Файл: Курсты жмыс ф 11. 012022.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 24

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ал, енді тарихи тұлғаның философиялық көзқарасын пайымдауларға да елімізде талпыныстар бар екенін де жасыра алмаймыз. Бірақ Махамбет Өтемісұлы жайында кеңірек, тереңірек философиялық- дүниетанымдық зерттеулер қажет. Өйткені, Махамбет дүниетанымын түсіну, мұрасын игеру арқылы біз халқымыздың тарихи ой- санасына, ұлттық діліне, этникалық ойлау мәдениетіне бойлау түсеміз, яғни сол арқылы жаңа пайымдауларға жол аша аламыз, кемшілігімізді зерделеп, жетістігімізді жетілдіре түсеміз. Міне, сондықтан Махамбетті жан- жақты кешенді зерттеудің маңыздылығы жоғары деуге болады. Өйткені, тарихи тұлғалар іс- әрекетінде қоғамдық дамудың сипаты айқын көрініс табады.

Халықтың қамын ойлап, « қоғамда әлеуметтік теңдік жетекші рөл атқарсын» деген идеяны ұстануымен және оны практика жүзінде іске асыруға талаптануымен тарихта аты қалған Махамбет Өтемісұлының дүниеге көзқарасы қазақ қоғамының ХІХ ғасырдың басындағы жағдайының өзіндік айнасы болып табылады. Оның ақындығы мен батырлығы, даналығы мен кемеңгерлігі бір- бірімен астасып, алдыңғы ғасырлардағы халық дәстүрінің ұлы жалғасындай көрініс береді. Жауынгерлік рухты қастерленген, қақтығыста қаза табуды о дүниеге өтудің мәртебелі өткелі санаған дәстүрлі қоғамдағы ұлттық ділдің сипаты дала ақынының шығармашылығында анық байқалады.

2. М.Өтемісұлының әдебиетіне қосқан үлесі

2.1.Қазақ балалар әдебиетіне үлесі

Махамбет Өтемісұлының өмірі мен дүниетанымы, жеке шығармашылығы өткен ғасырда елімізде негізінен таптық идеология тұрғысынан талдау жасалып, сарапталынып келді. Әрине, бұл тәсілмен қарастырудың сыңаржақтылығы жөнінде соңғы уақытта көп айтылып келгені белгілі. Дегенмен, хан мен қараның арасындағы қайшылық пен күремтің болғаны тарихи шындық болатын. Махамбет өзінің досы Исатай Таймановтың жанында жүріп, осы халық күресінің бел ортасында жүргені де шындық. Бірақ Махамбеттің тұлғалық күрделі сипаты жауынгерлік рухтың шеңберімен шектелмейді, ол өзіндік саяси- философиялық пайымдауларымен көмкерілген. Оның әлемге жеткізілуі, көркем тілмен рауаждануы, яғни жыр жолдарымен паш етілген, жария болған. Бұл ғаламдағы, әсіресе әлеуметтік дүниедегі әрбір әлеуметтік субьектінің өзіндік міндет- мақсаттары, өмірде алатын орны және басқалар алдында жауапкершілігі бар екеніне ақынның сенетіндігін Махамбеттің төмендегідей жыр жолдарынан байқаймыз.

Негізінен Махамбетке тән нәрсе лирика. Өлеңдерінің негізгі көпшілігі лирикалық өлеңдер болып табылады.Оның үстіне, Махамбет лирикасы өзіне қазақ әдебиетіндегі болып келген лирикалық өлеңдерден анағұрлым айырмасы, өзіне тән ерекшелігі бар. Махамбет өлеңдері өз басынан кешірген ауыр халдерді сезіндіре отырып, терең толғап суреттеумен қатар, ол өз кезіндегі тарихи оқиғалармен байланысты туған қалың бұқараның көңіл күйін де көрсете білген нар тұлға. Оның өлеңдерінде өзінің көңіл күйі мен ел күйі ұштасып жатты.. Сондықтан, оның лирикасын - әлеуметтік сарындағы, саяси үгіттік лирика болып табылады. Саяси лириканың бастамасы ауыз әдебиетінде жатыр деуге болады. Яғни Махамбеттің саяси лирикалары ауыз әдебиетінде бір бөлігі фольклор дәстүрімен байланысты. Жалпы саяси лириканың өзіне тән ерекшелігі - үгіт насихат істерді көпшілікке үндеу, белгілі бір топтың, не таптың алдында тұрған тілек, мүддесін көркем сөз арқылы көпшіліктің сана - сезіміне жеткізу, үгіт арқылы оларға әсер ету мақсат болса, Махамбет поэзиясында бұл бағыт қатты сақталады. 


