ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.10.2024
Просмотров: 36
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚМЖ №87
Бөлім | | ||||
Педагогтың аты-жөні | | ||||
Күні | | ||||
Сынып | Қатысушылар саны | Қатыспағандар саны | |||
Сабақтың тақырыбы | Тактикалық іс әрекеттердің негіздері. | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.1.5.1 - бірқатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын түсіну және қолдана білу | ||||
Сабақтың мақсаты | Жүгіру элементтері бар эстафета ойындарын оқушыларға орындату. Жүгіру кезінде қосымша жаттығулар орындауға үйрету. Ойындар арқылы күш, иілгіштік, секіргіштік, тез аңғару және шапшаңдық сияқты дене қасиеттерін дамыту | ||||
Бағалау критерииі |
| ||||
Сабақтың кезеңі/ уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Басы | Оқушыларды қатарға тұрғызу сәлемдесу, рапорт қабылдау, сабақ мақсаттарымен таныстыру. Бір орында оңға,солға, кері бұрылу алаң шетімен қолды жоғары көтеріп, аяқ ұшымен және қолды белге қойып өкшемен жүру, жүруден жүгіріске өтіп алаң шетімен жүгіру. Жүгіруден жүріске өтіп, жалпы дамыту жаттығуларын жасау,дене қыздыру жаттығулары. Орнында жасалатын жаттығулар:1. Б. Қ екі қол белде.1 - 4 басты оңға айналдыру. 1 - 4 басты солға айналдыру. 2. Б. Қ екі қол иық үстінде, аяқ иық кеңдігінде алшақ.1 - 2 иықты алға айналдыру.3 - 4 артқа айналдыру. 3. Б. Қ. екі қол кеуде тұсында. 1 - артқа керілу. 2 - оңға бұрыла шынтақты жазу. 3 - б. қ. 4 - солға бұрыла шынтақты жазу. 4. Б. Қ. сол қол белде, оң қол жоғары. 1 - 3 солға иілу. 3 - 4 оңға иілу. 5. Б. Қ. аяқ иық кеңдігінде алшақ. 1 - оң қолдың ұшын сол аяққа. 2 - сол қолдың ұшын оң аяққа тигіземіз. 6. Б. Қ. екі қол тізеде. 1 - 2 тізені оңға айналдыру.3 - 4 солға айналдыру. Тынықтыру жаттығулары: Негізгі бөлім кішігірім активити оынын ойнату. Жыланның құйрығын ұстау ойыны. Ойын ұзактығы 3-5 мин аралығында ойнатылады, оқушылар колонаға тұрады,окушылар екі колмен алдында тұрған окушынын ыйығынан немесе белінен екі қолмен ұстап тұрады. бір оқушы калонаға карап тұрады ол окушынын максаты колонанын сонғы жағында турған оқушының ыйығына қолын тйгізу ,ал колонадағы окушылар бірлесіп бірге қозғала отырып колонаның артқы жаңына өткізбеу.(колона арасы үзілмеу керек ) Калона сөзін қазақшаға аударып жазу керек | Оқушы өз жұбын табады Әдіс арқылы қайталау Сұрақ жауап орындайды | Қол шапалақ | Үлкен, таза кеңістік.сқырық, конустар.секундомер | |
Ортасы | «Баскетбол ойынының «Оң және сол қолмен допты ауыстыра алып жүру», «2-3м қашықтықтан торға доп тастау». Пәнаралықбайланыс:Геометрия және физика , география пәндері «Миға шабуыл» стратегиясы:Оқушыларға сұрақтар қойылады.1.Әр түрлі спорттық ойындар доптарының арасынан баскетбол добын таңдау 2.Баскетбол добының геометриялық пішінін сипаттау 3.Доптың ұшу траекториясын физикалық тұрғыдан сипаттау. Баскетбол ойынының қысқаша шығу тарихымен таныстырып, баскетбол добының геметриялық пішінін сипаттау және физикалық тұрғыдан допты лақтыру траекториясын көрсету, ойын ережесін түсіндіру. Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Ойын элементтерін үйрету және командалық ойын барысындағы ойыншылардың тактикалық тұрғыдан алғандағы алаңда орналасу тәртібін меңгерту Оқушылар екі сапқа сапталады: Допты бұрыштан бұрыштарға жерге соғып жүргізеді: • Оқушылар допты жерге соғып, кедергілерден жылан тәріздес жүгіріп келу. Ереже: Допты бір (оң әлде сол)қолмен алып жүреді. Буынынан ашылған саусақтар арқылы допты төмен итеріп алып жүреді, итеріс күші шынтақтың бүгіліп жазылуына байланысты болады. Допты алып жүруде ойыншы аяғын сәл бүгіп қозғалады. 2-3метрден торға доп тастау: • Оқушылар үш секундтық аймақ ішінен допты баскетбол себетіне лақтыру. Ереже:баскетбол добын кеудеден екі қолмен немесе секіріп баскетбол себетіне допты лақтырулары керек. Жеңілдетілген ереже бойынша баскетбол ойынына екі команда (5х5) қатысады. Әр команда қарсыласының торына көбірек доп түсіруге ұмтылады 10-12мин 5 мин 2тайм 5мин Тыныштық сақтау. Оқушылар екі қатарға дұрыс сапталуын қадағалау. Оқушылар кедергілердін арасынан допты бір қолмен жерге cоғып жүгіріп өтуін қадағалау. Айып алаңынын сызығын баспай себетке лақтыруын қадағалау Оқушылар екі командаға дұрыс бөліну қадағалау. Оқушыларды бір қатарлы сапқа тұрғызамыз. Үш топқа бөлеміз. Үш топты сапқа түрғызамыз. Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстыру. Ойынның шартымен таныстыру: Қайталап жүгіру (3х10 м.) «Допты бер де отыр» ойыны. Белгіленген сызықтан аспай допты көтеріп беру, кеудеден немесе бастан асыра лақтыру. Допты тосып лақтырып отыра қалу, келесі бала тосып алып, допты қайта лақтыруға дағдыланады. Негізгі тұрыста оң қолмен допты жүргізу, қайтарға сол қолмен жүргізу. Доты аяқ арасына қысып, кедергілер арасынан алып жүру. Шығыршықпен секіріп жүгіру. Баскетбол добын кедергілер арасымен қолмен жерге ұру арқылы барып, қайтарда футбол добын аяқпен кедергілердің арасымен алып қайту. | Оқушылар денені қыздыру жаттығуларының жан-жақты түрлерін құрастырып, көрсету керек. Орындап болғаннан соң оқушы өзінің әрекетін талқылап, өзін-өзі бағалау | Смаликтер арқылы ҚБ өзін өзі бағалау ҚБ «Бәрекелді,әттеген-ай» Бағалау парақшасын толтырады. ҚБ Бағдаршам | Үлкен, таза кеңістік.сқырық, конустар.секундомер | |
Сабақтыңсоңы | Сабақты қортындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгенін, қалай жұмыс істегенін ,не қызықты әрі жеңіл болғанын, не киындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады. | Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. | | Рефлексия парағы |
Бөлім | | ||||
Педагогтың аты-жөні | | ||||
Күні | | ||||
Сынып | Қатысушылар саны | Қатыспағандар саны | |||
Сабақтың тақырыбы | Өз ойындарын қайта қарау және көрсету. | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.8.1 - түрлі қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді сезініп, олардың айырмашылықтарын түсіндіре білу | ||||
Сабақтың мақсаты | - әр түрлі физикалық жаттығуларда қозғалыстардың комбинацияларын құруды және қолдануды біледі; - әр түрлі физикалық жаттығуларда қозғалыс комбинациялар реттілігін құрастыра біледі. | ||||
Бағалау критерииі | - қозғалыс комбинацияларын құрып қолдана алады; - жылдамдық пен үйлесімдіктің арнайы жаттығулар кешенін құрастырып көрсете алады; - ойын кеңістігінде бағдар жасай алады. | ||||
