Файл: Коучинг жоспары Таырыбы Тиімді діс тсілдер сапалы саба кепілі Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.05.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Коучинг жоспары

Тақырыбы: «Тиімді әдіс – тәсілдер сапалы сабақ кепілі»

Мақсаты: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер туралы түсініктер қалыптастыру, оқыту сапасын жақсарту үшін жаңа әдіс – тәсілдерді тиімді пайдалануға бағыт беру.

Күтілетін нәтиже: Мұғалімдерде оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді өз тәжірибесіне қалай ықпалдастыру керектігін түсінеді; Өз тәжірибелерінде орынды пайдалана алады; Сабақ беру әдісін өзгертеді;

Күні:



Коучтың іс - әрекеті

Қатысушылардың іс - әрекеті

Ресурс

1

Амандасу

Коуч шараға қатысушылармен амандасады

«Оркестр» сергіту ойыны арқылы топқа бөледі (5 мин)




Сергіту барысында топтарға бөлінеді



Музыкалық инструмент- тер суреттерінің қиындысы

2

Тақырыпқа кірісу үшін сұрақтар қояды. Сұрақтарды топта талқылайды, талдайды, қорытынды ой ұсынады.

Күнделікті сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз ба?

Күнделікті сабақтарда жиі қолданатын әдіс-тәсілдеріңіз қандай?

Бір сабақ үстінде қанша әдіс түрлерін пайдаланасыз?

Әдіс-тәсілдерді не үшін өзгерту керек?

Әдіс-тәсілдерді түрлендіру нәтиже береді деп ойлайсыз ба?

Сабақтың сапалы өтуі әдіс-тәсілге тәуелді ме?

(5 мин)



Сұрақтарға жауап береді.

Өз ойларын ортаға салады.




3

«Тиімді әдіс – тәсілдер сапалы сабақ кепілі» слайд көрсетемін 

Әдіс – тәсілдер түрлері жинақталған ресурс таратамын (7 мин)

Слайдтан алған мәліметтері мен өз жұмыстарын саралай отырып ой тұжырымдайды.

Ресурспен танысады



АКТ, таратпа қағаздар, тақта

4

Мұғалімдердің басым бөлігі қолданып жүрген әдіс-тәсілдің ең ұтымдысын алып, сабақтың қай кезеңіне пайдалануға болады және өз тәжірибелеріндегі әдіс-тәсілдермен бөлісіп, постер жасап, қорғайды (20 мин)

Ресурс мазмұны мен өз тәжірибелеріндегі әдіс-тәсіл түрлерін сабақ кезеңдеріне бөледі, қатысушыларға таныстырады

Таратпа қағаздар, флипчарт, маркерлер, стикерлер

5


Топтарға бір-бірін «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» бойынша бағалауды ұсынамын

Сергіту«Шыңғысханның есебі»

Соңындағы күтілетін нәтиже. Әр топтан бір-бір ең тиімді әдіс-тәсіл ұсынылады, сол әдістің сабақтағы тиімділігі айтылады, білім сапасына қалай әсер еткенін көрсетеді,алдағы уақытта өз тәжірибесінде қалай қолданатынын айтып береді

(5 мин)

Топ мүшелері «Екі жұлдыз, бір ұсыныстарын » стикерлерге жазып, жапсырады

Ойынға қатысады, ойларын сергітеді

Стикерлер


Ойынға қажетті әр - түрлі заттар

5

Рефлексия

Коуч кері байланыс жұмысын жүргізеді

Кері байланыс парақтарын таратады(2мин)

Кері байланыс парағын толтырады

Таратпа материалдар,жазу құралдары

6

Қатысушыларға белсенділіктері үшін мадақтап, қорытындылау(1мин)








Соңындағы күтілетін нәтиже. Әр топтан бір-бір ең тиімді әдіс-тәсіл ұсынылады, сол әдістің сабақтағы тиімділігі айтылады, білім сапасына қалай әсер еткенін көрсетеді,қорытынды ой ұсынылады.