Файл: Матаны ай асиеттеріне мытылыы, ыртыстануы, тзімділігі жатады. Мата р трлі асиетте болады. Яни зіні тзімділігі, сапасы, крінісі, ауаны ткізу алпы, алыдыына жне т б.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.10.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сұрақтар

жеңіл

  1. Матаның қай қасиеттеріне мықтылығы, қыртыстануы, төзімділігі жатады. Мата әр түрлі қасиетте болады. Яғни өзінің төзімділігі, сапасы, көрінісі, ауаны өткізу қалпы, қалыңдығына және т.б. қарай геометриялық мата, физикалық мата және химиялық мата болып бөлінеді. Бұл киімнің мата қасиеттеріне қарай түр-түсі маңызды. Мысалы: физикалық-механикалық қасиеттегі матада оның ауа өткізетіндігін, төзімді, ылғал тартқыштығын, беріктілігін, мықтылығы мен тез немесе баяу қыртыстанатынын көрсетеді. Ал химиялық қасиеттегі маталар түсін, жылтырлығын анықтайды. Матаның ұзын немесе қысқа, қалың немесе жұқа екендігін, матаның енін геометриялық қасиетіне жатқызамыз.




  1. Матаның беріктігі неге байланысты. Мата беріктілігі – жүн талшықтарының берік болуына байланысты. Себебі мата жібінің құрамы мен оны өңдеуі сол матаның беріктілін көрсетеді.




  1. Ылғалды-жылумен өңдеген кезде, жуған кезде матаның өлшемі кішіреуінің себебі. Ылғалды жылумен матаны өңдеудің бес түрі бар. Кейде матаның ылғалды үтікпен үтіктегенде немесе өңдеген кезде, жуған кезде мата өзінен өзі кішірейгенін байқаймыз. Оның себебі матаның жібінің ыдырауынан мата отырады яғни көлемін кішіретеді.




  1. Жүн матадан тігілген бұйымдарды қалай үтіктеу керек. Жүн маталарының түрлері кашимир, мауыт, драп, жұқа және қалың шұға және т.б. болып жүн талшығының жуан-жіңішке болуына қарай бөлінеді. Бұндай маталардан тігілген киімдерді үтіктеу кезінде үтікті 40-45 градуста өменгі температура, ылғалды дәкі арқылы ұқыпты үтіктеу керек. Бұндай маталардың жібін табиғи жолмен көбіне қой, ешкі, түйенің жүнін өңдеу арқылы алады.




  1. Жұқа маталарға нешінші номерлі ине пайдаланады. Маталарды тігу кезінде мата тығыздығы мен қалыңдығына қарай инелер таңдалынады. Соның ішінде бәтес, жібек, вискоза сияқты жұқа маталар №70, №80, №75 инелермен тігіледі. Кейде иненің сынып кетуі немесе матаны тартып, жиыруы мата қалыңдығына қарай иненің номерін дұрыс таңдамағаннан болады.




  1. Жүн маталар қандай қасиетке ие. Жүн маталардың жібін табиғи жолмен көбіне қой, ешкі, түйенің жүнін өңдеу арқылы алынады және кашемир, мауыт, драп, жұқа және қалың шұға сияқты мата түрлері болады. Олардың жылу температурасы 40-45 градус. Жүн маталарының қасиеті жүннің қасиетіне байланысты болады. Жүн гигроскопиялық қасиеті жоғары яки суды жақсы сіңіре отырып қышқыл мен күннің сәулесіне төзімді, күйік, құс қауырсыны сияқты иісті, тез үгітілгіш, жылу сақтағыш қасиеті жоғары болып келеді. Жүннің жіңішке болуына байланысты, сапасы жоғарылай береді.





  1. Иненің ұзын науашығы орналастырғанда қайда қарауы тиіс. Машине инесі болат темірден берік болып жасалынады. Инелер ұзын, қысқа, жуан, жіңішке, түзу, иеілген формалы және соған қарай қолбасынын жалпақ жеріне номерленген, қалған жері дөңес болады. Оқтаманың қасында екі науашық (дөңес бетінде – ұзын, жалпақ бетінде – қысқа) орналасады. Олар мата жібінің оған үйленеуінен қорғап, жіп қолбаның дөңес бетінде орналсқан жағындағы науашықтан өткізіледі.




