Файл: Масаты Балалара 1 мамыр азастан халытар бірлігі кні мерекесі екенін жеткізу. Ынтыматыа, достыа, з Отанын сюге, орауа, кп лтты халымызды тыныштыы мен бірлігін ныайтуа ат салысатын азамат болуа трбиелеу..docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мақсаты: Балаларға 1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту. Ойын арқылы әр ұлттың киімдерін ажырата білуге үйрету.
Әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, ән айту.
Көрнекілігі: Әр ұлт өкілдерінің суреттері, интерактивті тақта.Әсем безендірілген зал, мерекелік шарлар, ұлттық киімдер мен жалаушалар.

Фанфар беріліп ортаға жүргізушілер шығады.

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, құрметті ұстаздар!

Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттармен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Достығымыз жарасқан» Бүгінгі 1 мамыр достық күніне орай ұйымдастырылған «Біздің бейбіт ашық аспан» атты мерекемізге қош келдіңіздер!

1-Жүргізуші: Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!
Тілі бөлек болғанменен тілегі бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрегі гүл.

Қазақстан барлық ұлтқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достығымыз мәңгілік болғай- дей отыра ортамызға

Қазақ халқының өкілдерін қошеметпен шақырайық.

(Әр түрлі Ұлтарды шақыру)

1Қаза өкілдерін

2 : орыс өкілдіерін т.б өкілдерді шақырады

2-Жүргізуші: 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!  Мерекелік салтанатымызды ашық деп жариялай отырып Қ.Р Әнұран

Әнұран орындалады

1-Жүргізуші:            

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,

Татулығын жырға қосам ұлттардың

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

Жүргізуші: Әр ұлт өкілдері өздерінің өнерлерімен биі әнімен қатар, ұлттық тағам түрлерінде тұаралы таныстырады. ( бейне жазба Ұлттық тағам түрлерін таныстырады.)

Жүргізуші: Бүгі мерекемізді Ортаға Халқының дәстүріжәне өнерімен таныс болайық.


Би «Қазақ биі»

Ән: Әрқашан күн әні

Жүргізуші: -Бейбітшілік жасасын, ынтымақтастық жасасын!

Келесі кезекте Орыс халқының өкілдерін қошеметпен ортаға шақырайық.

-Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын! -Ура-ура-ура!

Балалар: Здраствуйте!

1 бала: Мир вашему дому.

2 бала: Мы с Росии к вам прилетели.

Танцы, песни вам показать

Солнце фей, солнце фей

Не желей своей лучей

Пусть теплей и силней!

Би: достық биі.

Ән: Әрқашан күн әні

Ойын:Кім тез дос табады

Жүргізуші: -Ынтымағы жарасқан Қазақ елі жасасын! -Ура-ура-ура!

Келесі кезекте грузин ұлтының өкілдерін қошеметтеп ортаға шақырамыз.

Тақпақ

Грузин биі орамал тасатамақ

Жүргізуші: Жүрегі кең қазақ елі өзбек бауырларында шет қалдырмаған. Сонымен өзбек халық өкілдерінде ортаға шақырамын.

Тақпақ

Өзбек биі.

Жүргізуші: Міне құрметті қонақтар, ұлт өкілдерінің өнерлерімен де ұлттық тағамдарымен де таныстық. Ендеше ортаға барлық ұлт өкілдерін шақырамыз.

Мамырдың бірі, достық күні
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар,
Керемет мереке, мамырдың бірі.

Хор: «Қазақстан елім»

1-Мамыр мерекесі дүние жүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігін атау күні. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде әр түрлі ұлттар тату- тәтті өмір сүруде. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» -деген халық мақалы біздің елге айтылғандай.

Осымен «Балдырған» ортаңғы тобының «Достығымыз жарасқан» тақырыбындағы мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет.

МКҚК№11«Гауһар» балабақшасы

Ертенгілік тақырыбы:

1 мамыр Қазақстан Халықының Бірлігі күніне арналған

«Достығымыз жарасқан» атты ойын сауық оқу қызметті

Ересек Меруерт тобы


Өткізген музыка жетекшіс:А Нагашбай


Нұр-Сұлтан қаласы 2021ж