« Ақ жұмыртқа сары уыз

Әлпештеп қолда өсірген,

Туған ұлдан не пайда

Қолына найза алмаса,

Атаңнын жолын қумаса.

Алаштың байлығынан не пайда?

Құланнан басқа ел таппай,

Қонарына жер таппай,

Маңқиған сары далада,

Екіндіде құлаған,

Тарығып келген ерлерге

Қайнары оның болмаса

Алтын тақты хандардың

Хандығынан не пайда?

Ғаріп пенен қасерге

Туралық ісі болмаса?!» [3].

Бұл өлең жолдарынан қазақ қоғамына тән бірнеше дүниетанымдық әмбебаптардың өзара байланысын, қатынасын білдіретін айшықтардың жиынтығы және оларға ақынның берген тұлғалық қысқа түсініктемелерін байқай аламыз. Мәселен, әке мен бала қатынасында негізгі бағдар болып тұрған ұрпақтар сабақтастығы туындайды. Махамбет өз заманының талаптарына сәйкес «қолына найза алмаған» балаға риза болмаса, материалдық байлықтың қайырын көрмесе халыққа одан не пайда дей келіп, « туралық ісі болмаса, хандықтан не пайда?» деп әлеуметтік әділеттілік мәселесін көтереді. Міне, жоғарыда қозғалған мәселелер тек қана философиялық зерделеулермен шектелмей, саясаттану, социалогия, этнопеадгогика, әлеуметтік психология, мәдениеттану пәндерінің нысанына айналары хақ. Сондықтан Махамбет сан қырлы ойшыл философ- ақын санатына жатады.

Әрбір жеке дүниетанының ең өзекті тұсы болып Жаратушыға деген қатынас болып табылады. Жалпы «Адам- Әлем» қатынасының барлық құрылымдық бөліктері, бағыттары осы жүйені сипатына тәуелді болып келеді. Діни көзқарастың әртүрлі болары анық. Махамбетті діншіл тұлға деп айта алмасақ та, дүниедегі барлық процестердің ерекше бір тылсым күшке бағынатына меңзейді. Ол өзінің шығармаларында «Тәңір», «Алла» деген ұғымдарды синоним ретінде қолданады және қанша өмірде әділеттік іздегенмен тек Тәңірінің жазғаны болатынын мойындайды. Халықта осы ұлы күшке деген сенім онша терең емес екеніне Махамбет қатты қапаланады және оны былайша жырларында суреттейді:

«Мұсылманшылық кімде жоқ

Тілде бар да, дінде жоқ, »-

деп нағыз дінге сенушіліктің үлгісін көре алмағандығын суреттейді [?].

Ал, енді шынымен де барлық ғасырлардың ең үлкен мәселесі осы шынайы дінге сенушіліктің болмауы еді. Қанша өзін белгілі бір конфессияның өкілімін деп, салт- дәстүрдің көбісін сақтағанымен нағыз дінге сенушінің деңгейіне көтерушілер ілеуде біреу екені белгілі. Өкінішке орай тарихта « көппен көрген ұлы той» дегендей сыртқы көрінісі ғана басқалар сияқты дінді жақтаушы болғандар қаншама десеңізші. Шын мәнінде дінге сену деген- Ақиқатқа, үйлесілімділікке, өмірдің әдептілігіне сену, үнемі қайырымдылық жасаудан жаңылмау.