  1. Машина инесінің сынуы қандай жағдайда болуы мүмкін. Тігін машинасының инесі – тігіс тігу қызметін атқаратын машинаның маңызды бөлігінің бірі. Машине инесі болат темірден берік болып жасалынады. Инелер ұзын, қысқа, жуан, жіңішке, түзу, иеілген формалы және соған қарай қолбасынын жалпақ жеріне номерленген, қалған жері дөңес болады. Оқтаманың қасында екі науашық (дөңес бетінде – ұзын, жалпақ бетінде – қысқа) орналасады. Олар мата жібінің оған үйленеуінен қорғап, жіп қолбаның дөңес бетінде орналсқан жағындағы науашықтан өткізіледі. Машина инесінің сынып қалуы, аттап тігіп кетуі, жіптің үзілуі – машина инеісінің тот басуы, дұрыс орналастырмауы немесе номерін дұрыс емес таңдағаннан болады.




  1. Айыра үтіктеу дегеніміз. Үтіктеу арқылы бұйымды жәй ғана үтіптеп қана қоймаймыз, оның бөлшектерін қажетті формаға келтіре отырып үтіктейміз. Үтіктеудің де бірнеше түрлері бар. Әрлеу арқылыүтктеу – бұйымды тігістен бұрын, қыртысын, бүктелген жерін, қатпарлы аймақтарын үтіктеу. Бсып үтіктеу – бұйымның етек, жең, бүктеме, сырылған тігіс аймақтарын тігіс қалыңдығын жұқарту мақсатында қолданатын үтіктеудің бір түрі. Айыра үтіктеу дегеніміз бұйым тігістерінің ортасынан аша отырып, екіге қайырып бастыра үтіктеу. Бұл үтіктеу әдісіне көбіне иық, бүйір тігітері қолданған аймақтарды үтіктеу кезінде қолданады. Жатқыза үтіктеу деп тігістер мен бүкпелерді бір ғана бағытқа жатқызып үтіктеу. Жиып үтіктеу – форманы сәйкестендіре отырып матаны тығыздай үтіктеу. Соза үтіктеу деп бұйым бөлшектеріндегі қиықтарды ұзарта отырып үтіктеу. Ылғалдау – бұйымды үтіктеу кезінде мата жылтырып қалмас үшін дымқыл дәкені қолдана отырып үтіктеу.





  1. Пішу кезіндегі технологиялық операциялардың дұрыс реттілігін көрсетіңіз. Дайын бұйым өнімін алу бірнеше ээтаптан, яғни дайындау өндірісінен бастау алады. Дайындау процессінен кейін пішу өндірісі технологиялық реттілікпен жасалдынады. Тігін өндірісі дайындау учаскесі арқылы бірнеше секцияға бөлеміз: алдыңғы жақты өңдеу, артқы бой мен иінішті өңдеу, жаға өңдеу, жең, манжеталарды өңдеу сикциялары. Одан кейін монтаждау мен әрлеу операцияларды қорытындылап дайын өнім болады.

Пішу өндірісі бұйымның сапалы әрі сұрыпталымдағы пішімді қызмет атқарады. Пішу технологиясында атқаратын жұмыстар: Матаны есептеуге арналған төсемдерге төсеу, лекалоға суретін салу, оны материалға бекіту, қию және төлшектерді пішу, сәкес қойылған бұйымдарды кесе отырып пішу, пішімді тігу.


  1. Адам дене бітімін өлшейтін құрал. См, таспа арқылы оң жағынан тұрып




  1. Қол жұмысын орындағанда ескеретін қауіпсіздік ережесі.

1.Жіптерді қолмен үзбей, қайшымен қию керек.

2.Жұмыс барысында инемен ,түйрегішпен немесе қайшымен саусақты,

қолды немесе көзді жарақаттап алмау үшін сақтану керек.

3. Жұмыс басталғанға дейін не істеу керек?

-инешекте қанша ине бар екендігін санап алу керек;

-құрал-жабдықтарды арнайы орындарына қою керек.

4. Жұмыс барысында не істеу керек?

- мұқият болу;

-саусақты инемен немесе түйрегішпен шаншып алмау үшін оймақ кию керек;

-инені,түйрегішті пайдаланғаннан кейін қайтадан инешекке қадау керек.

-қайшыны ұсынғанда сабымен ұсыну керек.

5. Жұмыс соңында не істеу керек?

-инешектегі инені,түйрегішті санау керек;

-жұмыс үстелін жинастыру керек.


  1. Көктеу деген не? Көктеу – тігілетін маталарды уақытша ұстап, тігуге қолайлы болу үшін пайдаланатын тігіс түрі. Көктеу екі түрлі болады. Біріншісі, инені алшақ шаншып, екі матаны бір-біріне жапсыра тігу. Екіншісі, теріден пішілген киімдерді немесе саба жасағанда жіптің ұшын түйіп, бір өткізіп алған соң қайта түйіп кете беру. Екінші алшақтау жерден, осылай іліп тігу. Бұл көктеу түрі көбінесе  қалың аң терілерінен киім тіккенде қолданылады.




