ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 34

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: №13 Практикалық жұмыс:сапалық және сандық есептер шығару

Білім беру ұйымының атауы




Пәні:




Бөлім:

7.3А Қысым

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

13 Практикалық жұмыс:сапалық және сандық есептер шығару

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

7.1.3.3 –физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Қауіпсіздік ережесінің физикалық мағынасын түсінеді;

Көптеген оқуышылар істей алады: Қауіпсіздік ережесін зерттеу кезінде қолданады;

Кейбір оқушылар істей алады: Зерттеу жұмыстарын қауіпсіздікті тиімді пайдаланып тапсырмаларды өз бетінше орындай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру


Өткен білімді еске түсіру

Сабақтың басы

10 минут

Жаңа білім
10 минут


Бекіту

15 минут

Кері байланыс

Сабақтың соңы.
10 минут
Рефлекция

Бағалау

Үй тапсырмасы


Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй жұмысын тексеру, өткен тақырыпқа қорытынды жасау. «Миға шабуыл» әдісі өткен сабақ бойынша сұрақтар қою.

1.Гидростатикалық қысым дегеніміз не?

2. Сұйықтың ыдыстың табына түсірген қысымы қандай шамаларға тәуелді?

3. Гидростатикалық қысымының формуласы

Ойланыңдар, өткенді еске алыңдар,

Бұл құбылыс айналадан табылар.

Сұйықтар мен газдардағы қысымды,

Кім айтады түсіндірген ғалымды?
Жаңа сабақ:

Тәжірибе:Допты суға батырып, қолды қоя бергеннен кейін, доп қайтадан су бетіне шығады.

Мұғалім: доп неге су бетіне ытқып шығады?

Мұғалім: жауап дұрыс, допты судан ығыстырып шығатын күш әсер етті. Бұл күшті біз ығыстырушы күш деп атаймыз.

Мұғалім: сол ыдысқа цилиндрді салайық. Дене батып кетті. Бұл жағдайда ығыстырушы күш әсер ете ме?

Мұғалім: цилиндрге ығыстырушы күш әсер ете ме екенін тексеру үшін, цилиндрді динамометрге іліп, динамометрдің көрсеткішін жазып аламыз. Содан кейін цилиндрді сол тұрған күйінде суға батырамыз да, динамометрдің кқрсетуін жазып аламыз. Екі жағдайдағы динамометр көрсеткішін салыстырамыз. Тәжірибе жасалады. Не байқадыңдар:

Мұғалім: бұдан қандай қорытынды жасауға болады?

Мұғалім: бұл күш қалай қарай бағытталған?
Видеоролик: «Судағы кері итеруші күш».

Видеоролик «Архимед және тәж»

Архимедтің ашқан жаңалығының мән-мағынасын түсіну үшін қарапайым тәжірибе жасап көрейік. Динамометр ілгегіне қандай да бір дене ілейік те, оның шкаласының көрсетуі бойынша ауырлық күшінің мәнін белгілеп алайық. Осыдан кейін денені толық суға батырайық. Динамометр көрстуі өзгергенін байқаймыз. Неліктен? Дененің массасын өзгерткеніміз жоқ. Демек бұл жағдайда денеге ауырлық күшінен басқа оны судан ығыстыратын күш әрекет етеді. Ол күш қалай пайда болады?

Сұйықтың қысымы туралы білімімізге сүене отырып, осы сұйыққа батырылған денеге қандай күштер әрекет ететінін қарастырайық. Дененің бүйір жақтарына әрекет ететін күштер тең және олар бірін –бірі тегеріп тұрады. Бұл күштердің әрекетінен тек дене сығылады. Дененің үстіңгі жағын биіктігі Һ1 су бағаны Ғ1 күшпен , ал төменгі жағын биіктігі Һ2 су бағаны Ғ2 күшпен қысады. Мұндағы Һ2 су бағанының биіктігі Һ1 биіктіктен көп, сондықтан Ғ2 күші де Ғ1 күштен көп болады. Демек, денені сұйықтан ығыстыратын күш Ғ1 жәнеҒ2 күштерінің айырмасына тең, яғни Ғы═Ғ12.

