Файл: Мутациялы згергіштік.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мутациялық өзгергіштік. Модификациялық өзгергіштік организмдердің генотипіне әсер етпейді. Модификациялармен қатар генотипі өзгеретін өзгергіштіктің басқа формасы болады. Өзгергіштіктің бұл формасы генотиптік немесе мутациялық өзгергіштік, ал жеке өзгерулер мутациялар деп аталады. Будандасқан кезде гендердің қайтадан комбинациялану нәтижесінде де тұқым қуалау өзгерістерінің болуы мүмкін.

Тұқым қуалау өзгерістерінің болатынын Дарвин де білді. Оның бүкіл эволюциялық теориясы тұқым қуалау өзгерістерінің табиғи сұрыпталуы жайындағы ілімнен келіп шығады. Тұқым қуалау өзгергіштігі - табиғи сұрыпталу мен қолдан сұрыпталудың қажетті алғы шарттары. Алайда Дарвин заманында тұқымқуалаушылық бойынша тәжірибеге негізделген деректер жоқ болатын және тұқым қуалау заңдары белгісіз еді. Бұл жағдайда өзгергіштіктің әртүрлі формаларын дәлме-дәл ажыратуға мүмкіндік бермеді.

Мутация туралы ұғымды ғылымға голландиялық ботаник де Фриз енгізді. Ол есекшөп (энотера) өсімдігінде белгілердің қалыпты формадан ерекше секірмелі ауытқуларын және ол ауытқулардың тұқым қуалайтынын байқады. Әртүрлі объектілерге - өсімдіктерге, жануарларға, микроорганизмдерге жүргізілген одан былайғы зерттеулер мутациялық өзгергіштік құбылысының барлық организмдерге тән екенін көрсетті.

Генотиптің материалдық негізі хромосомалар болып табылады. Мутациялар - бұл ортаның сыртқы немесе ішкі факторларының әсерімен болатын хромосомалардағы өзгерістер. Мутациялық өзгергіштік комбинациялық өзгергіштіктен басқаша. Мутациялар - бұл генотипте жаңадан пайда болып отыратын өзгерістер, ал комбинация - ата-ене генінің зиготада қайтадан үйлесуі. Мутациялар организм құрылысы мен оның атқаратын қызметінің алуан түрлі жақтарын қамтиды. Мысалы, дрозофилада қанаттарының пішіні (олардың мүлдем жоғалып кетуіне дейін),дене реңі, денесінде түктің жетілуі, көздерінің пішіні және реңі (қызыл, сары, ақ, күрең қызыл және т. б.) жөнінде мутациялық өзгерістері белгілі, сондай-ақ, бұлардың көптеген физиологиялық белгілердің (өмірінің ұзақтығы, өсімталдығы, әртүрлі зақымдаушы әсерлерге төзімділігі және т. б.) мутациялық өзгерістері болады.

Тұқым қуалайтын айқын ауытқулармен қатар, бастапқы