Сабақтың кезеңі/ уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Басы | Мұғалім оқушылармен амандасады. Содан кейін ол оқушыларға келесі сұрақтарды талқылауды ұсынады: - басқыншылық ойындарда ойын кеңістігінде қандай бағдарлау дағдылары қажет? - жылдамдық пен үйлестіруді қалай дамытуға болады? Мұғалім оқушылармен бірлесіп сабақ тақырыбын шығарады («Ойын кеңістікте түсінік және бағдарлау дағдыларын оқыту.»). Мұғалім оқу мақсаттары мен жетістік критерийлерін оқушылардың өздері құрып, дайын нұсқамен салыстыруларын ұсынады. Осыдан сабақтың жетістік критерийлері шығарылады. Жетістік критерийлері мен оқу мақсаттары құрылып болған соң, мұғалім оқушыларды 3 баладан топтарға бөледі. Ноутбуктерді таратып, қажетті сілтемені ашуды ұсынады. Оқушылар сілтемені ашып ішіндегі ақпаратпен танысады. Мұғалім сыныпты 4 топқа бөледі де әр топқа тапсырмасы бар карточкаларды таратып береді. Оқушылар тапсырманы орындай бастайды. Бормен еденде 10 төртбұрыштардан тұратын сатыны салады. Әуенге сәйкес олар кезекпен сатының басынан видеодан көрген арнайы жаттығуларды орындай бастайды. Әр жаттығуды 5 реттен қайталайды. Жаттығуларды орындаған соң сұрақтар қойып, талқылау өткізіп, денсаулық және физикалық жай-күй не екенін түсінуіне ықпал етіңіздер. Тапсырманың дескриптерлері: - жылдамдық пен үйлесімдіктің арнайы жаттығулар кешенін құрастырып көрсете алады; - жаттығуларды орындаған кезде аралық пен ара қашықтықты сақтайды; - жаттығуларды орындаған кезде бірде бір төртбұрышты өткізбейді; - жаттығуларды қатесіз орындайды. | Оқушы өз жұбын табады Әдіс арқылы қайталау Сұрақ жауап орындайды | Қол шапалақ | Жаттығулар көрсетілімі материалдар | |
Ортасы | Жаңа сабақты түсіндіру. Саптық жаттығулар, оңға, солға, артқа бұрылу. Қозғалмалы бой жазу жаттығулары -Қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүру. -Екі қол белде өкшемен жүру. -Екі қол белде аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру. -Бір қалыпты жеңіл жүгіру. -Тіркеме адыммен оң және сол бүйірмен жүгіру. -Алға қарай созылған қол алақанына екі тізені тигізе жүгіру. -Өкшені артқа көтеріп, екі алақанға тигізе жүгіру. -Екі қол тізеде толық отырып жүгіру. -Отырып секіре жүру. -Дем алу, дем шығару. Жаңа тақырыпқа арналған таныстырылым тамашалау Шығармашылық тапсырмаТапсырманың дескриптерлері: - жылдамдық пен үйлесімдіктің арнайы жаттығулар кешенін құрастырып көрсете алады; - жаттығуларды орындаған кезде аралық пен ара қашықтықты сақтайды; - жаттығуларды орындаған кезде бірде бір төртбұрышты өткізбейді; - жаттығуларды қатесіз орындайды. Формативтік бағалау: Мұғалім «бағдаршам» әдісін қолданады (әр түсті дөңгелек карточкалары): жасыл – тамаша, сары – жақсы, қызыл – қанағаттанарлық. Сұраңыз: Бұл жаттығулар қандай физикалық қасиеттерді дамытады? Қарғалар және торғайлар» ойыны. Сынып екі командаға бөлінеді, бірі - "қарғалар", екіншісі - "торғайлар". Командалар волейбол алаңының ортаңғы сызығына арқаларымен бір-біріне тақалып жұптар құрады. Мұғалім бір команданың атауын атайды, мысалы "қарғалар!". Осы белгі бойынша "қарғалар" өз жағының волейбол алаңының бет сызығына карай жүгіреді, ал "торғайлар" бұрыла отырып оларды ұстап алуға тырысады. Ұсталған "қарғалар" қолдарын көтереді. Мұғалім ұсталған "қарғаларды" санап алып жазып қояды. Мұғалім 8-10 рет кезекпен командалардың атауларын атайды. Ойын барысында мұғалім