Сонымен, сұйыққа батырылған денеге осы денені сұйықтан ығыстыратын күш әрекет етеді.
Есеп шығару (I) жеке жұмыс:

1. Тастың ауадағы салмағы 30 Н, тастың судағы салмағы 10 Н. Тасқа әрекет ететін кері итеруші күш неге тең?

2. Сұйыққа батырылған денеге 20 Н кері итеруші күш әсер етеді. Дененің көлемі қандай?
Бекіту сұрақтары(I) жеке жұмыс:

1. Неге өзен суына қарағанда ,теңіз суында жүзген жеңілірек?

Жауабы: теңіз суы тұзды , тұзы неғұрлым көп болған сайын тығызырақ келеді. Архимед күші көбірек

2. Архимед заңының формуласы қандай?

3. Арқаңмен жүзгенде суда өзіңді жеңіл ұстайсың. Неге?

Жауабы: Арқаңмен жүзген жеңіл, өйткені арқаның көп бөлігі суға батады да кері итеруші күшті көбейтеді.

4. Ертедегі гректерде Архимед өте күшті адам болған деген аңыз бар. Ол судың ішінде тұрып, сол қолымен 1000 кг жүкті көтерген екен, бірақ беліне дейін ғана. Бұлай болуы мүмкін бе?

Жауабы: Мүмкін, егер жүктің көлемі үлкендеу

5. Архимед күшінің бағыты қалай бағытталады?

6. Неліктен денені суға батырған кезде динамометрдің көрсеткіші өзгереді?

Жауабы:Ауырлық күшімен қатар денені судан ығыстыратын ығыстырушы күш әрекет етеді.

Рефлексия: Қарастырылған мәселелерді қаншалықты ұққандығыңды өзің бағалап,төмендегі белгілерді қой:

жасыл-жақсы ұқтым

сары - кейбір сұрақтарым бар

қызыл -ұқпадым

Дескрипторларға сүйене отырып оқушылар өз білімдерін жұптасып бағалау критерий арқылы бағалау

Уй тапсырмасы: &29 жат 4.6 №8.11 Прак, ж №15 (1,2). Неге тәрелкені суға қырымен салса батады, ал түбімен салса батпайды? Түсіндірме әңгіме құрастыру



Миға шабуыл сұрақтары арқылы үй жұмысын қайталау сұрақтары қою.

Оқушылар мұғалім сұрақтарына жауап береді.

Өйткені допқа күш әсер етті.

Оқушылар әр қилы жауап беруі мүмкін.

Цилиндрді суға салғанда динамометрдің көрсетуі кемиді.
Су салынған кез келген денеге ығыстырушы күш әсер етеді.
Сұйықтықта тұрған денеге әсер ететін ығыстырушы күш жоғары қарай бағытталған.
Видеоролик көру барысында Архимед заңының толық физикалық мағынасын түсінеді.


Кері итеруші күш формуласын есеп шығаруда қолданады.


Оқушыларға сабақ соңында сабақты бекіту сұрақтары беріледі


Бағалау критерийлері

-Архимед күші немесе кері итеруші күш туралы мағлұмат алады.

-Архимед күшінің формуласымен танысады, формуланы түрлендіріп, өлшем бірлігін ХБ жүйесіне айналдыруды үйренеді.

- Архимед заңын түсінеді.

Дескриптор:

-Судағы денеге әсер ететін күшті біледі.

-Суға батырылған денеге сол дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағына тең күш ісет ететінін біледі.
Жарпы балл-3


Декриптор:

-Кері итеруші күш формуласын біледі.

-Есептер шығаруда қолдана алады.

-Формуласына түрлендірулер жасай алады.

Жалпы балл-4
Дескриптор:

-Архимед күші мен заңының анықтамаын біледі.

-Мысалдар келтіре алады.

