Файл: Python тілінде программалау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 11

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Python тілінде программалау

Педагогтың аты-жөні

Бахатхан Ақмарал

Күні

13.01.2023

Сынып 6 Б

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

IDE мен танысу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.1.2.2 IDE интерфейсінің мүмкіндіктерін қолдану

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

«Программалау тілі» ұғымын біледі. Қарапайым программаларды жазады. Сөздерден біріккен сөздерді алу программасын құрады.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

3.Жаңа тақырыпқа шолу.

Программа-компьютер түсінетін тілде жазылған командалар мен нұсқаулар жиынтығы. Программа жазу процесін программалау, ал программа жазатын адамды программалаушы деп атайды. Компьютер түсініп қабылдай алатын тілді программалау тілі дейміз.

1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.







Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Программалау тілі- деректерді белгіленген ережелер бойынша өңдейтін адам мен компьютерді байланыстыратын формальді тіл.

Программалау тілі-жасанды тіл. Ол сөздік қорының аздығымен, жазу ережесінің қатаң сақталуымен ерекшеленеді.Процессор программалау тілінде жазылған программаларды тікелей қабылдамайды. Ол үшін программаларды процессор тіліне аударатын трансляторлар қажет.

Таранслятор түрлері:

  • Компилятор-программалау тілінде жазылған программаны машине кодына аудару үшін қолданылады.

  • Интерпретатор- машине тіліне аударылған программаны процессорда кезең – кезеңімен талдай отырып ретімен орындау үшін қолданылады.

Компилятор мен интерпретатор екеуі де программа.

IDE-программалық жасақтама жасауға арналған программалар кешені.

IDE-нің құрамдас бөліктері:

  • Мәтіндік редактор-программа коды енгізетін негізгі терезе;

  • Құрастыруды автоматтандыру құралдары-компилятор жасаған барлық файлдарды орындалатын файлмен байланыстыру процесі;

  • Компилятор/Интерпретатор-программалау тілінде жазылған программаны мәшине кодына аудару;

  • Түзету /Жөндеу-программадағы қателерді кезең-кезеңімен іздеп табуға және түзетуге арналған қосымша.

Программа құрудың интеграцияланған ортасына C++, Paskal, Java, Python сияқты программалар жатады. Солардың арасынан Python программалау тілімен танысуды бастайық.

Көрсетілім. Python программалау тілін компьютерге орнату.
1-тапсырма.Жеке жұмыс.

Оқулық 82 бет, 34 сурет, 83 бет 35, 36 суреттер, 84 бет, 37 сурет
Дескриптор:

-Python программаны іске қосады;

-Қарапайым программаларды жазады.
ҚБ: стикер / 3 балл/
2-тапсырма. Жеке жұмыс.

Python программасының көмегімен төмендегі фигураларды экранға шығар.


Дескриптор:

-Python программаны іске қосады;

-фигураларды экранға шығарады.
ҚБ: стикер /2 балл/
3-тапсырма. Жеке жұмыс.

Суретте берілген бөлменің өлшемдерін есепте, программасын құр.

​1. Бөлменің еденінің ауданын тап.

​2. Бөлменің периметрін есепте.

​3. Бөлменің төрт қабырғасының ауданын тап.

​4. Бөлменің көлемін есепте.

​5. Бөлменің жалпы бетінің ауданын есепте.


Дескриптор:

-Python программаны іске қосады;

-берілген суреттен, қойылған талаптар бойынша программасын құрады.
ҚБ: стикер / 6 балл/

Мұғалімді тыңдайды

«программалау тілі» анықтамасын дәптерге жазады
«Транслятор түрлері» анықтамасын дәптерге жазады

1-тапсырманы орындайды

2-тапсырманы орындайды

3-тапсырманы орындайды



Стикер

3 балл

Стикер

2 балл

Стикер

6 балл

Иентербелсенді тақта / компьютер
https://www.youtube.com/watch?v=eFAHOmPjjWE

Оқулық


Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.

2.Кері байланыс:

Өзін-өзі бағалау.




Плакат /слайд/

Үй тапсырмасы

85 бет “Компьютерде орындайық”, “Дәптерде орындайық” тапсырмасы