Файл: Н. Нрмаов атындаы ммины 7 В сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 14

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Н.Нұрмақов атындағы

ММИ-ның 7 «В» сынып

оқушысы

Ағыбай Адиляның

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша портфолио

Мағжан Жұмабаев- (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы.

«Батыр Баян» поэмасын жазған.
Шығарма кейіпкерлері:

Батыр Баян - поэманың бас кейіпкері. Ол қазақ халқының батыры және Абылай ханның ең жақын жауынгері. Оның мінезі отаншыл және өте намысқой. Поэманың соңында соғыста қайтыс болады.

Ноян - Батыр Баянның інісі. Ол өз отанының сатқыны,өйткені Ноян қалмақ қызымен қашып кетті. Поэманың соңында ол Батыр Баянның қолынан қайтыс болады.

Құралай - қалмақ жауынгердің қызы. Батыр Баян оның ауылына шабуыл жасағанда, оны тұтқынға алып, оған бірден ғашық болады, бірақ Құралай Баянға ғашық болған жоқ. Ол - өте сұлу және әдемі қыз. Ноянмен бірге өз отанына қашқанда, Батыр Баян оларды өлтіреді.

Абылай Хан - Қазақ халқының Ұлы ханы. Қалмақтармен соғысқан. Хан Батыр Баянға соғысқа қатысуына тиым салды.
Түйін сөз: Батыр Баян поэмасы бізге көп дүние үйретті, өмірдің мәнін ашты. Бұл поэма арқылы жастықтың албырттығын, сезімнің соқырлығы мен ақылға бағынбайтын асаулығын, ашу мен ақылдың, сана мен сезімнің таласын, әрі көзсіз ерлікті көреміз. Баянның ісі қызғаныш па, әлде Ноянның өз Отанынан бас тартуынан ызалануы ма, ол бізге құпия болып қалатыны бәрімізге белгілі.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).

«Көксерек» әңгімесін жазған.
Шығарма кейіпкерлері:

Құрмаш - Көксеректі күшік кезінде ауылға әкеліп, бағып-қаққан.

Көксерек - күшік кезінде ауылға әкелінген. Көксерек ауыл иттерінен қорлық көреді. Иттер оны дос көрмейді, маңына жақындатпайды. Қасқырға шабатын батыл төбеттер оны талайды, басқа иттер ырылдап үріп, кейде тап беріп, әр жерінен тістеп кетеді.


Қасен - Құрмаштың дұшпаны болып,көрген сайын мазақтап жүретін адам.

Аққасқа - Жұмаштың иті, Көксеректің баққасы. Онымен әрдайым күресіп, жарақат жасайтын ит.

Бейсембай жылқышы - Қолында шошайған сойылы бар,астында қатып қалған ақ бедеуі бар,жылқы бағып жүретін адам.

Құрмаштың әжесі - Құрмашты қолдап отырған адам. Соңында елді тегіс еңіретіп, Көксеректі басынан қарғап тұрып , тепті.

Жұмаш - Құрмаштың ауылдасы, баққасы. Үнемі Құрмашпен ұстасып жүретін бала.
Түйін сөз: «М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі аңыз сияқты басталады да реалистік баяндау түрінде аяқталады. Осы шығарма арқылы біз табиғатқа тиіспеу керек екендігін көре аламыз. Ауыл адамдары қасқыр мекенін ойрандамаса, Құрмашта тірі қалуы мүмкін еді.

Қасым Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асу-Бұлақ ауылында қарапайым еңбекші отбасында дүниеге келген. 1934 жылы орта мектепті толық аяқтамай Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына оқуға түсті. 1939 жылы оны бітірген соң әскери-барлау мектебіне жіберіледі, 1941 жылы қараша айында осы мектепті бітірген бойда, Оңтүстік-Батыс майданының штабына жөнелтіледі. Арнайы тапсырма бойынша Украинаның басқыншылар қолында қалған жеріне жіберіледі.
«Жау тылындағы бала» повестсін жазған.
Шығарма кейіпкерлері:

Серік.