команда атауларын кезек бойынша емес, 2 немесе 3 рет қатарынан бірдей атай алады. Сондықтан ойын алдында мүмкіндігінше оқушыларға ескерту жасау керек. Ойын ережесі: - қуушылар тек өз жұптасын ұстайды; - ең көп қарсыластарын ұстаған команда жеңіске жетеді. Тапсырманың дескриптерлері: - қауіпсіздік техникасын сақтайды; - ойын кеңістігінде бағдар жасай алады; - мұғалімнің командаларын мұқият тыңдайды; - қуушылар тек қана өз жұптастарын ұстайды. Формативтік бағалау: Мұғалім оқушыларға бін бірі бағалау әдісін қолдануға ұсынады («бас бармақ» әдісі): бас бармақ жоғары – тамаша, бас бармақ – көлденең – жақсы, бас бармақ төмен – қанағаттанарлық. Сұраңыз: Бұл ойын қандай физикалық қасиеттерді дамытады? Үй жұмысы: Ғаламтор арқылы үйлесімдікті дамытатын арнайы жаттығулардың жиынтықтарын көріп талқылау. Үйлесімдікті дамытатын арнайы жаттығулардың кешенін құрастыру. | қозғалыс комбинацияларын құрып қолдана алады; жылдамдық пен үйлесімдіктің арнайы жаттығулар кешенін құрастырып көрсете алады;ойын кеңістігінде бағдар жасай алады. | Смаликтер арқылы ҚБ өзін өзі бағалау ҚБ «От шашу» | Ноутбуктер. Ресурсқа сілтеме: лестница скорости и координации https://www.youtube.com/watch?v=BhrjqvFPNzs Файл: №1 карточка «жылдамдық және үйлесімдік сатысындағы арнайы жаттығулардың кешені. docx» | |
Сабақтыңсоңы | Кері байланыс «Ойлаудың бес гүлі» Мен білдім .................... Мен үйрендім ............... Маған ұнады ................. Маған .......... қиын болды Менің көңіл-күйім .......... «Алма ағашы» әдісі. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл-күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, менің көңіл-күйім жоқ. | Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. | | Рефлексия парағы |
Бөлім | | ||||
Педагогтың аты-жөні | | ||||
Күні | | ||||
Сынып | Қатысушылар саны | Қатыспағандар саны | |||
Сабақтың тақырыбы | Өз ойындарын қайта қарау және көрсету. | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.8.1 - түрлі қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді сезініп, олардың айырмашылықтарын түсіндіре білу | ||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылардың барлығы жаттығуларды жылдамдыққа орындай алады. Оқушылардың көбісі ұсынылған жаттығуларды сауатты орындау жолдарын көрсете алады. Оқушылардың кейбіреуі топтық жұмысты ұйымдастыру кезінде көшбасшылық қасиеттерін көрсете алады. | ||||
Бағалау критерииі | Дене шынықтыру сабағындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды біліп, оны қолдана алуы. Ұйымдастырушылық қасиетін көрсетуі. Өз іс-әрекетін талдап, бағалай алуы. | ||||
Сабақтың кезеңі/ уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Басы | Сыныптың жиыны. Сәлемдесу, бағалау критерийлерді және оқу мақсатын хабарлау. Кроссфит тәртібінде денені қыздыру. 5 рет отырып, тұру., 30 метрге жеңіл жүгіру., 5 рет кеудені жерден көтеру, қолды бүгіп жазу., қайталап жүгіру., 5 рет отырып, тұру., 30 метрге жеңіл жүгіру., 5 рет отырып, секіру., қайталап жүгіру. Жұмыс уақыты 5 минут. Жүру, денені қалыпқа келтіру. Мұғалім сыныпты 1-3-ші деп топқа бөлу. ЖДЖ орындамас бұрын, мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: статика дегеніміз не?, динамика дегеніміз не?. Оқушылар топта динамикалық және статикалық дене дайындығының жаттығулар жиынтығын құрастырып, орындайды. Мұғалім оқушыларды қадағалап, бағалап тұрады. | Оқушы өз жұбын табады Әдіс арқылы қайталау Сұрақ жауап орындайды | Қол шапалақ | бейнематериалы https://www.youtube.com/watch?v=td98ss3MwuE | |