-Есептер шығаруда қолданады.
Жалпы балл-3

Сабақтағы тапсырмалардың жалпы бағалау критерий-10 баллдық жүйемен бағаланады.


Оқулық

слайд

ДК экран


ДК экран

Слайд

Сұрақтар

Оқулық

ДК экран

Видеоролик

Үлестірме қағаздар



Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Архимед күші.Кері итеруші күш

Білім беру ұйымының атауы




Пәні:




Бөлім:

7.3А Қысым

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Кері итеруші күш

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

7.3.1.12 – сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіндіру;

7.3.1.13 – есептер шығаруда Архимед заңын қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Кері итеруші күштің физикалық мағынасын түсінеді;

Көптеген оқуышылар істей алады: Кері итеруші күшті түсіне отырып анықтама береді және формуласын қолданады;

Кейбір оқушылар істей алады: Кері итеруші күштің формулаларын түрлендіре алады, деңгейлік тапсырмаларды өз бетінше орындай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру

Сабақтың басы

10 минут

Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім
10 минут


Бекіту

15 минут

Кері байланыс

Сабақтың соңы.
10 минут

Рефлекция


Бағалау

Үй тапсырмасы



Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау. Оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін « Миға шабуыл»стратегиясын қолдандым:

1.Қалыпты атмосфералық қысым нешеге тең? (760мм.сын.бағ)

2.Ұшақтың ұшу биіктігін анықтайтын құрал?( альтиметр)

3.Сфигмоманометр не үшін қолданылады? (Адамның қан айналымы жүйесіндегі қысымын)

4.Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал? (Барометр)

5. Манометрдің жұмыс істеу принципі қандай заңға негізделген? Паскаль

6. Атмосфераның негізгі қабаттарын ата? (Тропосфера, Стратосфера, Мезосфера, Термосфера)
«Ой шақыру» әдісі арқылы сабақ тақырыбын тұжырымдаймыз: Допты суға батырып, қолды қоя бергеннен кейін, доп қайтадан су бетіне шығады. Доп неге су бетіне ытқып шығады?

 

Бұл күштің мәнін тұңғыш рет ертедегі грек ғалымы Архимед (б.з.б.287-212) есептеп шығарған.
Оқулықпен жұмыс.
1 тапсырма. Қалай Архимед Сиракуз патшасының тәжінің алтыннан жасалғанын немесе алтын еместігін анықтады?



2-тапсырма. Деңгейлік тапсырма. Есептер шығару (I) жеке жұмыс

1.Егер ағаштың тығыздығы 700 кг/м3 болса, онда әрқайсысының көлемі 0,6м3 болатын 10 бөренеден жасалған сал қандай ең үлкен көтеру күшіне ие болады?

2.Су астында жатқан массасы 30 кг, көлемі 0,012м3 тасты көтеру үшін, оған қандай күш түсіру керек? .

3.Көлемі V0,4дм3 алюминий цилиндрі динамометрге ілінген. Осы динамометр ауада, суда нені көрсетер еді? , .

4.Керосинге батырылған темір білеушеге әсер ететін кері итеруші күш 20Н болса, оның көлемі қандай? , .
5.Теңізде мұз жүзіп жүр, оның 195 м3 көлемі судың бетінде болса, мұздың жалпы көлемі қандай? , .


3-тапсырма «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі (білімдерін жинақтау)

Берілген тапсырма бойынша әр бір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қортып жұппікірлерімен бөліседі. Бұл бүкіл сынптық талқылауға

ұласады

  1. Үш түрлі кубтар берілген осылардың қайсысына

көбірек ығыстырушы күш әсер етеді? Егер керосинге батырсақ ығыстырушы күштің шамасыөзгере ме?


2) Бір ағаш білеушені сынап, сосын су , одан соң керосин құйылған ыдысқа салғандағы жағдайда білеушеге әрекет ететін Архимед күшін

салыстырыңдар.
Кері байланыс «Бас бармақ» әдісі.

