ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.05.2024
Просмотров: 23
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Курстық жұмыс | Ф 11.01-2022 1-баспа 25.06.2022 | |
«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ
«Ұстаз»институты
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Бастауыш мектептегі балалар әдебиеті - пәні бойынша
Тақырыбы: Махамбет Өтемісұлының балалар әдебиетіне қосқан үлесі
Білімгер Ерубаева Т.Ғ. Тобы ПМНО 21-1 ___________________
/аты-жөні/ /қолы/
Жетекші ф.ғ.к.,профессор Тұрарова А.Н.
/қызметі/ /аты-жөні/
Қорғауға жіберілді «_____»_______________20____ж. _______________________
/қолы/
Жұмыс қорғалды «_______»___________20__ж. бағасы ____________________
/жазбаша/
Комиссия мүшелері: ______________________________ ______________________
/аты-жөні/ /қолы/
______________________________ ______________________
/аты-жөні/ /қолы/
______________________________ ______________________
/аты-жөні/ /қолы/
Тараз 2022
Курстық жұмыс | Ф 11.01-2022 1-баспа 25.06.2022 | |
«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ
«Мектепке дейінгі және бастауыш білі беру» кафедрасы
ПМНО 21/1 тобының білімгеріне Ерубаева Т.Ғ. курстық жоба (жұмыс)
/аты-жөні/
«Бастауыш мектептегі балалар әдебиеті» пәні бойынша
ТАПСЫРМА
1.Тақырыбы Мұзафар Әлімбаевтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі
2. Тапсырманың арнайы нұсқауы курстық жұмысты университеттің талаптарына сай рәсімдеу
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары) | Орындау кестесі | |
Көлемі, % | Орындау уақыты | |
Кіріспе | 10% | 19.09.2022 |
1. М.Әлімбаевтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі | 10% | 22.09.2022 |
1.1 Балажанды жыршының өмір жолы мен шығармашылығы | 10% | 14.10.2022 |
1.2 Балдырғандарға арналған ақын шығармаларының тағылымы, тіл көркемдігі,әсерлілігі | 15% | 20.10.2022 |
2. М.Әлімбаевтың балалар әдебиетіне арнаған шығармалары | 10% | 26.10.2022 |
2.1 М.Әлімбаев өлеңдеріндегі тәрбие мәселесі | 10% | 30.10.2022 |
2.2 М.Әлімбаев шығармашылығының халық нақылдарымен үндестігі | 15% | 03.11.2022 |
Қорытынды | 10% | 06.11.2022 |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі | 10% | 10.11.2022 |
| | |
| | |
| | |
| | |
4.Графикалық материалдарының тізімі (сызулардыңмасштабы келтіріледі) | - | |
| | |
| | |
| | |
| | |
5. Жобаның (жұмысты) жинақтау мерзімі | 100% | 23.11.2022 |
6. Қорғау | | 08.12.2022 |
Кафедра мәжілісінде бекітілген «01» 09 2022ж. хаттама №1
Жетекшісі:
ф.ғ.к., доцент _____________________ Тұрарова А.Н. /қызметі/ /қолы/ /аты-жөні/
Тапсырманы орындауға қабылдадым «05» 09. 2022ж. ____________________
/білімгердің қолы/
Мазмұны
Кіріспе...........................................................................................................................4
1.М.Өтемісұлының балалар әдебиетіне балалар арнаған шығармашылығы.........................................................................................................5
1.1.М.Өтемісұлы және балалар әдебиеті..........................................................................6
1.2.Ақын шығармашылығының ерекшеліктері........................................................9
2. М.Өтемісұлының әдебиетіне қосқан үлесі.....................................................16
2.1.Қазақ балалар әдебиетіне үлесі.......................................................................16
2.2.Ақынның балаларға арналған шығармаларының көркемдік сипаты.........................................................................................................................18
Қорытынды.................................................................................................................19 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................20
.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазақ халқының бай тарихы мен әдебиеті, жалпы дүниетанымы ұлы тұлғаларсыз, ойшылдарсыз, ақындарсыз көзге елестету мүмкін емес. Себебі ықылым заманнан бері ықпалына ерген халқын өрге сүйреп, бостандық пен азаттық жолымен алға бастаған да, сенімді ақтамай орға жығып, азап пен қайғыға душар еткен де жеке тұлғалар болған.