Ортасы | (Оқушылардың жылдамдық сапасын жетілдіру барысында «Салка құтқарушы» ойыны беріледі. Оқушылар алаңға шашылып, араларынан бір салканы таңдайды. Мұғалімнің дыбысы бойынша оқушылар салкадан алаңда қашады. Ал салка оқушыларды жүгіре қуып оларға қолын тигізу, қай оқушыға салканың қолы тиді сол оқушы қол жанында қатып қалады. Қалған жүгіріп жүрген оқушылар қатып қалған оқушыларды қолын тигізе құтқару керек. Ойын ойнатылып болғаннан соң қайтадан басқа салканы таңдай отырып, ойнатылады. Келесі тапсырманы орындамас бұрын мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: виражбен жүгіру мен тікелей жүгірудің айырмашылығы? Оқушылар егерде жауап беруге қиналса, онда жауабын ғаламтордан іздеуге болады, бұны оқушылар топтық жұмыс кезінде қарастырады. Вираж бойымен жүгіру. Әр топ өз жолында жұмыс жасайды. Барлық оқушылар бірнеше рет жүгіріп шығады. Талқылау кезінде топтан бір қыз және бір ұл таңдалынады. Олар қалай дұрыс жүгіру керек екенін айтып түсіндіреді. Соңында «бағдаршаммен» бағалау әдісі жүреді. Дескрипторлар: қауіпсіздік ережелерді сақтау, көшбасшылық қасиеттерін көрсете алу, талдап және бағалау. | Жүгіру барасында арнайы ережелерді сақтайды Қашықққа топпен жүгіреді | Смаликтер арқылы ҚБ өзін өзі бағалау ҚБ «От шашу» | Жаттығулар көрсетілімі материалдар Мектеп алаңы, ысқырық, уақыт өлшегіш және конуста | |
Сабақтыңсоңы | Аралдар әдісі» оқушылардың көңіл-күй, эмоция-сезімдік жай күйін көрсетеді. Өз қайығын аралдарға апарып салады. «Білім теңізіне қайықты жіберіңіз» әдісі Тақырыпты жақсы меңгердім деп есептеген балалар өз қайығын «Білім» теңізіне жібереді, ал өзіне сенімсіз балалар «Жағалауда» қалады. | Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. | | Рефлексия парағы |
Бөлім | | ||||
Педагогтың аты-жөні | | ||||
Күні | | ||||
Сынып | Қатысушылар саны | Қатыспағандар саны | |||
Сабақтың тақырыбы | Ағзаның бейімділік қабілеттерін дамыту | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.3.4.1 - денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіне білу | ||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы жаттығуларды құрастыра алады. Оқушылардың көбісі спикер ролінде бола алады. Оқушылардың кейбіреуі ұсынылған жаттығуларға дене дайындығының жоғарғы деңгейін көрсете алады. | ||||
Бағалау критерийі | Күшті, секіргіштікті, жылдамдықты дамытуға арналған жаттығуларды білуі және оны қолдануы. Түрлі бұлшық ет топтарына арналған дене дайындық жаттығуларының бағыттарын түсінуі. Жаттығуларды іс-тәжірибелік әрекеттерде қолдануы. | ||||