Түсінген оқушылар саусақты жоғары көтереді 

Жартылай түсінгендер бармағын жанына қаратады 

Түсінбегендер бармағын төмен түсіреді 
Рефлексия: Қарастырылған мәселелерді қаншалықты ұққандығыңды өзің бағалап,төмендегі белгілерді қой:

жасыл-жақсы ұқтым

сары - кейбір сұрақтарым бар

қызыл -ұқпадым
Дескрипторларға сүйене отырып оқушылар өз білімдерін жұптасып бағалау критерий арқылы бағалау

Эксперименттік тапсырма



Миға шабуыл сұрақтары арқылы үй жұмысын қайталау сұрақтары қою.

Оқушылар мұғалім сұрақтарына жауап береді.

Өйткені допқа күш әсер етті.

Оқушылар әр қилы жауап беруі мүмкін.

Кері итеруші күш формуласын есеп шығаруда қолданады.

Оқушыларға сабақ соңында білімдерін жинақтау мақсатында берілген тапсырманы талдап, қорытындылайды.




Бағалау критерийлері

-Кері итеруші күштің анықтамасын біледі табиғатын түсінеді

-Кері итеруші күштің пайда болу себебін біледі

-Кері итеруші күшті тәжірибеде тексереді

-Кері итеруші күштің қандай физикалық шамаларға тәуелді екенін анықтай алады


Дескриптор:

-Судағы кері итеруші күш табиғатын түсінеді.

-Мәтінді оқып түсінеді.

-Қорытынды жасайды.

Жарпы балл-2


Дескриптор:

Кері итеруші күш формуласын біледі.

-Есептер шығаруда қолдана алады.

-Формуласына түрлендірулер жасай алады.

Жалпы балл-6


Дескриптор:

-Архимед күші мен заңының айырмашылығын біледі.

- Архимед күшін қандай шамаларға тәуелді екенің біледі

-Мысалдар келтіре алады.
Жалпы балл-2


Сабақтағы тапсырмалардың жалпы бағалау критерий-10 баллдық жүйемен бағаланады.




Оқулық



слайд


ДК экран
ДК экран

Слайд

Сұрақтар

Оқулық

Оқулық

сурет

Үлестірме қағаздар

Басмармақ суреттері




Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: № 6 зертханалық жұмыс. «Архимед заңын зерделеу»


Білім беру ұйымының атауы




Пәні:




Бөлім:

7.3А Қысым

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

6 зертханалық жұмыс. «Архимед заңын зерделеу»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

7.3.1.11 – кері итеруші күшті анықтау және оның сұйыққа батырылған дененің көлеміне тәуелділігін зерттеу;

7.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: қатты, сұйық, газдардың құрылысын ажырата алады.

Көптеген оқушылар істей алады: Кері итеруші күш ұғымын түсінеді. Архимед заңын түсінеді.

Кейбір оқушылар істей алады: Архимед заңын түсіне отырып есептер шығара алады

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы

10 минут


Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім
10 минут

Бекіту
15 минут

Кері байланыс

Сабақтың соңы.
10 минут

Бағалау


Үй тапсырмасы



Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй жұмысын тексеру, өткен тақырыпқа қорытынды жасау. Миға шабуыл

Сұйық өзіне батырылған денеге неліктен төменнен жоғары қарай бағытталған қысым түсіреді?

Архимед күшінің әрекеті қалай байқалады?

Архимед күші қандай шамаларға тәуелді?

Архимед заңын пайдалана отырып, дененің тығыздығын қалай анықтауға болады?
Судағы денеге әсер ететін кері итеруші күш Архимед күшін және кері итеруші күш қандай физикалық шамаларға тәуелді екенін анықтау үшін оқушылар пазл арқылы үш топқа бөлінеді.

