Файл: Сыныбы 6д жетекшісі аза тілі мен дебиет пні малімі Кабдуллина А. Ж скемен, 2021ж. МазмНЫ.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.10.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы

Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің

«№46 орта мектебі» КММ

Ғылыми жоба тақырыбы:

«ЖЕТІ АТАСЫН БІЛУ – ТЕКТІЛІГІМІЗДІҢ КЕПІЛІ»

Оқушының аты жөні: Слямғазин Батырхан

Сыныбы:

Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиет

пәні мұғалімі Кабдуллина А.Ж


Өскемен, 2021ж.

МАЗМҰНЫ

Аңдатпа.......................................................................................................................

1.Кіріспе......................................................................................................................

2.Негізгі бөлім

2.1 Қазақтың туыстық қатынастары

2.2 «Жеті ата» ұғымының мәні

2.3 Жеті атаның биологиялық ғылыми негізі

2.4 Жеті ата дәстүрінің тарихы

3. Практикалық бөлігі

4.Қорытынды.............................................................................................................

5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................

Қосымшалар..............................................................................................................

Аңдатпа

Жобаның мақсаты: Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің тарихын, ата-бабаларының тарихын білуі және оның жақсысынан үйреніп,жаманынан жиреніп қорытынды жасауы, сабақ алуы тиіс.

Жобаның міндеті:

  • Қазақтың туыстық қатынастары

  • «Жеті ата» ұғымның мәні

  • Жеті атаның биологиялық ғылыми негізі

  • Жеті ата дәстүрінің тарихы

Өзектілігі: Баланың өзінің шыққан тегін білуі-оның азаматтық, елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады. Сондықтан жас ұрпақ өзінің кім екендігін, қайдан шыққандығын білуі, тарихи білім мен тәрбиені ұштастыруы қажет.

Зерттеу жұмысының дереккөздері: Зерттеудің материалы ретінде деректер, сауалнама, түсіндірме, оқулықтар мен көркем шығармалар, ғылыми еңбектер алынды.

Зерттеудің мазмұны мен тәсілдері:

  1. Әдеби кітаптар мен журналдардан, интернеттен ақпарат іздестіру.

  2. Ата-аналардан, оқушылардан сауалнама алу

  3. Практикалық жұмыс

Жоба жұмысы 6 «Д» сынып оқушылары мен ата-аналардың қатысуымен жүргізілді.

Жобаның жаңашылдығы: Оқушылар осы жоба арқылы өзінің жеті атасын біліп қана қоймай, адамның өз жұртынан басқа нағашы жұрты және қайын жұрты болатынын түсінеді. Текті білу тегін еместігін ұғынады. Әрбір ата-ана ұлы мен қызына жеті атасын үйретуге мән беруіне және оқушылардың жеті аталық шежіресін білуге ұмтылуына әсер ету.


Болжам: Келешекте оқушылар жеті атасының атын біліп қана қоймай, мүмкіндігінше олардың өмірімен, еңбектерімен танысу,ата-баба салтын ұстану, жалғастыру.

Жоба жұмысының орындалған жері: Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№46 орта мектебі» КММ

Аннотация

Цель проекта: Сегодняшнее молодое поколение должно знать историю своей страны, земли, помнить историю своих предков, хорошему учиться, от плохого сторониться, также брать пример и научиться делать выводы.

Задача проекта:

  • Родственные отношения казахов

  • Содержание понятия «Жеті ата»

  • Биологическая научная основа «Жеті ата» или семи поколений

  • История традиции семи поколений

Актуальность:

Знание ребенком своего происхождения – формирует его гражданственность, патриотизм, любовь к Родине. Поэтому молодому поколению необходимо знать кто он, свое происхождение, сочетать исторические знание и воспитание.

Источники исследовательской работы:

В качества материала исследования были использованы данные, опросы, объяснения, учебники и художественные произведения, научные труды.