Сабақтың кезеңі/ уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Басы | Сыныптың жиыны. Сәлемдесу, бағалау критерийлерді және оқу мақсатын хабарлау. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: Қандай бұлшық ет топтары сіздерге белгілі? Спринтерлік және стайерлік жүгіріс кезінде қандай дене сапалары жұмыс жасайды? Жүру: жай жүру, аяқтың ұшымен, өкшемен, жартылай отырып, толық отырып, жай жүру. Жүгіру: бір қатармен, соңғы оқушы жылан тәріздес алдындағы оқушыларды айналып алдыға өтеді. ЖДЖ жұпта орындау. 1-2-ге саналып жұпқа бөлу. АЖЖ жылдамдыққа орындайды. | Оқушыларшаттықшеңберінқұрады.Мұғалімніңқойған сұрағынажауапбереді.Бір-бірінеәдемісөздерайтады. Біз тату-тәттіміз. Бізбақыттымыз! Әркүнімізқуанышқа толы. | «Алдығы оқуда» күлегештер арқылы бағалаймын. | Суреттер, қима сөздер | |
Ортасы | Мұғалім сыныпты 3 топқа бөледі. Мұғалім әр топқа тапсырмалар береді: күшке, секіргіштікке, жыдамдыққа арналған жаттығулар құрастыру. Дескрипторлар: саралаудың қолжетімділігі. Жаттығуларды құрастырып болғаннан соң оқушылар ғаламтордан сол жаттығуларға ұқсас нұсқасын тауып, өз жаттығуларымен салыстырып, басқа топтармен талқылап, біреуін таңдап іс-тәжірибеде көрсетеді. Мұғалім тарапынан басқа топтардың әділ бағалауын қадағалау. Төзімділікті дамыту. 5 минут бойы оқушылар бір қалыпта жүгіреді. Мұғалім оқушылардың қарқынын қадағалап тұру. Дескрипторлар: дұрыс қалыпты таңдау және жүгірген кезде дұрыс демалуы. | Оқушылар екі қатарға бөліп қарама-қарсы тұрғызып жұппен жаттығу жасау. Жүгіру барасында арнайы ережелерді сақтайды Қашықққа топпен жүгіреді | Смаликтер арқылы ҚБ өзін өзі бағалау ҚБ «Бәрекелді,әттеген-ай» | Үлкен, таза кеңістік.сқырық, конустар.секундомер | |
Сабақтыңсоңы | Кері байланыс 1.Сіз үшін жаңа ақпарат... 2.Не қиын болды? 3.Не оңай болды? 4.Нені ескеруім керек? «Менің ең жақсы көретін сәнді киімім» тақырыбында диалог құрастыру. Дыбыс үндестігіне талдау | Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. | | Рефлексия парағы |
Бөлім | | ||||
Педагогтың аты-жөні | | ||||
Күні | | ||||
Сынып | Қатысушылар саны | Қатыспағандар саны | |||
Сабақтың тақырыбы | Ағзаның бейімділік қабілеттерін дамыту | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.5.1 - өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсіну және қолдана білу, оны шешудің балама жолдарын ұсыну | ||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар орындай алады: Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсіну және қолдана білу, оны шешудің балама жолдарын ұсынуға үйрету. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінуге және түсіндіре білуге үйрету. Кейбір оқушылар орындай алады: Білімін жинақтайды, рефлекция жасайды. Біздің айналамыздағы ақпараттың берілуі мен ақпарат алмасу түрлерін талдайды. | ||||
Бағалау критерииі | Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін түсінеді және қолданады, оны шешудің балама жолдарын ұсына алады. | ||||
Сабақтың кезеңі/ уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Басы | Дайындық бөлімі Сапқа тұру түзел тік тұр сәлемдесу, оқушыларды түгендеу,саптық жаттығулар оңға, солға бұрыл кері айнал . Жалпы дамыту жаттығулары: спорт залды айланып жайлап жүру, жүгіру,тізені биік көтеріп жүгіру, оңға және солға қарай тіркеме адыммен жүгіру, артпен жүгіру, алмен жүгіру.қаз жүріс терең жүріп демалу. Сапқа тұру. қатармен саналу 1-2-3ке санал Бір орыннан және қозғалып жасалатын жаттығулар: 1. Б.қ.аяғымыз иық көлемінде қалымыз белде басымызды айналдырамыз 2. Б.қ. екі қолды алға және артқа айналдыру. 3. Б.қ оң қол жоғарыда сол қол төменде қолымызды алмастырамыз 4. Б.