ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.05.2024
Просмотров: 6
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
11-сынып.Кірме бақылау тапсырмалары
Оқушының аты – жөні:
Тапсырма
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып,төменде берілген тапсырманы орында
Жақсылық пен Жамандық
Жасы үлкен ата мен оның немересі үйдің алдында ырсылдап, арпалысып жатқан екі итке қарап отырыпты.
Иттердің біреуі ақ, екіншісі қара. 12 жасар немере өзін білгелі осы иттер үнемі атасының үйі алдында арпалысып жататын. Атасы көзін алмай қарайтын ірі иттер еді бұлар.
Немере: «Ата, иттеріңіз соншалықты үлкен — үйіңізді қорғауға біреуі де жетер еді ғой, неге екеуін ұстайсыз? Ал түстері ше — неге біреуі ақ, екіншісі қара болуын қаладыңыз?» деп сұрады атасынан.
Жасы 70-ке жеткен ата немересіне күлімдеп қарады да:
«Ол иттерім,» деді, «мен үшін екі таңба, балам.»
— Ненің таңбасы?
— Жақсылық пен жамандықтың. Тура осы иттерге ұқсап, ішіміздегі жақсылық пен жамандық үнемі күресіп жатады. Иттерге қараған сайын соны ойлаймын. Сол үшін оларды қасымда ұстаймын.
Кішкентай бала, күрес болса онда жеңген мен жеңілген де болуы керек деп:
«Қалай ойлайсыз, осы күресте қайсысы жеңіп шығады екен?»
Атасы балаға қүлімдеп қарап:
«Қайсысы дейсің ба, балам? Мен қайсысына көп тамақ берсем — сол!»
1) Мәтінге байланысты тест тапсырмалары:
1.Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.
А)Жақсының өзі өлгенмен, сөзі өлмейді.
В) Жақсылық ұмытылмас.
С)Жақсылық пен жамандық егіз.
2.Мәтінде қандай антоним есімшелер бар?
А) жақсылық пен жамандық
В) ақ пен қара
С)жеңген мен жеңілген
3.Бұл әңгіме атаның қандай қасиетін көрсетеді?
А) қулық
В)жомарттық
С)даналық
4.Мәтіндегі негізгі ой қандай?
А) Күрес болса,онда жеңген мен жеңілген де болуы керек.
В)Мен қайсысына көп тамақ берсем–сол.
С)Ішіміздегі жақсылық пен жамандық үнемі күресіп жатады.
5«Мен қайсысына көп тамақ берсем – сол» деп кім айтты?
А) Атасы
В)Немересі
С)Автор
2). Мәтін мазмұнына сай дұрыс және бұрыс ақпараттарды белгілеңіз.
Ақпараттар | дұрыс (+) | бұрыс (-) |
А. Иттердің біреуі ақ, екіншісі қара. | | |
В. Тура осы иттерге ұқсап, ішіміздегі жақсылық пен жамандық үнеміnтату болады.. | | |
С. Мен қайсысына көп тамақ берсем — сол!» | | |
[3]
3). Мәтін бойынша оқиғалардың ретін санмен белгілеңіз.
Оқиғалар | реті |
Кішкентай бала, күрес болса онда жеңген мен жеңілген де болуы керек деп: «Қалай ойлайсыз, осы күресте қайсысы жеңіп шығады екен?» | |
Жасы үлкен ата мен оның немересі үйдің алдында ырсылдап, арпалысып жатқан екі итке қарап отырыпты. | |
«Ол иттерім,» деді, «мен үшін екі таңба, балам.» | |
2-тапсырма.Жақсылық пен жамандық туралы эссе жазыңыз. Эссенің құрылымын сақтаңыз және жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін қолданыңыз. Сөз саны-100-110.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|