Содержание и способы исследования:

  1. Литературные книги и журналы, интернет- ресурсы

  2. Анкетирование родителей и учащихся

  3. Практическая работа

Работа проекта была произведена с участием учащихся « 6Д » класса и их родителей.

Новизна проекта: Через этот проект ученики не только узнали о своих прадедах, но и поняли о существовании других родственных отношений. Они осознают, что знание своего происхождения не является случайностью. Каждый родитель влияет на изучение и знание детьми своей родословной.

Прогноз: В дальнейшем ученики не только узнают имена семи дедов и прадедов, но и по возможности познакомятся с их жизнью, трудами, будут вести и продолжать традиции предков.

Место выполнения проекта:

КГУ «Средняя школа№46» отдела образования г. Усть-Каменогорка, Управление образования ВКО

Summary

Project objective: Today’s younger generation must know the history of it’s country, remember the history of ancestors, study good things, avoid bad things, follow example and learn to draw conclusions.

Project task:

  • Relationship of Kazakhs

  • Maintenance of a concept “Zheti ata”

  • Biological scientific basis of “Zheti ata” or seven generations

  • History of tradition of seven generations

Relevance:

Child’s knowledge of the origin forms his civic consciousness, patriotism and love to mother land. Therefore the younger generation reeds to know who he is, his origin, combine historical knowledge and education.

Research sources: data, polls, explanations, textbooks, works of arts, scientific works were used as materials of research.

Content and ways of research:

  1. Literary books, magazines and the Internet

  2. Questioning of parents and pupils

  3. Practical work

The project has been carried out with the participation of the pupils of the forms 6 “D” and their parents.

Project novelty:

With the help of this project pupils not only learn about their ancestors but also the notion of the existence of other relations. Pupils realize that the origin isn’t accident. Each parent influences studying and knowledge by children of the family three.

Forecast: Further pupils not only learn their grandfathers and great-grandfathers’ names but if possible get to know their lives and works, lead and carry on the traditions of their ancestors.

Project place: Secondary school № 46 The department of education Oskemen city of the East Kazakhstan region

КІРІСПЕ

Өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екені баршаға аян. Мұның қандастық жағынан алғанда үлгі боларлық зор қызметі мен маңызын халқымыз ерте түсінген және оны берік ұстанып келген. Енді осы қағиданың терең тамырына көз жіберіп көрейік.

Біріншіден, жеті ата тәртібі туыстық, ағайындық бірлікті, ынтымақты ұстана отырып, бір ауыл, бір бауыр болып өмір сүрген. Екіншіден, жеті атаға дейінгі туыс-туғандардың тұрмыс-тіршілігі де, күнкөрісі де, тұрған жер, суы да, өріс, қоныс, жайлауы да қысы-жазы қатар немесе бірге болады. Қиындықта бір-біріне демеуші, қамқоршы-пана, қуанышты да, реніш-қайғыны да бірге көтеріп бөліседі. «Туысы бірдің – уысы бір» деген сөз осыдан шыққан.Үшіншіден, бір атадан тараған туыстар мен жас ұрпақтар бірін-бірі жақсы таниды. Ағалы-інілі, апалы-сіңілі дегендей, сыйластықта, бауырмалдықта бірге өседі. Мұндай туыс-туған, жақын-жуықтар арасында орынсыз жанжал, ұрлық-қарлық, барымта, зорлық-зомбылық сияқты жат істер болмайды.. Әкелер мен аналар бір кіндіктен шыққан перзенттерін ел, ру намысын қорғайтын ержүрек, қайырымды, қаншыл, ұйымшыл, бауырмал етіп тәрбиелейді.

Үлкендердің мойнындағы бір міндет – туыстарды жат болмауының қамын күйттеп, кімнің кім екенін, өзінің кім екенін, жеті атасын түгендеп, жалықпай бізге түсіндіріп беруі. Жеті атаны жаттату, тегіңді айтқызу, халықтың дәстүрдегі өлең-жырларды айтқызу – бұл ата-әжелер үшін үлкен міндет.