Анна Ивановна

Борис

Константин Иванович Спижевский

Жомарт
Түйін сөз: Автор бизге осы повесть арқылы соғыстағы сұрапыл Серіктің басынан кешкен әңгімесін жазады.Серіктің апасы эшелонда қайтыс болғанымен, Анна Ивановнамен бірге еріп кетеді. Осындайда өмір қиындықтары да бар екенін көре аламыз.

Сансызбай Сарғасқаев (29.4. 1925, Қордай, Сұлутөр ауылы – 25.7.1995, Алматы) – жазушы. Абай атындағы ҚазПИ-ді бітірген (1955). 1942 – 45 жылы 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.

«Тәмпіш қара» повестін жазған.

Шығарма кейіпкерлері

Шаншатай-пұшық мұрынды келген қара бала. «Тәмпіш қара» деп оны достары атап кеткен. Кешкісін ауыл балалары жиналып, оның әңгімелерін тындайтын еді.Жас әнші.

Ертай-бойында өнерге деген құштарлық, дүниені бала көзімен қабылдау қасиеттері танылады. Жас суретші, «Октябрь балалары» газетін көріп, қызығушылығын танытты. Өзінің суреті де сол журналға шығарылды.



Оңалбек-бұл өте сабырлы, әр затқа сеңгіш, жуас,аңқау бала болатын.

Күлдәрі- Оңалбектің әпкесі, ағасына қарама-қарсы. Қиқан, тілі қыршаңкы, ер балаға ұқсас, жауырынды келген, қол-аяғы балғадай, ақ-сары қыз.

Тұйінді сөз Бұл повесть арқылы біз балаларды әдептілікке, мың қырлы-бір сырлы болуға баулиды. Ауылдағы балалардын бойынан кешкен оқиғаларын оқып, тануға болады.



Н.Нұрмақов атындағы

ММИ-ның 8«В» сынып оқушысы

Ағыбай Адиляның

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша портфолио

I тоқсан

Қорқыт ата – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда зерттеулердің көпшілігі Қорқыт ата Сырдария бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде X ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға келеді.
1)«Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр

Шығарма кейіпкерлері:

Негізгі кейіпкерлер:

Бамсы-Байрақ-ержүрек, мықты, батыл батыр.

Бану Шешек-сұлу, нәзік, сүйкімді, алайда өзі үшін жауап бере. алатын батыл да айбынды бойжеткен қыз.

Байбөрі-Бамсы-Байрақтың әкесі, бек.

Қосымша кейіпкерлер:

Қаршар-ақымақ, Бану Шешектің ағасы.

Қорқыт ата-Қаршарға құдалыққа түседі, өз батасын Байраққа берді.

Жарташық-опасыз, ақымақ, Жалғаншы бектің ұлы.
Идея: Сол кездегі оғыздардың тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, халықтың сана-сезімінің көрінісін көрсету.

Түйінді сөз: Байбөрі баласы Бəмсі Байрақ туралы жыр» — əлем əдебиетінен өзіндік орын алған батырлық эпос «Қорқыт ата кітабындағы» негізгі жырлардың бірі. Сондықтан біз бұл жырды мұрадан мұраға аманат етуіміз қажет.


2) Қорқыттың нақыл сөздері

Тірек сызба:


«Аталар сөзі»деп атайды






Ананың көңілі балада

Тәкаппарлық Тәңірі сүймес


Қыз анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман

Пасық,

надан адамдарда дәулет болмас

Өтірік сөз өрге баспайды

Ана үшін бала-екі көздің сыңары

Қорқыттың нақыл сөздері

Қорқыттың нақыл сөздерінің тәрбиелік мәні:

Қорқыт атаның нақыл сөздерінің тағылым және тәрбиелік идеялары рухани өміріміздің тприхында бір дәуірдің болмыс-бітімін, таным-түсінігін айшықтай түсетін айшықтай түсетін айырықша болды. Қорқыттың дана, үлы ойшыл сонымен қатар, жырау мен қобызшы екенің ұмытпауымыз керек. Атамыздың соңынан қалған ізі сондай-ақ, қобыздағы ойындары сақталып, бар әлемге әйгілі болған, тарихи тұлға.

