Файл: Сабаты трі зерттеу саба. Крнекілігі суреттер. Сабатын барысы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.10.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақтың тақырыбы: Тажал – тағам «Фаст - Фуд» өнімдері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Фаст - Фуд» өнімдері туралы мәлімет беру.Оның адам ағзасына зияны, кері әсері бар екенін түсіндіру, сақ болып, дұрыс тамақтануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: зерттеу сабақ.

Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтын барысы.

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Кіріспе бөлім.


  1. «Фаст - Фуд» өнімдер деген не?

«Фаст – фуд» өнімдері: шет елден келген шырындар мен жеміс- жидектер, пастерленген сүт, Йогурт , дүкен қаймақтары, жүгері (кукуруза), сағыз түрлері, шұжық, соя, құс еті, жартылай фабрикаттар, кола, пепси, фанта сусындары, қытырлақ (кириешки).


  1. Қайдан және қашан шықты?

III. Негізгі бөлім. «Фаст - Фуд» тамақтары адам денсаулығы мен жүйкесіне кері әсер етіп, бұл өнімдеріне деген тәуелділік пайда болады. Ал, артық салмақ ағзаға қосымша жүк түсіреді. Бүгінгі танда дамыған елдердің экономикасы, негізінен фармацевтика саласына, космиталогия өндірісіне және «Фас - Фуд» тағамдарын шығаруға тікелей тәуелді.Бұл компанияларға бүкіл адамзаттың аш,ауру, әрі шектен тыс семіз болғаны керек. Өйткені, жүйкесі нашар семіз адам тек құлқынның қамын ойлап, қарын тойғызуды ғана біледі. Ауыра қалса, дәріханаларда түрлі дәрі – дәрмек толып тұр.ал бет ауыздағы кемшіліктерді косметиканың көмегімен әрлеп, жөнге келтіреді. Осылайша дүниежүзілік алпауыт компаниялардың ақша жасау дирмені тоқтаусыз айналып тұрады. Малдын немесе құстың тамғына қосылатын антибиотиктер мен етті өндеуде қолданылатын химикаттар оның құрамында сақталып қалады. Сонғы кездері ет өнімдерінен уланудын көбиіп кеткені содан. Ресейдің өзінде 2006 жылы жүздеген адам ет өнімдерінен уланып, ауруханаға жатып шықты. «Фаст – Фуд» өнімдерін жие пайдаланатын адам артық салмақ қосып, соның салдарынан ағзасы күйзеліске ұшырап, депрессияға түседі. Мұндай кезде одан құтылудың жалғыз жолы- антидепрессанттар. Стересс кезінде ағза энергияны есепсіз шығындайды. Оның орынын тек қана «Фаст - Фуд» өнімдері толтырады. Осылайша жүйкесі бұзылған, өз – өзіне сенімсіз тұлға қалыптасады. Ал сіз өзініз жақсы көретін Жіңішке шұжықтың (сосиска) құрамында не бар екенін білесіз бе? Оның 25%- соя ақуызынан, 15% - құс етінен, 7%- мал етінен, 5%- крахмал ұнынан, ал 45%- малдың терісінен, тарамыс- тамырлары мен бүйрек-бауырларынан жасалған эмкльсиядан тұрады.Міне, сүйіп жейтін тағамның сыйқы осындай.Ең сорақысы өтпей қалған шұжықтар ет комбинатында қайта өңделіп, сауда нүктелеріне қайта әкеледі. Мұндайда бұрынғысы аздай, оның құрамына қайтадан азықтық қоспалар қосылады.Химиялық азықтық қоспалармен сауда жасайтын компаниялардың өз жарнамаларына мұндай ұсыныстарды көптеп кездестіруге болады: «Біздің өнімдеріміз бизнесіміздің алға іргерлеуіне көмектеседі, шұжық т.б ет өнімдерінің құрамындағы етті жасанды жолмен 10% көбейтеді. Мұндай өңдірісті дамыту үшін қосымша қаражат талап етілмейді, жаңа технологияларды еңгізу қажеті жоқ. Жартылый ысытылған шұжық өнімдерінің 8-10% көбейту үшін азықтық қоспаның 40 г ғана 100кг фаршқа қоссаныз жеткілікті. Өнімнің тартымдылығы, дәмінің ерекшелігі ойдағыдай болады.» Мұндай жарнамаға пікір айтудың өзі – ағат. Азық – түлік сатып алған кезде өнімнің тауар құлақшасындағы (этикетка) канцерогенді заттар туралы мәліметке мұқият назар салған жөн.Сапасы төмен, канцерогені өте жоғары өнімді тұрақты түрде пайдаланып жүрген кісінің дертіне дауа жоқ. Қылтамақ сияқты емі жоқ аурулардың бәрі де осы канцерогендік заттардан туытатын ғылым дәлелдеп отыр.Жылдар бойы улы заттар жиналған ағза – генетикалық өзгерістерге ұшырайды. Ал геннің өзгеруі адамның аузына, көңіл күйінің құлдырауына әкеліп соғады. Егер тамақтың тауар құлақшасында құрамында «Е» деген зат бар деп көрсетілсе, онда ол өнімге азықтық қоспалар , химиялық дәмдеуіштер,жасанды бояу қосылды деген сөз.Олар өнімді бұзылудан сақтайтын реагенттер. Швейцария ақпарат құралдарында таң қаларлық деректер жарияланды. Бұдан 30 жыл бұрын жерленген адам мүдделері сол күйінде бұзылмай сақталған.Дәл бір жеті күн бұрын дүниеден озған адамдар секілді.Ананас, банан, жүзім т.б. көкөніс өнімдері мінсіз тұтынушыға жету үшін химиялық жолмен алдын ала өңделеді.Мысалы алма қабығы парафиннің жұқа қабатымен қапталады.Осындай тәсіл алманы 2 жыл сақтауға мүмкіндік береді.Алманы жемес бұрын жай ғана сумен жуу жеткілікіз. Оны щеткамен мұқият ысқылап, бірнеше минут ыстық сумен жууымыз қажет. Базардағы көздің жауын алғандай өрік қағы – табиғи түрде осындай болып қақталып қалуы екіталай нәрсе. Егер өрік табиғи түрде кептірілген болса, оның құрамындағы адамденсаулығына пайдалы нәрсенін бәрі міңсіз сақталады.Ал химиялық жолмен қақталған өріктегі керекті заттардан дәнеңе қалмай, адам ағзасына пайдасынан зияны көп затқа айналады. Сөзіміз тиянақтырақ болу үшін б ір мысал келтіре кетейік. Картоптан жасалға – фри – әлемдегі ең көп таралған жеңіл тағам. Макдональдсте оны дайындау үшін қыруар уақыт жұмсалатын. Бірақ, ол гамбургермен бірге тұтынушылар арасында үлкен сұранысқа ие болып,фирма үшін орасан зор табыс көзі болғандықтан, қанша уақыт кеткеніне қарамастан, дайындай берді.Міне, осыны ескерген картоп өсіруші фермер Джей Арсингі картоп өндеудің жаңа технологиясын ойлап тапты. Қазіргі картоп зауыты осылайша пайда болды. Өңдірістік процесс бұл жерде толық автоматтандырылған.Картоп іріктеліп, жуылып, кептірілгеннен кейін ыстық будың көмегімен қабығы сырылады.


