ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.10.2024
Просмотров: 3
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тыңдаушылардың өзіндік жұмыстары мен тақырыптары
1-күн.
1. "Педагог" кәсіптік стандарты. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 500 бұйрығы. Осы бұйрыққа сәйкес педагогтердің біліктілік санаттары бойынша құзыреттілік критерийлерін анықтаңыз.
2. Бастауыш сыныптардағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық (Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығының 2-тармағы) қолдап отыру тәртібі бойынша жұмыс жоспарын ұсыныңыз (Microsoft Word, көлемі 1бет).
2-күн.
«Тіл және әдебиет» білім беру саласындағы пәндердің «Айтылым және тыңдалым», «Оқылым» және «Жазылым» бөлімдері бойынша оқу мақсаттары бойынша тапсырмалар ұсыныңыз (Microsoft Word, көлемі 1 бет).
3-күн.
Бастауыш сынып сабақтарында ынтымақтастықты ұйымдастырудың түрлі формаларын ұсыныңыз (Microsoft Word, көлемі 1 бет).
4-күн.
Бастауыш сыныптардың математика сабақтарында жиынды оқытудың теориялық мәліметтерін зерделеп, ұсыныңыздар (Microsoft Word, көлемі 1-3 бет).
5-күн.
3-4-сыныптарда бөлшекті оқытудың түрлі әдістерін жинақтап, ұсыныңыз (Microsoft Word, Microsoft PowerPoint, немесе ғаламтор сілтемелері)
6-күн.
«Дүниетану» пәнінің «Тарих беттерінен» бөлімі бойынша бір оқу мақсатының мысалында оқыту әдістемесін ұсыныңыз (Microsoft Word, көлемі 1 бет).
7-күн.
Soft skills: бастауыш сынып білім алушыларының сыни ойлауын дамытуға арналған жаттығу түрін ұсыныңыз (Microsoft Word, көлемі 1бет).
8-күн.
Қысқа мерзімді сабақ жоспарын ұсыныңыз (пән, сынып, тақырып таңдауыңызша).