Туған жерге деген махаббат, отан сүйгіштік Махамбет жырларында оның саяси- құқықтық мұраттарымен астасып жататынын профессор С. Өзбекұлы жақсы көрсеткен болатын.* Әрине далалық демократияның дамуы деңгейіне сәйкес кемшілігі де жетістігі болары анық. Бірақ Махамбет заманында әлеуметтік әділетті қоғам деген стихиялық ұмтылыс өз нәтижесін беруі екіталай еді және әділеттілікті орнатудың бір ғана жолы бар деген түсінік жетекші рөд атқарған уақыт болатын. Ол, негізінен, «күшке қарсы күш қолдану» деген принцип. Дегенмен ежелден бұл әрекеттер өзінің тиімді нәтижелерін әлеумет үшін берілмегенін тарихтан білеміз. Әр елдегі көтерілісшілердің (сонау Спартактан бастап орыстың Е. Пугачевына дейін, Париж коммунасы мен социалистік революция болсын) діттегені біреу- ақ болатын- ол қоғамда белгілі адами түсінік деңгейіндегі әлеуметтік әділетті қоғамда құру болатын. Бірақ бұл талпыныстардың бәрінің нәтижесі кереғар болып шықты. Осыдан заңды сұрақ туындайды: «Әлеуметтік өмірде адам үшін әділеттілік деген болуға тиісті ме? Әлде үнемі күштілердің мерейі үстем бола бермек пе?» Адами тұрғыдағы әділеттілік ешқашанда абсолютті ақиқаттың, қасиетті рухтың, әлемдік дамудың соқпағына пара- пар болатын әділеттікпен тең және дәлме- дәл келе бермейді. Халықтың өзін- өзі, өзінің даму жолын анықтау, құқы әлемдегі бір мемлекеттің басқа мемлекеттерге басымдық көрсетпеуінің бірден- бір формасы. Адами әділеттіліктегі кемшілік оның рухани жетілмеулерінен, зерделік үстірттікпен астасып жатады. Дегенмен тарихи тұлғалардың артында қалдырған рухани іздерінде кейінгі ұрпаққа деген үлкен сабақ бар. Міне содан үйрену арқылы жаңа бағдарламалар жасауға, әлемді танудағы, оны игерудегі жаңа қырларду ашуға болады. Мәселен, әлеуметтік дүниені өзгертудің сан түрлі жолы бар. Соның ішіндегі ең жемістісі, жасампазы – қырғын қан төккен көтеріліс емес, өмірді шығармашылық арқылы игеру болып табылады. Махамбеттің тарихта ең қастерленетін, құрметтелетін еңбегі өзінің дүниетанымын көркем сөздермен, жыр жолдары арқылы жеткізе білетінінде және сол тарихи кезеңге сәйкес келетін қайшылықтар нұсқасын таратып беруге талпынысы болып табылады. Әрине, халық әдетте әділеттілік іздеген жанға өзінің сипаттамасын білдіреді. Дегенмен дүниені үйлесімдендірудің негізгі қайнар көзі адамның бойында жатқанын айта кету керек. Адам өзін- өзі үздіксіз рухани жетілдіру жолына түсу арқылы ғана сыртқы дүниенің дүлей күшіне, қайшылығына қарсы тұра алады және оның дұрыс шешімін таба біледі. Бұл жерде шынайы діни дүниетанымның маңызы зор.


2.2.Ақынның балаларға арналған шығармаларының көркемдік сипаты

Тарихи тұлғалардың өмірдегі әділеттілікті кырғын- жойқын көтеріліс арқылы, қолға найза ұстап қана орнатуға тырысуы коғамда діни құндылықтардың басымдық танытпағанын көрсетеді. Шынайы діншілдік әрқашанда сабырға, төімділікке, шыдамдылыққа, дүниедегі қиындықтарды жеңудегі ұстанымдылыққа шақырады. Дін атын жамылып күреске шақырушылар негізінен оны саясатпен шатастырушылар, рухани дүниені барынша бұрмалаушылар болып табылады. Ондай деректер көптеп кездеседі. Махамбеттің жырларындағы суреттемерде қазақ халқының ХІХ ғасырға тән этникалық жағдайы жақсы бейнеленеді, оқышыны өзімен бірге елітіп әкетеді, сондай жағдайға түскендігі пенденің іс- әрекетін тұспалдауға итермелейді. Махамбет дүниетанымы бірте- бірте өзгерістерге ұшырағанын өмір жолынан байқаймыз. Махамбет дүниетанымындағы құндылықтар жүйесі өмірінің аяғында біршама өзгерістерге ұшырап, жеке бастың кейбір эмоциясынан халықтың қамын жейтін деңгейге ауысады, Бөкей Ордасындағы қазақ жұртшылығының ауыртпалығы қабырғасына тереңірек бата түседі, бейбіт өмірдің нағыз бағасын жете түсіне бастайды. Міне, бұл дүниетанымдық эволюцияның, трансформацияның көрінісі болатын.

  1. Қазақ философиясында кең орын алатын мәселе – билер мен шешендердің, ақын-жыраулардың өз атынан сөйлеп, өз ойын, түсінігін, «Менін» паш ете отырып, өздерін ақыл-ойдың субъекті ретінде көрсетуі.

Қазтуғанның «Мадақ жыры» басқаға емес, оның өзін таныстыруға арналған:Айдаса қойдың көсемі,

Сөйлесе қызыл тілдің шешені...

Билер атты би соңы,

Би ұлының кенжесі...

Бұл болған айды ашқан,

Мұнар болған күнді ашқан,

Мұсылман мен кәпірдің

Арасын өтіп бұзып дінді ашқан

Сүйінішұлы Қазтуған!!! [5].

