Файл: ысамерзімді жоспар Сабаты таырыбы Бейнежазба 1саба.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.05.2024

Просмотров: 16

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Бейнежазба

1-сабақ.

Бөлім:

3-бөлім - Бейне жасау

(ортақ тақырыбы: «Табиғи құбылыстар»)

Педагогтің аты-жөні:

Күні:

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Бейнежазба

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

4.2.4.1 бейнеклиптерді жасау;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

VideoPad программасының бейнежазу құралдарымен танысды.

Бейне камерамен белгілі бір тақырыпқа бейнеклиптерді жазуды үйренеді

Құндылықтарға баулу:

1. “Мәңгілік ел” идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы”, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі және Астана» құндылығы қалыптасады.

2. Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым- қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.

3. Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды.

4. Өмір бойы оқу, Қазастандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

  • Бейнекамера немесе телефоныңмен қандай көріністерді жиі түсіресің?

  • Бейне көріністерді түсіруде қандай әдеп нормаларын ұстану керек?

  • Жаратылыстану сабағында қай табиғи құбылысты видеоға түсіріп, зерттеуіңе пайдаландың? (ауа райы, судың ластануы т.б)

  • Бейнежазбаларды компьютерде өң-деуге арналған қандай программалар жұмысымен таныссың?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

31 мин.

(Ұ) Сөздікпен жұмыс: Түртіп алу.

  • бейнежазу – запись видео - video recording;

  • файлды қосу-добавить файл-add file

Термин сөздермен толык танысады.

Мақсаты: Жаңа сабақта кездесетін сөздіктермен танысады. Бұл үш тілділік білім беру жүйесіне өз септігін тигізеді.

Тиімділігі: Балалар үш тілділікке дағдыланады

Дескриптор: Жалпы - 2 балл.

-терминдермен танысады.

-жұмыс дәптерлеріне жазып алады.

Жұмыс дәптерлері, оқулық, ДК

2-тапсырма:

Оқулықпен жұмыс.

Төменде берілген тақырыпшалар бойынша екі топ оқулықты оқып, топ ішінде талқылайды.

Топ арасында бір-біріне баяндайды.

1.«Камера» тобы: «VideoPad программасы»

2. «Бейнекамера» тобы: «Бейнежазба»

Дескриптор: Жалпы – 2 балл.

-Оқулықты оқып, топ ішінде талқылау жүргізеді.

-Бір-бірімен топ арасында өз тақырыптары бойынша баяндама жасайды.

Жұмыс дәптерлері, оқулық, ДК

(Т) Дәптермен жұмыс.

Тапсырма: Топ ішінде алдымен жеке-жеке өздері ұсыныстарын жазады. Топ мүшелерімен пікір алмасып, ұсыныстарын біріктіріп, қағазға жазып, келесі топқа ұсынады.

Бейнекамераға түсірумен айналысатын әрбір адамға қажетті қандай әдептіліктер тізбесін ұсынар едіңдер? Ұсыныстарыңды қағазға түсіріңдер.

Дескриптор: Жалпы – 3 балл.
-Бейнекамераға түсірумен айналысатын әрбір адамға қажетті әдептіліктер тізбесін ұсынып, қағазға түсіреді.

Жұмыс дәптерлері, оқулық, ДК

(Ж) «Сұрақты қағып ал» әдісі.

Тапсырма: Төмендегі берілген тапсырма бойынша сұрақ байындап, келесі жұптарға ұсынады. Сұрақты қабылдаған жұп жауап беруі керек.

VideoPad программасының құрал саймандарының қызметі бойынша сұрақтар құрастырып, басқа жұптарға ұсыныңдар

Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

- VideoPad программасының құрал саймандарының қызметі бойынша сұрақтар құрастырады.

-Сұрақтарды

басқа жұптарға ұсынады.

Жұмыс дәптерлері, оқулық, ДК

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

(Ұ) Талдау!

VideoPad-тың бейнені өңдеудегі өзіңе ұнаған қандай тұстарын айта аласың?

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөз» әдісі.

1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Бейнені өңдеу

2-сабақ.

Бөлім:

Бейне жасау. (ортақ тақырыбы: «Табиғи құбылыстар»)

Педагогтің аты-жөні:

Күні:

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Бейнені өңдеу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

4.2.4.1 бейнеклиптерді жасау;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Белгілі бір тақырыпқа бейнені жазу және өңдеуді үйренеді

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Жаңа сабаққа кіріспе

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

«Конверттегі сұрақ» әдісі.

Кез-келген оқушы конвертті ашып сұрақты оқиды. Қалған оқушылар

  • Табиғат құбылыстарына қандай мы-салдар келтіруге болады? Табиғатта су айналымы деген не (1-сурет)?

  • Табиғатта су айналымын көрсететін қандай құбылыстарды мысалға кел-тіре аласың?

  • Үй жағдайында су айналымын қа-лай бақылауға болады?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

31 мин.

(Ұ) Сөздікпен жұмыс: Түртіп алу.

  • бейнежазу–запись видео -videorecording;

  • файлдықосу-добавить файл-addfile

Мақсаты: Жаңа сабақта кездесетін сөздіктермен танысады. Бұл үш тілділік білім беру жүйесіне өз септігін тигізеді. Тиімділігі: Балалар үш тілділікке дағдыланады.

Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

-терминдермен танысады.

-жұмыс дәптерлеріне жазып алады.

4-сынып оқулығы, жұмыс дәптері

«Түртіп алу» әдісі.

(Ұ) «Кинометафора» әдісі бойынша тапсырма орындатады.

