Файл: здік жас маман 2022 мектепішілік байауыны сценарииі. Таырыбы здік жас маман Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Үздік жас маман- 2022» мектепішілік байқауының сценарииі.

Тақырыбы:  « Үздік жас маман »

Мақсаты:  Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.


І Жүргізуші
:- Қайырлы күн, ұстаздар
«Үздік жас маман-2022 » сайысына қош келдіңіздер!
«Мұғалім - тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші - ұстаздардың қолында.
ІІ жүргізуші:
Ұстаз кім? Ұстаздық не? Ұғамын ба,
Әлде ол қарапайым мұғалім ба?
Беттерін ұстаз дастан парақтасаң,
Жанымды толтырады бұла мұңға.
І жүргізуші:
Ұстаз! Ол - ақыл ойдың кені емес пе?
Көш бастар замананың ері емес пе?
Жатталып кейінгіге хаты қалған,
Ұстаз ол - күллі әлемнің нұры емес пе?
ІІ жүргізуші:
Бұл кеште бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім – тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, жас та болса ұстаз деген атқа лайық жас ұстаздарымыз сайысқа түскелі отыр.жоғары оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілек білдіреміз.
І жүргізуші:
«Жас маман деген кім?
Ж - жігерлі
А - алғыр
С - сұлу да сымбатты
М - мақсаткер
А - айтқанды екі етпейтін
М - мінезі жайсаң
А - арманшыл
Н - насихатты тез қабылдайтын жас мамандарды ортаға шақырамыз.

1 Жалелов Асқар . Мамандығы- биология пәнінің мұғалімі. Ұстанымы- «Шыдаудың өзі ащы болса да, жемісі тәтті» Тәлімгері : Танабаева Мақпал

2 Смадиярова Нұрлыайым мамандығы- педогог-психолог. Ұстанымы: « Дүниедегі ең оңай нәрсе- біреуге ақыл айту, ал ең қиын нәрсе- өзіңді-өзің түсіну» Тәлімгері: Шағдарова Гүлнара апай

3 Жүзбаева Нұргүл. Мамандығы – география пәнінің мұғалімі. Ұстанымы: « Еңбек- бәрін де жеңбек» Тәлімгері: Қалшораева Г

4. Буланбаева Г Мамандығы- бейнелеу және сызу пәнінің мамандығы. Ұстанымы: « Мүмкін емес нәрсе жоқ» Тәлімгері: Елібаева Н

5 Кадиркулова Гүлнұр
мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі. Ұстанымы : «Болашақ бүгіннен басталады» Тәлімгері: Кәрімқұлова Гүлжамал

6 Абуова Жиенкүл Мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі. Ұстанымы: «Сабақ беру- үйреншікті жәй ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» . Тәлімгері : Фазылова Ж

7 Ботабекова Аяулым Мамандығы: тарих пәнінің мұғалімі Ұстанымы: «Көкіректе сәулесі жоқтың , көңілінде сенімі жоқ» Тәлімгері: Жәмединова Г

8 Шорабекова Ақбота мамандығы: Бастауыш сынып мұғалімі Ұстанымы: «Білсе білім- күнде бақыт кісіге, Үлкен атақ содан келер кішіге» Тәлімгері: Ыбраева Ғазиза апай

9 Маширова Гаухар Мамандығы: география пәнінің мұғалімі Ұстанымы: «Үш- ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» Тәлімгері: Бектасов Мерей

10 Усубаева Гүлнар мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі Ұстанымы: «Еңбек бәрін де жеңбек» Тәлімгері : Астаева Б

11 Жиенбеков Нұрбек мамандығы: тарих пәнінің мұғалімі Ұстанымы: «Біреуге ор қазба, өзің түсерсің» Тәлімгері : Бахрамова Г

ІІ жүргізуші:
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?
Ендеше сіздердің өнерлеріңізді бағалап отыратын әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар.
1 Сейітбекова Ақмарал апай- математика пәнінің мұғалімі

2 Шағдарова Гүлнар апай- химия пәнінің мұғалімі

3 Бибекова Мадина- орыс тілі пәнінің мұғалімі

4 Меңдіқұлов Нұрмахан ағай- физика пәнінің мұғалімі

Енді сахнаға шығу кезектеріңізді анықтау үшін номер алуларыңызды сұраймыз. Олай болса сіздер дайындала беріңіздер

І жүргізуші:
Жас мамандар толқып тұрған болар, олай болса, күпті көңілді сейілтіп, көтеріңкі көңіл күймен бастау үшін ортаға ән айту үшін 8 сынып оқушысы Темір Ернарды шақырамыз
Ән: « » Темір Ернар


Олай болса сайысымызды бастаймыз. І-ші кезең « Менің мұғалім ретіндегі бүгінгі және болашақтағы ұстанымдарым» тақырыбымен сайыскерлер өздерін таныстыратын болады.

Бұл турда олар педогогика саласындағы жаңалықтардан хабардар екендіктері туралы және өздерінің ұстанымдары туралы айтып таныстырып өтеді Олай болса

Бәйге қуып, мамандар өтер деймін.
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен 11 маман кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін- деп кезекті сайыскерлерге береміз

ІІ кезең

Ал, мамандар сайысқа қалайсыңдар,


Сендер өтер әлі де талай сын бар,
Білімді бір тексеріп көрейік біз,
Жауап қатсаң сұраққа жарайсыңдар.

Қане достар пікірлесіп қарайық,
Қилы - қилы ойды ортаға салайық.
Сан - салалы асыл ойлар тоғысып,
Толғандырған жайды шешіп алайық.

Талас тусын жарқын ойлар жарқылдап,
Шағылыссын найзағайдай шартылдап.
Бойда қайрат, алда арман шақырған,
Қолдан әсем жалын атқан жастық шақ – дегендей сайысымыздың келесі кезеңін « Бір сұрақ, 1 жағдаят» деп алып отырмыз. Мұнда сайыскерлер қима парақшаларды таңдап алады да, ондағы сұрақ пен жағдаяттың шешімін айтады.

Ескерілетін нәрсе сұраққа жедел,әрі нақты жауап беруі

Жағдаятты шешу шеберлігі

Олай болса сайыскерлерді ортаға шақырамыз.

О ,заманда ашқан қазақ өнер сырын,
Шақырған сайыстарға бірі-бірін.
Қарайық тамашалап жиылған жұрт,
Көрсетсін сайыскерлер өнерлерін.- деп келесі кезекті өз өнерлерін көрсетуге береміз

Келесі кезек Үй тапсырмасына беріледі. Сайыскерлеріміз топтасып жұмыс жасайтын болады. Олар ыңғайластырылып бөлінген топ болып қазіргі кездегі өзекті болып жатқан тақырыптар «Рухани жаңғыру» , « Латын алфавитіне көшу туралы»  және Өлкетану бойынша мәліметтер айтып, тақырыпты ашып беруі керек

Рахмет!


Сайысымыз да өз мәресіне жетті.Сайыстың қортындысын айту үшін әділ қазы мүшелеріне сөз береміз.
І жүргізуші:.
Ұстаз сөзі күн нұрына пара-пар,
Шәкірті оның әр сөзінен нәр алар.
Ізгілік пен мейірімге толы ол,
Шуақ болып жүректерге таралар.

Білімнің айдынында жүзіп өткен ,
Ұстаз екен білімнің нәрін сепкен.
Сен арқылы бастау алып, дана ғылым,
Сен арқылы әлемді танып білген.- деп сайысымызды аяқтаймыз.