Файл: 2022 2023 оу жылыны ii оу тосаны бойынша Информатика пніні берілуіне мтіндік талдау.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.05.2024
Просмотров: 10
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2022 – 2023 оқу жылының II оқу тоқсаны бойынша Информатика пәнінің
берілуіне мәтіндік талдау
"Цифрлық сауаттылық" оқу пәні бойынша 2 – сынып оқушылары II тоқсан барысында төменде көрсетілген ақпараттарды меңгерді: пернетақтамен танысу, пернетақтада жаттығу, мәтін теруде пернетақтаны басқару, спрайтты пернетақтамен басқару,мәтінмен жұмыс істеу, мультфильм жасау. Оқу пәнінің 3 сыныптағы базалық білім мазмұнындағы тараулардың ішінде 2 тоқсанда дыбысты жазу және ойнату, дыбысты өңдеу және дыбыстық әсерлер, графикалық редактормен танысу, графикалық редактордың құрал – жабдықтары, суретті сақтау және ашу, суретті өңдеу туралы оқып меңгерді. Сыныпта 7 оқушы. 4 сыныптағы білім мазмұнында Робототехника. Лабиринт және кегль-ринг (ортақ тақырыптары: («Мәдени мұра», «Мамандықтар әлемі») бөлімі бойынша келесі тақырыптар оқып меңгертілді: түс датчигі, бағдаршам-робот, ультрадыбыс датчигі, лабиринттан шығу, кегль-ринг. Тоқсан соңында оқушылар роботты құрастырды. Сыныпта 12 оқушы. "Информатика" оқу пәні бойынша 5 – сынып оқушылары II тоқсан барысында төменде көрсетілген ақпараттарды меңгерді:Растрлық суреттерді құру және редакциялау;Растрлық суреттерді өңдеу;Векторлық суреттерді құру;Қисық бетімен жұмыс;Растрлық және векторлық графиканың артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау.Сонымен қатар, білім алушыларда ақпараттық процестердің қоғамдағы түсінігін, ақпараттық технологияларды адам іс-әрекетінің әр түрлі салаларында пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективаларын түсінуді қалыптастыру, білім алушыларды жүйелерді талдау, шешімдерді әзірлеу, программалық қосымшаларды жасау, өздерінің өнімдерін бағалау үшін компьютермен жұмыс істеудің базалық қағидаларды түсінуін қамтамасыз ету, ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және келешек еңбек іс-әрекетінде тиімді пайдалану біліктерін дамыту жөнінде ақпараттар айтылды.
"Информатика" оқу пәні бойынша 6 – сынып оқушылары II тоқсан барысында төменде көрсетілген ақпараттарды меңгерді:3D – редакторы;3D -редактор құралдары;3D –редактор құралдары. Жобалық жұмыс;Конус, цилиндр және сфера құру;Объектілердің 3D модельдері;3D – баспасы.Тақырыптық - күнтізбелік жоспар бойынша білім алушыларда ақпараттық процестердің қоғамдағы түсінігін, ақпараттық технологияларды адам іс-әрекетінің әр түрлі салаларында пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективаларын түсінуді қалыптастыру, талдау, абстракциялау, модельдеу және программалау арқылы түрлі тапсырмалар шеше білуді дамыту жөнінде ақпараттар айтылды.
"Информатика" оқу пәні бойынша 7 – сынып оқушылары II тоқсан барысында төменде көрсетілген ақпараттарды меңгерді:Мәтіндік процессордағы кестелер; Электрондық кестелер. Электронды кестелердің элементтерін пішімдеу; Электрондық кестеде есептеулер үшін формулаларды құру;Деректер типтері; Шартты пішімдеу;Кестелі деректерді графика түрінде ұсыну;Процестерді электрондық кестелерде модельдеу.Пәннің оқу бағдарламасы бойынша білім алушылардың ғылыми тілді меңгеруіне және пән бойынша ұғымдық аппаратты байытуына ықпал ету, білім алушылардың жүйелерді талдауда, шешімдерді әзірлеу, программалық қосымшаларды қалыптастыру және өз өнімдерін бағалауда компьютерлердің жұмыс істеуі негізгі қағидаларын меңгеру, ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және келешек еңбек іс – әрекетінде тиімді қолдану біліктерін дамыту жөнінде ақпараттар айтылды.