А) «VideoPad программасында бейнені өңдеу» тақырыбына кіріспе жасау мақсатында интерактивті тақтадан бейнежазба көрсетемін.

Б) Оқушылар бейнежазбаны көріп, тыңдап стикерге бейнежазбадан түсінгендері бойынша 2 сөйлем жазып, тақтаға оқып іледі.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

-бейне ролик көреді.

-талқылайды.

4-сынып оқулығы, жұмыс дәптері

(Ж) Дәптермен жұмыс.

VideoPad программасындағы бейнені өңдеуге қолданған құралдар тізбесін жасатады.

VideoPad программасындағы бейнені өңдеуге қолданған құралдар тізбесін жасаңдар. Бұл құралдардың қызметін жазыңдар.

Дескриптор: Жалпы - 4 балл.

- VideoPad программасындағы бейнені өңдеуге қолданған құралдар тізбесін жасайды.

- Құралдардың қызметін жазады.

4-сынып оқулығы, жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Бейне ауысулар мен әсерлер қолдану

3-сабақ.

Бөлім:

Бейне жасау. (ортақ тақырыбы: «Табиғи құбылыстар»)

Педагогтің аты-жөні:

Күні:

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Бейне ауысулар мен әсерлер қолдану

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

4.1.2.1 Бейнені өңдеуде дыбыстық сүйемелдеуді үйрену.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

  • Бейне әсерлер мен ауысуларды қолданады.

Бейнені өңдеуде дыбыстық сүйемелдеуді үйренеді.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Жаңа сабаққа кіріспе

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

(Ұ) Ой қозғау! «Сен маған мен саған» әдісі.

Оқушылар бір-біріне допты лақтырып сұрақтар қояды, тосып алған оқушы жауап береді.

(Ұ) Сөздікпен жұмыс: Түртіп алу.

  • бейнежазу–запись видео -videorecording;

  • файлдықосу-добавить файл-addfile

Мақсаты: Жаңа сабақта кездесетін сөздіктермен танысады. Бұл үш тілділік білім беру жүйесіне өз септігін тигізеді. Тиімділігі: Балалар үш тілділікке дағдыланады.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

31 мин.

Оқулықпен жұмыс. «Айналмалы бекеттер» әдісі бойынша тапсырма орындатады.

«Айналмалы бекеттер» әдісі арқылы мәтінді топта оқып, талдап, келесі топпен ой бөліседі.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

-мәтінді оқиды.

-талқылау жүргізеді.

4-сынып оқулығы

Жұмыс дәптерлері

(Ұ) Компьютермен жұмыс.

Тапсырма: Оқулықтағы берілген нұсқаулық бойынша практикалық жұмысты жасайды.

  1. Интернеттен табиғат құблыстардың бірінің бейнеклипін компьютеріңдегі «Бейне» бумасына көшіріп сақта.

  2. VideoPad-тта Добавить файл командасы орындап, «Бейне» бумасындағы файлды аш.

  3. Бейнеәсер (Видеоэффект)Көркемдік (Художественный)Мультфильм комдаларын орындап, бейнеклипке мультфильм әсерін бер.

  4. Ауысулар (Переходы) – Сөну (Угасания) – Әлсіреу (Затухания) коман-даларны орындасаң, бейнеклип соңына қарай біртіндеп сөніп аяқталады.

  5. Добавить файл командасы қызметін қолданып табиғат жайлы әуенді өңдеу алаңына қос. Әуенді аудио жолаққа орналастыр. Бейнеклиптің ұзақтығымен әуеннің ұзақтығын тінтуір көмегімен сәйкестендір.

  6. Ойнату (Воспроизведения) батырмасы арқылы бейнеклиптің тамашала.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

--Интернеттен табиғат құблыстардың бірінің бейнеклипін компьютеріңдегі «Бейне» бумасына көшіріп сақтайды.

-VideoPad-та Добавить файл командасы орындап, «Бейне» бумасындағы файлды ашады.

-Бейнеәсер Көркемдік Мультфильм комдаларын орындап, бейнеклипке мультфильм әсерін береді.

-Добавить файл командасы қызметін қолданып табиғат жайлы әуенді өңдеу алаңына қосады.

4-сынып оқулығы

Жұмыс дәптерлері

(Ж) Дәптермен жұмыс.

Жұптасып берілген тапсырманы өз дәптерлеріне орындайды. Жұмысты аяқтап, дәптерлерін бір-бірімен ауыстырып, тексереді.

/Бейнеәсер (Видеоэффект) және Ауысулар (Переходы) жинамасындағы орыс тілінде берілген қол жетімді әсерлерлер мен ауысулардан әрбірінен бесеуден қазақ және ағылшын тілдеріне аударыңдар. Қызметін анықтаңдар. Аудару үшін онлайн аудармашыны немесе сөздік кітаптарды қолдан/.

Дескриптор: Жалпы - 4 балл.

- Бейнеәсер және Ауысулар жинамасындағы орыс тілінде берілген қол жетімді әсерлерлер мен ауысулардан әрбірінен бесеуден қазақ және ағылшын тілдеріне аударады.

- Қызметін анықтайды.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

Үй тапсырмасы:

/Цифрлық құрылғылар көмегімен қыс мезгі-ліндегі үй өсімдіктерінің тіршілігі жайлы 3 минуттық бейнеклип дайында. Мүмкіндікке қарай үй өсімдіктерінің тіршілігін әнгімелейтін автордың сөзін кірістір (өз сөзіңмен әңгімелеген дыбысты бейнеклипті өңде). Бейнеклипті CD дискке жаз/.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!
Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.