Түйінді сөз: Қорқыт ата мұрасы ертеңгі зиялыазамат ретінде елінің шын патриоты болып өсуімізге ықпалы зор, сондықтан Қорқыт атаның нақыл сөздерінін әр жастағы адам өзінше оқып, керектігін алып, өиірде қолданады.

Қожа Ахмет Ясауи— түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, пәлсапашы. 1093 жылы туылған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті.

«Даналық кітабы» дастаны

«Даналық кітабы» тақырыбы жағынан екі топқа бөлінеді:

• Біріншісі - сопылық ілімнің мазмұнын өлең түрінде

жырлаған хикметтер тобы.

• Екіншісі - дәуір, қоғам бейнесін жасайтын лирикалық

шыгармалары.

Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикмет» еңбегі және оның мазмұн-мағынасы, түркі халықтарына соның ішінде қазақ халқына оның ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты тұстары туралы сөз козғалады.

«Қоштамайды ғалымдар, сіздің айтқан түркіңді,

Даналарды тыңласаң, ашар көңіл мүлкіңді.

Аят-хадис мағынасы, түркі болса, сайма-сай,

Мағынасына жеткендер, жерге қояр бөркіңді.

Қазы мүфті, молдалар, шариғатқа жолбасшы,

Нағыз ғашық алып-дүр, тарихаттың әркіні...

... Қожамын деп лепірме, өшбу дүние би паян,

Білемін деп айтпас сен, көңілдегі шәркіні.

Раһнама дүр, Қожа Ахмет, гүлстан дүр мағрифат,

Сөйлер сөзі ақиқат, ашар көңіл құлпыңды.

Міскін зағип Қожа Ахмет, жеті атаңа рахмет,

Парсы тілін білемін, құп көремін Түркімді!» Берілген осы бір жолдардан біз Қожа Ахмет Яссауидің түркі тіліне деген зор махаббатын анық танимыз. Түркі тілін ұмыттырмай ұрпағына аманаттаған жеті атасына рақмет айтуы осыны меңзейді.

Ақтамберді Сарыұлы 1675, қазіргі Оңтүстік Қазақстан, Қаратау өңірінде дүниеге келген Жырау, қолбасы, қазақтың көне жыраулық мектебінің белді өкілі, дипломат. Найман тайпасының қаракерей руының сыбан тармағынан.“Он екіде аттанып, қылыш ілдім білекке” дегеніне қарағанда күреске ерте араласқан жауынгер жырау санатына жатады. Тұрмыстың қыр-сырын, отбасы, елдік, ерлік, жер мәселелерін жырларында жақсы бейнелейді. Қысқа нақыл, шешен сөздердің шебері.
1)«Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауы

Ақтамберді жырлары көшпенді қазақтардың ой-арманынан, мақсат-мүддесінен елес береді, сақара тұрғындарының өмір, тұрмыс жайлы түсінігін бейнелейді. Жыраудың кейбір толғауларынан халқымыздың мінез-құлық ерекшеліктері, болмысқа өзіндік көзқарасы айқын аңғарылады. «Күлдір-күлдір кісінетіп» атты толғауында ақын өз жырларындағы бар мұратын, барша қасиеттерді түйіндей, топтастыра толғайды. Ақын арғымақ мініп, қол бастап, елін сыртқы жаулардан қорғап, бейбіт заманға жеткізіп, өріске малы сыймай дәулеті тасып, ұрпағының санымен мерейі асып жатқан күнді көрсем деген асқақ арманын үміт пен сенімге толы осы толғауында зор шабытпен жырлаған.

«Күлдір-күлдір кісінетіп,

Күренді мінер ме екеміз?!

Күдеріден бау тағып,

Ақ кіреуке киер ме екеміз?!

Жағасы алтын, жеңі жез,

Шығыршығы торғай көз

Сауыт киер ме екеміз?!» деген толғау жолдарында жауға шабар кезде арғымақ батырдың жан серігі болады, ал батырдың өзіне лайық әсем де сымбатты киім мен сауыт кие аламыз ба деп сұрақ қояды.
2) «Балаларыма өсиет» толғауы