Кең байтақ даламыздағы өркениет өн бойынан қадау- қадау шыңдар тәрізді уақыт өткен сайын бейнелері асқақтай түскен осынау айрықша ойлау дүниетанымдық стилі бар тарихи тұлғалардың мұрасы кейінгі қоғамдық ойдың даму барысына орасан зор ықпал жасағандықтан халық жадында мәңгі бақи сақталған. Жақсы туындының дүниетанымдық астары да айтарлықтай тереңде жатады. Махамбеттің төрт томдық шығармаларын герменевтикалық талдау арқылы ғана философиялық ойын аршып алуға мүмкін болады. Ендеше, қазақ поэзиясы философиялық ойдың бірден- бір өмір сүру формасы. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның жастарына өте қажетті құндылықтардың бірі патриоттық сезім, оны жастар бойына сіңіруде әдеби-тарихи тұлғаларымыздың шығармаларының маңызы ерекше. Ұлттық рух, тәуелсіздік идеялары Махамбет шығармаларының өзекті мәселесі.
Мақсаты: Махамбет Өтемісұлының балалар әдебиетіне қосқан үлесі
Міндеттері:
-
Махамбет Өтемісұлының дүниетанымының мәні мен мағынасын оның әдеби шығармалары арқылы жастар бойына адамгершілік ұстаным ретінде қалыптастыру; -
Ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі идеясын ашу; -
Махамбет шығармашылығындағы адамның бостандық,батырлық, ой еркіндіндігі сияқты қасиеттерінің көрініс табуы; -
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісті тарихи-рухани құндылық деп анықтау; -
«Мен» ұстанымының адамгершілік- психологиялық ерекшелігін Махамбеттің жыр-толғаулары арқылы айқындау;
Зерттеу болжамы. Ақынның әдебиетке зор үлесі.
Зерттеу әдістері. Ғылыми зерттеуде жинақтау, салыстыру, талдау әдістері қолданылды. Зерттеу мәселесіне байланысты ақын шығармаларындағы рухани идеяларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізу ұсынылды.
Зерттеу кезеңдері.Алғашқы кезеңде зерттеу бойынша барлық материалдар жиналып, сұрыпталып, жүйелі түрде ғылыми аппараты айқындалады.
Екінші кезеңде аталмыш автордың туындыларынан мысалдар келтіріліп, талдау жасалады. Әрі өзге шығармалармен салыстырып, анализ жасайды.
Үшінші кезеңде соңындағы зерттеу нәтижелерін бір жүйеге келтіріп, оқырманға қорытынды ойы айтылады. Мақсат орындалған соң жұмыста қолданылған барлық әдебитет тізімдері мен дерек көздері көрсетіледі.
Зерттеу құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан тұрады.
1. М.Өтемісұлының балалар әдебиетіне балалар арнаған шығармашылығы
1.1.М.Өтемісұлы және балалар әдебиеті
Дүниетанымдық және рухани- адамгершілік астары тереңде жатқан Махамбеттің ақындық мұрасын игерген кез келген қазақ баласының неге делебесі қозып, көзі от шаша бастайды. Ол халқының қалғып бара жатқан рухын дүр сілкіндіре оятып, артында ұрпақтан- ұрпаққа жететін шоқ тастап кетті. Сондықтан Махамбеттің дүниетанымы бүгінгі күндегі өзекті мәселе болып табылады
Ақынның 80- дей шығармалары Асан қайғы мен Қазтуған, Доспамбет пен Шалкиіз жырларымен іштей үндесіп жатады. Іштей ұлттық идеяны сақтай отырып, азат елдігін, еркін өзіндік тұрмысын аңсаумен болған халық Махамбет өлеңдерінен бойына қуат, жанына медет, үмітіне рухани тірек тапты. Сөйтіп, ақынның өлең- жырларының өшпес батырлық, ерлік, жігерлілік, табандылық, парасаттылық үні ұланғайыр сарынға, азаттық пен тәуелсіздік идеясына айналды. Махамбет дүниетанымы және философиясы арнай зерттеуден өтпеген тың тақырып.
