Файл: 4 2 есептерді шыаруда жмыса жіберілген уаыт, атарылан жмыс, німділікегінні тсімділігі, ауданы мен массасы жылдамды, араашыты, уаыт шамалары арасындаы туелділігін пайдалану.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.10.2024
Просмотров: 3
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ
Мұғалімнің аты-жөні: | Сенгалиева СЖ | |||||||||||||||||
Пән/Сынып: | Математика 4-сынып, ІІІ тоқсан | |||||||||||||||||
Қай аптаның нешінші сабағы | І апта, 2-сабақ /82-сабақ/ | |||||||||||||||||
Тарау немесе бөлім атауы: | 3 (А)-Бөлім Қозғалысқа, түсімділікке берілген есептер | |||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Түсімділік | |||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 4.5.1.2** есептерді шығаруда жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс, өнімділік/егіннің түсімділігі, ауданы мен массасы/ жылдамдық, арақашықтық, уақыт шамалары арасындағы тәуелділігін пайдалану; | |||||||||||||||||
Бағалау критерийі: | Егіннің түсімділігі, ауданы мен массасы шамаларының өзара тәуелділігін пайдаланады Есепті сызба/дөңгелек диаграмма,/график түрінде модельдейді | |||||||||||||||||
Саралап оқыту тапсырмалары | ||||||||||||||||||
Ұжымдық жұмыс Жаңа тақырыптың түсіндірілуі | Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма) Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету | Жеке жұмыс Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы | ||||||||||||||||
Уақыты | Кезеңдері | Тапсырма | Тапсырманың мақсаты | Бағалау | Ресурстар | |||||||||||||
5 минут | Ұйымдастыру | - Сәлеметсіз бе, 4-сынып оқушысы. Математика сабағына қош келдіңіз. Оқулықтағы 1-тапсырмаға көңіл бөліңіз. Өрнектердің мәнін тауып, оларды кему ретімен орналастырсаң сен пісіп жетілген дәнді дақылдар немесе басқа өсімдіктер, жемістер, санырауқұлақтардың мөлшерін қалай атайтынын білетін боласың.
7 598 ∙ 5=37 990 – c 8 560 ∙ 5 = 42 800 – ү 9 063 ∙ 5 = 45 315 – т 3 569 ∙ 5 = 17 845 – м 5698 ∙ 5 = 28 490 - i - Бүгінгі сабағымызда Түсімділік тақырыбымен жұмыс жасаймыз. Түсімділікке берілген есептерді шығаруды үйренесіз. | Не меңгеретінін білу үшін Көптаңбалы санға бір таңбалы санды көбейту | Қалыптастырушы бағалау; Жарайсың, Ақылдым, Керемет! | Слайд 1-3 | |||||||||||||
4 минут | Жаңаны ашу | Егіннің түсімділігі (m) – бұл аудан бірлігінен (S) жиналған егіннің, өсімдіктің массасы (М). ЕСІҢДЕ САҚТА! M = m ∙ S S = M : m m = M : S №3 Кестемен жұмыс – Қандай шамалар кездесті? (Егіннің түсімділігі, ауданы, массасы.) – Бірінші есепте не белгілі? (Егіннің түсімділігі, ауданы) – Нені табу керек? (Массасын) – Массасын қалай табу керек? (Егіннің түсімділігі мен ауданды көбейтеді). Өзіңді тексер. 1) 6 ц/га · 100 га = 600 ц 2) 1500 ц : 15 ц/га = 100 га 3) 500 ц : 50 га= 10 ц/га | Жаңа тақырыпты меңгеру Егіннің түсімділігі, ауданы мен массасы шамаларының өзара тәуелділігі формуласы | Қалыптастырушы бағалау; | Слайд 4-6 | |||||||||||||
8 минут | Тәжірибе | №4 тапсырма – Екі гүлзардың жалпы ауданы қанша? (50м2 ) – Әрбір гүлзарға қызғалдақ баданалары қалай отырғызылды? (Әрбір шаршы метрге бірдей мөлшерде.) – Бірінші гүлзарға қанша бадана отырғызылды? `(400) – Екінші гүлзарға қанша бадана отырғызылды? (600) – Нені анықтау қажет? (Әрбір гүлзардың ауданын.) – Барлығы қанша қызғалдақ баданасы отырғызылғанын анықтап біз нені табамыз? (400 + 600 = 1000, массасын (М) анықтаймыз.) – Әрбір шаршы метрге бірдей мөлшерде отырғызылғанын ескеріп, әрбір шаршы метрге қанша қызғалдақ баданасы отырғызылғанын қалай табамыз? (Егіннің түсімділігінің формуласын пайдаланып (m=M:S), 1000:50=20 қызғалдақ баданасы отырғызылған.) – Әрбір шаршы метрге 20 қызғалдақ баданасы отырғызылған болса, онда 400, 600 қызғалдақ баданасы қанша шаршы метрге отырғызылған? – 400 : 20 = 20 м 2 , 600 : 20 = 30 м2 Дескриптор - әрбір шаршы метрге қанша қызғалдақ баданасы отырғызылғанын анықтайды; - Барлығы қанша қызғалдақ баданасы отырғызылғанын анықтайды ; - әрбір гүлзардың ауданын анықтайды; - есептің жауабын жазады. | Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру Алған білімін қолдана алу | Бағалау критерийлерін ұсыну егіннің түсімділігі, ауданы мен массасы шамаларының өзара тәуелділігін пайдаланады | Слайд 7-10 | |||||||||||||
3 минут | Бекіту Кері байланыс | 9-тапсырма Есепті шығар. 2 ) (ә) нұсқасы 1) 10 ∙ 3 = 30 (кг\м 2 ) 2) 900 ∙ 10 = 9000 (кг) 3) 900 ∙ 30 = 27 000 (кг) 4) 27 000 – 9 000 = 18 000 (кг) Жауабы: 18 000 кг артық. Дескриптор - есептің қысқаша шартын құрады - өнім түсімділігін анықтайды; - әр жер телімінен алынған түсім массасын табады; - әр жер телімінен алынған түсім массасын салыстырады; - есептің жауабын жазады. «Жеміс ағашы» Жемістер – сабақ пайдалы, жемісті болды; Гүл – сабақ жақсы өтті; Жасыл жапырақ – сабақ бойынша сұрақтарым бар; Сары жапырақ – сабақты түсінбедім. | Тақырыпты меңгергенін анықтау Өздік жұмыс жаңа тақырыпты пысықтауға бағытталған. | Бағалау критерийлерін ұсыну егіннің түсімділігі, ауданы мен массасы шамаларының өзара тәуелділігін пайдаланады | Слайд 11-14 |