Бөлінген топтарға үш түрлі тапсырма беріледі.
Сабақта пайдаланған құрал-жабдықтар: суы бар ыдыс, массасы әр түрлі жүктер, динамометр, мензурка, жіп, мектеп таразысы, көлемдері әр түрлі жүктер және тығыздығы әр түрлі сұйық (су, сұйық май)
1-тапсырма: Су ішінде массасы 100г денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті өлшеу

Жұмыстың барысы:

1. Мензурка көлемімен жүктің көлемін анықтау

2. Дененің өлшеген Vд көлемі мен су ρсу тығыздығы бойынша ығыстырылған су салмағын табу. Р0= ρсу Vд g

Vд=V2-V1

V1-судың бастапқы көлемі

V2- дене салынғаннан кейінгі көлемі

3. Денені жіпке байлап, динамометр ілгегіне іліп және оған әрекет етеін ауырлық күшін (дененің ауадағы салмағын) мәнін табыңдар. Р-?

4. Динамометрге ілінген жүкті түгелімен суға батырып, оның су ішіндегі салмағын анықтаңдар. Р1-?

5. Ығыстырушы күш ығыстырылған су салмағына тең бе? Тексеріңдер.

6. Тәжірибені басқа денемен жасаңдар

7. Кестеге алынған мәліметтерді жазу

Жұмысты орындап, есептеулерді реттеп жазып, шыққан қорытындыны тұжырымдай білуге үйретемін.



Тәжірибе реті

Дененің көлемі, vд , м3

Дене ығыстырған сұйық салмағы

Ро, Н

Дененің ауадағы салмағы Р, Н

Сұйықтықтағы дене салмағы

Р1, Н

Ығыстырушы күш

Fы = Р- Р1, Н




















Оқушылар зертханалық жұмысты жасап болған соң өздері қорытынды жасаулары тиіс.

Қорытынды:

Ығыстырушы күш, дене ығыстырып шығарған судың салмағына тең

Сұйықтыққа салынған денеге кері итеруші күш әсер етеді




2-тапсырма Сұйыққа батырылған денеге әрекет ететін Fы ығыстырушы күштің дене көлеміне байланысты екенін тексеру

Құрал – жабдықтар: мектеп таразысы, массасы 100 гр болатын көлемдері әр түрлі екі дене, суы бар екі ыдыс.

Жұмыстың барысы:

Жүктерді таразы иіндеріне бекітіп, таразыны тепе теңдік қалпына келтіріңдер;

Егер екі денені де суы бар ыдыстардың ішіне батырсақ, таразының тепе теңдігі бұзыла ма? Сұраққа жауап беріңдер. Жауаптарыңды тәжірибеде тексеріңдер.


3-тапсырма Fы ығыстырушы күштің ρс сұйық тығыздығына байланысты екенін тексеру

Құрал – жабдықтар: мектеп таразысы, массалары мен көлемдері бірдей екі дене, суы бар және судан басқа кез келген сұйық құйылған ыдыстар;

Жұмыстың барысы:

Жүктерді таразы иіндеріне бекітіп, таразыны тепе теңдік қалпына келтіріңдер;

Егер бір денені де суы бар ыдысқа, екіншісін басқа сұйық құйылған ыдысқа батырса, таразының тепе – теңдігі бұзыла ма? Сұраққа жауап беріңдер. Жауаптарыңды тәжірибеде тексеріңдер.

Әр топ өздері тәжірибені қорытындылап, ортаға шығып нәтижесін түсіндіреді.

Барлық топты тыңдап болған соң оқушылар Архимед күші қандай физикалық шамаларға тәуелді, қандай шамаға тәуелді емес екенін өздері қорытынды жасайды.
Есептер шығару (I)

1.Мәрмәр және мыс кесектерінің массалары тең. Олардың қайсысын суда көтеру оңайырақ? Өз ойыңызды дәлелдеп, толық жазыңыз.