Сауда орындарында сатуға шығарылған азық – түлік заттарының 80% алдын ала өңдеуден өткен нәрселер. Сондықтан да, ол бұзылмай көп уақыт тұра береді.Осылай біз соңғы 50 жылда химиялық заттармен өңделген тамақтарды ғана жеуге мәжбүр болып отырмыз. Жеңіл тұздалған селедка балығын алып қарайық. Оны ұзақ мерзімде сақтау үшін уротропин қоспасымен өңдейді. Бірақ, тамақ өнеркәсібі мамандары осындай жолмен сақталған балықтардың одан әрі де көбірек сақталуын көздеп, балықты сірке қышқылымен өңдеуді ұсынады.

Шет елден келген шырындар Пастерленген сүт


Фаст – фуд өнімдері
мен жеміс - жидектер

Кола, Пепси

Фанта т.б. Қытырлақ





Сағыз түрлері Йогурт, дүкен қаймақтары

Жүгері (кукуруза) Шұжық (соя) Құс еті, жартылай фабрикаттар

Сірке қышқылына қосылған уротропин өте улы формальдегид қоспасына айналады. Бұл адам ағзасы үшін өте қауіпті зат. Ол көру, есту, дем алу мүшелеріне залал келтіріп, орталық жүйке жүйесінде зақымдау мүмкін

  1. Қорытынды бөлім.

Бұдан шығаратын қорытынды – шұжықтын орнына сыйыр етін жеп, табиғи сүт ішу қажет. Йогурт, бақа да айран өнімдерін шектеп, көкөніс, жеміс- жидектерді тек базардан сатып алып, қайнатылған еттін сорпасы, жеміс – жидектің сөлі, шай, су сияқты сусындарды жиі ішу – адам ағзасына пайдалы. Өйткені денсаулықтан қымбат еш нәрсе жоқ.