"Информатика" оқу пәні бойынша 8 – сынып оқушылары II тоқсан барысында төменде көрсетілген ақпараттарды меңгерді:Статистикалық мәліметтер. Абсолютті және салыстырмалы сілтемелерді қолдану;Электрондық кестеде мәліметтердің әртүрлі пішімдерін қолдану;Кіріктірілген функциялар;Кіріктірілген функциялар: мәтіндік және логикалық функциялар;Қолда бар ақпаратқа негізделген деректерді талдау;Қолданбалы міндеттерін шешу;Кестеде көрсетілген функцияның графигін құрастыру;Кестеде көрсетілген функцияның графигінің қасиеттерін өзгерту.Сонымен қатар білім алушыларды заманауи ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану үшін базалық білім, білік және дағдылармен қамтамасыз ету, білім алушылардың логикалық, алгоритмдік тапсырмаларды, қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрі оңтайлы тәсілдер табу мүмкіндіктерін қамтитын есептік ойлауды дамыту, білім алушылардың ғылыми тілді меңгеруіне және пән бойынша ұғымдық аппаратты байытуына ықпал ету жөнінде ақпараттар айтылды.
Информатика пәні 9 сыныпқа аптасына 1 сағат. Сыныпта 17 оқушы. Оқу пәнінің 9 сыныптағы II тоқсан барысында білім мазмұнына мына тақырыптар кіреді: Деректер базасы. Негізгі түсініктер мен анықтамалар, Кесте. Өріс және жазба туралы түсінік, Кесте. Электрондық кестеде деректер базасын құру. Сонымен қатар білім алушыларды заманауи ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану үшін базалық білім, білік және дағдылармен қамтамасыз ету, білім алушылардың логикалық, алгоритмдік тапсырмаларды, шешім ұсыну, бағдарламалық қосымшалар жасау, оларды дамытып жетілдіру түсіндірілді.
"Информатика" оқу пәні бойынша 10 – сынып оқушылары II тоқсан барысында төменде көрсетілген ақпараттарды меңгерді: Алгоритмдеу және программалау бөлімі бойынша: функциялар мен процедураларды пайдаланып бағдарламалау тілінде код жазу; жолдармен жұмыс жасаудың мысалдары; жолдарды өңдеу үшін
процедуралар мен функцияларды пайдалану; файлдармен жұмыс жасаудың мысалдары; ақпаратты оқу және жазу үшін файлдарды пайдалану; сұрыптау әдістерінің мысалдары; практикалық есептерді шешу үшін сұрыптау алгоритмдерін іске асыру; графтардағы алгоритмдер; практикалық есептерді шешу үшін графтардағы алгоритмдерді іске асыру.Білім алушылардың ақпараттық процестердің қоғамдағы рөлі жайлы, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективалары туралы түсінігін қалыптастыру туралы мәлімет айтылды; Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру; визуалды программалаудың технологиясымен танысу; есептерді шешу, жүйелік және алгоритмдік ойлауды дамыту; интернет желісіндегі жұмыстармен байланысты тәжірибелік тапсырмаларды орындау; жобалық жұмыс орындау кезінде сыни тұрғыдан ойлауды қолдану, топпен және жұппен жұмыстарын жандандыру.
"Информатика" оқу пәні бойынша 11 – сынып оқушылары II тоқсан барысында төменде көрсетілген ақпараттарды меңгерді:Бұлттық технологиялар. Міндеті. Жіктелуі;Бұлттық технологияларды қолдану салалары.Бұлттық технологияларды іскерлік салада қолдану;Бұлттық технология сервистері;Google Диск бұлттық сервисін қолдану;Диск бұлттық сервисін қолдану. Жобалық қызмет;Жалпыға қолжетімділікке арналған файлдарды (мәтіндік құжаттар, күнтізбелер, презентациялар, кестелер) қолдану, қашықтан және бірлесіп өңдеу. Білім алушыларға жүйені талдау, шешім ұсыну, бағдарламалық қосымшалар жасау, оларды дамытып жетілдіру, сонымен қатар, өздерінің өнімдерін бағалау мүмкіндігін беру мақсатында компьютердің жұмыс істеуінің негізгі қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету, компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік: ақпараттық қауіпсіздік: ақпараттарды және зияткерлік меншікті қорғау; электрондық цифрлық қолтаңба, сипаттау, пайдалану алгоритмі, қазіргі таңдағы программалау ортасында программалау дағдыларын дамыту туралы айтылды.
Пән мұғалімі: Баракова Р.Б.