ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.05.2024
Просмотров: 15
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Идея: Ақтамберді жыраудың келесі ұрпаққа қалдырған аманаты, арманы.
Тақырыбы: Оттанды сүйю, еліне деген сүйіспеншілік.
Бірлігіңен айырылма,
Бірлікте бар қасиет. Яғни, менің ойымша күш-қуат, энергия алуы бірлік, татулықтан басталады. Өмірімізді көркемдете түсетін ол-бірлік, бірлістік.
Бұл толғаудан алған өнеге:
«Балаларыма өсиет» толғауынан бізге алар өнеге көп. Жырау болашақ ұрпаққа қалдырған аманаты: татулық, ел бірлігі. Ал мен осы толғаулар алғам өнегем: өз еліме адал болып, бойымызға жақсы қасиеттерді сіңіру, өз достарымызға деген татулықпен қарау өнеге.
Шалкиіз Тіленшіұлы (1465 — 1560 ж) — жырау, орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі. Шалкиіз жас кезінен-ақ ер жүрек жауынгер әрі талантты жырау ретінде даңққа бөленді. Оның шығармаларынан ортағасырлық қарапайым көшпелілердің өмірі туралы нанымды, моральдық, этикөлі түсініктер көрініс тапқан. Шалкиіздің халық арасына ең көп тараған шығармалары — “Би Темірге айтқаны”, “Би Темірді қажы сапарынан тоқтатуға айтқан” толғаулары.
«Би Темірге айтқаны» бірінші толғау
Кейіпкерлер: Би Темір
Түйінді ой: Бұл жыраудан Ш.Тіленішұлының жыраулық поэзияға тән қасиеттердің бәрін меңгергені аңғарылады. Атап айтқанда, әміршіге сөз арнау, оны мадақтау, даналық ойлар, адамды сынай білу және халықтын жағдайын жеткізе білу. Шалкиіздің атақты жырау деңгейіне жетіп, беделі асқан кездегі Би Темірге айтқаны. Оның әміршілерінің кейбір кемшіліктерін сынайды, оған кеңес береді.
Жаманға сырыңды қосып, сөз айтпа,
Күндердің күні болғанда
Сол жаман айғақ болар басыңда.
Шәкәрім Құдайбердіұлы (11 шілде 1858-2 қазан 1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды.
«Еңлік-Кебек» поэмасын жазған.
1)«Еңлік-Кебек» поэмасы
Кейіпкерлер:
Кебек;
Еңлік;
Абыз;
Кеңгірбай би;
Рубасылар (Жомарт, Еспембет, Есен-Найман руы; Қосдәулет, Қараменде-Тобықты руы).
Түйінді ой: Жалпы, «Еңлік-Кебек» поэмасы – қазақ поэзиясының біртуар тұлғасы Шәкәрім қаламынан туған кесек туынды. Шәкәрім екі жас ортасындағы нәзік махаббат, шарасыздық, екі ел ортасындағы бірлік, халықтың надандығы, тағдыр ісі жайлы айтқандарын өте жоғары шеберлікпен суреттегенің көре аламыз.
2) «Жастарға» өлеңі
Тірек сызба:
Жастардың өзімен ақылдасқандай өз өленің жазған
Абайға арнаған
Жастарға пайдалы, тәрбиелеу мақсатында кеңестер берген.
Абайдың ақыл-парасатын білсін деп, үлгі еткен.
1879жылы жазылған
Абайды өзіне де, өзге жастарға да дұрыс бағыт сілтеуші, жолбасшы ретінде ұсынған.
«Жастарға» өлеңі
Тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлының жастарға берген кеңестері.
Идея: Шәкәрімнің өлеңі арқылы оқушыларды жаман мінезден аулақ болуға, адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік пен рухани тазалықты сүйюге үйрету.
«Кел,жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам, айла ,зорлықсыз, мал табалық.
Қанша айтқанмен өзгенің бәрі надан
Жалыналық, Абайға, жүр баралық», –деп бар мәселенің шешімі келер ұрпақ, ертеңгі күннің қалай болары жастардың еншісінде екенін түсінеді. Оларды Абайдың нәрімен сусындауға шақырды.
Түйінді сөз: Көпшіліктің ,қара халықтың, қазағының бүгінгі күйіне налыды. Ел ішіндегі жағдайлар шаршатты. Бар үмітті болашақтан, жастардан күтті. Абай көтерген білім алу, азамат болу идеясы. Ол қазақы қоғамда парасатты, білімді, әрі ойшыл жан деп Абайды таниды. Ақын Абайдың биік рухын, асқақ арман-мақсаттарын, даналық тұлғасын жан-жақты ашып, жастарға үлгі ретінде көрсетеді.