қ. екі қолды алға ұстап, оң аяқты сол қолға, сол аяқты оң қолға қарама-қайшы көтеру. 5. Б.қ. екі аяқты иық тұсында ұстап, алға иіліп тұру. 6. Б.қ. екі аяқты алшақ ұстап, бір орыннан отырып тұру. 7. Б.қ.1 қолымыз жоғалыда созыламыз 2 тіземізді бүкпейміз қолымызды аяқтың ұшына тейгіземіз 3 отырамыз 4 тұрамыз 8. Б.қ қолымыз белде белді оңға 2 рет солға екі рет қозғалтамыз . 9. Б.қ 1оң аяқтың ұшына қолымызды тейгіземіз 2 жерге тейгіземіз 3 сал аяққа қолымызды тейгіземіз 4 бастапқы қалып 12мин 7-реттен 7-реттен | Оқушы өз жұбын табады Әдіс арқылы қайталау Сұрақ жауап орындайды | Қол шапалақ | Мектеп алаңы, ысқырық, ноутбук, уақыт өлшегіш және конустар. | |
Ортасы | Білім алушылар жеңіл атлетикамен айналысу кезінде қауіпсіздік ережесі бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Осыдан кейін жүгіру жаттығуларын орындап, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне арналған ЖДДЖ орындайды. Сынып оқушылары екі командаға бөлінеді. Командалар А және В сөре сызықтарының сыртына тізбекке тұрады. А және В сөре сызықтары, С-мәре сызығынан 10 м қашықтықта орналасады. Белгі бойынша командалардың бірінші номерлері бір уақытта сөреден шығып, С мәре сызығына жүгіреді. Бірінші болып келген жүгіруші, командасына 1 ұпай әкеледі. Оқушылармен оқу тапсырмасын орындап болғаннан кейін, топтарда түрлі дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен эенергетикалық жүйемен байланысы талданады. Осы тапсырманың дескрипторлары:
Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Берілген тапсырма кезінде жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар? (Т, Ж, ҚБ) Тапсырманы орындар алдында бір келкі жылдамдық сақталу қажет екендігі және дұрыс тыныс алуға аса назар аударылу қажет екендігі айтылады. С ынып үш топқа бөлінеді. Топтар сөре сызығына бір ойыншыдан ораналасып, тізбектер құрады. Алаңның бұрыштарына төрт бұрышына жалауша, ал ортасында үлкен жалау қойылады. Әр топтап сөре сызығына бір оқушы шығады. Белгі бойынша жүгірушілер төрт туды жүгіріп өтіп, ортадағы жалауға қарай бағыт алады. Ортаға жеткенде жүгірушілер үлкен жалауға эстафеталық таяқшаларын тигізеді. Одан кейін ойыншылар өз топтарына қарай жүгіріп, эстафеталық таяқшаларын бастапқы позицияда тұрған екінші нөмірлі оқушыға тапсырады. Осы тапсырманың дескрипторлары:
Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Жеңіл атлетикамен айналысқан кезде жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Тапсырманы орындау кезінде дұрыс тыныс алу қаншалықты маңызды? Не себептен бірқалыпты жылдамдық ұсталынуы қажет? Қысқа қашықтықтарға жүгіру мен алыс қашықтықтарға жүгірудің айырмашылығы қандай? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз? | Жаттығуларды құрастырып болғаннан соң оқушылар ғаламтордан сол жаттығуларға ұқсас нұсқасын тауып, өз жаттығуларымен салыстырып, басқа топтармен талқылап, біреуін таңдап іс-тәжірибеде көрсетеді | Смаликтер арқылы ҚБ өзін өзі бағалау ҚБ «Бағдаршам» ҚБ «От шашу» | Мектеп алаңы, ысқырық, ноутбук, уақыт өлшегіш және конустар. | |
Сабақтыңсоңы | Кері байланыс 1.Сіз үшін жаңа ақпарат... 2.Не қиын болды? 3.Не оңай болды? 4.Нені ескеруім керек? | Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. | | Рефлексия парағы |