы әдісі.
«Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы сабақтар алған білімдерін білу мақсатында үлестірме қағаздарға өз ойларын жазады. Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау Оқулықтағы тақырып соңындағы сұрақтарға жауап жазу | Оқушылар жаңа сабақ тақырыбы бойынша негізгі шамаларды естеріне түсіреді Алдыңғы тақырып сұрақтарына жылдам жауап береді Оқушылар мұғалім жасаған тәжірибені көріп, қысым ұғымын және оның қандай шамаларға тәуелділігін үйренеді. Оқушылар өздеріне берілген сурет бойынша қысымның пайда болу себептерін талдап, бір-біріне түсіндіреді. Алған теориялық білімдерін практикада яғни есептер шығаруда қолданады Сабақ соңында оқушылар шығу парағында берілген кестені жеке-жеке өздері толтырып, сабақты қорытындылайды. | |
Бағалау критерийлері
- Қысымның қандай шамаларға тәуелді екенін анықтайды.
- Қатты денелер түсіретін қысымды есептейді.
- Белгілі бір бетке түсетін қысым жайлы мағлұмат алып,алған білімдерін есеп шығаруда және күнделікті өмірде қолдана біледі.
Дескриптор:
- Заттың молекулалық құрылымы негізінде сұйық пен қатты зат және газ құрылысын сипаттайды.
Жалпы балл-2
Дескриптор:
-Қысымның анықтамасын қолданып, қорытынды жасайды.
-Қысымның физикалық шамаларға тәуелділігін түсіндіреді.
-Қысымның анықтамасын қолданып, қорытынды жасайды
Жалпы балл-2
Дескриптор:
-Қысымның формуласын есеп шығаруда қолданады.
-Қысым формуласын түлендіре алады.
Жалпы балл-4
Дескриптор:
-Қысымның күнделікті тұрмыста маңыздылығын түсінеді.
Жалпы балл-2
Жалпы бағалау критерийлер бойынша 10 балл
§23 оқу, 4,1-жаттығу №3
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Манометрлер. Сорғылар
Білім беру ұйымының атауы | | |||||
Пәні: | | |||||
Бөлім: | 7.3А Қысым | |||||
Педагогтің аты-жөні: | | |||||
Күні: | | |||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Манометрлер. Сорғылар | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 7.3.1.10 – манометр мен сорғылардың жұмыс істеу принципін сипаттау | |||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар істей алады: Манометр құралын не үшін қолданылатынын анықтай алады,түрлерін біледі,оларды күнделікті өмірде қолдана білуге үйренеді. Көптеген оқушылар істей алады: Барометр мен манометр құралын салыстыра отырып,айырмашылығын түсінеді.Манометрмен қысым айырымын өлшей алады,бөлік құнын анықтай Кейбір оқушылар істей алады: Манометр мен сорғылардың жұмыс істеу принциптерін,заңдылықтарын айқын тұжырымдайды.Адамның қан айналым жүйесіндегі қысымды өлшей алады. | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңі//уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Ұйымдастыру Өзін-өзі тексеру Сабақтың басы 10 минут Өткен білімді еске түсіру Жаңа білім 15 минут Бекіту 10 минут Кері байланыс Сабақтың соңы. 10 минут Рефлекция Бағалау Үй тапсырмасы | Ұйымдастыру кезеңі:Шеңбер құру арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыстастыру,психологиялық ахуал туғызу. Сәлеметсіңдер ме,балалар!Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин атамыз «Кел,балалар,оқылық,оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық»деді емес пе,ендеше бүгінгі сабақта барлығымыз ынталы,белсенді,ықыласты,зейінді,зерделі болайық. Үй тапсырмасы «Сиқырлы таяқша» әдісі 1. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал? 2. Барометр – анероид дегеніміз не? 3. Э.Торричелли қондырғысын түсіндіріңіз. 4. 1мм.сын.бағ. қанша Па тең? 5. Паскаль заңын түсіндіріңіз. 6. Атмосфераның негізгі қабаттарын атаңыз? Проблемалық әдіс «Ойлан, жұптас, бөліс».Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал қалай аталады?(барометр) Балалар,атмосфералық қысымнан жоғары не төмен болатын процесстер табиғатта немесе техникада байқалады ма? Ал ол қысымдарды қалай өлшеуге болады? «Джигсо» әдісі бойынша берілген мәтінді оқушылар танысып, бір-біріне талдап, түсіндіреді. Осы әдіс бойынша мына тақырыптарда постер қорғау
Эксперимент жүргізу.Оқушылар қабілетін жетілдіріп,білімін көрсету үшін, қарастырған құралдармен қысымды өлшеу. 1 деңгей . Ашық сұйықтық манометрмен өлшеу. 2 деңгей. Бурдон манометрмен өлшеу . 3 деңгей. Адамның қанайналым жүйесіндегі қысымды сфигмонометрмен өлшеу. «Екі жұлдыз,бір тілек» Оқушылар біліміне кері байланыс арқылы қорытынды жасалынады. Сіз бүгін нені білдіңіз? Сіз үшін не құнды болды? Қандай тапсырманы орындау қиынға соқты? Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау §53-54 Манометрлер.Сорғылар 27-28 жаттығу | Үй тапсырмасы «Сиқырлы таяқша» әдісі Оқушылар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» (ұсақ бұйымдарды)бергенде таяқшаны беріп тұрған оқушы келесі оқушыға сұрақ қояды. Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады,жауап береді,пікірлеседі,жинақ- тайды,тұжырымдайды. Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша постерін жазып қорғайды Оқушылар аспаптарды қолданып, әр түрлі құрылғыларда қысым өлшейді. Сабақтан алған әсерін стикерге жазады | Бағалау критерийлері -Манометр мен сорғылардың түрлеріне анықтама бере алады. -Манометр мен сорғылардың түрлері мен ерекшеліктерін ажырата алады. -Манометр мен сорғылардың жұмыс істеу заңдылықтарын айқын тұжырымдайды,практика жүзінде аспаптармен өлшеулерді толық жүргізе алады. Дескриптор: -Манометр , сорғылардың қандай қызмет атқаратынын біледі, олардың құрылғысын, негізгі бөлшектердің атауларын біледі. -Манометр, сорғылар, танометр туралы ақпаратты жеткілікті дәрежеде өңдейді. -Қысым өлшейтін аспаптарды, яғни манометр, танометрді орынды қолдана алады. Жалпы балл-5 Дескриптор: -Аспаптардың анықтамасын білу,бөлік құнын анықтайды. -Аспаптардың түрлері мен ерекшелітерін ажырата алады. -Аспаптардың құрылғысын және бөлшектердің атауын біледі. -Аспаптардың жұмысы қандай заңға негізделгенін біледі. Жалпы балл-5 Жалпы бағалау критерийлер бойынша 10 балл | АКТ ДК экран Слайд Сөздер жазылған стикерлер Қарындаш, қаламсап, сызғыш Презентация материалдары. Графпроектор, слайдтар 9,10,плакаттар, манометр, сорғы Тонометр Ашық сұйықтық манометр Бурдон манометрі |