;

2.Бір ағаш білеушені сынап құйылған ыдысқа, сосын су құйылған ыдысқа, одан соң керосин құйылған ыдысқа салғандағы жағдайда білеушеге әрекет ететін Архимед күшін салыстырыңдар.
Рефлексия: Қарастырылған мәселелерді қаншалықты ұққандығыңды өзің бағалап,төмендегі белгілерді қой:

жасыл-жақсы ұқтым

сары - кейбір сұрақтарым бар

қызыл -ұқпадым
Дескрипторларға сүйене отырып оқушылар өз білімдерін жұптасып бағалау критерий арқылы бағалау
Неге тәрелкені суға қырымен салса батады, ал түбімен салса батпайды? Түсіндірме әңгіме құрастыру 26 - жаттығу


Миға шабуыл сұрақтарына жауап береді.

Пазл арқылы сынып оұушылары үш топқа бөлінеді.

Оқушылар техника қауіпсіздік ережесін ескере отырып, берілген тапсырма мен құралдар арқылы зертханалық жұмысты жасайды.Оқушылардың тәжірибе барысында көз жеткізетіні: Сұйыққа батырылған денеге, осы дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағына тен күш әрекет ететіндігін тәжірибеде көреді




Бағалау критерийлері

- Fы ығыстырушы күш ығыстырылған су салмағына тең екендігін анықтайды.

-Fы ығыстырушы күштің дене көлеміне байланысты екенін тексереді.

- Fы ығыстырушы күштің ρс сұйық тығыздығына байланысты екенін тексереді.
Дескриптор:

-Архимед күші мен заңының анықтамаын біледі.

-Архимед заңы қандай шамаларға тәуелді екенін біледі.

Дескриптор:

- Fы ығыстырушы күш ығыстырылған су салмағына тең екендігін анықтайды.

-Fы ығыстырушы күштің дене көлеміне байланысты екенін тексереді.

- Fы ығыстырушы күштің ρс сұйық тығыздығына байланысты екенін тексереді.
Жалпы балл-6
Декриптор:

-Денелердің көлемін есептейді

-Архимед зағы тәуелді шамаларды біледі.

Жалпы балл:4

Сабақтағы тапсырмалардың жалпы бағалау критерий-10 баллдық жүйемен бағаланады




Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: № 15 Практикалық жұмыс:сапалық және сандық есептер шығару

Білім беру ұйымының атауы




Пәні:




Бөлім:

7.3А Қысым

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

15 Практикалық жұмыс:сапалық және сандық есептер шығару

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

7.3.1.13 –есептер шығаруда Архимед заңын қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Архимед заңын және денелердің жүзу шарттарын біледі

Көптеген оқушылар істей алады: Архимед заңын және дененің және сұйықтың тығыздығына байланысты жүзу шарты орындалатынын түсінеді

Кейбір оқушылар істей алады: Архимед заңына тәжірибе жасай отырып,дененің жүзу шарттарына зерттеу жүргізе алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы

10 минут

Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім
10 минут

Бекіту

15 минут

Кері байланыс

Сабақтың соңы.
10 минут.
Бағалау


Үй тапсырмасы


Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Өткен білімді еске түсіру
"Кинометафора" әдісі арқылы"Үлкен кемелер қалай жүзеді?" видеоролигін көру арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту.(D)



Жаңа сабақ.

Жалпыға арналған тапсырма:

Оқушылар тақырып аясында сұрақтар құрастырады. Сұрақтар тақтаға ілінеді. Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.

Сапалық есептер:

1 Неге өзен суына қарағанда ,теңіз суына жүзген жеңілірек?

Жауабы: теңіз суы тұзды , тұзы неғұрлым көп болған сайын тығызырақ келеді.Архимед күші көбірек болады.

2 Сүңгуір үйрек су бетінде қамыстың сабағынан ұя жасайды.Ұя су бетінде жел қалай соқса ,солай қарай жүзеді.Құстың ұясын су бетінде қандай күш ұстап тұрады.Ұяның пішіні мен көлемі туралы не айтуға болады?

Жауабы: судың бетінде ұяға Архимед күші әсер етеді .Ұя пішіні ұяның салмағымен оған әсер ететін ығыстырушы күштен бірнеше есе аз болуы керек .