Махамбет заманы Ресей империясы өзінің озбырлық отарлау саясатын жүргізу барысында тәуелсіз қазақ мемлекетін жойылып, өзіне бағынышты өз мүддесін қорғайтын және халықты барыншы екі жақтант Жәңгір ханның іс- әрекетімен сипатталады. Осындай қайшылық пен дау- жанжалға, әділетсіздік пен зорлық- зомбылыққа толы заман Ресейдің отарлау саясатына қарсы бағытталған ұлт- азаттық идеясын өмірге алып келді. Профессор Сейіт Қасқабасовтың қонымды пікірі бойынша, «XIX ғасырдан қазақ қоғамы үшін енді сыртқы жаудан қоғану емес, қазақ мемлекетін жойып, халықты отарлаған Ресей қақпанынан құтылу- ең зәру мәселе болып, әдебиетте ұлт- азаттық идеясы орнықты» [1].
Махамбеттің өлең- жырларының қадір- қасиеті, мәні мен маңызы уақыт өткен сайын бедерлене түсетіні белгілі. Та рихи тұлғаның туған халқы мен адамзат өркениеті алдында сіңірген еңбегі де солай- ғасырдан ғасыр озған сайын өркештене түседі. Ал, тағдырдың ең бір қиын бұралаңдарында халқының бойына қуат берген, жігерін жанумен болған Махамбеттің жалынды өлеңдері келер ғасырлардағы толқын- толқын талай ұрпаққа ата- бабаларының мұңы мен шерін, арманы мен рухын ұмыттырмай, үнемі құлағына құюмен болатнын анық. Жер бетінде қазақ елі тұрғанда, осынау мәңгілік сарын да ешуақытты үзілмейді.
Қазақ хадқы өнер біткеннің ішінен сөз бен сазды жоғары қойған. Осы екі өнердің бір- бірімен бітістірсе, ажырамас тұтастық та дамыта отырып, бойындағы барша рухани қуатын соған сіңіре білген. « Қазіргінің талай елін қайран қалдыратын осынау байтақ кеңістікті кернеген поэзиялық әлем,- деп жазды Қазақсытан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің « Тарих толқынында » аталатын кітабында,- тек сұлулық пен сезімнің шеңберінде шектелмеген. Ол жаңашылдықтың жалынын лаулата да білген. Содан да болар, қазақтың поэзиялық шығармашылығында мейлінше терең танымдық қасиеттер бар. Сондықтан да қазақтың дәстүрлі поэзиясы ұдайы философиямен шеңдесіп жатады». Осы философиялық астары тереңде жатқан екі мыңжылдық дала жырын мазмұны мен бояуын төмендетпей өзге тілдерге, әсіресе, ағылшын тіліне аударып, әлем жұртшылығына таныта алсақ, қазіргі қазақ мәдениетінің иәлемдік мәдени арнаға қосар кәусар бұлағының басы сол болар еді. тоның күәсі ретінде Махамбеттің ұлттық рухы биік жалынды өлең- жырлары қомақты еңбек болары анық [2].
-
Адам- Махамбет дүниетанымындағы өзекті де негізгі мәселе болып есептеледі. Ол өзінің «Арғымақ, сені сақтадым» атты толғауыда:
«Жақсыменен дос болсаң
Айрылмас күні қос болсаң,
Басыңа қиын іс түссе,
Алдыңнан шығар өбектеп,
Жаныңа не керек деп,
Жаманменен дос болсаң,
Айрылмас күні қос болсаң....», [3].
деп жақсы мен жаман адам жайында ойын тереңірек тұжырымдайды. Әсіресе, Махамбеттің халықты әділеттілікке, адалдыққа, ізгіліккке, бірлікке шақыруы қазіргі заманда да өзекті де маңызды болып отыр. « Еңселігім екі елі» атты толғауында:
«Дұшпанына келгенде,
Тартынбай сөйлер асылмын.
