Файл: Тілге рмет елге рмет Сабаты таырыбы Тілге рмет елге рмет. Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.10.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тілге құрмет –елге құрмет

Сабақтың тақырыбы: Тілге құрмет – елге құрмет.
Мақсаты: Ана тілі туралы кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін қастерлеуге, Отанды сүюге, ата - баба дәстүріне, адалдыққа тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, әңгімелеу, ситуациялық сұраұтар, сайысу, ізденіс.
Көрнекіліктер: бүктемелер, қанатты сөздер,презентация
Барысы: 1. Ұйымдастыру
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Құрметті қонақтар, оқушылар. Мектебімізде тіл мерекесі қарсаңында 10 - күндік өтуде. Осы біздің шарамыз 22 - қыркүйек күнгі Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне қосатын кішкене ғана үлесіміз. Біз ана тілімізге деген сезімімізді тапқырлық өнеріміз арқылы білдіретіндігімізді қуанышпен айтамыз.
Қазақ тілі талай тарихи сыннан сүрінбей өтті. Дүние жүзіндегі ең бай, бейнелі, таза, өткір, терең, күшті кең тіл ретінде талайды тамсандырады.
Сүйемін туған тілді анам тілін,
Бесікте жатұанымда - ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін - деп ақын Сұлтанмахмұт жырлағандай, сол ана тілімізге деген қошеметімізді сайыс арқылы көрсетелік.

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз кәміл мықты.
Қазылар алқасымен таныстыру
Сайысқа қатысушыларды ортаға шақыру:
Әрқашанда білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген.

Сәлем бердік ұландарға талапкер,
Дос көңілден, адал аппақ ниетпен.

Түсеміз біз білімнің жарысына,
Жеңсеңдер қол соғамыз табысына.
Талапкердің талабы таудай болар,
Аямас тиіп кетсең намысына.
Ойынымызға қатысатын екі топты ортаға шақырамыз 1 - ші топ «Береке», 2 - ші топ «Ынтымақ». Әр оқушыны жеке - жеке таныстырып шығу
1 - ші айналым. «Кім жылдам?»
22 - сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10ұпай беріледі, қай топтың оқушысы бірінші боп қол көтерсе, сол жауап береді.
Сұрақтар:
1. Қазақстанның тұңғыш Президенті кім?Н. Назарбаев
2. Бес нәрсеге асық бол,
Бес нәрседен қашық бол,
Адам болам десеңіз... өлең жолдарының авторы кім? Абай
3. Қазақта тұңғыш шешен кім?Жиренше
4. Тіл мерекесі қай күні? 22 қыркүйек
5. Екі кісінің сөйлесуі диалог
6. Бұзылмай сақталатын ұлттық тағам құрт
7. Үш арыс Сікен, Ілияс, Бейімбет
8. Алтын адам табылған жер Есік обасы, Алматы обл.
9. Жас кезінде балаға аталатын мал атауы бәсіре

10. Қазақтың бес қаруын ата садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта
11. Туыстық атауларды ата анаңның туыстары - нағашы, ағаның әйелі - жеңге, әпкенің күйеуі - жезде, шешенің әпкесінің балалары - бөле.
13. Халық ауыз әдебиетінің түрлерін ата ертегі, мақал - мәтел, аңыз әңгімелер, батырлар жыры, айтыс, т. б
14. Үш би Төле би, Әйтеке би, Қазбек би
15. Әдебиет нешеге бөлінеді? Ауыз әдебиеті же жазба әдебиеті
16. Бөбек қорының президенті С. Назарбаева
17. Бір жылда неше мезгіл бар? 4 мезгіл
18. Күні түні дем алмай жүретін не?ай мен күн
19. Бұл дүниеде де, о дүниеде де өсетін ағаш құрма
20. Төрт қылышты ата хәмхәм, сәмсәм, зұлқожа, зұлпықар
21. Үш тәтті не? жан, мал, жар
22. Қазақтың тұңғыш ұстазы кім? Ы. Алтынсарин
2 – тур. «Кім есті?»
Жұмбақтың шешуін шапшаң тауып, қазақша, орысша тілде айту, әр дұрыс жауапқа 10 - ұпай беріледі.
1. Қарап тұрсаң өзіне,
Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды,
Дәл қазіргі өзіңе.айна – зеркало
2. Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады.кітап - книга
3. Ойды аяқтап,
Қорытынды соңында доп тұрады.сөйлем - предложения
4. Сағат сайын қозғалады, тек мектептен табылады.қоңырау - звонок
5. Табаныма байладым,
Қос аяқпен айдадым.шаңғы - лыжа
6. Ти десем тимейді,
Тиме десем тиеді.ерін – губы
3 - тур. «Өнер алды - қызыл тіл»
Тіл туралы мақал - мәтелдер айту.
Қай топ көп айтса, сонша ұпай жинайды, әр жауапқа - 10ұпай
4 - тур. «Жас суретші» шығармашылық тапсырма.
Берілген суретті әдемі етіп бояп, тақырып қойып, шағын мәтін құрастыру
5 - тур. Қорытындылау

КММ «Майемер орта мектебі»

Сыныптан тыс сағат
Тақырыбы: «Ұлттың Ұлы ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлы» (Тілдер күніне орай өткізілген шара)

Өткізген: қазақ тілі мұғалімдері

Кайсинова З.Б

Манапова Н.С


2021-2022 оқу жылы