  1. Машина тігістерін ата. Машинадағы біріктіру тігістерін ата Бірнеше тігіс түрлерін жасайтын машина. Машина тігістері қолданылуына байланысты біріктіру, шет және әрлеуші тігіс болып бөлінеді.
    Біріктіру тігісі тігін бұйымының бөлшектерін біріктіру үшін қызмет етеді. Олар: сырып тігу, бастыра тігу, айыра тігу, жапсыра тігу, қосарлы және бүктемелі тігістер. Бұл тігістермен (бүктемелі тігістен басқасымен) таныссыңдар.
    Біріктіру тігістері иық, бүйір қиықтарын, жеңдерді, иініш, қалта, қатпарларды біріктіру кезінде қолданылады. Біріккен тігістерде бұйым бөлшектері тігістің екі жағында жатады. Мысалы, сырып тігілген тігісті жатқыза жөне айыра үтіктеуге болады. Айыра үтіктелген тігіс екі жағынан тігіммен бекітілген болуы мүмкін, яғни айыра тігілген.
    Бүктемелі тігіс ақ жайма, жейде пішімді блузка, ерлер жейдесін тігу кезінде қолданылады.
    Шет тігістері жаға, мойындық, өңір, қолтық ойындысы шеттері сетінеп кетпеуі және әрлеу үшін қолданылады. Шеттік тігістерге: жабық қиықты бүгіп тігу, жөрмеу, шеттіктеу (жиектеу)тігістері жатады.
    Жөрмелген тігіс өңір шеттерін, жаға, қаттама, қалталарды өңдеу кезінде қолданылады. Өңдеу кезінде бөлшек шеттерін біріктіріп жөрмеуден кейін бұйым өңін айналдыру, сонан соң шеттік жасап айналдыра көктеу қажет.
    Ашық қиықты бүгілген тігіс өңірдің ішкі жиегін, мойындық әдібін, қолтық ойындысын, бұйымның етегі мен жеңнің шетін өңдеу кезінде қолданылады. Бұйым етегін және жең қиығын өңдеу кезінде қиықтарды алдын ала арнайы машинада торлайды.
    Жабық қиықты бүгілген тігіс жібек және мақта матадан тігілген көйлек, блузка, ұйықтағанда киетін көйлектің етегін және бұйым жеңінің жиегін өңдеу кезінде қолданылады.
    Шеттіктеу тігісі үш түрге бөлінеді: ашық қиықты, жабық қиықты және ызбамен жиектеу.
    Қиықты қиғаш жиекпен ғана емес, негізгі және әрлеу матасынан көлденең жиекпен, сондай-ақ дайын ызбамен де жиектеуге бол





  1. Матаның өңделу жолын белгіле. Мата неден өңделеді.

Мата -  жіптер жүйесін өзара көлденең - тік айқастырудан туған тоқыма бұйым.

Станоктың алынған, өңделмеген матадан (шуда жіп ) дайын мата алу үшін жүргізілетін физико -  химиялық және механикалық процестердің жиынтығын матаны өңдеу деп атайды.

Матаның өңдедің мақсаты олардың қасиетін жақсарту, адам қызығатындай товарлық түр беру.Өңдеу жүргізгенде мата жасалған талшықтардың химиялық құрамын ескереді. Мысалы өсімдік талшықтарынан жасалған маталарға өңдеу жүргізгенде қышқыл қолдану керек болса ерітінді концнтрациясы мен өңдеу уақытын мұқият қадағалау қажет, себебі матаның мықтылығы кеміп немесе бүлініп кетуі мүмкін.

Өңдеу операцияларының жүйелілігі әр матаға тағайындалған технологиялық желеге байланыты. Өңдеу процесінде кейбір операциялардың қайталануыда мүмкін. Мысалы, кейбір қалың барқыт түкті драп артикулдерін алу үшін түктеу мен қырқу бірнеше рет қайталанылады. Таза аппақ зығыр матасын алу үшін қайнату мен ағарту кезекпен төрт рет қайталанылады.

 Мақта маталарын өңдеу

Өңдеу өндірісіне түскен өңделмеген мақта маталары жарамдылығына қарай бөлініп тазалығына және ақау санына қарай ағартуға бояуға немесе сурет басуға жіберіледі.

Өндірістің жоспарына сәкес және жабдықтардың өнімділігіне қарай бір артикулдегі маталарды бірнеше жүздеген бумамен партияларға топтастырады.

