Файл: Жалпы орта білім беру дегейіні оамдыгуманитарлы баыттаы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.10.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Түсінік хат
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы

10-11-сыныптарға арналған «Биология» пәнінен негізгі мазмұндағы

үлгілік оқу бағдарламасы

1-тарау. Жалпы ережелер

1.Негізгі мазмұндағы оқу бағдарламалары білім алушыларда міндеттерді анықтау, бақылау, болжау, жіктеу, талдау сияқты табиғатты танып, білу дағдыларын қалыптастырады. «Биология» пәнінен негізгі (жаңартылған) мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен (толықтырулар мен өзгерістер 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрықтың 15-қосымшасында берілген) бекітілген.

2. «Биология» пәнінің мақсаты – білім алушылардың бойында органикалық дүниенің көптүрлілігі туралы, ондағы болып жатқан процестер мен заңдылықтар туралы білім жүйелерін қалыптастыру, сонымен қатар адам оның ажырамас бөлігі екендігі туралы саналы түсінік қалыптастыру.

3.Оқу пәнінің міндеттері: 1) жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың құндылығын түсіну үшін өмірдің құрылымды-функционалды және генетикалық негіздері туралы, тірі табиғаттың негізгі патшалықтары ағзаларының көбеюі мен дамуы, экожүйе, биоалуантүрлілік, эволюция туралы білім жүйесін қалыптастыру;

2) экологиялық этика нормалары мен ережелерін, табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру;

3) генетикалық сауаттылықты қалыптастыру – салауатты өмір салты негіздері, психикалық, тән және моральдық денсаулық сақтау;

4) оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, биологиялық білімдерін практикада қолдануға ұмтылу, медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнология, экологиялық менеджмент және қоршаған ортаны қорғау саласындағы практикалық іс-шараларға қатысу

2-тарау. «Биология» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

4. «Биология» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 10-сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты;

2) 11-сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты құрайды.


5. Оқу мақсаттары 10-11 сынып бойынша 12 бөлімнен тұрады:

Р/с

10-сынып негізгі оқу жүктемесі бойынша бөлім атаулары

11-сынып негізгі оқу жүктемесі бойынша бөлім атаулары

1

Молекулалық биология және биохимия (5 сағат)

1. Молекулалық биология және биохимия (4 сағат)

2

Жасушалық биология (3 сағат)

2.Қоректену (5 сағат)

3

Заттардың тасымалдануы (2 сағат)

3. Заттардың тасымалдануы (3сағат)

4

Тыныс алу (3 сағат)

4. Координация және реттелу (3 сағат)

5

Бөліп шығару (3 сағат)

5.Көбею (2 сағат)

6

Жасушалық цикл (2 сағат)

6.Өсу ждәне даму (1 сағат)

7

Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары (3 сағат)

7. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары (2 сағат)

8

Эволюциялық даму селекция негіздері.Тірі ағзалардың алуантүрлілігі (4 сағат)

8.Жасушалық биология (2 сағат)

9

Координация және реттеу (3 сағат)

9.Биотехнология (4 сағат)

10

Қозғалыс (1 сағат)

10.Биомедицина және биоинформатика (4 сағат)

11

Биомедицина және биоинформатика (2сағат)

11.Биосфера,экожүйе,популяция (2 сағат)

12

Биотехнология (5 сағат)

12.Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері (4 сағат)



6. «Биология» оқу пәнінің негізгі оқу жүктемесі 10-сыныптар бойынша модельдеу және зертханалық жұмыстар саны төмендегі кестеде көрсетіледі


Р/с

Негізгі мазмұн бойынша 10-сынып биология оқу пәнінен зертханалық жұмыс тақырып атаулары

Негізгі мазмұн бойынша 10-сынып биология оқу пәнінен модельдеу тақырып атаулары

1

1. Зертханалық жұмыс «Нәруыздардыңқұрылымына әр түрлі жағдай-лардыңәсері(температура, pH)»


1 Модельдеу «Адам кариограммасын құру.Геномдық мутацияны оқып білу».

2

2.Зертханалық жұмыс «Биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау»

3

3 Зертханалық жұмыс. «Жасуша мембранасына әртүрлі жағдайлардың әсері»

4

4 Зертханалық жұмыс. «Жасушаның беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасын анықтау».

5

5 Зертханалық жұмыс «Вариациялық қатар мен қисыққа құрылған модификациялық өзгергіштікті зерттеу».



7. «Биология» оқу пәнінің негізгі оқу жүктемесі 11-сыныптар бойынша модельдеу және зертханалық жұмыстар саны төмендегі кестеде көрсетіледі


Р/с

Негізгі мазмұн бойынша 11-сынып биология оқу пәнінен зертханалық жұмыс тақырып атаулары

Негізгі мазмұн бойынша 11-сынып биология оқу пәнінен модельдеу тақырып атаулары

1

Зертханалық жұмыс №1 «Иммобилизация-лаудың ферменттердің белсенділігіне әсерін зерттеу»


Модельдеу№1 «Климаттың ғаламдық жылынуын компьютерлік модельдеу»

2

Зертханалық жұмыс №2 «Әртүрлі өсімдік жасушаларында фотосинтездеуші пигменттердің болуын зерттеу»

3

Зертханалық жұмыс №3 «Шектеуші факторлардың фотосинтездің интенсивтілігіне әсерін зерттеу»

4

Зертханалық жұмыс №4 «Түрлі концентрациялы тұз ерітінділеріндегі жасушалардың су потенциалын анықтау»

5

Зертханалық жұмыс №5 «Ауксиннің тамырдың өсуіне ықпал етуі»

6

Зертханалық жұмыс№6 «Жасушалардың негізгі компоненттерін микрофотографиялар қолданып сипаттау»

7

Зертханалық жұмыс№7 «Талдаудың статистикалық әдістерін қолдану арқылы өз регионы экожүйесінің жағдайын анықтау»


Биологиялық ғылымдар тірі организмдердің құрылымы мен функцияларын, олардың дамуы мен тіршілік ортасымен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Қазіргі заманғы көзқарастар бойынша өмір – бұл ірі органикалық молекулалардан тұратын және энергия мен қоршаған ортамен, заттармен алмасу нәтижесінде өз өмірін сақтап қалуға және өзін-өзі қалпына келтіруге қабілетті күрделі биологиялық жүйелердің өмір сүру процесі.


«БИОЛОГИЯ» ПӘНІНЕН ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЫ БОЙЫНША ОҚУ ЖҮКТЕМЕСІНІҢ КӨЛЕМІ



Сынып

Негізгі үлгілік оқу жоспары

 

Аптасына (сағ.)

Оқу жылында (сағ.)

ҚГБ 10-сынып

1

36

ҚГБ 11-сынып

1

36



«БИОЛОГИЯ» ПӘНІНЕН НЕГІЗГІ МАЗМҰН БОЙЫНША БЖБ САНЫ




 

Сынып

БЖБ саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

ҚГБ 10

1

1

1

1

ҚГБ 11

1

1

1

1


 

10-11 – СЫНЫПТАРҒА «БИОЛОГИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША МОДЕЛЬДЕУ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР САНЫ


Сыныптар

Зертханалық

жұмыстар

Моделдеу

Негізгі мазмұн

бойынша

10 ҚГБ

5

1

11 ҚГБ

7

2