Файл: Руханият дебитанымды клубы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.10.2024

Просмотров: 2

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Руханият» әдеби-танымдық клубы

Біз аз едік, әдебиет біріктірді: көп болсақ дедік!

Әдебиеттен жалынды отты алсақ дедік!

Біз «кедей» едік, әдебиет-кеніш, жоқты алсақ дедік!

Иә, біз бәрін алғымыз келді, бәрін сосын бөліскіміз келді. Ол үшін таудай қылып арман үйіп қойдық. Ой қостық. Ниет байладық. Мақсат түздік. Нәтижесі мінекейіңіз...

Мектебімізде оқу тәрбие жұмыстарына негізделген 6 бағыттың бірі «Руханият» әдеби-танымдық клубы. 5-11 сынып оқушылары клубқа мүше бола отырып, 5-сынып «Ыбырайтану», 6-сынып «Абайтану», 7-сынып «Шоқантану», 8-сынып «Ахметтану», 9-сынып «Міржақыптану», 10-сынып «Мағжантану», 11-сынып «Жүсіпбектану» танымдық сабақтарынан үйірме сабақтарында, тәрбие сағаттарында қосымша дәріс алады. Осы жүйе бойынша сыныптар ұлт зиялылары туралы ақпарат алып отырады. Нәтижесінде тұлғалардың өмірі мен қызметін, олардың рухани мұраларын және қоғам дамуындағы рөлін зерттеп, әдебиет әлемінің өрісін кеңейтіп, сөз құдіретін түсінетін жастардың қатарын көбейтеміз.