Адамның өзін «Мен» деп қарауынан оның өзін, басқаларды, уақытын, дүниедегі орнын түсінетін көзқарасын, немен айналысатынын, не үшін өмір сүретінін аңғаруға болады. Қазтуған өзінің шешендігін, әділдігін, халқына, еліне сөзі өтетіндігін, ақылмен, сөзімен талай дау-дамайды шеше алатынын, халқының бірлігін қалайтынын мақтанышпен айтып отыр.

«Мен» деген кісілікті, адамның дүниеден өз орнын тауып, өзіне лайық, өзі ғана атқара алар ісін, өнерін тауып, өзін басқаларға ұқсамайтын дара тұлға ретінде сезінуін аңғартады. Кез келген адам «Сен» бола алмайды, кез келген адам тұлға, субъект, қайталанбас тұлға емес. «Мен» болу үшін адамның өз орны, ісі, пікірі, ойы, позициясы болу керек. Ол жоқ болса, оның орны үңірейіп, бос тұруы керек. «Мен» мақтану, даңғойлық емес, негізі жоқ «Менге» жұрт «шалабыңды шайқама» дейді.


«Мен» деген, - тоқ етері, - философиялық позиция.

«Менмін» деп айтса айта алатын, айтуға қақысы бар қазақтардың бірі – әрі шешен, әрі би, әрі батыр Есет Көтібарұлы болса керек:

Мен, мен едім, мен едім,

Қатарға салсаң қайыспас,

Қас қара нар мен едім,

Шабуыл салса шаршамас

Шыны тұлпар мен едім,

Су шашырап, жел тимес,

Аударылмас қара кеме едім,

Қасарысып келгенде,

Қап түбіне сыймаған,

Қара болат мен едім...[4]

Махамбеттің барлық өлеңдерінен оның әркімге, әр нәрсеге – ханға, сұлтанға, Исатай ағасына, еліне, туған жеріне, досына, жауына қатынасы, яғни «Мені», керек десеңіз, дұрыс мағынадағы «менмендігі» байқалып тұрады. Адам «Менмін» деп айтуға дайық болу керек, өз «Менін» бағалауы керек деген ой келеді. Махамбеттің айтқанына ден қойсақ:

Ту түбінен ту алған,

Жауды көріп қуанған,

Мен – Өтемістің баласы

Махамбет атты батырмын![5]

Махамбет өзінің неге бас тіккенін, не үшін күресіп, неден опық жегенін, қасы кім, досы кім екенін жырларында ашық айтады:

Белгілі туған ер едім,

Беліме садақ асынған.

Біріндеп жауды қашырған,

Мен келелі қара бұлтпын,

Келе жаумай ашылман.

Қарсыласқан дұшпанға

Найзағай мен жасылмын.[5]

қазақ даналарының «Мені» олардың өз ойын, пікірін ханға да, батырға да, халыққа да батыл ашық жеткізіп, өздеріне ұнамаған жайды батыл әшкерелеуінен көрінеді. Бұл да философиялық позиция екені түсінікті болу керек. Ақын-жыраулардың өздеріне сөз берейік. Асан Қайғының Жәнібек ханға айтқаны:

Ай, хан, мен айтпасам білмейсің,

Айтқаныма көнбейсің.

Шабылып жатқан халқың бар,

Аймағын көздеп көрмейсің.

Қымыз ішіп, қызарып,

Мастанып, қызып, терлейсің.

Өзіңнен басқа хан жоқтай

Елеуреп неге сөйлейсің?!..[5]

Философия сыйсыз өмір сүре алмайды. Ол бүгінгіні зерттей отырып, алдағыны болжап біледі, бүгінгіге ертеңгінің тұрғысынан қарай алады. Асан Қайғының, Бұхар жыраудың, Махамбеттің хан, сұлтандарға қатты айтуы – көзсіз ерліктің нышаны емес, даналықтың, көрегендіктің, ел, халық қамын ойлаудың үлгісі.

Бұхар жыраудың Абылай ханға, Бөгенбай батырға қатты айтып, олардың хан болғанға, батыр болып, елге танылғанға дейінгі кездегі көптің бірі болғандарын айтып, сынайтын жерлерін білеміз:

Ай, Абылай, сен он бір жасыңда

Әшейін – ақ ұл едің.

Он бес жасқа келгенде

Арқада Әбілмәмбет төренің

Түйесін баққан құл едің.

Абылай атың жоқ еді,

Сабалақ атпен жүр едің...[5]

Әрине, бұған қарап Абылайды қарадан туған күң баласы етіп көрсету ерсі болар еді. «Бұл – тарихқа жасаған зорлық» - дей келіп, М.Қозыбаев Бұхардың мына сөзін келтіреді: