ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.05.2024
Просмотров: 25
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ей, Абылай, - бас ханым,
Бас болсаң да, аспаған.
Алыс пен жақын жерлердің
Кәрі мен жасын, асқағын
Айбарымен жасқадың...
Қаһарыңды тігіп, төнесің,
Кісі емес, күшік көресің
Шыңғыс тұқымынан басқаны.
Бұл күні саған кекті елің
Бейбастақ батыр, бектерің,
Шашу ғып елдің даәлетін
Көрмейсің ьасып кеткенін
Шуылдақтарыңды шектегін!..[6]
Махамбеттің Жәңгір ханға: «Хан емессің - қасқырсың», Баймағамбет сұлтанға: «Өзекті жанға бір өлім; Орданы талқан қылып шабармын», «Қыларың болса, қылып қал – күндердің күні болғанда бас кесермін, жасырман» - деген айбынды, адуынды сөздерінің астарында рухтың өрлігі, биіктігі, қолға алған ісінің дұрыстығын түсіну, бір кездегі М.Лютер айтқандай, басқаша қимылдауға ар намысы мен түсінігінің жібермеуі жатыр.
«Ереуіл атқа ер салмай».
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай,
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық, шөл көрмей,
Өзегі талып ет жемей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай,
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгі теріс тағынбай,
Темір қазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай
Ерлердің ісі бітер ме?
Мұңайма
Ханның ісі қатайды,
Азамат ерден бақ тайды.
Қанды көбе киініп,
Бір аллаға сиынып,
Ұрандап жауға тигенде,
Кім жеңері талай-ды.
Жолдастарым, мұңайма!
Жайықтың бойы көк шалғын
Жайықтың бойы көк шалғын -
Күзерміз де жайлармыз.
Күлісті-сынды күреңді
Күдірейтіп күнде байлармыз.
Құдай істі оңдаса,
Ісім жөнге келгенде,
Қамалаған көп дұшпан
Әлі де болса, қойдай қылып айдармыз,
Жолдастарым, мұңайма!
Мен - мен едім, мен едім!
Мен Нарында жүргенде
Еңіреген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім.
Қай қазақтан кем едім?
Бір қазақпен тең едім.
Өздеріңдей хандардың,
Қарны жуан билердің
Атандай даусын ақыртып,
Лауазымын көкке шақыртып,
Сұлтанын суға сұлатып,
Ханшасын қақпа алдында жылатып,
Ернін еттей тесісіп,
Кеңірдегін кесісіп,
Жыраға басын түсіріп,
Жылғадан қанын ағызып,
Басын кессем деп едім!
Еділдің бойы ен тоғай -
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім.
Еңсесі биік ақ орда -
Еріксіз кірсем деп едім.
Керегесін кескілеп,
Отын етсем деп едім.
Туырлығын тескілеп,
Тоқым етсем деп едім.
Тақта отырған хандардың
Төрде отырған ханымын
Қатын етсем деп едім.
Әлдилеген баласын
Жетім етсем деп едім.
Хан сусыны сары бал -
Сұраусыз ішсем деп едім.
Ханның киген кіреуке -
Үстіме кисем деп едім.
Қанікейдей көріктіңді
Қалыңсыз құшсам деп едім.
Тінікейдей тектіңді,
Ителгі көзін төңкертіп,
Күшіктей даусын қыңсытып,
Аш күзендей белін бүгілтіп,
Әділ жаннан түңілтіп,
Ат көтіне үңілтіп,
Артыма салсам деп едім.
Тілекті құдай бермеді -
Өздеріңдей хандарды
Осылай бір қылсам деп едім!
Мен - мен едім, мен едім!
Мен Нарында жүргенде
Еңіреген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім.
Ерегіскен дұшпанға
Қызыл сырлы жебе едім.
Жақсыларға еп едім,
Жамандарға көп едім.
Ерегіскен дұшпанның
Екіталай болғанда
Азыққа етін жеп едім.
Хан баласы ақсүйек -
Ежелден табан аңдысқан
Ата дұшпан сен едің,
Ата жауың мен едім.
Ежелгі дұшпан ел болмас,
Етектен кесіп жең болмас!
Хан баласы ақсүйек -
Байеке сұлтан сен болып,
Сендей нарқоспақтың баласы,
Маған оңаша жерде жолықсаң,
Қайраңнан алған шабақтай
Қия бір соғып ас етсем,
Тамағыма қылқаның кетер демес ем
Өкініш
Толғай да толғай оқ атқан,
Он екі тұтам жай тартқан,
Қабырғасын қаусатқан,
Тебінгісін тесе атқан,
Тізгінінен кесе атқан,
Теспей қанын зулатқан,
Біздің қайсар батырдың
Жүрегін сөйтіп оятқан
Кешегі Орақ пенен Мамайдай
Батырлар, шіркін, болар ма-ай!
Олардай болып жүруге
Біздерге қуат толар ма-ай!
Қазақтан бір құнт кетті деп,
Біздерге нәубәт жетті деп,
Бұзылды көңілім жыларға-ай!
Азамат ердің баласы
Арғымақтың баласы
Аз оттар да көп жусар -
Талаудан татқан дәмі бар.
Азамат ердің баласы
Аз ұйықтар да көп жортар -
Дұшпанға кеткен кегі мен
Барымтаға түскен малы бар.
Реніш
(Қайыпқали сұлтанға)
Алты күндей алаулап,
Он екі күндей ой ойлап,
Ақылды алпыс жаққа шаптырып,
Ақыл жөнге келгесін
Арқаның алпыс екі саласына барғанда,
Айдаһардай арбадың.
Арбадың да қалмадың.
Ханнан кегім ала алмай,
Қайрат қылар ер біз болсақ, -
Заманымда болған сұлтаным,
Бізді жіпсіз байладың!
Арғымақтың баласы
Арғымақтың баласы
Арығанын білдірмес,
Арқамнан қосым қалар деп.
Ағыны күшті ақ дария
Қаһарланып толқиды,
Қанатын күн шалмаған балығым
Ортамнан ойран салар деп.
Балағы түкті қоңыр қаз
Баттауыққа тоя оттамас,
Сұңқарлар үлгі алар деп.
Қас жақсының баласы
Арада тұрып сөйлемес,
Жауым таба қылар деп.
Қас патшаның баласы
Жапанда жалғыз тұрмайды,
Дұшпандар көзін салар деп.
Қарқыны күшті көк семсер
Шапқан сайын дем тартар,
Сусыным қанға қанар деп.
Қарақұс қонбас көк сеңгір
Басына құс қондырмас,
Қарауыл қарап тұрар деп,
Қараса көзі шалар деп.
Практикалық ұсыныстар:
-
Махамбет шығарған күйлерін мәдени- әдеби рухани құндылықтар деп бағалау Олар: «Ақжелкен», «Жорық», «Жұмыр қылыш», «Қайран Нарын», «Қиял қырғыны», «Нарын», «Өкініш», «Тарлан», «Шілтерлі терезе» т.б. -
Махамбет Өтемісұлы туралы жазылған қандай көркем шығармалардан мектеп кітапханасында көрме ашу
Көрмеге міндетті түрде кіретін шығармалар: Мұхтар Шаханов «Нарынқұм зауалы» поэмасы.
Әнуар Әлімжанов «Махамбеттің жебесі» романы.
-
Махамбет Өтемісұлының поэзиясындағы басты тақырыптарды оқушылардың анықтай білуі қажет. Халық қамы. -
М.Өтемісұлының И. Тайманов пен орыс саяхатшылары мен этнорафтарын өзара байлынысының тарихи кезеңдерін білу қажет.( 19 ғасыр (1803-1845)) -
Махамбеттің туған жері туралы мағлұматтарды білу және қазақ жері мен елін құндылық деп түсіну. (Еділ-Жайық арасындағы Нарын құмындағы Бекетай елді мекені. Қазіргі Орал облысы Жәнібек ауданы.) -
Ақынның:Хан емессің, қасқырсың,
Кара албасты басқырсың!
Хан емессің, ылаңсың,
Қара шұбар жылансың…деген өлең жолдарының әдеби- дүниетанымдық және адамгершілік сипатын аша білу. ( Жәңгір хан.)
-
Сол кездегі Вице-премьер Иманғали Тасмағамбетовтың ЮНЕСКО-ға Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы туған деген дәлелмен оның 200 жылдығын 2003 жылы атап өту туралы ұсынысы да жоғарыда келтірілген мұрағаттық дерекке негізделгенің оқушыларға жеткізу, әдебиет сабағының мұғалімінің парызы. -
Махамбет Өтемісұлының әдеби шығармаларының және саяси тарихи іс- әрекетінің тарихи маңызын жастар бойына патиоттық сезімді қалыптастыруға негіздеу.