Негізгі бөлім

2.1. Қазақтың туыстық қатынастары

«Қырық рулы елміз, қарға тамырлы қазақпыз» деген сөз де баяғыдан келе жатыр. Бұл қазақтың аралас-құралас, алыс-берістік, құда-жегжат, жамағайын, жұрағатын аңғартататын сонау іргеміз сөгіліп, қаймағымыз бұзылмаған заманнан жеткен ұғым.

Алысты жақын тұтқан, жақынды бауыр тұтқан. Туыстық желіні үзбеген. Береке-бірлікті бұзбаған. Үлкені сөз бастаған, кішісі ағаның сөзін қостаған.

Қазақта туысқандық қатынастарды өзара сабақтас үш жұртқа, топқа бөліп айтады (1-кесте).



Жалпы қазақ пен қазақ кездескенде ата-текті сұрамай отыра алмайды. Ата-текті білу – біздің болашағымыз үшін, арымыз бен қанымыздың таза болуы үшін де қажет. Ата-тегін білмей, жеті атаға жетпей, жеті ата түгілі әртүрлі себептерімен көшіп, алыстап кеткен ағайындардың балаларының бір-бірімен үйленіп қалып жатқандары да аз емес. Өз тарихымызды, ата-тегімізді білу, түгендеу, тарату – әрқайсымыздың адамдық парызымыз болмақ.

2.2. «Жеті ата» ұғымның мәні

«Жеті атасын білмеген жетесіз» деген сөз тегіннен тегін айтылмаған. «Жеті ата» деген ұғымда «ата» деген сөз бар. Яғни бұл «ата-баба» деген ұғымды көрсетіп, тайға таңба басқандай, соқырға таяқ ұстатқандай айтып тұр. Олай болса, жеті ата шежіресі өзімізге дейінгі ата-бабаларымыздан бастап таратылады. Яғни: 1. Өзің. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6.Түп ата. 7. Тек ата (2-кесте).

Бұл атаулар кей жерлерде басқаша айтылуы да мүмкін. Бірақ, қалай дегенмен де, жеті ата жолы осылайша таратылатын бұрынғы би, шешендер айтып кеткені – ақиқат шындық. Бұған қазіргі жөн, шежіре білетін қариялар да дәл жауап бере алады. Бұрынғылар жөн сұрасқанда «Ата-тегің кім?» – деп сұрайтыны, міне, осыдан шыққан.

«Жеті атасын білген ер

Жеті жұрттың қамын жер.

Жеті атасын білмеген

Құлағы мен жағын жер», – деген жүйелі сөз көп мағынаны білдіреді. Сондықтан да біздің ата-бабаларымыз өз ұрпақтарына жеті атасының аты-жөнін, атамекенін, өз руынан шыққан белгілі батыр, би, жақсылардың есімін айтып, үйретіп отырған.

2.3. Жеті атаның биологиялық ғылыми негізі

Тіршілікте ешбір өсімдік тамырсыз өркен жаймайтыны секілді адам баласы да өзінің ата-бабаларымен көзге көрінбейтін тамырлар арқылы жалғасып келеді. Оның ішінде, қазақ халқының тамыр жаюы ерекше құбылыс. Өйткені, бір аумақты мекендесе де ұл мен қызды жеті атаға дейін атастырмай, ұрпақ тазалығын қамтамасыз ете білген ұлт. Оның негізгі түп-тамыры жеті атаға байланысты екені хақ.Бала шақтан ата-бабасын таныған жігіт ағайын-туыс, тамырымен жақсы қарым-қатынас орнатып, бір атаның балалары екенін аңғарады. Ағайын болып отырып, қыз беріп, қыз алыспайды. Жеті атаның биологиялық ғылыми негізі бойынша әке қаны балаға 50 пайыз, немереге – 25, шөбереге – 12,5, шөпшекке – 6,25, неменеге – 3,125, жүрежатқа – 1,56, туажатқа – 0,78 пайыз даритыны, одан кейінгі сегізінші ұрпақ үлесіне ештеңе тимейтінін білген халық бір кіндіктен тарағандардың атастырылуына тыйым салған. Осылайша, қазақтың қан тазалығы сақталып, тектіліктің тамыры терең жайған. Ал тектілігіміз сақталса, бір атаның балалары бір-біріне атастырылмай, ұрпақ саулығы қамтамасыз етілмек. Соған байланысты бүгінгі қоғамдағы көптеген түсінбеушілік пен аурушаңдыққа да тосқауыл қойылар еді. Сондықтан Ұлы даланы мекен еткен Мәңгілік елдің ұрпақтары жеті аталарын жатқа айтулары міндет. Осылайша, біз «текті елдің ұрпағымыз» деп мақтана аламыз.