Құла бір сұлу ат мінген,
Құйрық, жалын шарт түйген,
Құм сағыздай созылған.
Дулығалы бас кескен,
Ту түбінен ту алған,
Жазуды көріп қуанған,
Мен Өтемістің баласы
Махамбет атты батырмын»,
деп, өз-өзінің іс- қимылы арқылы батыр адам мен оның тұлпарының тамаша поэзиялық бейнесін береді. « Исатай- басшы, мен- қосшы» деп өзінің «Соғыс» өлеңдірінде екеуінің арасындағы ынтымақтық пен достық, далдық пен адамгершілік қатынастар туралы ойларын ортаға салады.
Профессор Сейіт Қасқабасов айқандай, Махамбет шығармашылығының төртінші кезеңіндегі «Мұнар күн», «Қайда бар?»,«Абайламай айырылдым» «Істеген істім кетті далаға», «Өлең айтып, толғадым», « Қаршыға деген бір құс бар», «Қолы кілем, қара нан» сияқты жыр-толғаулары адам, оның адалдығы, бостандығы, батырлығы, ой еркіндігі, азаматтығы, мұң-арманы, күйні- тарығуы жайлы терең философиялық- этикалық және эстетикалық ойларға толы. Әсіресе әлеуметтік жаттану мәселесі туралы «Өзіңнен туған жас бала// Сақалы шығып жат болмай» дей келіп, әлеуметтік жалғызыққа («Жалғаздық адамға жараспайды, Аллаға ғана жарасады») тап болған Махамбет өхінің іштей терең рухани- психологиялық күйзеліске ұшыраған жағдайын бірнеше жырларының арқау етеді [4].
Махамбет кейбір адамдардың бойындағы опасыздық, екіжүзділік, сатқындық, зұлымдық, сияқты жаман қасиеттерді көре білді. Сонымен қатар адам болмысы мен сана- сезімі, жақсы адам мен жаман адам, өлім мен өмір, әке мен бала, жалғыздық пен көптік сияқты мәңгілік философиялық- аксиологиялық мәселелеріді өз дәуіріне лайықтап поэзиялық формада күн тәртібіне ұсынды. Махамбет дүниетанымы өмірлік, жыраулық, халықтық сипатта болды. Оның поэзиясында қазақтың ұлттық идеясы, ұлт- азаттық идеясы жақсы көрініс тапты.
1.2.Ақын шығармашылығының ерекшеліктері
Махамбет дүниетанымындағы құндылықтар жүйесі әділеттілік, азаттық, сөз бостандығы («бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ»), ерлік, адалдық, батырлық, халыққа шынайы қызмет ету, жауапкершілік пен бостандық сияқты құндылықтардан тұрады. Сонымен Махамбет әлеуметтік әділеттік пен қайырымдылық жаршысы, және ол өз шығармашылығы арқылы әділетті, іштей үйлесімді жаңа қазақ қоғамын орнатуды меңзеді. Бұл оның шығармашылығының әлеуметтік- әдеби өзегі болатын.
Махамбеттің жалынды өлең- толғаулары халық рухын оятудың қажетті құралы болды. Ұлт- азаттық, ұлттық идеяны басшылыққа ала отырып, ол халықтың азаттығы мен бостандығына қарулы көтеріліс арқылы ғана жетуге болатынына әбден сенді. Бірақ сенім ақталмады, көтеріліс жеңіліске ұшырады. Ресей империясының отарлау саясаты шарықтап тұрған кезде Еуразия кеңістінің қақ ортасында ұлт- азатық көтерілістің бас идеологы болуының болуының өзі Махамбеттің үлкен ерлігі мен батырлығы, ойшылдығы мен даналығы болатын. Егер осы көтеріліс болмаса, онда қазақ халқының ғасырлар бойғы үздіксіз ұлт- азаттық қозғалысының қажетті бір буыны болмас еді. Махамбет жырлары ұрпақтан –ұрпаққа жалғасып, 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан көтерілісіне ұласып, тәуелсіздік пен дербес дамуды аңсаған азаматтар рухын шыңдаумен болды. Бізді бүгінігі тәуелсіз ел болуға жеткізіп отырған да сол рух.