3. Сүңгуір үйрек суда жақсы сүңгиді.Судың тарапынан әсер ететін ығыстырушы күшті ол қалай азайтады?

Жауабы: Сүңгуір үйрек өзінің көлемін азайтуға тырысады , яғни қанаттарын денесіне қысып алады.

4.Арқаңмен жүзгенде суда өзіңді жеңіл ұстайсың. Неге?

Жауабы: Арқаңмен жүзген жеңіл , өйткені арқаның көп бөлігі суға батады да кері итеруші күшті көбейтеді.
1-тапсырма:

1-есеп

Суға көлемі 100см3 болатын дене батырылған. Осы денеге әсер ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы-1000кг/м3.

2-есеп.

3 түрлі кубтар берілген осылардың қайсысына көбірек ығыстырушы күш әсер етеді? Егер керосинге батырсақ ығыстырушы күштің шамасы өзгере ме?
Жауабы: денелердің көлемдері әртүрлі болғандықтан оларға әсер етуші ығыстырушы күш те әртүрлі. Көлемі көп денеге ығыстырушы күш көп болады. Керосинге батырсақ ығыстырушы күштің шамасы кемиді, себебі, керосиннің тығыздығы судың тығыздығынан кем.

3- есеп

Керосинге массасы 500г темір кесегі батырылған. Ығыстырушы күшті анықтаңдар. Темірдің тығыздығы -7900кг/м3, ал керосиннің тығыздығы -820кг/м3.

4-есеп.

Суға батырылған тығынға әрекет ететін кері итеруші күш 49Н.Тығынның көлемі қандай, егерρтығын=240кг/м3 болса.
Кері байланыс «Бас бармақ» әдісі.

Түсінген оқушылар саусақты жоғары көтереді 

Жартылай түсінгендер бармағын жанына қаратады 

Түсінбегендер бармағын төмен түсіреді 
Рефлексия: Қарастырылған мәселелерді қаншалықты ұққандығыңды өзің бағалап,төмендегі белгілерді қой:

жасыл-жақсы ұқтым

сары - кейбір сұрақтарым бар

қызыл -ұқпадым


Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау
Эксперименттік тапсырма:

Біреуіне таза су,екіншісіне тұзды су құйылған екі шыны ыдыс алыңдар.Әр ыдысқа бір-бір картоптан салыңдар.Тәжірибе нәтижесін түсіндіріңдер


Денелердің жүзу шарттары.

Денелердің жүзу шарттарын анықтау,зерттеу.

Екі күш әрекет етеді:жоғары бағытталған Архимед күші және төмен бағытталған ауырлық күші

Үлкен кемелер қалай жүзетінін видеоролик арқылы көру барысында кеменің суға батып немее аударылып кету себептерін түсіндіреді.

Оқушылар техника қауіпсіздік ережесін ескере отырып, денелердің жүзу шартын зерттеу тәжірибесін оқулықтағы нұсқаулыққа сүйеніп орындайды

Топтарға А3 қағазы , түрлі түсті маркер беріледі. Сағат тілі бойынша шығарады.



Бағалау критерийлері

-Архимед заңын біледі

-Жүзу шартының тығыздыққа байланысты болатынын біледі

-Тәжірибе жасай алады
Дескриптор:

- Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі.

- Құрал-жабдықтармен жұмыс жасау біледі.

- Ығыстырушы күшті таба алады.

- Дененің көлемін анықтай алады.

-Денелердің жүзу шарттарын біледі.

- Қорытынды жасай алады.

Жалпы балл-6
Дескриптор:

-Архимед күшіне есептер шығара алады.

-Денелердің жүзу шартын ескере отырып есептер шығара алады.

Жалпы балл-4

Жалпы бағалау критерийлер бойынша 10 балл




Оқулық

Бейне көрсетілім

ДК экран

Видеоролик

Қосымша-1

Мензурка, таразы, гіртатар, тығыны бар сынауық, құм немее шыны,