Қорытынды
Ұлтымыздың ұлы кемеңгері Абайдың: «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған»-дегеніндей, өмірі мен өнегесі халқының жадына мәңгілікке жазылып, одан ойып тұрып лайықты орнын алған әрі батыр, әрі ақын, әрі тарихи қайраткер Махамбет Өтемісұлының есімін әрқашанда ерекше құрметпен атаймыз.
Халық жазушысы, мемлекет қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының «Тәуелсіздік жолында қан да төгілген, жас та төгілген, денесінен бас та бөлінген. Басы бөлінгенмен ары төгілмеген-арлыларды әңгімелесек, биіктемесек аласармаймыз»,- деген сөзі Махамбетке арналған болатын.
Махамбет ақын – ұлт азаттығы үшін күрескер тарихи тұлға ретінде біздің Тәуелсіздігіміздің бастау көздерінің бірі ретінде саналады. Сондай қоғам қайраткерлігімен бірге, өзінің отты, жалынды өлеңдері арқылы бар өмірін туған халқының мұңын жоқтауға арнаған ардақты ақын.
Иә, Махамбет -қиып түсер өткірлігімен, қызу қанды жігерлігімен, нөсердей екпінімен еркіндікті аңсаған батыр. Жылдар, ғасырлар алмаса келе талай оқиға көмескі тартары заңдылық. Ал Махамбеттің ісі мен жырына ондай қауіп төнген емес, төнбейді де. Олай болатыны оның батырлығы бір жекпе-жектегі қайсарлық пен ерліктің символы. Жыр толғауы бір кезеңнің баяны емес,күллі адамзатқа тән азаттық пен теңдіктің өшпейтін ұраны. Махамбет өзгеде жоқ та, өзінде ғана бар құдіретті қасиетімен батырлар тарихында да, ақындар тарихында да, сазгерлер тарихында да жарық жұлдыздай жарқырап жанып тұратын қайталанбас дара тұлға. Оның дауылпаз жырлары әрқашан ерлікке, егемендікке шақырады. Ол-елге еркіндік тілеген, Тәңірден басқаға тәуелді болмауды аңсаған, теңдікке қол жеткізуді армандаған асыл ер.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
-
«Егемен Қазақстан» газеті, 19 тамыз 2003 жыл -
Н. Назарбаев- Тарих толқынында -
Бес ғасыр жырлайды.-Алматы: Жазушы, 2015ж.-ІІІ т. -
Бес ғасыр жырлайды.-Алматы: Жазушы, 2016ж. І т. -
Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. – Алматы, 2007 -
Майтанов Б. Махамбеттің автопортреті //Қазақ әдебиеті.-2003.-12.09. -
Елеукенов Ш.Замандас парасаты. Алматы. -
А.Ш.Жүсіпова, А.М.Семізтаева. Қазақ балалар әдебиеті және Марат Қабанбай.//Хабаршы. Л.Н.Гумилев ат.Еуразия университетінің ғылыми журналы.№3(106). – Астана, 2015, – 116-117 бб. -
Ушинский К.Д. Таңдамалышығармалары. 1том. Алматы, 2011 ж. -
Өмірәлиев Қ. Абай афоризмі. Алматы, 2015 ж -
Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы Қазақ университеті Алматы, 2010ж. -
www. egemen.kz -
Әнес Ғ., Үдербаев А. «Диалектологиялық сөздік» Алматы: «Арыс» баспасы, 2007.29. Жұмаділов Қ. «Дарабоз» тарихи роман-дилогия. Алматы «Кітап» баспасы, 504 бет. -
Балалар әдебиеті пәнінен лекциялар курсы [Мәтін] : Оқу-әдістемелік құрал / З. Кенжебаева, М.А. Ирсакова. - Тараз : ТарМПИ, 2017. - 165б -
Қ.Тоқаев, 2021 «Білім және ғылым» атты тамыз конференциясындағы баяндамасы / www.akorda.kz / -
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» Қалиев Байынқол Алматы 2014 -
Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. –Алматы, 2007. -
Жұмаділов Қ. «Дарабоз» тарихи роман-дилогия. Алматы «Кітап» баспасы, 504 бет -
Ш. Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті., Алматы 2017 ж. -
Тебегенова Э. әлемдік мәдениет тарихын зерттеуші / / Абай.-2018-№ 1.-16-20 б. -
Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. -Т. 2-Алматы: Жазушы, 2014-152б -
Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. - Алматы: Мектеп -
/kk.wikipedia.org/ -
/www. кazahadebieti.kz -
adebiet.kz әдеби әлем порталы