Шынында да, қазақ – тектілікті ту еткен халық. Жесірін жатқа бермей, жетімін жылатпаған, досын құшақ жая қарсы алып, дұшпанын бет қаратпаған қайсар ел. Оның әрісі жеті атаға дейін қыз алыспай, ұрпақ саулығын сақтап, ұл-қыздың тәлім-тәрбиесіне әуелден аса мән берген дара ұлт. Сол себепті де жер бетіндегі ұлттардан халқымызды ерекшелейтін де аталмыш қасиет. Ол тарихымызды екшеп, түп-тамырымызды айқындап беретін ата-бабамыздың ізгі жолы. Сол бойынша қаймағы бұзылмаған қазақ халқы бүгінде бір тұтас ел, бірлігі мығым ұлтқа айналған. Соның нәтижесінде, рухани тұтастық қалыптасып, тарих қастерленеді, ата жұрт ардақталады.

2.4. Жеті ата дәстүрінің тарихы

Жеті ата дәстүрінің тарихына үңілгенде мына оқиғаға тап боламыз. 15 ғасырда Қазақ Хандығы орнап, хандықты Керей мен Жәнібек басқарғаны анық. Бірде, Жәнібек ханның кеңесшісі Жиренше шешен науқастанып, төсек тартып қалады. Танымал емші мен тәуіптерден қайыр болмай, соңында Өтебойдақ есімді емші Жиреншені аяғынан тұрғызыпты. Жиреншенің «қандай ауруды емдеу қиын», - деген сұрағына «тұқым қуалайтын ауруды емдеу қиынның қиыны», - деген екен. «Ал, оның алдын алуға бола ма», - деген сауалына Өтебойдақ емші: «жеті атаға дейін қыз алыспау қажет» деп жауап қатса керек. Емшінің айтқанын Жәнібек хан жадына тоқып, жанын салып халқына жеті атаға дейін үйленуге тыйым беріпті. «Кімді кім жеті атаға толмай үйленсе, өлім жазасына кесіледі» деген Жәнібектің жарлығы ел арасына таралып кеткен екен. Содан бері қазақ патшалары осы тыйымды өз жарлық заңдарында мықтап берік ұстанып келіпті.

Шын мәнінде, кейбірі бұл уақиғаны аңызға балайды. Кейбірі тарихи факт, дәйекті дәлел ретінде мақалалары мен еңбектеріне арқау етіп жүр. Қалай десек те ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, жеті атаға жетпей қыз алыспау тыйымы қазақтың қанына сіңіп, бойына дарыды. Бабаларымыз өздерінің үрім-бұтағына жеті атасына дейінгі шежірені үйретіп, жадына жаттату арқылы сол дәуірдегі қоғамда жеті ата яки ата тектілігі сынды қасиетті институтты қалыптастырғаны рас.

Әр адам үшін өз тегін білудің маңызын түсінген соң, мен өз тегіме мән бере отырып жаттап алдым. Менің жеті атам мыналар:

Орта жүз – Найман – Терістаңбалы – Қожагелді - Айтқұл

Сымбат