         Іріктелген бума маталарға жуғанға кетпейтін таңба (клеймо) саладыда өңдеудің барлық операциясын өткізу үшін үзіліссіз лента қылып тігеді.

Мақта маталарды өңдеудің негізгі операциялары мыналар: отпен шарпу, шликтовканы кетіру, пісіру, ағарту, мерсерлеу, түктендіру, бояу, баспа сурет салу  және соңғы өңдеу  (аппреттеу, керу, каландрлеу).

Зығыр маталарды өңдеу

Зығыр маталарды өңдеу операцияларын жүргізу жүйесі және олардың мағынасы мақта маталардікіндей. Бірақ зығыр маталарды өңдеудің өзіндік ерекшелікткрі бар. Мысалы, мақта матаға қарағанада зығыр матаның табиғи бояуы көрнекілеу, қоспалары басымдау болғындықтан оларды қайнатып пісіру, ағарту бірнеше – рет қайталануы мүмкін.

Зығыр маталарды өңдеудің негізгі операциялыры: кузеу және отпен шарпу, шлихтовкасын кетіру, қайнату, ағарту, бояу немесе сурет басу, аппреттеу, кету, жылтырату.

Жүн маталарды өңдеу

Жүн маталары тарақтық (мауыты) және шұғалық болып бөлінеді. Тарақтық маталар жұқа, жеңіл тоқылған өрнегі бетінде анық көрініп тұрады. Шұғалық маталар тарақтық матаға қарағанда ауыр әрі қалаң. Шұғалық матаның бетінде киіз тектес қабаты, түгі немесе ерекше мамығы болады. Тарақтық және шұғалық маталырдың өңдеудің өз ерекшеліктері бар. Кейбір операциялар екуінеде ортақ болады. 


Жүн матаның тобын (партиясын) өңделгенге дейінгі сапасына және өндіріс жоспарына қарай таңдап алады. Жеңіл көйлектік және кастюмдік маталарды 10 – 12 бөлектен біріктіріп тігеді.



  1. Негізгі жіп қалай орналасады. Матаның ұзын бойымен орналасқан жіпті негізгі, ал көлденең жіпті арқау деп атаймыз. Мата негізіг және арқау жіпті өре тоқу арқылы жасалынады. Дайын болған жіп тоқыма фабрикасына түсіп, одан тоқу станоктары мата шығарады.Матаның ұзына бойымен орналасқан жіпті негізгі жіп, ал көлденеңінен жатқан жіпті арқау жіп деп атайды. Мата негізгі және арқау жіптерін өріп тоқу арқылы жасалады. Матаның екі жағындағы тарқатылмайтын шеттерін матаның жиегі деп атайды. Матаны алу процесін тоқу деп атайды. Мата жіптері әр түрлі тәсілдермен тоқылады, матаның сыртқы түрі мен сапасы өру түріне байланысты болады.Матадан жіптің әр түрлі айқасу жолдарын байқауға болады. Раппорт деп матаның ұзындық бойында да,енінде де суреттің қайталануын құрайтын жіптер санын атайды        

  

  1. Матаның жиегі дегеніміз не? Матаның екі жағындағы тарқатылмайтын шеттерін матаның жиегі деп атайды




  1. Іс машинаға отырмас бұрын нені білу керек. 1.Тігін машинасына отырмас бұрын, бұйымда түйрегіш немесе иненің бар-жоғына көз жеткізу.

2.Жұмыс барысында машинадан, әсіресе инеден көз тайдырмау, басқа нәрсеге алаңдамау.

3.Шашты көрсетпей,орамал тарту немесе кедергі келтірмейтіндей етіп жинап қою.

4.Ине, шөлмек немесе машинаның қандай да бірбөлігін ауыстырғанда, машинаны тоқтан ажырату(егер машина аяқжетектегі болса,басқыш табанынан аяқты алу)

5.Барлық керекті құрал-жабдықтарды, құрылғыларды арнайы жәшікке жинау.

6.Жұмыс барысында қайшыны немесе жіпті машина платформасына қоюға болмайды.

7.Машина жұмыс істеп тұрғанда майлауға немесе тазалауға рұқсат етілмейді.


  1. Қол жұмыстарында қолданатын терминологиялар? Қол жұмыстарына қол тігістер (жіп, ине, қойшы, оймақ) әдептеу, сырып тігу Қайшы - киім пішуге, бөліктерді қиюға, жіпті кесуге арналған құрал. Ол: үлкен, орташа, кіші қайшы, мата шетін өрнектеп кесетін қайшы, жіп қиятын, ұшы имек келген, торлау жұмысына пайдаланатын қайшылар болып бөлінеді.